Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-тарау. Құйып алу - құю теміржол эстакадалары



бет3/6
Дата09.07.2016
өлшемі0.66 Mb.
#186950
1   2   3   4   5   6

3-тарау. Құйып алу - құю теміржол эстакадалары
195. Пайдалануға енгізу алдында ҚҚЭ үшін схемалармен бірге технологиялық уақыт тәртібін, АЖЖ әзірлейді және бекітеді, объектіге қызмет етуші теміржолдық ұйыммен келісу жүргізеді.

196. Эстакадалар теміржолдық жолдардың түзу көлденең учаскеде орналасады және қызмет ету үшін ыңғайлы жерлерде орналасқан алаңдар, сатылар жабдықтайды. Сатылар ұзындығының әрбір 50 м орнатылады, бірақ эстакада шеттерімен екіден кем емес. Эстакаданың орта бөлігінде орналасқан сатыларды орнату кезінде, олар қызметкерлердің эстакаданың екі жағына да шығу есепке алумен орнатылады:

1) теміржолдық жолдар, ҚҚЭ, құбырлар, телескопиялық құбырлар, құйып алу және құю құрылғылары, шлангілер және ұштар жобамен және электр қауіпсіздік талаптарымен сәйкес жерге қосылады және найзағай қорғаулары болады;

2) ҚҚЭ алаңдардың жарылыс өрт қауіпсіздік талаптарымен сәйкес, қатты жабулары, канализация жүйесі және апаттық кему кезінде мұнай өнімдерін жинауға арналған жүйесі болады;

3) ҚҚЭ вагон-цистерналардың тым құйып алуын болдырмау үшін автоматты құрылғылармен, насостыда дистанциялық сигнал беру құрылғылармен, құю механикаландыру және оның герметикалылығы үшін құрылғылармен жабдықтайды;

4) құбырлардың, ысырмалардың және құйып алу-құю құрылғылардың орналасуы, қызмет ету қызметкерлердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді. Ысырмаларды, вентильдерді, құйып алу-құю құрылғылары көтергіш механизмдерді басқару органдарына қызмет көрсету үшін ыңғайлы және қауіпсіз биіктікте орналасады;

5) ҚҚЭ аумағы, теміржолдық кіріс жолдары қауіпсіз жағдайда болады және жауын - шашыннан тазартылады.

197. Тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтардың, сұйытылған көмірсутекті газдардың әрбір құйып алу-құю теміржолдық эстакадалары бойлай, теміржолдық жолдың шеткі рельсінен 20 м кем емес қашықтықта орналасатын, өрт сөндіру өтуі ескеріледі:

1) өтулердегі жүру жолының ені 3,5 м қатты жабыны болады;

2) өрт сөндіру өтулері жабық жайдағы, шлагбауммен жабдықталады;

3) құйып алу - құю эстакадаларына, сатыларға және алаңдарға ені 1 м кем емес бетон жабындысымен жаяу өтулерді ескереді;

4) жаяу өту және рельстік жолдардың қиылысу орындарында рельстердің бастар деңгейімен жаппай төсемдер ескеріледі.

198. Жанатын өнімдері құйып алу - құю үшін теміржол цистерналарды орнату тәртібі, бұл операцияларды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етеді және теміржолдық ұйыммен келісілген технологиялық уақыт тәртібімен регламенттеледі.

199. ҚҚЭ пайдалану кезінде құйып алу - құю құрылғыларын, БӨҚА, бу құбырларын, арматураны, апатқа қарсы және өрт сөндіру қорғаныш құралдарын, өртке қарсы сақтық жабдықтарды қауіпсіз және түзу жағдайда ұстау.

200. Алынатын көпірлер цистерналарды жіберу және алу кезінде жоғары жайда болады:

1) мұнаймен теміржолдық вагондар-цистерналар 5 км/сағ аспайтын жылдамдығымен екі екіосьтік немесе бір төртосьтік жабыны астында, жүксіз немесе жанбайтын жүкпен беріледі немесе шығарылады;

2) мұнай құю үшін техникалық байқаудан өту туралы белгісіз және темір жолдарды пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес емес теміржолдық вагондар - цистерналарды қабылдауға рұқсат етілмейді;

3) теміржолдық вагондар-цистерналар түрткілерсіз, баяу шығарылады және беріледі;

4) вагондар-цистерналардың тежеуі үшін ұшқын қауіпсіз астар (кебістер) қолданылады. Бұл мақсаттар үшін болат кебістерді қолдануға рұқсат етілмейді;

5) теміржолдық вагондар-цистерналарды мұнай құйып алу (құю) пунктілерінен тыс жерде тіркейді және тіркеуден ағытады. Вагондар - цистерналарды эстакада шегінде жүк арбамен жылжытады. Мұнай құйып алу (құю) орындарына вагондар-цистерналарды жылжыту үшін қолмен және рычагтар ретінде сүймен және басқа аспап қолдануға рұқсат етілмейді;

6) мұнайды құйып алу (құю), тепловоз жобалық құжатнамада көрсетілген, бірақ 100 м кем емес, белгіленген қауіпті аймақ шегінен шығарылғаннан кейін, басталады;

7) мұнайды құйып алу (құю) кезінде теміржолдық цистерналар жерге қосылады. Сонымен қатар тасымал жерге қону кезекпен цистернаға, сонан кейін жерге қону контурына қосылады. Құйып алу (құю) аяқталғаннан кейін жерге қосқыш өткізгішті ажырату кері ретте жүргізіледі.

201. Құюдың автоматты шек қойғышты қолданумен құю жүйесінің насостардың өнімділігін есептеу кезінде теміржолдық цистерналардың құю нормативтік уақытынан және құюдың автоматты шек қойғыштың алдында талап ететін қысымды қамтамасыз ету мақсатымен құйылатын өнім бөлігін қайта жіберу қажеттілігінен бастау;

1) қайта жіберілетін өнім көлемі насостардың техникалық мінездемесіне байланысты болады және құю кезінде статикалық электр қуаттардың қорлану және құю деңгейінің автоматты шек қойғыштың дұрыс қызмет етуден бас тарту мүмкіншілігін болдырмайтын, құюдың максималды мүмкін жылдамдығын қамтамасыз ететін, құю процесі кезінде эстакада коллекторларында қысымды автоматты қолдауға байланысты тандалады;

2) құюдың автоматты шек қойғышсыз құйып алу-құю жүйесінің насостардың өнімділігін есептеу кезінде теміржолдық цистерналардың құю және құйып алу нормативтік уақытынан бастау.

202. Құйып алу - құю операциялары кезінде жұмыс орындарында, жұмыс жүргізетін қызметкерлердің болуына рұқсат етіледі. ҚҚЭ қауіпті аймағында басқа жұмыстарды жүргізуге және басқа қызметкерлердің болуына рұқсат етілмейді.

203. Тез тұтанатын жанатын сұйықтықтармен және сұйытылған көмірсутекті газдармен құйып алу - құю операцияларына арналған техникалық құралдар, технология және қауіпсіздік талаптары жобада және технологиялық уақыт тәртібінде орнатылады.

204. Құйып алу-құю операциялары тағайындалған қызметкер бақылауымен жүргізіледі. Жұмыстарды екі адамнан кем емес қызметкерлер жүргізеді, олар люктың немесе құю құрылғының жағы жақтарынан, мұнай өнімдерінің буларының әсер етуін алдын алу үшін, жел бағыты бойынша қауіпсіз қашықтықта болады.

205. Қызметкерлер сәйкес арнайы аяқ киімді, ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ, ҰҚҚ қолданумен жұмыстарды жүргізеді.

206. Барлық өндірістік операциялар, люктарды ашу және жабу, құю және құйып алу құрылғыларын басқаруды қоса, баяу, соққыларсыз және қауіпті ұшқын пайда болдырусыз жүргізіледі.

207. Жұмыс орындардың жарылыс қорғау атқаруында жарықтандырулары болады, соның ішінде қауіпті аймақтан тыс жағылатын және сөндірілетін аккумуляторлық шырақтар.

208. Құйып алу - құю операциялары жұмыстардың және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін метеорологиялық шарттарын есепке ала отырып жүргізіледі.

Жұмыстарды технологиялық уақыт тәртібінде көрсетілген найзағай және экстремалды метеошарттар кезінде, қауіпті және зиянды өндіріс факторлары пайда болған кезде, оларды АЖЖ сәйкес жоюға дейін жүргізуге рұқсат етілмейді.

209. Мұнайды, мұнай өнімдерін құю және құйып алу, уақыт тәртібінде көрсетілген технологиямен сәйкес шашыраусыз және көбік болдырусыз біркелкі жүргізіледі.

Құю аяқталғаннан кейін цистернадан шлангілерді, телескопиялық құрылғыларды алу, олардан мұнай және мұнай өнімдері толық құйылғаннан кейін жүргізіледі. Люктардың қақпақтарын журналға тіркеумен герметикалық түрде жабады және тексереді.

210. Құйып алу-құю операцияларын төменгі температура шарттарында жүргізу кезінде, жылу изоляциясы және жабдықтарды қауіпсіз жылыту, қызметкерлер үшін қауіпсіз шарттарды қамтамасыз ету бойынша шаралар ескеріледі.

211. Теміржолдық вагон-цистерналарда мұнайды жылыту тәсілі, температура және тәртібі жарылыс өрт қауіпсіздік талаптарымен, мұнай мінездемесімен және климат шарттарымен сәйкес жобада және технологиялық уақыт тәртібінде көрсетіледі.

Жылыту кезінде құйып алу-құю операциялары, оның аяқталғанына дейін жүргізілмейді.

212. Күкіртті мұнаймен құйып алу-құю операциялары технологиялық уақыт тәртібімен сәйкес қосымша қауіпсіздік шараларды есепке алумен жүргізіледі.

213. ҚҚЭ жабдықтарының түзуліксіздіктерін жою бойынша жөндеу жұмыстары АЖЖ сәйкес, қатар - кіру рұқсаты бойынша жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстардың басталуына дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар орындалады:

мұнай өнімдерін құйып алу және құю операциялары толығымен тоқтатылған;

вагондар - цистерналар қауіпті аймақ шегінен шығарылған;

құю құрылғыларының алаңдары және эстакадалар мұнай өнімдерінің қалдықтарынан толығымен тазартылған;

кейінгі үрлеу және желдетумен құю құрылғылары мұнай өнімдерінен сөндірілген және босатылған;

кәріз жүйенің және канализация құбырлардың, құю науарлардың және ағынды тартпалардың бетінен мұнай және мұнай өнімдерінің қалдықтары жойылған;

жұмыс орындарынан 20 м кем емес ара қашықтықта орналасқан байқау құдықтары, гидравликалық тықпа қақпақтары және тереңдетілген резервуарлар қақпақтармен жабылған және 10 см кем емес құм қабатымен көмілген;

жұмыс орындары жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылмайтын материалдардан, аспаптан, жабдықтардан босатылған;

жұмыс орындарда және ҚҚЭ өндірістік аймақтарында ауа газдалғандығына өлшеулер өткізілген.

Ысырма камераларында және құдықтарда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде оларды тазалау және ауа тазарту, кейін ауа талдауын жасау.

214. Сұйытылған газ бен тұрақсыз конденсаттың құйып алу-құю операциялары технологиялық уақыт тәртібімен сәйкес жүргізіледі:

1) басқа өнімдерді тасымалдау мақсатымен цистерналарды қолдануға рұқсат етілмейді;

2) бу фазасын шығару жолымен құйып алуға рұқсат етілмейді;

3) әзірлеуші басшылығымен және технологиялық уақыт тәртібімен анықталған цистернадағы қалған қысым төмен болғанда құюға рұқсат етілмейді;

4) қараңғы уақытта цистерналарға құю бақылаушы тұлғаның бақылауымен жүргізіледі.

4-тарау. Насостық құрылғылар
215. Қыздырылған мұнай өнімдерін, сұйытылған газдарды, тез тұтанатын және зиянды заттарды қотару үшін, өнімдердің өткізуін болдырмайтын, сальниксіз және мембрандық насостар қолданылады. Сальникті насостарды қолдану кезінде оларды шет нығыздаулармен жабдықтайды.

216. Шет нығыздауларына май жіберетін насоста, май қысымы төмендеген кезде резервтік май насосын қосатын, қоршау құрылғысы ескеріледі.

217. Насостардың электр жетектердің дистанциялық апаттық сөндіруі болады.

218. Насостағы арматура жобамен, насос төлқұжатымен және құбыр мінездемесімен сәйкес шартты қысым бойынша таңдалады. Әрбір центрден тепкіш насостың лақтырғыш құбырында кері клапан орнатылады.

219. Құбырлар мен насостардың орналасуы жобамен және технологиялық уақыт тіртібімен сәйкес қауіпсіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

220. Насосты құрылғыларда және құбырларда технологиялық схемаға сәйкес олардың тағайындалуы, өнімдердің қозғалыс бағыты, индекстер көрсетіледі, электрқозғалтқыштарда жұмыс жағдайындағы айналу бағыты көрсетіледі.

221. Барлық насостар кәріз құрылғылармен жабдықталады.

222. Жанатын және тез тұтанатын өнімдерді қайта алатын насостардың корпустарын, насостармен бір негізде болатын электрқозғалтқыштардың жер қонуларынан байланыссыз жерге қосады.

223. Айналу бөліктерінің қоршаулары жоқтығы кезінде, насостарды жұмысқа қосуға және пайдалануға рұқсат етілмейді.

224. Насостарды пайдалану кезінде насос шығуында қысым көрсететін манометрлердің тұрақты жұмысы қамтамасыз етіледі. Жөнге келмейтін манометрлермен немесе онсыз насостарды жұмысқа қосуға рұқсат етілмейді.

225. Жұмыс істейтін насостың қозғалушы бөліктерін майлау, жұмыстың қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ететін, тиісті құралдармен рұқсат етіледі.

226. Насостарды пайдалану кезінде жабдықтардың герметикалығына тұрақты бақылау қамтамасыз етіледі. Сальниктарда, насостардың шет нығыздауларында және құбырлардың қосуларындағы өткізулер технологиялық уақыт тәртібімен және АЖЖ сәйкес жойылады.

227. Насос подшипниктерінің жеткілікті мөлшерде майлауы болады. Подшипниктерді бекітілген нормадан жоғары қыздыруға рұқсат етілмейді. Подшипниктердің температурасы бақыланады.

228. Насостың дұрыс жұмыс тәртібін бұзатын, түзуліксіздіктер анықталған жағдайда, әзірлеуші басшылығына және АЖЖ сәйкес, оны тоқтату және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Насос жұмысы кезінде оны жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді.

229. Резервтік насос әрқашанда іске қосу дайындығында болады.

230. Жұмыс істеуші насосты резервтегіге ауыстырып қосудың алдында тиісті ысырмалардың дұрыс ашылуы және насостың іске қосу дайындығы тексеріледі.

231. Сорып алушы және қысым коллекторларынан резервтік насостарды сөндіру үшін ысырмалар қолданылады.

232. Насос сальниктерін салқындату үшін, насос тоқтатылуы кезінде су жіберу тоқтатылады.

233. Бу конденсатын алдын ала түсірусіз және булы цилиндрларын жылытусыз бу насостарын жіберуге рұқсат етілмейді. Сонымен қатар насостың тастағыш құбырдың ысырмасы ашық. Насос пен құбырлардың ыстық бөліктеріне қандай да бір заттарды салуға рұқсат етілмейді.

234. Булы насостың поршеньді қолмен жылжыту қажеттілігі кезінде, сорып алушы және бастырмалатқыш өнім өткізгіштердегі ысырмалар, түсетін және пайдаланған будың бу құбырларындағы булы вентильдер жабылады, ал қысым алынады.

235. Насосты бөлмелердегі едендер мен тартпалар сумен жуылады.

236. Құрамында мүмкін концентрациядан жоғары жанатын және зиянды заттары бар, ағынды сулар өндірістік канализацияға жіберу алдында санитарлық нормалар мен жарылыс өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес тазартылады.

237. Насостарды үрлеу кезінде технологиялық өнім бөлме сыртына, сұйық фаза құбырлармен тиісті сыйымдылықтарға, ал бу аралас газ фракциясы факелге немесе шыраққа апарылады.

238. Жобамен ескерілмеген қызметкерлер мен жабдықтарды орналастыру үшін өтулерді жабуға рұқсат етілмейді.

239. Насосты бөлмелерде бөлетін қабырға арқылы коммуникациялардың өту орындарында қабыларда герметикалық нығыздаулар орнатылады.

240. Герметикалықсыз нығыздаулар кезде насостарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

241. Бөлмеден тыс жерде орналасқан жабдықтарды және өндірістік алаңдарды жылыту, климат шарттарына және техникалық мінездемеге байланысты жобамен анықталады. Қажет жағдайда жылу серіктердің құрылғысы, жылытқыш элементтер және қызметкерлер үшін баспаналар ескеріледі.

242. Насос пен арматураны майлау үшін қатпайтын майлар қолданылады.

Подшипниктер корпусын және сальник камераларын салқындату үшін қатпайтын сұйықтықтар қолданылады (антифриз). Салқындатушы сұйықтық ретінде температурасы 30°С дейін су қолдану кезінде, ағынды бақылау үшін ашық шұңқырлар немесе канализациямен қосылған, байқау құрылғыларына рұқсат етіледі.

243. Қоршаған ауа температурасында қататын өнімдерді қайта алу кезінде, келесі шарттар сақталуы тиіс:

қайта алу технологиялық процесстің жұмыс үздіксіздігі;

насостар мен құбырларды жылу изоляциялау және жылыту;

технологиялық сұйықтықтың айналып жүрусіз учаскелердің жоқ болуы;

насостар мен құбырлардың үрлеу және дренаж жүйелерінің бар болуы.

244. Центрден тепкіш насосты іске қосу алдында қолмен білікті өткізу арқылы оның жұмыс қабілеттілігін тексеру. Жылдың салқын уақытында, егер насостың білігі өткізілмесе, насосты жылытады немесе ол арқылы қыздырылған өнімді өткізеді.

245. Ашық алаңдарда орнатылған насостардың жобалық-ескерту жөндеуін мүмкіншілікпен жылдың жылы уақытында немесе уақытша жылыту баспана құрылғымен жүргізу.

246. Насостарды орналастыру кезінде насостарға мұнай өнімдерінің және судың тиюын болдырмау.

247. Ашық насостыларда қызмет көрсету қызметкерлерінің ұзақ уақыт болуын болдырмау үшін, операторлық бөлмеден насостардың жұмыстарына дистанциялық бақылау ескеріледі.

248. Ашық насостыларға қызмет етуші қызметкерлерді жылыту үшін, насостардың жұмысын бақылау үшін ыңғайлы, жылытатын бөлмелер орнатылады және байланыс құралдармен қамтамасыз етіледі.

5-тарау. Компрессорлық құрылғылар
249. Компрессорлар дірілдеулер мен шуылдың анықталған нормалар шегінде шек қоюын қамтамасыз ететін, дірілдегіш фундаменттерде орнатылады.

250. БӨҚА үшін ауа жіберу құбырларын басқа құбырлармен қосуға рұқсат етілмейді.

251. Бақылау және автоматика құралдарын қысылған ауамен сенімді қамтамасыз ету үшін, ауа компрессорлық құрылғының резервтік компрессорлары болады.

252. Компрессорлар бақылау құралдарымен сақтандыру клапандарымен және олардың жұмыс тәртібінің бұзушылығы туралы сигнал берумен жинақталады. Жұмыс істейтін компрессордың апаттық тоқтауы кезінде резервтік компрессор автоматты түрде іске қосылады.

253. Апатқа қарсы сигнал беру және бітеу жүйелерінің іске қосуын тексеру техникалық бастықпен бекітілген кесте бойынша жүргізу және журналда тіркеу.

254. Компрессорлық құрылғының электр энергиясымен резервтік қоректенудің апаттық енгізуі болады.

255. Бірнеше компрессорлардың жұмысы кезінде тастағыш ауа құбырында жалпы коллекторға олардың әрбірі үшін ысырманы немесе вентильді жабатын кері клапанды орнатады:

1) ауа құбырында өрт қаупі анықталған кезде АЖЖ сәйкес ауа қысымын төмендету, ауа құбырды салқындату, атмосфералық құбырдағы вентильді ашу және одан кейін компрессорды тоқтату, кейін өрт қауіпсіздігі және хабарландыру бойынша әрекеттерді орындау;

2) жылу шығармайтын аппараттардың жанында салынған ауа құбыры, ондағы қысылған ауа температурасының жоғарлауынан қорғанады.

256. Ауа құбырдың қату қаупі бар орындарда жылу изоляциясы және жылыту жүргізіледі. Қату жағдайында жылыту жұмыстарын ыстық сумен немесе бумен жүргізуге рұқсат етіледі.

257. Компрессорлар және бөлек агрегаттар қажет жағдайда қоршалған алаңдармен және қанатты сатылармен қамтамасыз етіледі.

258. Басқа газдарды қайта алу үшін ауа компрессорларын қолдануға рұқсат етілмейді.

259. Компрессор жұмысы уақытында майлайтын материалдардың кемуін және шашыратуын болдырмай, цилиндрлердің және қозғалушы механизмдердің дұрыс майлауына қадағалау жүргізу.

260. Қысылған ауаны әрбір қысу сатысынан кейін майдан тазартусыз компрессорды жұмысқа қосуға рұқсат етілмейді. Компрессор жұмысы кезінде май бөлгіштен жиналған сұйықтықты жүйелі түрде түсіру.

261. Компрессорлар мен тоңазытқыштардан қыздырылған суды апаратын, құбырлардағы салқындату жүйесіне су түсуін бақылау үшін, көрінетін орындарда орнатылады:

шыны қарау люктары немесе тұйық салқындату жүйесіндегі бақылау крандары;

ашық салқындату жүйесінде құйып алу шұңқырлары.

262. Компрессормен ауа сұрыптауы (сору) бөлмеден тыс, құрамында жанатын газдары және шаң жоқ аймақта жүргізіледі. Дуал орны судың және басқа заттардың тиюынан күнқағармен және торлармен қорғалады.

263. Сорып алушы ауа құбырындағы сүзуші құрылғылар, әзірлеуші басшылығымен және пайдалану шарттарымен сәйкес, кесте бойынша тазартылады және жуылады.

264. Ауа құбырларында май бөлінулердің жиналуын және өздігінен тұтануын болдыратын, басып тасталған бұрулардың және штуцерлердің болуына рұқсат тілмейді.

265. Компрессорлық бөлмелерде компрессормен конструктивті немесе технологиялық жағынан байланысты емес, аппараттар мен жабдықтарды орнатуға рұқсат етілмейді.

266. Компрессорлықтағы барлық құбырларда ауаның қозғалыс бағыты көрсетіледі.

267. Алынатын саптармен ілмектік крандарды пайдалану кезінде оларда ашық жағдайдағы ауа бағыты көсетіледі.

268. Компрессорлардың және ауаағарлардың барлық қосулары, техникалық бастықпен бекітілген кестеге сәйкес герметикалыққа тексеріледі.

269. Компрессордың әрбір тоқтаудан кейін компрессор жұмысы кезінде тексеруге қол жетпейтін барлық қозғалушы бөлшектерді тексеру және олардың қызып кетпегеніне көз жеткізу. Анықталған түзуліксіздер жоюға жатады.

270. Қысқы уақытта компрессорлық құрылғылардың жұмысындағы үзілістер және су қату қаупі кезінде, оны компрессорлардың цилиндрлардың және сальниктердің салқындатушы құрылғылардан, су насостарынан, тоңазытқыштардан және сумен салқындатылатын басқа аппараттардан, магистральдан түсіру, сол үшін крандар орнатылады. Нәтижелер журналға жазылады.

271. Тексеруден, жөндеуден және ұзақ сөндіруден кейін компрессорды іске қосу бақылау тұлғаның жазбаша рұқсаты бойынша, жабдықтаудың, сақтандыру клапандарының, арматураның, құбырлардың, БӨҚА, апатқа және өртке қарсы сақтық қорғаныш жүйелерінің техникалық жағдайларына тексеруден кейін жүргізіледі.

6-тарау. Зертхана
272. Зертхана және қызметкерлер өрт сөндіру құралдарымен, ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ, алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Зертханалық құбырлы және басқа да коммуникациялар боялады және жобаға сәйкес белгіленеді.

Зертханалық орындар мен жабдықтарда тиісті белгілеу, жазулар және қауіпсіздік белгілері болады.

273. Өнеркәсіптік және өрт сөндіру қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуі бақылау тұлғаға жүктеледі.

Зертхана бөлмелерінде өрт сөндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерді көрсетумен кестеде және өрт кезінде эвакуация схемасы ілінеді.

274. Зертханада жүргізілетін барлық жұмыстардың түрлеріне технологиялық уақыт тәртіптерін әзірлейді.

275. Зертхана бөлмелеріндегі құйылу-сорылатын желдету жұмыс басының алдында қосылады және жұмыс аяқталғаннан кейін сөндіріледі. Тәулік бойы талдауларды жүргізу кезінде құйылу - сорылатын желдету тұрақты жұмыс істейді. Жөнге келмейтін желдету кезінде жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді.

276. Зертханалық орындардағы вентильдер мен крандардан басқа, зертхана газ желісінің бөлмеден тыс, жалпы ілмектік вентиль немесе кран болады.

277. Зертханада жұмыс кезінде екі адамнан кем емес болады:

1) қауіпті және улы заттарды қолданумен байланысты жұмыстар, резеңке қолғаптармен, химиялық төзімді арнайы киіммен, бас киіммен, арнайы аяқ киіммен, дем органдары мен бет қорғанышы кезінде жүргізіледі;

2) қатты және қауіпті заттарды ұсақтату қосылған сорылатын желдетумен жабық келілерде жүргізіледі. Бұл операцияны орындаушы қызметкер, қорғау көзілдіріктерде және резеңке қолғаптарда болады. Қауіпті және зиянды заттардың бөлшектері немесе тамшылары киімге немесе сорылатын шкафтың үстел бетіне тимеу үшін, мұқият қадағалау. Егер ондай жағдай болып қалса, затты технологиялық уақыт тәртібімен сәйкес бейтараптандыру және алу;

3) қауіпті және улы заттармен, соның ішінде қышқылдармен және сілтілермен, жұмыс жүргізу алдында, су құбырдың жұмысын тексеру немесе су қорын дайындау.

Зертханада химиялық реагенттерді бейтараптандыру қоры болады.

278. Талдау жұмыстарын өткізу алдында, журналда жазумен, жұмыс аймағының ауасында газдалғалдықтың жоқ болуын тексеру:

1) жөнге келмейтін қосулар, газ құбырының крандары және вентилі арқылы газ кемуі анықталған кезде, газ желісінің жалпы вентилі жабылады, бөлме желдетіледі және АЖЖ сәйкес түзуліксіздіктерді жою бойынша шаралар қолданады;

2) газ құралдарын, крандарды және вентильдерді тексеру, жұмыс басталуы алдында бақылаушы тұлғамен бекітілген, журналға тіркеумен, кесте бойынша айына бір рет орындаушымен, газ жабдығына қызмет етуші қызметкермен жүргізіледі.

279. Зертханада, тәуліктік қажеттіліктерден аспайтын, тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтардың (әрі қарай-ТТС, ЖС), газдардың және басқа да қауіпті және улы заттардың қорын сақтауға рұқсат етіледі. Орнатылған қорды сақтауға, қызметкерлердің шектелген рұқсатымен және қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ететін бөлек бөлмелердегі орналасқан, бөлмеде (қойма) немесе металл контейнерлерде рұқсат етіледі.

Сорылатын шкафтарда қышқылдарды, тез буланатын реактивтерді және еріткіштерді тәулік қажеттілігінен кем мөлшерде жабық герметикалық ыдыста және бақылаушы тұлғаның рұқсатымен сақтауға рұқсат етіледі. Жұмыс орындарында, көрсетілген қауіпті заттарды қолданумен байланысты емес, талдауларды және басқа жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді.

280. Зиянды және улы заттармен жұмыс жүргізілетін бөлмелердің желдету жүйесі жеке дара, басқа бөлмелердің желдетумен байланысты емес.

281. Зиянды заттардың, булардың және газдардың бөлінумен жүретін жұмыстар, канализациямен, су құбырымен және қорғау құрылғылармен қамтамасыз етілген, сорылатын шкафтарда жүргізіледі.

282. Сорылатын шкафтар ішінде орнатылған шырақтар, жарылыс қорғау атқаруда.

Сөндірулер мен штепсельдік розеткалар сорылатын шкаф сыртында орнатылады.

283. Зертханадағы электрөткізгіш жобамен және электр қауіпсіздік талаптарымен сәйкес орындалады. Электрқыздырғыш құралдарды орнату орындары және оларға тиесілі қабырғалар және жиһаз тұтануынан термобөлектеуші материалдармен қорғалады.

284. Сорылатын шкафтарда, жұмыс жүргізуге қажет емес ыдыстарды, заттарды, құралдарды және зертханалық жабдықтарды сақтауға рұқсат етілмейді.

285. Қауіпті, зиянды және улы заттарды сақтауға арналған шыны ыдыстардың, қауіпсіз пайдалану және орын ауыстыру үшін қорғау қабығы болады.

286. Зиянды, жарылыс өрт қауіпі бар заттармен жұмыс жасауға арналған үлтелдер, жанбайтын гигиеналық материалмен жабылады және биіктігі 10 мм кем емес бортиктары болады.

287. Мұнай өнімдерін айдау немесе қыздыру кезінде жұмыс орындарында, сақтау және құю, жанатын заттармен құралдарды және аппаратураны тиеуге рұқсат етілмейді.

288. Тез тұтанатын сұйықтықтарды жылыту, жарылыс өрт қауіпсіздік талаптарын сақтаумен технологиялық уақыт тәртібінде ескерілген жылытқыш құралдарда жүргізіледі.

289. Өрт сөндіру құралдары жұмыстар орнында дайын жағдайда болады.

290. Жанатын заттарды отпен немесе электрлік қыздырумен байланысты жұмыстарды өткізу кезінде, қызметкерлер қауіпті жұмыстардың аяғына дейін процестің тұрақты бақылауын жүзеге асырады.

291. Талдаудан кейін мұнай өнімдерінің қалдықтарын, пайдаланылған реактивтерді және улы заттарды бөлек, жабық металл ыдысқа құяды және жұмыс немесе ауысым аяқталғаннан кейін кейінгі пайдалану үшін зертханадан шығарады. Бұл сұйықтықтарды жалпы сыйымдылыққа және канализацияға құюға рұқсат етілмейді.

Зертхана бөлмесінде рұқсат етілмейді:

ТТС және ЖС бөлмелерін жинау үшін улы және зиянды заттарды қолдануға;

кептіруге арналған ыдыстар, сүртетін мата, киім кептіру үшін жылытқыш құралдарды және құрылғыларды қолдануға;

жойылуға тиіс, төгілген мұнай өнімдерін, жанатын және зиянды заттарды қалдыруға;

жанып жатқан шілтерлер кезінде төгілген өнімді жинауға.

292. Бензинмен, керосинмен, ацетонмен және басқа да сұйықтықтармен кір жуу және киім тазалауға рұқсат етілмейді.

293. Жұмыс жүргізу кезінде газдалғалдық және зиянды заттардың кемуі анықталған кезде, жылытқыш құралдарды өшіру және газдың пайда болу себептерін анықтау және жою бойынша шаралар қолдану, қауіпті заттарды жою, ал кему орындарын бейтараптандырушы және жуатын құралдармен тазалау және жуу.

294. Ыдыс тазалау және дайындау орындары зертхананың басқа бөлмелерінен жаппай қалқанмен бөлектенген, оның жеке шығуы және желдеткіші болады:

1) жұмыс орындарында зертхананың ыдысын жуу және кептіру үшін құрылғыларының жергілікті желдетуі ескеріледі;

2) ыдысты жергілікті желдету қосылған арнайы жерде жуу. Қышқылдардың және басқа да улы өнімдердің ыдысын, толық босатудан және зиянды заттарды бейтараптандырудан кейін тапсыру;

3) жуатын құралдар тығыз жабылған қақпақтармен сыйымдылықтарда, орамаларда сақталады. Оларды шыны ыдыстарда және ашық күйінде сақтауға рұқсат етілмейді.

295. Улы және зиянды заттарды сақтау, беру және пайдалану технологиялық уақыт тәртібімен сәйкес, қауіпсіздік талаптардың сақталуымен бақылау тұлғаның және орындаушының қол қою журналдарда тіркеумен жүргізіледі.

296. Газдармен барлық металл баллондарын, олардың мөлшері мен тағайындалуына байланыссыз, зертхана ғимаратынан тыс металл шкафтарда орнату:

1) шкафтардың табиғи желдетуге арналған құрылғылары болады. Баллондар стеллаждарда орнатылады;

2) жанатын газдарды (пропан, ацетилен) бір баллоннан бірнеше бөлмелерге жіберуге рұқсат етілмейді;

3) баллондарды сақтандыру қалпақтарсыз сақтауға рұқсат етілмейді.

297. Қышқылдарды кәрзеңкелерде орнатылған бөтелкелерде сақтау және алып бару.

298. Шыны түтіктерді және құралдарды дайындау кезінде, оларға резеңке түтіктерді кигізу кезінде майлықтарды немесе сүлгіні қолдану және құрастырушы соңылары ерітілген болу керек:

1) тығындарда шыны түтіктерді бекіту кезінде, тығынға қойылатын түтікті соңына қарай жақынырақ ұстау. Тығын арқылы түтік өтуін жеңілдету үшін тығындағы тесік сумен немесе глицеринмен суланады;

2) тамызғыштағы мұнай өнімдерін, қышқылдарды, сілтілерді және басқа зиянды заттарды қауіпсіз құрылғылармен сүртуге рұқсат етіледі.

299. Қышқылға суды құюға рұқсат етілмейді. Күкірт қышқылын сумен араластыру кезінде қышқылды суға баяу құю, ЖҚҚ және көзілдірікті қолдану.

Төгілген қышқыл ұсақ құммен көміледі. Қышқылмен сіңірілген құм қырғышпен жиналады, ал қышқыл төгілген орын содамен немесе әкпен көміледі, одан кейін сумен жуылып, құрғақ сүртіледі.

300. Шілтерлер, электр аспаптары және тұтанудың басқа да көздері бар, көмір сутегімен әсер ету қауіпі бар жұмыс орындарында сұйық ауамен немесе оттегімен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Зертхананың арнайы жабдықталмаған бөлмелерде өнім сақтауға және тамақ қабылдауға рұқсат етілмейді.

301. Зертханада ыстық сумен және гигиена құралдарымен санитарлық-тұрмыс бөлме жабдықталады. Жуыну үшін мұнай өнімдерін, техникалық жуатын құралдарын, зертханалық ыдысты қолдануға рұқсат етілмейді.

Жеке мақсаттарға арналған зертханалық ыдысты қолдануға рұқсат етілмейді.

Қолдарды мұнай өнімдерімен жууға рұқсат етілмейді. Қолдарды сабынмен жылы сумен жуу және сүлгімен құрғақ етіп сүрту. Қажет жағдайда қорғау крем немесе вазелинді қолдану ескеріледі.

302. Зертханада жұмыс аяқталғаннан кейін қызметкерлер және бақылаушы тұлға зертханалық орындардың жағдайын тексереді. Сонымен қатар қауіпсіздік бойынша келесі талаптар сақталады:

зертханаға газ жіберу газ және су крандары және жалпы вентиль жабық;

шілтерлер, шамдар және басқа от қауіпті құралдар сөндірулі;

реактивтермен ыдыстар және банкалар тығындармен жабулы;

жарықтандыру және желдету сөндірулі;

зертхананы күзетке тапсыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет