Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-тарау. Құбырлы ошақтарды және блоктық құрылғылардың от жылытқыштарын пайдалану



бет2/6
Дата09.07.2016
өлшемі0.66 Mb.
#186950
1   2   3   4   5   6

2-тарау. Құбырлы ошақтарды және блоктық құрылғылардың от жылытқыштарын пайдалану
79. Құбырлы ошақтар, форсуноктарға сұйық немесе газ тәрізді отын беру тоқтатылғын кезде немесе технологиялық уақыт тәртібімен сәйкес бекітілген параметрлерден ауытқу кезінде іске қосылатын, сигнал берумен қамтамасыз етіледі.

80. Ошақ жұмысы кезінде ошақ жылытқыш құбырлардың (жылан түтіктің), құбырлы салпыншақтардың және ошақ конструкциясының басқа да элементтерінің жағдайына бақылау қамтамасыз етіледі.

81. Құбырларда, ошақ конструкцияларында ақаулар болғанда, жөнге келмейтін БӨҚА және жинақтау бұйымдары, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғау жүйелері кезінде ошақтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

82. Ошақ жұмыстары кезінде қызу камераларын ашық ұстауға рұқсат етілмейді.

83. Өнімді өткізетін, жөнге келмейтін жылытқыштармен құбырлы ошақтарды падалануға рұқсат етілмейді. Тығындарды нығыздау үшін қысқыш болттарды тарту, құбырлардағы қысымды атмосфералыққа дейін төмендетуден, жылытқышты өнімдерден босатудан және оларды технологиялық уақыт тәртібінде және АЖЖ көрсетілген температураға дейін төмендетуден кейін жүргізу.

84. Ошақ оттықтарында дұрыс жану тәртібі сақталады, барлық форсуноктар біркелкі тиелген, жалын ұзындығы бірдей болады:

1) форсунок жануын байқау кезінде қорғау көзілдіріктерін қолдану және байқау құрылғысының бүйірінен тұру;

2) ошақтарды тұтату алдында отпен оттықта тарту күшінің барысын тексеруге рұқсат етілмейді;

3) ошақ форсуноктарын жану камераларын бумен алдын ала үрлеусіз жағуға рұқсат етілмейді. Түтіндік құбырынан бу пайда болғаннан кейін 15 минуттан кем емес үрлеу жүргізу;

4) ошақ форсуноктарын жағу үшін шырақ немесе электр жағушы құрылғысы қолданылады;

5) форсункты жағу, әзірлеуші басшылығымен сәйкес будың, ауаның және желдетудің бар болуына тексеріс жасаудан кейін жүргізіледі. Жағу кезінде қызметкер және бақылаушы жағынан болады және құбырдағы вентильдің бірте - бірте ашылуын жүргізеді;

6) шырақпен жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға рұқсат етілмейді;

7) жағудан кейін шырақ құрылғымен немесе құрғақ құммен жәшіктерде сөндіріледі;

8) жағармайлық газ құбырында жануға қажетті, қысымға реттелген редуцирленген құрылғы, конденсаттың пайда болуын және форсуноктарға тиюін ескерту үшін, конденсат жинағыш немесе булы жылытқыш орнатылады;

9) форсуноктар газбен бірге конденсат тию кезінде ошаққа газ жіберу вентильді жабу және конденсатты құйып алу.

85. Газ бен сұйық отынның қысымын автоматты түрде реттеу үшін вентильмен реттеуші клапан қолданылады.

Форсунок жұмыс процесі, олардың сөнуі кезінде дыбысты және жарық сигнал берумен оператор бөлмесінде бақыланады.

86. Газ жіберу жағармайлық жолында ілмектік клапан орнатылады.

87. Жағармайлық газбен жұмыс істейтін ошақ форсуноктарын жағу алдында, келесі талаптарды орындау:

1) барлық форсуноктардың жұмыс және бақылау вентильдерінің жабылу тығыздығын тексеру;

2) жағармайлық жолдан конденсат түсіру;

3) жағармайлық құбырды шыраққа үрлеу;

4) ошақ оттығын бумен үрлеу.

Үрлейтін шырақтар қауіпсіз орынға апарылады. Форсунокты жағу немесе жану процедураларының қауіпсіздігі бұзылған кезде жағармайлық жол ілмектік вентильмен сөндіріледі және бұзу себебі анықталады, жоюдан кейін оттықты бумен үрлеу және технологиялық уақыт тәртібімен сәйкес қайта жағуы жүргізіледі. Түзуліксіздің себебі журналға жазылады және бақылаушы тұлғаға хабарланады.

88. Журналға жазумен, ошақта тарту күшін тексеру жүйелі түрде жүргізіледі.

89. Ошақ жылытқышын үрлеу үшін бу құбырында кері клапандар және екі екіден ілмектік ысырмалар орнатылады. Ысырмалар арасында ысырма герметикалығына бақылау және бу конденсатын түсіру үшін сынақ (үрлейтін) кран орнатылады. Жылытқышты бумен үрлеу үшін құбыр конденсаттан босатылған, түзу, жұмыс күй - жағдайында болады.

90. Ошақ жану, мұнай қыздыру камералары, түтіндіктер бу сөндіру жүйесімен жабдықталады. Бу сөндіру құбырларының вентильдері өту үшін ыңғайлы және қауіпсіз жерде ошақтан 10 м кем емес ара қашықтықта орналасады.

91. Құбырлы ошақтар және от жылытқыштар жоба бойынша өрт сөндіру жүйесімен, от сөндіргіштермен және өрт сөндіру құралдармен жабдықталады.

92. Жылыту жүйелерінің герметикалықсыздығы кезінде АЖЖ сәйкес ошақты пайдалану тоқтатылады.

Газ жіберу құбырларында жұмыс істемейтін форсуноктарда журналда тіркелген бұқтырмалар орнатылады.

93. Газ отындағы құбырлы ошақтарды пайдалану, сәйкес мамандығы және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша рұқсаты бар қызметкерлерге рұқсат етіледі.

3-тарау. Жалынсыз панельдік шілтерлермен

ошақтарды пайдалану
94. Панельді шілтерлерді жағу алдында, технологиялық уақыт тәртібіне сәйкес коллекторлардағы газ қысымы тексеріледі.

95. Панельді шілтерлерді жағу үшін дистанциялық қосумен құрылғы қолданылады.

96. Қолдық тәсілмен жағу кезінде жағылған шырақты енгізу, оны бірінші шілтер алдында орналастыру, газ жіберу вентильді ашу және шілтер жағылғанына көз жеткізу. Кейінгі шілтерлерді жағу технологиялық уақыт тәртібімен сәйкес олардың орналасу ретімен жүргізіледі.

97. Панельді шілтерлер блогын жағуды екі адам жүргізеді.

98. Ошақты пайдалану кезінде шілтерлердің бөлектеуші камералардың сыртқы қабырғалардың температурасы бақыланады және оның нормадан асқан кезінде шілтер сөндіріледі.

99. Тұрақты жану бұзушылығы кезінде шілтерді, отын құбырын сөндіріп тастау және каналды тазарту қажет.



4-тарау. Электр тұздалықсыздандыру құрылғыларды пайдалану
100. Құрылғының электр бөлігіне қызмет көрсету, 21 желтоқсан 1984 жылы КСРО энергетика және электрификация министрлігінің бас энергоқадағалау басшысымен бекітілген, «Тұтынушылардың электр құрылғыларын пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздік талаптары» сәйкес электр қауіпсіздігі бойынша тиісті мамандық кіру тобы бар, электртехникалық қызметкерлермен жүргізіледі.

101. Трансформаторлар мен реактивті катушкалар орналасқан жоғарғы алаңда, «Жоғары кернеу-өмір үшін қауіпті» сақтық плакаты мен қауіпсіздік белгілері ілінген торлы немесе тесік торлы қоршауы болады.

102. Электродегидратор жұмысы кезінде қоршау артына кіруге рұқсат етілмейді.

103. Электродегидратор қоршау алаңында, қоршау ашу кезінде электр энергияны сөндіруіне бітеу орнатылады.

104. Электродегидратор жұмысы кезінде оған көтерілуге арналған сатыда «Тоқта! Жоғары кернеу!», «Шықпа! Өлтіреді!» сақтық плакаты ілінеді.

105. Электродегидратордың аппаратта мұнай деңгейі төмендеуі кезінде кернеуді сөндіретін құрылғысы болады. Барлық бітеулердің тексерісі кесте бойынша, әзірлеуші басшылығымен, технологиялық уақыт тәртібімен сәйкес жүргізіледі.

106. Электродегидраторды мұнаймен толтыру және пайдалану, жарылыс өрт қауіпсіздік талаптарын сақтаумен, электр кернеуді жіберу алдында мұнай газдарын және буларын шығаруын ескеретін, әзірлеуші басшылығымен және технологиялық уақыт тәртібімен жүргізіледі.

107. Құрылғыға электр энергияны жіберу жұмыс жетекшінің нұсқауымен және электродегидраторды іске қосу дайындығы туралы журналға жазумен электр техникалық қызметкерлермен жүргізіледі.

108. Өрт қаупі кезінде АЖЖ сәйкес электр энергия сөндіріледі және бақылаушы тұлғаны, апаттық-құтқару және өрт сөндіру қызметін хабарландыру жүргізіледі.

109. Электродегидраторлардан және тұндырғыштардан суды дренирлеу автоматтандырылған және жабық тәсілмен жүзеге асырылады.



5-тарау. Сепарациялық құрылғылар
110. МДҚ және ҚҚЖ сепараторлық құрылғылары, технологиялық уақыт тәртібіне сәйкес, аралық, шикізаттық және тауарлық резервуарларға газ тию шығаруын қамтамасыз етеді.

111. Сепараторлар, әзірлеуші басшылығымен және қысым астында жұмыс істейтін ыдыстар үшін, жарылыс өрт қауіпсіздік талаптарымен сәйкес дистанциялық басқару және бақылау, апатқа және өртке қарсы сақтық жүйелермен, сақтандыру клапандарымен, деңгей көрсеткіштерімен және мұнайды автоматты құю құрылғысымен жабдықталады.

112. Сепараторларды үрлеу кезінде үрлейтін жолдағы ілмектік құрылғыны бірте - бірте және баяу ашады.

6-тарау. Блоктық құрылғылар
113. Блок жіберу алдында оттықтардың жануын және коалисцирленген толтырудың сіңуін болдырмау мақсатымен бөліктерді сумен толтырады.

114. Бөліктердегі су деңгейі әзірлеуші басшылығына сай болады.

115. Отпен жылыту блоктың форсунокты жағу технологиялық уақыт тәртібіне сәйкес бөліктерді сумен толтыруынан кейін жүргізіледі.

116. Эмульсионды мұнай жіберу технологиялық уақыт тәртібіне сәйкес отпен жылыту блоктағы температураға жетуінен кейін жүргізіледі. Құбырдағы ысырманы бірте - бірте және баяу ашады.

117. Технологиялық уақыт тәртібінде көрсетілген мүмкін температурадан жоғары мұнай қыздыруға рұқсат етілмейді.

118. Берілетін эмульсионды мұнай мөлшері жүк түсіретін клапандардың жіберу қабілеттіліктерінен аспайды.

119. Блок жұмысы кезінде технологиялық уақыт тәртібімен алдын ала ескертілген, параметрлердің артуын болдырмай, қысым бақыланады.

120. Технологиялық уақыт тәртібіне сәйкес кәріз патрубоктары арқылы отпен жылыту бөліктерінен және тұнбаларынан су түсіру жүйелі түрде жүргізіледі.

121. Фланец қосындыларының, дәнекерлеу тігістерінің герметикалықсыздығы және отпен жылыту оттықтарында түр өзгерту кезінде блок АЖЖ және технологиялық уақыт тәртібіне сәйкес тоқтатылады.

122. Әр ауысым сайын оқтық-оқтын ашу жолымен мұнай мен су бұру жолдарында жүк түсіретін клапандардың жағдайы тексеріледі.

123. Блокқа коалисцирленетін толтыруды тиеу үшін саты, алаңдар және қоршаулар ескеріледі.

124. Бақылау өлшеу құралдарына, сақтандыру клапандарына, аппараттың жоғарғы бөлігінде құрастырылған, ілмектік арматураға қызмет көрсетуді, жұмыс алаңдарынан рұқсат етіледі.



7-тарау. Тұрақтандыру құрылғылары
125. Тұрақтандыру бағаналарға жер суландыруға берілетін бензин құрамында су болмайды.

126. Тұрақтандыру бағаналардың корпусында герметикалықсыздық анықталған кезде, құрылғы тоқтатылады және АЖЖ мен технологиялық уақыт тәртібіне сәйкес қауіпсіздік шаралары қолданылады.

127. Жөнге келмейтін құрылғылармен конденсаторлар-тоңазытқыштарды пайдалануға рұқсат етілмейді. Алыстаған суда мұнай өнімдерінің белгілері пайда болған кезде конденсатор-тоңазытқыш түзуліксіздіктерді жою үшін жұмыс істейтін аппараттардан сөндіріледі.
8-тарау. Құбырларда мұнай деэмульсациясы
128. Құбырлы деэмульсация үшін деэмульгатор жіберетін насостағы қысым, құбырдағы мұнай қысымынан жоғары.

129. Деэмульгатор жіберу жолында оны мұнай құбырына ойып орнату кезінде ілмектік құрылғы орнатылады.

130. Құбырлы деэмульсация процесі кезінде бөлінген суды жинау үшін, тазарту немесе ағынды суларды пайдалану үшін құрылғылар ескеріледі.

131. Технологиялық канализация жүйесі бөлінген суды бұруды жүзеге асыруға рұқсат етеді.



3-бөлім. Қосалқы құрылғылар мен жабдықтауды пайдаланудың қауіпсіздік талаптары

1-тарау. Технологиялық құбырлар
132. Технологиялық құбырлардың (одан әрі-құбырлар) құрылғысы, орналасуы, техникалық мінездемесі өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарымен, құрылыс және санитарлық талаптар мен нормаларға сәйкес жобада орнатылады.

133. Құбырларды пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарымен, технологиялық уақыт тәртібімен, ЖЕЖ кестемен сәйкес жүргізіледі.

134. Үйлер, ғимараттар және құрылғылар астымен және үстімен транзиттік технологиялық құбырларды салуға рұқсат етілмейді. Бұл талаптар резервуарлар үстімен өтетін теңеу және тыныс құбырларына таралмайды.

135. Бөлмелердің ішкі қабырғалары арқылы құбырлардың өтуі үшін қабылар мен нығыздау құрылғылары орнатылады. Қабырғада немесе фундаментте дәнекерлеу тігістердің, фланец және оюлық қосындыларының болуына рұқсат етілмейді.

136. Техникалық бастығымен бекітілген, кестеге сәйкес құбырлар жүйелі түрде байқауға және техникалық куәландыруға жатады.

137. Құбырларда бөлектенген ішкі кеңістіктердің, кері айналып жүру және турбуленттіліктің болуына рұқсат етілмейді.

138. Судың бөлінуі мүмкін, құбырлардың профилінде төмендетілген учаскелері болмайды. Су бөліну мүмкін орындарда, оны дренирлеу мүмкіншілігі ескертіледі.

139. Ылғал құрамды мұнай мен мұнай өнімдері үшін құбырларды жылу оңашалаумен қорғайды, ал төмен температурада пайдалану кезінде жылытушы жылу серікпен жабдықталған.

140. Мұнай және мұнай өнімдерімен сіңген, оңашалау учаскелері анықталған кезде, өздігінен тұтануын болдырмау (сіңген оңашалауды шешу, сулы буды жіберу) және ауыстыру шаралары қолданылады.

141. Құбырлардың ілмектік және реттеуші арматура жобамен, технологиялық схемамен, әзірлеуші басшылығымен, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздік талаптарымен және климат шарттарымен сәйкес орнатылады.

142. Температура мен қысымға байланыссыз, құрамында зиянды заттар болуымен және қызу температурасы 200°С жоғары өнімдер үшін, тұтану температурасы 45°С төмен газдар және тез тұтанатын сұйықтықтар үшін құбырларда орнатылған ілмектік және реттеуші арматура болаттан жасалған және технологиялық орта мінездемесіне, жобалық пайдалану мерзіміндегі жарылыс өрт қауіпсіздік талаптарына сай болады:

1) ілмектік арматураның орналасуы ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсетуді, жөндеуді және ауыстыруды қамтамасыз етеді;

2) консервациялау және жөндеудегі құбырлардағы ілмектік арматураны ашық қалдыруға рұқсат етілмейді. Технологиялық схемадан шығарылған құбырлар акт құрумен және технологиялық схемада тіркеумен бітеледі;

3) құбырлардағы ілмектік арматура жүйелі түрде маймен жағылады және жеңіл ашылады. Ілмектік арматураны ашу және жабу үшін ілмектерді, сүймендерді, құбырларды және тағы сол сияқтыларды қолдануға рұқсат етілмейді;

4) гидравликалық соққыдан құтылу үшін құбырлардағы ілмектік арматураны баяу ашады және жабады;

5) ілмектік арматурада «Ашық», «Жабық» көрсеткіштері орнатылады;

6) ілмектік арматура құбырлардың жеке учаскелеріне өнімдердің өтуін сенімді және жылдам тоқтату мүмкіншілігін қамтамасыз етеді. Құбырлар мен ілмектік арматурадағы түзуліксіздіктер АЖЖ және әзірлеуші басшылығымен сәйкес жойылады;

7) құбырлардағы салуларды және ілмектік арматураны ауыстыру, бұқтырмаларды орнатумен және журналда тіркеумен технологиялық ортадан тазартудан, инертті газбен, бумен үрлеуден, құбырды басқа құбырлардан ысырмалармен сөндіруден кейін жүргізіледі.

143. Салмағы 50 кг асатын, жүйелі түрде бөлшектеуді қажет ететін, арматура және күрделі құбыр түйіндерін орнату орындарында, арматураны монтаждау және демонтаждау үшін тасымалдау және стационарлық механикаландыру құралдары ескеріледі.

144. Жобамен және әзірлеуші басшылығымен ескерілмеген стандартсыз элементтер болған жағдайда, жарылыс өрт қауіпті, улы және агрессиялық заттарды қайта алу үшін арналған құбырларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

145. Газдармен және мұнай өнімдерімен құбырлардың сулы және пневматикалық құбырлармен тікелей қосындысы болмайды.

146. Құбырлар бір-бірімен, олардың арасындағы ашық жағдайдағы, бақылау вентильмен және манометрмен ысырмалар арқылы қосылады. Ысырмалардың герметикалығы ауысымда бір реттен кем емес тексерістен өтеді.

147. Құбырларды өздігінен өтем профилімен салады немесе технологиялық процесс жағдайына және қызу температурасына байланысты өтемдермен жабдықтайды.

148. Жердегі құбырлар жанбайтын материалдан жасалған тіректеріне жиналады, жобаға сәйкес мыналар:

1) тірек конструкциялары ретінде ғимараттар мен салулардың жұмыс істейтін құбырларын, жабдықтау элементтерін қолдануға рұқсат етілмейді;

2) тірек және өтемдердің конструкциясы жобамен анықталған шектерде құбырлардың ауыспалылығына кедергі жасамайды;

3) барлық құбырлар берік нығайтылған, дірілдеуден және сыртқы механикалық әсер етуден қорғалған;

4) жер үстімен салынған, құбырлардың салпыншақ және тірек жағдайына,

қауіпті салбырауды және түр өзгерту, өнімдердің кемуін және герметикалықсыздығын болдырмау үшін техникалық бақылау қамтамасыз етіледі. Құбырлардың салпыншақ және тірек жағдайындағы түзусіздіктер және бұзушылықтар жойылады.

149. Ыстық жоғары тұтқыр өнімді әрбір алудан кейін қату қауіпі кезінде, барлық құбырлар, соның ішінде апаттық құбырлар да аз тұтқырлы қатпайтын өніммен өңдіріледі.

150. Сұйытылған газ бен тұрақсыз бензин құбырларын пайдалану технологиялық уақыт тәртібімен сәйкес жүргізіледі:

1) толтыру және шығын құбырларындағы ілмектік арматураны жобамен сәйкес сыйымдылық жанында орнату;

2) сұйытылған газ бен тұрақсыз бензин резервуарларының және сыйымдылықтардың бақтарына енгізу алдында барлық құбырларда ысырмаларды орнатады;

3) жер асты құбыр жолдарын бойлай, жобамен сәйкес ескерту белгілерін орнатады;

4) құбырлардың қорғау аймақтарын жобаға сәйкес көрсетеді;

5) құбырлар басқа өнімдер мен газдарды тасымалдайтын құбырлармен қосылмайды;

6) үрлеу үшін құбырларға инертті газды, буды жеткізу құбырлардың алынатын бөліктердің немесе иілгіш қосындылардың көмегімен, алынатын бөліктің екі жағынан ілмектік арматураны орнатумен жүргізіледі. Үрлеу аяқталғаннан кейін алынатын бөліктерді бөлектейді, ал ілмектік арматурада бұқтырмаларды орнатады.

2-тарау. Резервуарлар
151. Резервуардың түрі және тағайындалуы, оның жабдықталғандығы, коррозияға қарсы шаралары, монтаждау әдістері, жарылыс өрт қауіпсіздік талаптарын есепке алумен, көлеміне, технологиялық процеске, климат шарттарына, орта мінездемеге байланысты жобамен негізделеді.

152. Резервуарларды монтаждау және пайдалану әзірлеуші басшылығына, технологиялық уақыт тәртібіне, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру бекітілген жобасы бойынша жүргізіледі.

153. Монтаждан кейін резервуарды пайдалануға қабылдау, жобалық құжатнамаға сәйкес жұмыс сапалығын тексеруден кейін, акт және басқа іске қосу құжаттарын құрумен ұйым комиссиясымен жүргізіледі.

154. Резервуарды пайдалануға енгізу алдында гидравликалық байқаулар өткізіледі, түптің сыртқы нұсқасының горизонтальдығы және резервуар қабырғасының геометриялық түрі тексеріледі.

155. Пайдаланудағы резервуарлар, келесі құжатнамамен қамтамасыз етіледі:

1) жобамен;

2) ілмектік арматураға және тыныс клапандарға төлқұжаттармен;

3) пайдалану мерзімін көрсетумен резервуардың техникалық төлқұжатымен;

4) понтонға техникалық төлқұжатымен;

5) резервуардың градустайтын кестесімен;

6) технологиялы уақыт тәртібімен;

7) өртке қарсы сатық қорғаныш схемасымен;

8) негіз нивелирлеу схемасымен;

9) статикалық электрден резервуарды қорғау және найзағай қорғау схемасымен;

10) жинақтау тізімімен және резервуарлардың жабдықтау техникалық жағдайына актілермен;

11) құрылысқа және резервуарларды пайдалануын іске қосуына атқару құжатнамамен;

12) ағымдағы қызмет көрсету журналымен;

13) жерге қосу, найзағай қорғау құрылғының жағдайына бақылау журналымен.

156. Резервуарлар, қатты жабу құрылғысы, қоршаулар, жолдар, өтулер, коммуникациялар, жарықтандыру орналасқан аумақ жоспарлауы жобаға сәйкес болады. Салулармен немесе коммуникацияларды жөндеумен байланысты болатын, опырылу бөлшектеу қажеттігі кезде, ол жұмыстар аяқталғаннан кейін қалпына келтіріледі:

1) резервуарлық бақ аумағына кіру үшін опырылу немесе қоршаулардың екі жағынан қанаттармен сатылар - өтулер орнатылады, мөлшерде:

жеке тұратын резервуар үшін екіден кем емес;

резервуарлардың тобы үшін төрттен кем емес.

Басқа жерлерде опырылулар арқылы өтуге рұқсат етілмейді;

2) резервуардың қауіпті аймағында көлік жүруі, объект басшылығымен берілген және өрт сөндіру қызметімен келісілген рұқсаты бойынша ғана және газ шығару құбырында ұшқын басқыштың болуымен және 5 км/сағ дейін жылдамдықты шектеумен болады;

3) пайдаланылатын резервуарға автокөліктің келуі, 20 м көп емес рұқсат етіледі;

4) кему жағдайларында, мұнай өнімдерінің төгілген жерлері тазартылады, дымқылданған топырақты арнайы бөлінген жерге апарады, ал пайда болған тесіктер таза топырақпен немесе құммен көміледі;

5) резервуарлық алаң аумағында жанатын және басқа материалдарды қоймалауға рұқсат етілмейді. Жер өңдірулер мен траншеяларды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қоршайды, ал жұмыс аяқталғаннан кейін алаң жоспарлауымен көмеді.

157. Резервуарлық бақтар және бөлек тұратын резервуарлар жобаға және өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі:

1) өрт сөндіру құралдары түзу жағдайда, қызметкерлердің оңай өтуін және тез қолдануын қамтамасыз ететін арнайы орындарда болады;

2) резервуарлық бақтар және бөлек тұратын резервуарлар аумақтарында шылым шегу және ашық от қолдануға рұқсат етілмейді;

3) жарықтандыру және электржабдықтары жобаға және қауіпсіздік талаптарға сәйкес жарылыс өрт қауіпсіз атқаруда болады;

4) аумақтарда және резервуарларда жарылыс өрт қаупі, шылым шегу және объектіде ашық от қолдану туралы ескерту және тыйым салу жазулары және белгілері орнатылады;

5) қажет жағдайда резервуарлардың арматураларын жылыту бумен немесе ыстық сумен жүргізуге рұқсат етіледі.

158. Резервуар жобаға әзірлеушінің техникалық және пайдалану құжатнамасына, технологиялық уақыт тәртібіне сәйкес тыныс және сақтандыру клапандарымен, от бөгеткіштермен, деңгей өлшеуіштермен, сынақ алғыштармен, деңгей сигнализаторларымен, құйып алу болдырмау құрылғылармен, автоматика және телеметрия құралдарымен, БӨҚА, өртке қарсы жабдықтармен, қабылдау беру патрубоктармен, желдеткіш патрубоктармен, люктармен, сатылармен, алаңдармен және қоршаулармен қамтамасыз етіледі.

159. Резервуарлар газдарды, буларды, ауаны бұру, мұнай өнімдерінің кемулерін жинау үшін құрылғылары және стационарлық өрт сөндіру жүйесі болады, көбікті от сөндіруді қоса.

Дистанциондық және телеметриялық басқарумен арматура жобамен, әзірлеуші басшылығымен сәйкес орнатылады.

160. Әрбір жұмыс істейтін резервуар жобаға сәйкес, әзірлеушінің техникалық және пайдалану құжатнамасымен, жабдықтаудың толық жинағымен қамтамасыз етіледі.

Резервуарда өшірілмейтін бояумен технологиялық схемаға сәйкес белгілеу және нөмір, белгі және резервуардың максималды толу деңгейінің мәні (деңгей өлшегіш жанында және өлшеу люктың жанында төбеде) жазылады.

Тереңдетілген резервуардың нөмірі және белгілеуі бекітілген кестеде көрсетіледі.

Резервуарлар әзірлеушінің жобалық және техникалық құжатнамаға сәйкес сұйықтықтың шекті мүмкін деңгей сигнализаторларымен және апаттық сигнал берумен жабдықталады.

161. Әрбір резервуарға технологиялық уақыт тәртібін құрастырады және бекітеді, онда келесі мәліметтер көрсетіледі:

1) резервуардағы сұйықтықтың максималды және минималды деңгейі (сантиметрмен);

2) резервуардағы сұйықтықты жылытудың максималды мүмкін температурасы (Цельсий градустарымен);

3) тыныс және сақтандыру клапандарының түрі, мөлшері және өткізу қабілеттілігі;

4) резервуардың максималды толтыру өнімділігі және босау (сағатына текше метрлермен);

5) бу-су қыздыру қосылған кезде мұнайдың максималды және минималды мүмкін деңгейі (сантиметрмен).

162. Резервуармен басқару және оған қауіпсіз қызмет көрсету үшін ілмектік арматураның және басқа құрылғылардың тағайындалуы және белгілеуі технологиялық схемада көрсетіледі.

163. Резервуарлар жобамен және әзірлеуші басшылығымен алдын ала ескерілген схема бойынша жерге қосылады. Резервуардың жерге қосатын құрылғының кедергісі топырақтың ең аз өткізгіштігі кезінде жылына бір реттен кем емес өлшенеді. Резервуарлардың жобамен ескерілген, статикалық электрден қорғанышы болады, оның түзулігі техникалық жетекшімен бекітілген, кесте бойынша тексеріледі.

164. Жерге қосылатын құрылғылардың жердегі бөлігін қызыл көлденең жолақтармен қара түске май бояумен бояйды. Түйіскен беттер боялмайды.

Коммуникациялардың схемалары оператордың жұмыс орнында орнатылады.

165. Резервуардың жоғарғы алаңның 0,1-0,15 м кем емес борттармен, биіктігі 1 м кем емес қанаттары, қанаттарға қосылған сатылары болады:

1) төбенің қоршалған алаңында өлшегіш люк, өлшегіш құрылғысы және басқа да арматура болады;

2) резервуарлық сатының түзулігіне, төбедегі қанаттар мен қоршаулардың беріктігіне тұрақты бақылау жүргізіледі. Биіктікте жұмыстарды жүргізу үшін бекітілген, қауіпсіздік техника талаптарын сақтай отырып, сатылардың алаңдары және баспалдақтары тазалықта болады, ағаш күректермен қар мен мұздан тазартылады;

3) сатылар мен алаңдарда бөтен заттарды және жабдық бөлшектерін қалдыруға, оларды тікелей резервуар төбесімен тасымалдауға рұқсат етілмейді. Жұмыс істейтін резервуарлардың беріктігін бұзуын болдырмау үшін екпінді аспаптарды (балға, кувалда) қолдануымен жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді.

166. Резервуарда орнатылған тыныс арматура, сақтандыру және сигнал беру құрылғылары, БӨҚА мүмкін артық қысымға және вакуумға сай болады.

167. Резервуарлар жобамен және әзірлеушінің құжаттамасымен сәйкес қайтпайтын тыныс клапандарымен және жылыту жүйелерімен жабдықталады.

168. Резервуарлық бақтардың аумағы, ішінен де сыртынан да, тазалықта болады, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай болады. Аумақтың мұнай өнімдерімен, қалдықтармен және құрғақ өсімдіктермен ластануға рұқсат етілмейді.

169. Резервуарлық бақ аумақтарында қараңғы уақыттарда кернеуі 12 В жарылыс қорғанышты тасымалданатын шырақтарды (аккумуляторлық және батареялық) пайдалануға рұқсат етіледі.

Шырақтарды қосу және сөндіру резервуарлық бақ опырылуынан тыс жүргізіледі.

170. Автоматты немесе қолдық басқару кезінде ысырмаларды ауыстырып қосу басқару схемасына сай болады.

171. Ысырмаларды басқару технологиялық уақыт тәртібімен, АЖЖ сәйкес жүргізіледі.

Ілмектік арматура және басқа құрылғылардың, технологиялық схемада көрсетілген, олардың жағдай көрсеткіштері және тиісті белгілеулері болады.

172. Технологиялық ортаның мінездемесі және параметрлері, пайдалану тәртібі резервуарларды қауіпсіз пайдалану шарттарымен және олардың басқа коммуникациялар байланысымен сай болады.

173. БӨҚА, ілмектік арматураның, сақтандыру құрылғыларының, сигнал беру құралдарының, өрт сөндіру жүйелерінің, қоршаулардың, сатылардың, алаңдардың және басқа элементтердің зақымдары, түр өзгертулері және түзуліксіздіктері анықталған жағдайда, оларды АЖЖ және өндірістік, өрт сөндіру және экологиялық қауіпсіздік талаптарымен сәйкес жоюына дейін, резервуарларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

174. Резервуардың толтыру және босау көлемді жылдамдығы, технологиялық уақыт тәртібінде көрсетілген, тыныс клапандарының өткізу қабілеттілігінен аспайды.

175. Резервуар ішінде булы жылытқыш орналасқан кезде, одан конденсат жіберуге арналған құрылғы ескеріледі. Булы жылытқыштарды тіректерде сенімді етіп бекітеді. Жылытқыш құбырларын қосу дәнекерлеумен жүргізіледі:

1) резервуарлардағы шикі мұнайды жылытқышқа жіберілетін, сулы бумен жылытады. Жылытқыш үстінде мұнай деңгейін 0,5 м кем емес етіп қадағалау. Бу жіберудің алдында жылытқышты конденсаттан босату;

2) бу жіберу кезінде ысырмаларды бірте - бірте ашу. Жылытқыштардың герметикалығы будың шығыны мен қысымы, конденсат түсіретін мұнай ластығы бойынша бақыланады;

3) жылыту температурасы мұнай қайнау температурасынан төмен және технологиялық уақыт тәртібінде көрсетіледі;

4) жылыту температурасын жүйелі түрде бақылау, бақылау мәліметтерін журналға жазу;

5) резервуарды жылуға немесе ұзақ сақтауға жататын, мұнаймен толтыру кезінде, оның деңгейі сыйымдылық биіктінен 95 % аспайды.

176. Резервуарлардан тауарлық суды, жобамен және әзірлеуші басшылығымен ескерілген құрылғылармен алу. Тауарлық суды құю кезінде, сумен мұнай ағуын болдырмай, ағынды қадағалау.

Резервуарлардың су жіберу ысырмалары және сифондық крандары жылдың салқын мезгілінде жылытылады.

177. Резервуарды және оның байлауын ашумен байланысты, резервуарлардың люктарын ашу, мұнай деңгейі өзгеруі, мұнай өнімдерінің сынамасын алу, тауарлық суды жіберу және басқа жұмыстар кезінде қызмет көрсетуші қызметкерлер жел бағытымен люктардан бүйір жағынан болады.

178. 200 Па жоғары артық қысымда пайдаланылатын, газ аулағыш жүйесімен және құрамында күкірт сутегі және басқа да зиянды заттары бар, мұнайды сақтауға арналған резервуарларда, мұнай деңгейін өлшеу және сынама алу автоматтандырылады:

1) қысымы 200 Па дейін мұнай құрамында зиянды және улы заттардың жоқтығы кезінде резервуарларда мұнай деңгейін өлшеу және сынама алу, бақылаушы тұлғаның нұсқауы бойынша, технологиялық уақыт тәртібінің талаптары орындалғаннан кейін, екі адамнан тұратын мамандандырылған қызметкерлермен қолмен, түзу құралдармен жүргізуге рұқсат етіледі;

2) тасымалданатын сынақ алғыштарды үшқын қауіпсіз атқаруда әзірлейді. Тасымалданатын сынақ алғышты бекіту үшін мақта-мата материалдан жасалған арқан қолданылады;

3) мұнай сынамаларын алу және деңгейін өлшеу алдында қызметкерлер келесі талаптарды орындайды:

берілген арнайы киімді және арнайы аяқ киімді кию, ТО ЖҚҚ және тасымалданатын газ анализатордың түзулігін тексеру;

деңгей өлшеу, сынама алу және тасымалдауға арналған (сынама алғыш, рулетка) құралдардың түзулігін тексеру;

газ аулағыш жүйесінің ысырмасын жабу;

лаборантпен бірге люк ашуға дейін және кейін жұмыс орнында тасымалданатын газ анализатормен ауа ортаның талдауын жүргізу;

4) резервуарға мұнай құюдан кейін екі сағаттан соң, өлшеу люктары арқылы сынама алуға рұқсат етіледі;

5) мұнай деңгейін өлшеу және резервуарлардан сынама алуға келесі жағдайларда рұқсат етілмейді:

жұмыс орындарда ШМК жоғары газдалғандық кезінде;

мұнайды құю және құйып алу кезінде;

найзағай уақытында;

жел жылдамдығы 8 м/с асқан кезде;

тайғақ және тұман кезінде;

бақылаушы тұлғасыз және қауіпсіздік шарттарын орындамау кезінде;

6) резервуарлық бақта жаяу жүру жолдарымен жылжуға рұқсат етіледі, ал резевуарлардың опырылулары арқылы, асулармен;

7) сынама алу кезінде қызметкерлер келесі талаптарды орындайды:

жұмыс орындарында газдалғандықты бақылайды;

резервуар төбесіндегі өтулер бойынша қозғалуға рұқсат етіледі, тікелей резервуар төбесімен қозғалуға рұқсат етілмейді;

мұнайды құю және құйып алу кезінде резервуар төбесінде болуға рұқсат етілмейді;

резервуардағы мұнай деңгейін өлшеу және сынама алу кезінде газ теңеу жүйесінің газ байлаудағы ілмектік ысырма жабық;

зиянды булармен және газдармен уланып қалмау үшін ашық люктар үстінде болуға рұқсат етілмейді;

резервуардағы мұнай деңгейін өлшеу кезінде, өлшеу құрылғысы, ұшқын пайда болу қаупін болдырусыз, баяу, соққыларсыз, бағыттаушы негізбен қозғалады;

өлшеу құрылғыны түсіру және көтеру мақта-мата қолғаптарда жүргізіледі;

сынама алғыштардан сынама герметикалық ыдысқа құйылады;

резервуарға басқа заттардың түсуіне рұқсат етілмейді;

резервуарға мұнай және мұнай өнімдерін өлшегіш люк арқылы құюға рұқсат етілмейді;

люк қақпағын ашу және жабу кезінде оның соққыға ұшырауына рұқсат етілмейді;

түнгі уақытта қызметкерлер жарылыс қорғау атқаруындағы аккумуляторлық немесе батареялық шырақтарды қолданады және оларды резервуардан 20 м кем емес қашықтықта қосады;

қауіпті аймақта шырақтарды қосу және сөндіру, жөндеуге және ауыстыруға рұқсат етілмейді;

8) жұмыс аяқталғаннан кейін келесі талаптар орындалады:

герметикалық салуды қолданумен люк қақпағын жабу және сенімді етіп бекіту;

егер сынама алу кезінде резервуар қақпағына мұнай тиген болса, онда бұл жерді қауіпсіз тәсілмен ластанудан мұқият түрде тазалау;

газ теңеу жүйесінің ысырмасын ашу;

сынама алу үшін барлық құралдарды тазалау және сүрту және тасымалдау үшін дорбаға немесе контейнерге жинау.

179. Резервуарлардағы өлшегіш люк ашу құрылғымен герметикалық қақпақпен және ұшқын қауіпсіз нығыздаумен қамтамасыз етіледі.

180. Деңгей өлшеу немесе сынама алу аяқталғаннан кейін өлшегіш люктың қақпағын, құлатуын және соққыларды болдыртпай, сақ жабу.

181. Резервуар негізі жер үсті сулармен қорғанады, сол үшін судың канализация бойынша тазарту құрылғыларға бұруын қамтамасыз етеді.

182. Резервуарларды тазартудан кейін канализацияға ластауларды тастауға рұқсат етілмейді. Резервуарларды тазарту кезінде пайда болатын ағынды сулар, бөлек құбыр арқылы шламжинағышқа апарылады.

183. Жұмыс істейтін резервуар келесі жағдайларда мұнайдан сөндіріледі және босатылады:

1) резервуардан тікелей мұнай кемуі;

2) кәріз құдықтарында немесе басқару камераның бақылау құбырында мұнай табылуы;

3) газ теңеу жүйелеріне қосылған, резервуарды пайдаланудан шығару қажеттілігі кезінде, оны газ байлауларынан сөндіреді, газ құбырында ысырмаларды жабады және бұқтырмаларды орнатады;

4) бұқтырмаларды орнату және алу журналда тіркеледі;

5) резервуарда герметикалық бұзуы кезінде, резервуарды коммуникация құбырларынан сөндіру және зақым келулерді АЖЖ және технологиялық уақыт тәртібімен сәйкес жою.

184. Пайдаланудағы резервуарлар, жүйелі түрде техникалық куәландыруға және диагностикаға жатады, бұл резервуарды жөндеу қажеттілігін және түрін, пайдаланудың қалған мерзімін анықтауға мүмкіндік береді.

185. Куәландырудан, тексерулерден және жөндеуден кейін резервуарларды жұмысқа қосу бақылаушы тұлғаның жазбаша рұқсатымен қабылдау актісі негізінде жүргізіледі.

186. Егер өлшеулер немесе басқа мәліметтер бойынша резервуардың (сыйымдылықтың) толтыру немесе босау тәртібі бұзылған болса, онда бұзу себептерін анықтау және оларды жою бойынша шаралар қолданады. Қажет жағдайларда операцияларды технологиялық уақыт тәртібімен және АЖЖ сәйкес тоқтатады.

187. Резервуарларды (сыйымдылықтарды) толтыруға немесе босатуға кірісу, қайта алуға байланысты, қызмет көрсету қызметкерлермен ысырмалардың ашу дұрыстығына көз жеткеннен кейін рұқсат етіледі. Ысырмаларды ашу және жабу баяу жүргізіледі.

188. Жұмыс істейтін резервуарларды (сыйымдылықтарды) қосу және сөндіру бойынша ысырмалармен бір уақытта операцияларды жүргізуге рұқсат етілмейді.

189. Резервуарды ауыстырып қосу кезінде, біріншіден толтыруды ескеретін резервуардағы ысырманы ашу, одан кейін толтырудан сөндірілетін резервуардағы ысырманы жабу.

190. Резервуарлық бақтағы ысырмалардың автоматты ауыстырып қосылуы қысым артуынан құбырларды қорғау шарттарында жүргізіледі.

191. Жергілікті немесе дистанциялық басқарумен электр келтіргіш ысырмалар болғанда, ысырманың ілмектік құрылғының жайын көрсететін, сигнал беру ескеріледі.

192. Резервуарларды жобамен есептелген, мөлшерден асатын бу серпімділігімен өнімдерді толтыруға рұқсат етілмейді.

193. Жер асты резервуарларды пайдалану жобамен, технологиялық уақыт тәртібімен сәйкес қауіпсіздік талаптарды сақтаумен жүргізіледі:

1) пайдалану кезінде жарық люктарды салуларда қақпақтармен жабады. Сыйымдылықтарды жөндеу немесе тазалау кезінде желдету үшін оларды ашуға рұқсат етіледі;

2) желдеткіш құбырлардың биіктігі, жоғарғы жабу деңгейінен 2 м биіктікті құрайды;

3) жер асты сыйымдылықтардың камераларында (шахталарында) орналасқан, арматураны басқару, дистанциялық. Камераға (шахтаға) түсу үшін стационарлық металл сатыларын орнатады;

4) камералар (шахталар) алаң бетінен 3,5-4 м шығару құбырдың биіктігімен дефлектормен қамтамасыз етіледі;

5) бөлініп шығулардан жер асты сыйымдылықтарды тазалау механикаландырылған әдіспен жүргізіледі (гидромониторларды, гидроэлеваторларды қолдану);

6) люктар арқылы жер асты сыйымдылыққа түсу үшін қоршаулармен стационарлық сатылар қолданылады. Сатылар сыйымдылықтың түбіне дейін жетеді.

194. Сұйытылған газ бен тұрақсыз бензин үшін резервуарларды және сыйымдылықтарды пайдалану жобамен, технологиялық уақыт тәртібімен, әзірлеуші басшылығымен сәйкес жүргізіледі:

1) өлшеу шынылардың зақымдардан қорғанышы, ал крандардың шыны сыну кезінде автоматты бітеулері болады. Шыныда сыйымдылықтағы шекті деңгей таңбасы көрсетіледі;

2) температураны бақылау үшін әрбір сыйымдылықта термопара немесе дистанциялық термометр орнатылады.

Толтырылатын өнімнің температурасы, өнімнің бу серпімділігі сыйымдылықтағы шекті жұмыс қысымынан асатын, температурадан аспайды;

3) сыйымдылықтағы қысымды бақылау үшін әзірлеуші басшылығымен сәйкес манометрлер орнатылады. Манометрге апаратын жолда, өнім сынамаларын алу үшін қосуларды жүргізуге рұқсат етілмейді;

4) сұйықтық деңгейін, температураны және қысымды журналға жазумен бақылау және бекіту;

5) сыйымдылықтардан сынама алу, сыйымдылықтарға қызмет көрсететін оператормен немесе бақылаушы қатысуымен сынама алу құқығына кіру рұқсаты бар оператормен бірге сынама алушымен жүргізіледі;

6) сыйымдылықтарға қауіпті немесе апаттық жағдай кезінде құбырларды, ілмектік арматураны жылыту, сыйымдылықтарды буландыру үшін жылу серіктерді немесе бу құбырын салады;

7) сыйымдылық ішіне немесе сыртына жылыту құрылғыларын орнатуға рұқсат етіледі, егер жылу тасушының температурасы есептелген мөлшерден сыйымдылықтағы қысым жоғарлауын тудырмаса;

8) сыйымдылықтар суды канализацияға жіберу үшін кәріз құрылғылармен қамтамасыз етіледі;

9) су жіберу үшін штуцер қатпайтын клапанмен қамтамасыз етіледі;

10) күн сәулелерінің қызуынан қорғау үшін сыйымдылықтарды ақшыл түске бояйды.

Сыйымдылықтағы өнімнің 45°С жоғары қызуы мүмкін климат шарттарында, сыйымдылықтың қызып кетпеуі үшін шаралар қолданылады (жылу изоляциясы, көлеңке қаптамалар, сумен сулау).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет