7-бөлім. Жылдың салқын мезгізілінде жүргізілетін жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік талаптары
473. Төменгі температура шарттарында МДҚ және ҚҚЖ қауіпсіз жұмысы үшін объектіде техникалық бастықпен бекітілетін шаралар әзірленеді.
474. Өндірістік бөлмелерді, аппаратураны, жабдықтарды, құбырларды, арматураны, БӨҚА жылыту бойынша шаралар жылдың салқын мезгілі басталғанға дейін жүргізіледі.
475. Жылыту МДҚ, ҚҚЖ қауіпсіз жұмысын және мұнай, газ жән конденсат дайындау технологиялық процесті толассыз бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
476. Құрылғыларды, резервуарлық булағыштарды және төгу-құю эстакадаларды құбырлар мен арматурадағы ылғал қатуы мүмкін орындарға бу жіберумен қамтамасыз етеді.
477. Құбырларды жылыту үшін барлық булы және жылу серіктердің түзулігі тексеріледі, акт құрастырумен және журналға тіркеумен:
1) құбырларда, жабдықтарда, аппараттарда, сыйымдылықтарда жылу шығармау тексеріледі, анықталған түзуліксіздер жойылады;
2) түсіру кәріз құбырларды және вентильдерді тазалайды және жылумен қамтамасыз етеді.
478. Жөнге келмейтін кәріз жүйесімен аппараттар мен құбырларды жұмысқа қосуға рұқсат етілмейді.
479. Су стояктары және сыйымдылықтар, соның ішінде өрт сөндірулер де, жылумен қамтамасыз етіледі.
480. Желдету жүйелерінің калориферлері және барлық бөлмелердің жылуы тексеріледі және түзу күй - жағдайында болады.
481. Қатып қалатын мұнай өнімдерімен және зиянды заттармен құрылғыларды пайдалану кезінде келесі шаралар ескеріледі:
технологиялық уақыт тәртібінде көрсетілген температурадан төмен технологиялық ортаның салқындауын болдырмау;
құбырларды және технологиялық құрылғыларды дер кезінде жылытуды жүргізу;
технологиялық сұйықтықты дайындау және қайта алу технологиялық процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету.
482. Технологиялық процесс аяқталғаннан кейін аз жабысқақты қатпайтын мұнай өнімін қайта алумен тазартуды жүргізу.
483. Құбырларда және жабдықтарда ылғал қатуы кезінде келесі шараларды қолдану:
мұздалған учаскені және техникалық жағдайды орнату мақсатымен құбыр мен жабдықтардың сыртқы байқауын жүргізу;
құбырлар мен жабдықтарды сөндіру;
сөндіру мүмкін емес және апат қаупі жағдайында АЖЖ бойынша әрекеттерді орындау және мұздалған учаскелерді жылыту бойынша шаралар қолдану.
484. Мұзды тығынды жылыту, мұздалған учаске ұзындығы бойынша жүйелі түрде бумен немесе ыстық сумен жүргізіледі. Қатып қалған құбырларды, аппараттарды ашық арматура жанында, ашық отпен жылытуға рұқсат етілмейді.
485. Қатып қалған ысырмаларды, вентильдерді және басқа да ілмектік құрылғыларды ашу үшін ілмектерді, сүймендерді және құбырларды қолдануға рұқсат етілмейді.
486. Сөндірілген құрылғылар мен аппараттардан, сыйымдылықтардан, резервуарлардан және құбырлардан су мен конденсат түсіріледі, ал кәріз крандарды ашық қалдырады.
487. Аппаратурада, жабдықтарда, құбырларда, өндірістік алаңдарда және металл конструкцияларында пайда болатын мұздықтарды, қауіпсіздік шараларын сақтаумен, дер кезінде жойылады.
488. Алаңдар, тротуарлар, жолдар, сатылар және асулар тұрақты қардан, мұздан тазаланады және тайғақ кезінде құммен себіледі.
Қабылданған қысқартулар
АҚҚ
|
- апаттық – құтқару қызметі;
|
ТП АБЖ
|
- технологиялық процестермен автоматтандырылған басқару жүйесі;
|
ҚҚЖ
|
- қосалқы құрылғылар және жабдықтаулар;
|
ЖС
|
– жанатын сұйықтықтар;
|
БӨҚ
|
- бақылау-өлшегіш құралдары;
|
БӨҚА
|
- бақылау-өлшегіш құралдары және аппаратура;
|
ТТС
|
– тез тұтанғыш сұйықтықтар;
|
НҚ
|
- нормативтік құжат;
|
ҮБЗ
|
– үстіңгі-белсенді заттар;
|
ШМЖК
|
- шекті мүмкін жарылысқа дейін концентрация;
|
ШМК
|
- шекті-мүмкін концентрация;
|
АЖЖ
|
- апаттарды жою жоспары;
|
ЖЕЖ
|
- жоспарлы – ескерту жөндеу;
|
ЖҚҚ
|
- жеке қорғаныш құралдары;
|
ТО ЖҚҚ
|
- тыныс органдарының жеке қорғаныш құралдары;
|
ҰҚҚ
|
- ұжым қорғаныш құралдары;
|
ҚНЕ
|
- құрылыс нормалары және ережелер;
|
ТЖҚ
|
- техникалық жуу құралдары;
|
ТУТ
|
- технологиялық уақыт тәртібі;
|
МДҚ
|
- мұнай дайындау құрылғысы.
|
Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына
қосымша
МДҚ және ҚҚЖ типтік жарғысы
1. Автоматтандырылған топтық өлшегіш құрылғысы (АТӨҚ).
2. Реагенттерді дайындау және мөлшерлеу үшін блоктық автоматтандырылған құрылғысы (БР).
3. Мұнай газ сепараторы (МГС).
4. Газ сепараторы (ГС).
5. Мұнай дайындау үшін блоктық тұндырғыш (МДТ).
6. Құбырлы блоктық ошақ (ҚБО).
7. Электродегидратор (ЭГ).
8. Сүзгімен тұндырғыш (СТ).
9. Мұнай, газ, конденсат, су тазалау үшін аппараттар.
10. Электр насосты агрегатпен жер асты горизонталдық кәріз сыйымдылығы.
11. Шикі мұнайға арналған тік болат резервуары (ТБР).
12. Қабатты суға арналған тік болат резервуары (ТБР).
13. Тауарлық мұнайға арналған тік болат резервуары (ТБР).
14. Тұщы суға арналған горизонталдық болат резервуары (ГБР).
15. Насосты станциялар және бөлек насостар.
16. Аралық жылу тасушымен су жылытқышы (АЖЖ).
17. Мұнай сапа түйіні.
18. Мұнай өлшеу түйіні.
19. Су өлшеу түйіні.
20. Жоғарғы қысымды газ өртеуіне арналған шырақ.
21. Төменгі қысымды газ өртеуіне арналған шырақ.
22. Үрлегіш шырақ.
23. Су жинағыш.
24. Шлам жинақтағыш.
25. Мұнай құю терминалы.
26. Операторлық бөлме.
27. Канализация, желдету, жылыту, су жылу энергия қамтамсыз ету жүйелері.
28. Бақылау - өлшегіш құралдарының және аппаратура жүйелері.
29. Апатқа және өртке қарсы сақтық қорғаныш жүйелері.
30. Қызметкерлерге арналған қорғау жабдықтаулары.
Ескерту:
МДҚ және ҚҚЖ құрамындағы жабдықтардың атауы, түрі және мінездемесі мұнай газ кен орнын пайдалану шарттарына, Қазақстан Республикасының жұмыс істейтін өнеркәсіптік, өрт сөндіру және экологиялық қауіпсіздік бойынша, құрылыс және санитарлық нормалардың жобалық тапсырмалар мен талаптарға байланысты, жобамен нақтыланады және анықталады.
Тарау, бөлім
|
Мазмұны
|
Беті
|
1-бөлім
|
Жалпы талаптары
|
|
1-тарау
|
Сақтандыру құрылғылары және қоршаулар
|
|
2-тарау
|
Найзағай қорғау және статикалық электрден қорғаныш
|
|
3-тарау
|
Коррозиядан қорғаныш
|
|
4-тарау
|
Жұмыстарды механикаландыру
|
|
5-тарау
|
Шырақты құрылғылар
|
|
2-бөлім
|
МДҚ және ҚҚЖ қауіпсіз пайдаланудың негізгі талаптары
|
|
1-тарау
|
Ұйымдық және техникалық талаптар
|
|
2-тарау
|
Құбырлы ошақтарды және блоктық құрылғылардың от жылытқыштарын пайдалану
|
|
3-тарау
|
Жалынсыз панельдік шілтерлермен ошақтарды пайдалану
|
|
4-тарау
|
Электр тұздалықсыздандыру құрылғыларды пайдалану
|
|
5-тарау
|
Сепарациялық құрылғылар
|
|
6-тарау
|
Блоктық құрылғылар
|
|
7-тарау
|
Тұрақтандыру құрылғылары
|
|
8-тарау
|
Құбырларда мұнай деэмульсациясы
|
|
3-бөлім
|
Қосалқы құрылғылар мен жабдықтауды пайдалану қауіпсіздік талаптары
|
|
1-тарау
|
Технологиялық құбырлар
|
|
2-тарау
|
Резервуарлар
|
|
3-тарау
|
Құйып алу-құю теміржол эстакадалары
|
|
4-тарау
|
Насостық құрылғылар
|
|
5-тарау
|
Компрессорлық құрылғылар
|
|
6-тарау
|
Зертхана
|
|
4-бөлім
|
МДҚ, ҚҚЖ техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде қауіпсіздік талаптары
|
|
1-тарау
|
Жалпы талаптар
|
|
2-тарау
|
Жабдықтарды ішкі байқау, тазалау және бөлектенген кеңістіктегі жұмыстар
|
|
3-тарау
|
МДҚ, ҚҚЖ жөндеу жұмыстары
|
|
5-бөлім
|
Қауіпті және зиянды заттармен жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптары
|
|
1-тарау
|
Деэмульгаторлармен жұмыс
|
|
2-тарау
|
Сілтімен жұмыс
|
|
3-тарау
|
Сынаппен жұмыс
|
|
4-тарау
|
Метанолмен жұмыс
|
|
6-бөлім
|
Күкіртті мұнайды дайындау кезінде қауіпсіздік талаптары
|
|
1-тарау
|
Объектілерді жобалау
|
|
2-тарау
|
Қызметкерлерге қойылатын талаптар және қорғаныш құралдары
|
|
3-тарау
|
Ауа ортасына бақылау
|
|
4-тарау
|
Жабдықтарға қойылатын талаптар
|
|
5-тарау
|
Мұнай, газ және газ конденсатын жинау және дайындау жүйелері бойынша талаптар
|
|
7-бөлім
|
Жылдың салқын мезгізілінде жүргізілетін жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік талаптары
|
|
|
Қабылданған қысқартулар
|
|
қосымша
|
МДҚ және ҚҚЖ типтік жарғысы
|
|
|
Мазмұны
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |