5-бөлім. Қауіпті және зиянды заттармен жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптары
1-тарау. Деэмульгаторлармен жұмыс
368. Деэмульгаторлармен жұмыс істеуші қызметкерлер, қауіпсіз қолдану және улану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша дайындықтан өтеді.
369. Деэмульгаторлармен бөшкелер күн сәулелер және жағылатын құралдар әсерінен қорғалады. Бөшкелерді ашу кезіндегі жұмыстар противогаздарда, каскаларда, резеңке етіктерде, резеңке қолғаптарда және резенкеленген алжапқыштарда жүргізіледі.
370. Деэмульгаторлар сақталатын бөлмелер немесе қоршалған алаң қорғанға жабылады және «Отқауіпті», «У» сақтық жазулармен және қаупсіздік белгілермен қамтамасыз етіледі.
371. Бөшкелердің герметикалығы мұқият байқау жолымен жүйелі түрде тексеріледі. Өткізетін бөшке деэмульгатордан арнайы сыйымдылыққа босатылады.
372. Деэмульгаторлар ерітіндісін дайындау жұмыстарды механикаландыру үшін құралдарды қолданумен жүргізіледі.
373. Бөшкелерді ұшқын қауіпсіз аспаппен ашу.
374. Деэмульгаторларды тасымалдау және сақтау үшін жөнге келмейтін және сәйкес емес бөшкелерді және сыйымдылықтарды қолдануға рұқсат етілмейді.
375. Деэмульгаторларды құю және қайта алу алдында барлық фланец қосындыларын, арматураны, манометрлерді және механикаландыру құрылғыларын тексеру. Барлық анықталған зақымдар жойылады.
376. Бөлмеде деэмульгаторларды құю-сорылатын желдету жұмысы кезінде жабық тәсілмен құю.
377. Құю құрылғылардың және насостардың жергілікті сорғыштары болады.
378. Деэмульгаторларды қауіпті тәсілмен тамызғыштарға және сифондарға теріп алуға, оларды қолдарды жууға және киім тазалауға қолдануға рұқсат етілмейді.
379. Басқа өнімдерді қайта алу үшін құбырларды, насостарды және шлангілерді қолдануға рұқсат етілмейді.
380. Сыйымдылықтар, құбырлар, арматура, БӨҚА қауіпсіз қызмет көрсету және түзулікке бақылау есебімен орналастырылады.
381. Құю құбырлары құю жүргізілетін сыйымдылыққа еңіспен орналастырылады.
382. Деэмульгаторлардан бөшкелер босауынан кейін, құюдан кейінгі шлангілер көп мөлшердегі сумен жуып тазаланады.
383. Төгілген деэмульгатор кейінгі жоюмен және пайдаланумен, көп мөлшердегі сумен жуып тазартылады немесе құммен көміледі.
384. Қолды насоспен деэмульгаторды қайта алудан кейін, насос тетігін шешіп, насосты жуу және пломбалау.
385. Деэмульгатормен жұмыс кезінде рұқсат етілмейді:
қызметкерлердің зиянды заттармен шектесуі мүмкін, қолдық операцияларды жүргізуге;
зиянды заттарды төгуге және дене мен киімге тию;
жұмыстарды жүргізу орындарында киім сақтауға;
қолды сабынмен алдын ала жуусыз арнайы бөлінген бөлмелерде тамақ қабылдауға және шылым тартуға.
386. Деэмульгаторлармен жұмыстан кейін қызметкерлерге санитарлық - гигиеналық процедураларды орындау.
387. Деэмульгаторлармен улану белгінің пайда болу кезінде жарақатталған адамды таза ауаға шығару, алғашқы көмек көрсету, бақылаушы тұлғаға және медициналық қызметке хабарлау.
388. Деэмульгаторлармен операция жүргізілетін учаскелерде арнайы киім, ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ және басқа да қорғау құралдардың қор жинақтарымен апаттық пломбаланған шкафтар болады.
389. Деэмульгатор сақталатын бөлмеге, құю-сорылатын желдетуді жұмысқа қосудан кейін 15 минут кейін кіруге рұқсат етіледі.
2-тарау. Сілтімен жұмыс
390. Сілтілермен жұмыс кезінде жабдықтардың, құбырлардың және арматураның фланец қосындылары қаптамалармен жабылады.
391. Сыйымдылықтағы сілті деңгейін өлшеу дистанциялық тәсілмен жүргізіледі.
392. Сілті сақтауға арналған сыйымдылықтар жүйелі байқауға жатады. Барлық анықталған ақаулар жойылады.
393. Сілті қалдықтарынан тазарту үшін сыйымдылықтарды көп мөлшердегі сумен жуу.
394. Қатты күйдіргіш соданы механикалық тәсілмен сындыруға рұқсат етілмейді, оны бакта бумен жұмсарту.
395. Буландыру кезінде, дабыл астына жіберілетін буды, сілті шашырандылары немесе бу ағысы жұмыс істеушіге тимегендей етіп, сақ жіберу.
396. Бумен жұмсартуға бақылау үшін дабылды еңкейтуге рұқсат етілмейді.
397. Дабылдарды көтеру механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.
398. Теріге сілті тиген кезде зақымдалған орындарды көп мөлшердегі сумен жуу, бейтараптаушы құралдармен өңдеу.
3-тарау. Сынаппен жұмыс
399. Сынап эмальданған ішкі бетпен герметикалық жабық баллондарда немесе контейнерлерде сақталады және тасымалданады. Аз мөлшердегі сынапты резеңке баллондарда сақтау және тасымалдауға рұқсат етіледі.
400. Сынап құралдарын байқау, бөлшектеу және жөндеуге арналған бөлмелерде сынапты тығыздалған тығындармен қалың қабырғалы шыны ыдыстарда немесе резеңке тығындармен резеңке колбаларда сақтау.
401. Сынаппен аппаратураны және құралдарды толтыру, сақтау сорылатын шкафтар ішінде жүргізіледі.
402. Егер аппараттарды және құралдарды бөлшектеу кезінде амальгамирленген бөлшектер анықталған болса, онда оларды сумен толтырылған сыйымдылықтарда, олардың бөлшектеуі жүргізіліп жатқан бөлмелерде сақтау.
403. Аппараттар және құралдар, герметикалық бұзушылығы кезінде сынаптың кемуін болдырмау үшін, сумен толтырылған, ұстап алғыш сыйымдылықтармен қамтамасыз етіледі.
404. Аппараттарда және құралдарда, ашық сыйымдылықтардағы болатын сынап, оның булануын болдырмау үшін қалындығы 1-2 мм глицерин қабатымен құю.
405. Жұмысқа арналған сынап беру, ауысым қажеттілігінен аспайтын мөлшерде жүргізіледі.
406. Сынаппен жұмыс жүргізілетін үстелдер биіктігі 1 см кем емес борттармен жабдықталады және оның ағынына және жиналуына арналған тесіктері болады. Үстелдердің жұмыс беті линолеуммен жабылады.
407. Сынаппен жұмыстарға арналған үстелдердің, сорылатын шкафтардың жұмыс беті астында жәшіктері болмайды.
408. Төгілген сынап мұқият жиналады және бейтараптанады.
409. Сынаппен жұмыс жүргізілетін бөлмелерде, ауысым сайын ылғалды жинау жүргізіледі.
410. Құрамында сынап бар заттарды канализацияға төгуге рұқсат етілмейді.
411. Бөлмелерде шекті мүмкін концентрациядан асатын сынап булары анықталған жағдайда, бөлмені сынаптан санитарлық тазалауды жүргізу және ауа ортасының қайта талдауын жасау.
4-тарау. Метанолмен жұмыс
412. Метанолмен жұмысқа, жабдықтаушылардан алу, тасымалдау, сақтау және қолдану метанолдың қауіпті қасиеттері және тиісті қауіпсіздік шаралар туралы дайындықтан өткен қызметкерлерге рұқсат етіледі.
413. Метанол қолданылатын объектілерде, жазбаша бұйрықпен метанолмен жұмыс қауіпсіздігін және метанолды жабдықтаушылардан алу, тасымалдау, сақтау және қолдану бойынша қызметкерлердің дайындығын қамтамасыз ететін, бақылаушы тұлғалар және қызметкерлер тағайындалады.
414. Дайындық журналда сәйкес тіркеумен өткізіледі. Дайындық өткізусіз жұмысқа кірісуге рұқсат етілмейді.
415. Әлсіздік, бас ауру белгілерінің пайда болу жағдайында, метанолмен жұмыс істеушілер бұл туралы бақылаушы тұлғаға хабарлайды және медициналық қызметке жүгінеді.
416. Метанол тасымалдауға арналған барлық цистерналарда, сыйымдылықтарда және сақтау қоймаларда өшірілмейтін бояумен «У», «Отқауіпті» жазуларын және улы заттар үшін орнатылатын белгі қойылады, көлем мен салмақты көрсетеді.
417. Тасымалдау және сақтау үшін жөнге келмейтін және қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін бөшкелер мен сыйымдылықтарды қолдануға рұқсат етілмейді.
418. Қолданудың алдында метанол мақсатсыз қолдануды болдырмау үшін одорантпен және бояғыштармен араластырылады.
419. Объектіде метанолды қауіпсіз қолдану үшін технологиялық уақыт тәртібінде көрсетілген қорғаныш құралдарын қолданады.
420. Мұнай газ кәсіпшілік құрылғыларда, коммуникациялар мен жабдықтарда метанол қолдану, метанол және қауіпсіздік шараларын қолдану туралы қызметкерлерді алдын ала ескертумен бақылаушы тұлға нұсқауы бойынша жүргізіледі.
421. Метанол қолдануы жүзеге асатын объектілер, метанол есебі үшін журналмен қамтамасыз етіледі.
422. Метанол қайта алу үшін мөлшерлі насосты орнату кезінде, бөлмеде келесі қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ету:
метанол өтпейтін материалдан жасалған ағындармен және еңістермен сумен оңай жуылатын едендер;
табиғи және мәжбүрлік желдетуді;
гидранттарды, өртке қарсы сақтық құралдарды және жабдықтарды;
кезекші қорғау құралдарды;
насостармен қайта алу бойынша технологиялық схемаларды және технологиялық уақыт тәртіптерін;
метанол қаупі туралы ескертетін белгілер мен жазуларды.
423. Құрылғылар мен мөлшерлі насостардағы метанолдық сыйымдылықтар герметикалық жабылады және герметикалық байлаулары болады.
424. Сыйымдылықтар мен байлаудағы арматура және бұқтырмалар пломбалауға жатады.
425. Ауысымды тапсыру кезінде оператор журналға жабдықтардың техникалық жағдайы және пломбалардың сақтығы туралы жазулар жазады.
426. Метанолмен жұмыс кезінде қолданылатын құбырларды, мөлшерлі насостарды, аппаратураны жөндеу, олардың толық босауынан және көп мөлшердегі сумен мұқият тазартуынан кейін жүргізіледі.
6-бөлім. Күкіртті мұнайды дайындау кезінде қауіпсіздік талаптары
1-тарау. Объектілерді жобалау
427. Жоба құрамына қауіпсіздік декларациясы кіреді.
Жобалық құжатнамада эвакуация және газды қауіпсіздіктердің, жұмыс істеушілер мен халықтың ұжымдық қорғаныш құралдардың, қоршаған орта газдалғадықты бақылау станциялардың, метеорологиялық бақылау құралдардың, бақылау - өткізу пунктілердің орындары көрсетіледі.
428. Жобалық шешімдер табиғат қорларын орынды қолдануды, табиғат ортаның техногендік өзгерту мүмкіншілігін болдырмауды, соның ішінде зиянды заттардың бөліну мүмкіншілігін, өндірістік процестер мен жабдықтардың апатсыздығын және сенімділігін бағалауды негіздеу, зиянды заттардың бөлінуіне байланысты, болжанатын апаттық жағдайлардың болу және мүмкін зардаптардың тәуекелін бағалауды, апатты болдырмауға, қақпайлауға, жоюға және қауіпті мен зиянды өндірістік факторлардың әсерінен халықты және қызметкерлерді қорғауға бағытталған шешімдерді ескереді.
429. Жобалық құжатнама құрамында, түрлі метеожағдайлар кезінде атмосфералық ауаның жер қабатындағы зиянды заттардың концентрациялар нормалармен және санитарлық талаптармен бекітілген, оның шекараларында арту мүмкіншілігін болдырмайтындай етіп, есеп-қисаптар және қауіпті объектілердің санитарлық-қорғау аймақ (әрі қарай-СҚА) мөлшерінің негіздеуі ұсынылады.
Есеп-қисаптар және СҚА негіздеуі зиянды заттардың апаттық шығарындыларының максималды (көлем мен ұзақтығы бойынша) болжауын есепке ала отырып, аттестацияланған ұйыммен жүргізіледі. СҚА аумағында халықтың өмір сүруіне рұқсат етілмейді.
430. Мүмкін апаттық шығарындылар мерзіміне объектінің, қызметкерлердің және халықтың қауіпсіздігін қамтамаыз етуіне бағытталған, әрбір негізгі ұйымдық - техникалық шешім бойынша, жобалық құжатнамада қажетті құралдардың, материалдардың және жабдықтардың мөлшері және нақты түрлері, оларды сақтау және жұмысқа дайындау орындары негізделеді және анықталады.
431. Апаттық жағдайлар туындаған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдық - техникалық шешімдер АЖЖ көрсетіледі.
432. Күкірт сутегімен кен орнын қазу жобасында қосымша әзірленеді және көрсетіледі:
МДҚ, ҚҚС жабдықтардың және құбырлардың ингибиторлық қорғанышына талаптар;
жолай өнімдерді (күкірт сутегі, конденсат, гелий және басқалар) қолдану бойынша талаптар;
жабдықтардың, аппараттардың, резервуарлардың, құбырлардың, арматураның, БӨҚА, металл конструкциялардың және фундаменттердің тозуын тексеру және коррозиялық жағдайын бақылау әдістері және мерзімділігі;
бейтараптандырушылардың түрлері, күкірт сутегін бейтараптандыру әдістері және технологиясы, реагенттердің шығыны;
технологиялық өнім құрамындағы күкірт сутегін және реагент-бейтараптандырғышты бақылау әдістері;
жұмыс аймағын және бөлмелерді желдету әдістері мен құралдары;
адамдарды және қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар;
жұмыс және санитарлық – қорғау аймағының ауасында күкірт сутегінің құрамын бақылау құралдары және әдістері;
мұнай, газ, конденсат және су айыру технологиясы;
қауіпті және апатты жағдайларды алдын алу және ерте табу бойынша шаралар;
апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныш жүйелері;
бейтараптандыруға дейін және кейінгі пайдаланумен жабық сыйымдылықтардағы сұйық өнімдерді жинау және сақтау тәртібі.
433. Көмір сутектерді жинау және тасымалдау автоматтандыру жүйесі ескереді:
технологиялық орталарды шырақты сызыққа аударумен апаттық жағдайларда параметрлердің апаттық ауытқуы кезінде жабдықтардың, технологиялық сызықтардың, құрылғылардың автоматты сөндіруін;
кезекші оператор пультынан технологиялық сызықтың, құрылғының дистанциялық тоқтауын және технологиялық орталарды шырақты сызыққа аударуын;
технологиялық параметрлердің дистанциялық бақылауын және технологиялық процестің негізгі параметрлердің толассыз автоматты тіркеуін;
технологиялық жабдықтағы ортаның және басқа параметрлердің қысымын автоматты тіркеуін;
технологиялық параметрлер мүмкін шектен шығу кезінде көрсеткіш орнатылған орынға және оператор пультына сақтық сигнал берумен автоматты дыбыс және жарық сингал беруі.
2-тарау. Қызметкерлерге қойылатын талаптар және қорғаныш құралдары
434. Күкіртті мұнай дайындау бойынша құрылғылардың қызметкерлері күкірт сутегімен улануын алдын алу және улану кезінде зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету дайындықтан өтеді.
435. Күкірт сутегі мұнай күкіртімен кен орны объектілеріндегі жұмыстарды жүргізуге 18 жастан асқан, бөлектеуші үлгідегі тыныс аппараттарында жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық қорытындысы бар, объктіде жұмыс қауіпсіздігі бойынша дайындықтан, тыныс органдарының қорғаныш құралдарын пайдалану дағдыларын және білімін тексеруден өткен, қызметкерлерге рұқсат етіледі.
436. Газ қауіпті объектісінде ТО ЖҚҚ жоқ және қауіпсіздік бойынша тиісті дайындықтан өтпеген қызметкерлердің болуына рұқсат етілмейді.
437. Айына бір реттен кем емес объектілерде қызмет көрсету қызметкерлерімен ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ, ҰҚҚ қолданумен, АЖЖ сәйкес әрекеттерді орындау бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізіледі.
438. Тыныс аппаратында жұмыс кезінде байланыс құралдары және газ сигнализаторлары қолданылады.
439. Жұмыс аймағының ауасында күкірт сутегі ШМК жоғары болғанда:
бөлектеуші тыныс аппаратын кию (противогаз);
бақылаушы тұлғаны және қауіпті аймақтағы адамдарды хабарландыру;
АЖЖ сәйкес газдалғандықты жою бойынша бірінші кезектегі шараларды қолдану;
бірінші кезектегі шараларды қолданумен байланысты емес қызметкерлерге қауіпті аймақтан кету және эвакуация жоспарымен анықталған, жиналу орынға бағытталу.
Бақылаушы тұлға үрей сигналын береді және бекітілген ретте хабарлау жүргізеді.
Апаттарды жою бойынша кейінгі жұмыстар МДҚ және ҚҚЖ қызметкерлерін тартумен АҚҚ қызметкерлермен өткізіледі.
440. Газ қауіпті объектілердің жұмыстарына тартылатын мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері ұйым қызметкерлері үшін дайындықтан және білім тексеруден өтеді, жұмыс орнын және түрін есепке ала отырып, жеке газ анализаторларды, ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ қолданады.
441. Әрбір объектіде ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ, ҰҚҚ саны және түрі жұмыс ерекшелігін және қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да ЖҚҚ қамтамасыз ету нормаларын есепке ала отырып, жобамен анықталады.
Құрылыс және басқа да ұйым қызметкерлерінің жеке және ұжымдық қорғаныш құралдары және қауіпті жағдайларда қамтамасыз ету тәртібі өзара әрекет ету туралы жоспарымен анықталады.
442. Қызмет көрсету қызметкерлермен бөлектеуші тыныс аппараттары күкірт сутегі бөлінуі мүмкін шарттарында жұмыс жүргізу технологиямен ескерілген, операцияларды орындау кезінде, апатты жағдайлар кезінде алғашқы кезектегі әрекеттерді орындау кезінде қолданылады.
443. Тыныс аппараттары қызметкер өлшеміне сай тандалады. Әрбір аппаратқа төлқұжат беріледі және қызметкердің тегін және инициалдарын жазуымен этикетка бекітіледі. Төлқұжатта тыныс аппаратының түзулігі туралы және оның келесі байқау мерзімдері туралы жазу жүргізіледі.
444. Газ қорғағыш құралдар АҚҚ зертханасында пайдалану бойынша басшылығымен сәйкес тексеріледі.
445. Жұмыс орындарында ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ, ҰҚҚ тексеру, пайдалану және сақтау бойынша басшылық болады.
446. Газ қауіпті объектіде газ қорғаушы құралдардың резервтік қоры болады, олардың мөлшері және түрі қызметкерлердің санымен, объектінің қашықтығымен, орындалатын жұмыстардың ерекшеліктерімен анықталады және газ қауіпсіздігі қызметімен және АҚҚ келісіледі.
447. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау өндірістік бақылау, өндірістік бақылау туралы жағдаймен сәйкес өндірістің ерекше шарттарын есепке алумен ұйымдармен жүзеге асырылады.
3-тарау. Ауа ортасына бақылау
448. МДҚ, ҚҚС аумағында жел бағытын және жылдамдығын анықтауға арналған құрылғылар (конус, желбаққыш) орнатылады. Түнгі уақытта құрылғылар жарықтандырылады.
449. Жұмыс аймағының (бұрғы құрылғысы, өңдіруші скважина, дебит өлшеу және мұнай мен газ дайындау бойынша құрылғылар) ауасына күкірт сутегі бөліну мүмкін бөлмелер мен өндірістік алаңдарда, ауа ортасының тұрақты бақылауы және күкірт сутегінің қауіпті концентрацияларының сигнал беруі жүзеге асырылады.
450. Стационарлық автоматты газ анализаторлардың көрсеткіштерін орнату орындары, газдардың тығыздығын, қолданылатын жабдықтардың параметрлерін, оның орналасуын, әзірлеушінің техникалық және пайдалану құжатнамасын есепке ала отырып, кен орнын реттеу жобамен анықталады.
451. Стационарлық газ сигнализаторлардың диспетчерлік пунктіге (басқару пульті) шығумен дыбысты және жарық сигналдары болады және көрсеткіштерді орнату орындары бойынша, әзірлеушінің басшылығымен сәйкес тексеруден өтеді.
452. Қауіпті объектілер аумағындағы ауа ортасының жағдайына бақылау автоматты, операторлық бөлмеге датчик көрсеткіштерін шығарумен.
453. Селитебті аймағының ауа ортасына бақылау, ұйымның техникалық бастығымен бекітілген, кестеге сәйкес жылжымалы зертханалармен стационарлық нүктелерде жүзеге асырылады.
Талдау нәтижелері тіркеледі:
талдауларды тіркеу журналына;
сынақ картасына (зақым келу мүмкін аймағындағы, сынақ алу орындарын, процесті, желдің бағыттарын және күштерін, басқа да метеорологиялық шарттарды көрсетумен), және зақым келу мүмкін аймағындағы ұйымдарға беріледі.
454. Объектіде газ анализаторлармен күкірт сутегі концентрацияларын өлшеу ұйым кестесі бойынша жүргізіледі, ал апатты жағдайларда – АҚҚ (газ қорғау қызметі) өлшеу нәтижелерін журналға енгізу.
455. Тасымалданатын газ сигнализаторлармен бақылау әзірлеуші басшылығымен сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Жабдықтарға қойылатын талаптар
456. Күкірт сутегі әсеріне душар болатын жабдықтар, аппаратура, резервуарлар, құбырлар технологиялық процестердің параметрлердің және коррозиялы - агрессиялық орта мінездеме есебімен тандалады.
Әзірлеушінің техникалық және пайдалану құжатнамасында, күкірт сутегінің парциалдық қысымын есепке ала отырып, агрессиялық ортада жабдықтарды, аппараттарды, резервуарларды, құбырларды қолдануға нұсқаулар мен кепілдіктер болады.
457. Құрамында күкірт сутегі бар сұйықтыққа арналған сыйымдылық (резервуар), сұйықтықтың жоғарғы шекті деңгейі сигнализатормен және сынақ алу үшін құрылғымен жабдықталады.
458. Күкірт сутегінің әсер ету шарттарында пайдаланылатын, мұнай, газ және конденсат өндіру, жинау, дайындау және тасымалдау жүйелерінің құбырларды және технологиялық жабдықтарды коррозиядан қорғау үшін, коррозия ингибиторлары, арнайы жабулар және өнімнің коррозиялық белсенділігін төмендететін технологиялық әдістер қолданылады.
459. Көзбен шолу байқаудан басқа, жабдықтардың коррозиялық жағдайына бақылау, келесі әдістермен жүзеге асады:
бақылау үлгілерін орнатумен;
коррозия жылдамдық көрсеткіші бойынша;
коррозияны бақылау түйіндері бойынша;
сутегі зондтары бойынша;
ультрадыбыстық және магниттік жуандылық өлшегішпен.
Жабдықтардың және құбырлардың әрбір түрі үшін коррозияны бақылау әдістері, жүйелілігі және нүктелері жобалық, әзірлеушінің техникалық және пайдалану құжатнамасында, технологиялық уақыт тәртібінде анықталады.
5-тарау. Мұнай, газ және газ конденсатын жинау және дайындау жүйелері бойынша талаптар
460. Ұйымда фланец қосындыларының, арматураның, люктардың және күкірт сутегін бөлу мүмкін басқа да көздердің герметикалығын тексеруді жүргізу кестесі құрастырылады және бекітіледі.
461. Құрамында күкірт сутегі бар орталарды қайта алу үшін сальниксіз нығыздаумен немесе электрмагниттік муфталармен насостар қолданылады.
462. Мұнай дайындау құрылғылардың, газдың және газ конденсатының ағынды сулары тазалауға душар болады, ал құрамында күкірт сутегі және басқа да зиянды заттар ШМК жоғары болғанда - бейтараптандырылады.
463. Технологиялық жабдықтарды ашуға және герметикалықсыздандыруға дейін пирофорлық бөлінулерді дезактивациялау бойынша шараларды жүзеге асыру.
Байқау мен жөндеу жүргізу алдында пирофорлық бөлінулер өздігінен жанып кетпегендей, сыйымдылықтар мен аппараттар буландырылады және сумен жуылады. Пирофорлық қосындыларды дезактивациялау үшін ҮБЗ негіздегі көбікті жүйелерді және аппарат қабырғаларын бұл қосындылардан тазартатын басқа да әдістерді қолданумен шаралар жүзеге асырылады.
464. ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ, ҰҚҚ, газ анализаторларын қолданумен, сыйымдылық пен аппарат ішіндегі жұмысқа кірісуге рұқсат етіледі, егер олардың құрамындағы күкірт сутегі, көмірсутекті газдар мен булар ШМК аспайтын болса.
465. Тазалау, пирофорлық бөлінулерді дезактивациялау, жабдықтарды байқау және жөндеу бойынша жұмыстарды қауіпсіз жүргізу шаралары мен шарттары технологиялық уақыт тәртібінде көрсетіледі.
466. Жөндеу жұмыстары кезінде пирофорлық бөлінулердің өздігінен жанып кетуін алдын алу үшін барлық бөлшектенетін түйіндер және технологиялық жабдықтардың бөлшектері техникалық жуу құрамдармен (әрі қарай - ТЖҚ) өңделеді.
467. Аппараттар мен сыйымдылықтар қабырғаларында пирофорлық бөлінулердің тұтануын алдын алу үшін, олар байқау мен жөндеуге дайындау алдында бумен немесе сумен толтырылады:
1) бу жіберудің күші соншалықты сыйымдылықтар мен аппараттардағы қысым атмосфералықтан әлдеқайда жоғары болады. Бу шығыны шығын өлшегішпен бақыланады;
2) аппараттарды, сыйымдылықтарды, резервуарларды буландыру кезінде ішкі жағындағы температура 60°C төмен емес;
3) жабдықтың әрбір түр өлшегіші үшін буландыру ұзақтығы технологиялық уақыт тәртібімен жеке орнатылады, бірақ 24 сағаттан кем емес;
4) буландыру аяқталғаннан кейін жұмыстарды ұйымдастыру жоспарымен сәйкес мөлшерленген құрылғылар көмегімен мөлшерленген ауа қоспасын жабдықтарға жіберу жолымен пирофорлық бөлінулердің (олардың ауа оттегімен бақыланатын тотығуы) дезактивациясын жүзеге асыру. Буландыру аяқталғаннан кейін жабдықтау мүмкін деңгейге дейін сумен толтырылады. Пирофорлық бөлінулердің баяу тотығуын қамтамасыз ету үшін толтырудан кейін су деңгейін жұмыстарды ұйымдастыру жоспарында көрсетілген жылдамдығымен төмендету.
Қоршаған ауаның теріс температурасы кезінде жабдықтарды тазарту (толтыру) жылынған сумен немесе булы сумен жүргізіледі.
468. Жабдықтарды тазарту, буландыру, үрлеу үшін су, бу, инертті газ жіберуге стационарлық немесе жылжитын құрылғылар мен комуникацияларды ескереді.
469. Тазарту және үрлеу аяқталғаннан кейін жабдықтар ауамен желдетіледі. Жабдықтарды желдету үшін, атмосфералық ауаның қарқынды қозғалысын болдырмауға, люктарды жоғарғыдан бастап ашу.
470. Механикаландырылған тәсілмен жүзеге асатын, жабдық ішінде қызметкерлердің болуын талап етпейтін, пирофорлық бөлінулерден жабдықтарды тазарту бойынша жұмыстар, технологиялық уақыт тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар жабдықтарды жанатын өнімдерден босатады, бұқтырмалармен барлық құбырлардан сөндіріп тастайды, ішкі кеңістікті орта немесе биік еселілік ауа-механикалық көбігімен толтырады және тазалау жұмыстарды жүргізу процесі кезінде жабдықтарды көбікпен толтыру тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жұмыстарды орындау кезінде, статикалық электр разряд пайда болуын болдырмайтындай етіп, шаралар қамтамасыз етіледі.
471. Жабдықтардан алынатын бөлінулер, жанатын булар мен газдардың бөліну және жиналу мүмкін орындарынан қауіпсіз ара қашықтықта орнатылған, жұмыстарды ұйымдастыру жоспары мен қатар - кіру рұқсатында көрсетілетін, сыйымдылықтарда су қабаты астында немесе ылғал күйінде болады.
472. Жабдықтарды тазалауды аяқтаудан кейін пирофорлық бөлінулерді объект аумағынан, жобамен анықталған, арнайы орынға ылғалды жағдайында жояды.
Достарыңызбен бөлісу: |