Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі


-бөлім. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау



бет2/15
Дата12.06.2016
өлшемі1.62 Mb.
#131117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2-бөлім. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
78. МГК барлау объектілерінде жобада әзірленеді және персоналды:

1) техникалық құрылғының қозғалатын бөлігінен;

2) жұмыс аумағының жоғары шаңдануы мен газдануынан;

3) техникалық беттердің жоғары немесе төмен температурасынан, экстремальды метеорологиялық жағдайлардан;

4) жұмыс орнындағы жоғары шу және вибрация деңгейінен;

5) токсикалық әсер етуден;

6) биологиялық әсер етулерден қорғау жөніндегі шаралар орындалады.

Жұмыс аумағында ҚЗӨФ болу кезінде қауіпсіздік белгілері орнатылады, ал зиянды әсер етулерді төмендету үшін қорғаныс құралдары қолданылады.

79. Технологиялық регламенттер қайта қарауға жатады:

1) технологиялық үдеріс және жұмыс жағдайы өзгерген жағдайда;

2) авариялар, өрт, жарылыс және жұмыс орындарындағы зақымданулар кезінде, тиісті қауіпсіздік талаптары болмаған жағдайда;

3) нормативтік құжаттар өзгерген кезде.



3-бөлім. Аумақтар және санитарлық-гигиеналық жағдайлар
80. МГК барлау объектілерінің аумақтары жобаға сәйкес жарақтандырылады. Лотоктар, траншеялар, қазандықтар және тереңдетулер қорғаныс жабулармен немесе 1 метрден кем емес биіктіктегі қоршаулармен қамтамасыз етіледі. Лотоктар кәріздермен кәріз құдығына (люк) қарай еңіс орналасқан гидробітегіштер арқылы қосылады.

Аумақтарда, күзету және санитарлық-қорғаныс қауіпті аумағының өндірістік объектілер шекарасы көрсетіледі және белгіленеді.

81. Құдықтар, лотоктар және тереңдіктерде бітегіштер мен басқа арматуралдарды қозғалту кезінде дистанционды басқару (ұзартылған штоктар немесе басқару штурвалдары, электрпневмосымдар) қарастыралады және арматураны техникалық қамтамасыз ету, жөндеу немесе ауыстыру кезінде қауіпсіз қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

82. Жолдар, тротруарлар, жүретін жолдар, өтетін жолдар тазалықта, дұрыс жұмыс істеу қалпында ұсталады, эстакадалар астындағы жол өтетін жол биіктігін ескере отырып, көрсеткіштермен және жол белгілерімен қамтамасыз етіледі.

Объектілердің көлік жүруге болмайтын аумақтарында тыйым салатын жол белгілері орнатылады.

83. Қауіпті нысандар аумағында көлік пен арнайы техниканың ұшқын өшіргінісіз жүруіне жол берілмейді.

84. Темір жолдармен қиылысатын жолдар мен тратуарлар бөліктерінде рельстер басы деңгейіндегі тұтас жабулар және қорғаныс құрылғылары, қауіпсіздік белгілері, дыбыс және жарық сигнал берулер мен жарықтандырушылар қарастыралады.

85. Объектілердің қауіпті аумағында жер, құрылыс және жөндеу жұмыстарын ұйым немесе объекті басшысының жазбаша рұқсатынсыз, наряд-рұқсат берусіз, жұмыс сызбасынсыз және осы учаскеде жер асты және жер үсті коммуникациялары қызметтер өкілдерінің (байланыс, кәріз, электркабельдері, трубақұбырлары) келісімінсіз жүргізуге жол берілмейді.

86. Жолдың өтетін бөлігін жабумен байланысты жөндеу жұмыстары объекті және өрт қызметі басшысымен келісіледі.

87. Қауіпті объектілер аумақтарында және қауіпті алаңдарда технологиялық регламентте көзделген учаскелерден басқа учаскелерде от жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

88. Құрылғы аумағының учаскесі жөндеу-құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жоспарланады, тазартылады және безендіріледі. Объектілер мен құрылғыларды жоспарлау, тазарту және безендіру аяқталғанға дейін іске қосуға жол берілмейді.

89. Қауіпті объект аумағында жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі плакаттар, «Жарылыс қауіпті», «Өрт қауіпті», «Шылым шегуге болмайды», «Бөтен адамдарға кіруге болмайды» ескерту жазулары және басқа да қауіпсіздік белгілері орнатылады.

90. Шылым шегу үшін жабдықталған жарылыс өрт қауіпсіздік орындар бөлінеді, олардың орналасуы өрт қызметімен келісіледі және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.

91. Ғимараттарда және қауіпті объектілер аумақтарында белгіленбеген орындарда өндіріс қалдықтарын қалдыруға және сақтауға жол берілмейді.

92. Объектілер аумақтары мен өндірістік ғимараттарда мұнай, жеңіл от алатын және зиянды заттар төгілген жағдайда олардың от алуының алдын алатын, персоналдың баруын шектейтін шаралар қолданылады.

93. Төгілген орындар мұнай өнімі мен зиянды заттар қалдықтарын мұқият тазартыла және жоюға арналған өндірістік аумақ шегінен тыс жерге шығарыла отырып құммен себіледі.

94. Едендер мен алаңдарды тазарту үшін жанатын және жеңіл от алатын сұйықтарды қолдануға жол берілмейді.

95. Қауіпті объектілердің қондырғылар орнатылған өндірістік ғимараттары мен аумақтары қондырғылар, трубақұбырлар, резервуарларды қауіпсіз пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу үшін бу, су, ауа, азот, реагенттер жіберуге арналған техникалық және технологиялық құралдармен қамтамасыз етіледі.

96. Трубақұбырлар мен шлангілер эстакадалар мен бағдарға қарсы гайкалары бар құрылғылармен мықты бекітіледі.

97. Металл заттар алаңдарға және өндірістік ғимараттар мен имараттар едендеріне баяу, соққысыз және ұшқын пайда болмайтындай етіп түсіріледі.

98. Жүретін жолдардарды, жолдардағы тротуарларды, алаңдарды материалдар жинау үшін пайдалануға жол берілмейді.

99. Өндірістік ғимараттар таза және қауіпсіз жағдайда ұсталады. Өндірістік ғимараттарда қарастырылмаған қондырғылар мен материалдарды сақтауға жол берілмейді. Қолданылған сүрту материалдары мен қалдықтар ғимараттан тыс орнатылған қақпағы бар металл контейнерлерге жиналады және ауысым сайын құрылғы аумағынан қауіпсіз орынға жіберіледі. Жұмыскер ауысым тапсыру алдында жұмыс орнын қауіпсіз жағдайдаға келтіреді.

100. Уақытша пайдалануға арналған материалдар өрт қызметімен келісілген, белгіленген мөлшерде және қауіпсіз сақтау ережесін орындау кезінде осы мақсатқа арналған ғимараттар мен алаңдарда орналастырылады.

101. Өндірістік ғимараттардағы майлау материалдарын жабық қақпақты металл ыдыста тәуліктік қажеттіліктен артық емес мөлшерде сақтауға жол беріледі.

Өндірістік ғимараттарда жеңіл от алатын өнімдерді және зиянды заттарды, технологиялық регламентте көзделмеген көлемде сақтауға жол берілмейді.

102. Өндірістік ғимараттар едендерінің өрт қауіпсіз жабулары, кәріз құдықтарына еңістері болады және жұмыс істеу қалпында болады.

103. Өндірістік ғимараттардағы терезелер, фрамугалар және басқа да ашылатын құрылғылар сыртқа қарай ашылады және оларды ашуға және талап етілетін жағдайға орналаластыруға арналған жеңіл басқарылатын құралдармен жабдықталады. Жобада қарастырылмаған торларды орнатуға жол берілмейді.

104. Жұмыскерлерлің зиянды және агрессивті заттармен (қышқыл, сілті және улы реагенттер) түйісуі мүмкін құрылғылар аумақтарында және өндірістік ғимараттарда су беру реттелетін жууға арналған бұрандалар орнатылады.

105. Өндірістік ғимараттарда киім, аяқ-киім кептіруге, трубақұбырлар, аппараттар және жылыту құралдары үстінде жанатын және басқа материалдарды сақтауға жол берілмейді.

106. Объектілер, құрылғылар, резервуарлы парктер аумақтарында, құю-төгу құрылғыларында және өндірістік ғимараттарда қауіпсіздік жөніндегі шаралар жүргізіледі:

1) аға оператор (ауысым жетекшісі) ауысымда бір реттен жиі емес өртке қарсы қондырғының, өрт сөндіру жүйесінің техникалық жағдайын және дайындығын, жүйедегі су, бу және реагенттердің жұмыс қысымының болуын тексереді;

2) аға оператор (ауысым жетекшісі) ауысым алдында желдеткіш құрылғыларын сырттай қарайды және жұмыс істеуінің дұрыстығын тексереді;

3) тағайындалған қызметкерлердің айына екі реттен жиі емес және өрт қызметі өкілдерінің қатысуымен объект жетекшісінің айына бір реттен жиі емес сумен қамтамасыз ету (құдықтар, гидранттар, бітегіштер, резервуарлар, ыдыстар, сорғыш құрылғылар және шлангілер) жүйесінің (өрт), өрт сөндіру құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуін қарайды және тексереді;

4) БӨҚА қызметі қызметкерінің және ауысым жетекішісінің ауысымда бір реттен жиі емес БӨҚА, автоматика және қорғаныс құрылғыларының жағдайын қарайды және тексереді;

5) объекті жетекшісі мен басқа қызметкерлердің тексеруі өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесіне, ұйымның қолданыстағы еңбек қорғауына және лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүргізіледі.

Барлық тексерістер нәтижелері журналға қол қою арқылы бұзушылықтарды жою мерзімі көрсетіле отырып жазылады.

107. Жарылыс қауіпті ғимараттың әрбір есігінің сыртында ғимараттың өрт жарылыс қауіптілігі, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін лауазымды қызметкер көрсетіле отырып жазу орналастырылады.

108. Газ ауа қоспасының шектік жол берілетін жарылыс концентрацияларын анықтау үшін барлық жарылыс қауіпті ғимараттарда ауа ортасы стационарлы газ анализаторлар-сигнал берушілер арқылы бақыланады. Ғимараттың газдануы жарылудың төменгі шегінен 20 % болғанда орналасу орны бойынша және басқару щитіне авариялық желдетуді автоматты қосатын операторлыққа дыбыс және жарық сигналы беріледі.

109. Өндірістік ғимараттардың ауа ортасындағы ШЖК, ЗШЖК анықтау үшін стационарлық және тасымалданатын газ анализаторлар мен газ сигнал берушілер қолданылады. Өлшеулер нәтижелері тексеру жүргізу орны, күні және уақыты көрсетіле отырып журналда тіркеледі.

110. Сынамалар алу және анализдер жүргізу кестесін техникалық жетекші бекітеді.

111. Өндірістік ғимараттар мен алаңдардың жұмыс аумақтарында зиянды заттардың, булар мен газдардың болуы осы Талаптың 2-қосымшасына сәйкес ШЖК, ЗШЖК шектеледі. Артық болғанда ЖЖА іске қосылады және жұмыстар жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.

112. Жанатын және газ тәріздес өнімдерді, зиянды заттар мен реагенттерден сынама алу технологиялық регламент талаптарына сәйкес герметикалығын қамтамасыз ету жағдайында жүргізіледі. Күкірт сутегі, меркаптандар және зиянды заттары бар сынамалар алу дублер болу кезінде жүргізіледі.

113. Қауіпті және зиянды заттарды қолдану дайындаушының жобалау құжаттарында белгіленген талаптарды орындау кезінде жүргізіледі.

114. Аумақтарды, алаңдарды және жолдарды жарықтандыру осы Талаптың 3-қосымшасында көрсетілген белгіленген нормалардан кем емес қамтамасыз етіледі. Жарықтандыру ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес, жылына бір реттен кем емес жүргізіледі.

115. Газдар мен булардың ауамен жарылыс қауіпті қоспалар тудыруы мүмкін жұмыстар жүргізу кезінде ұшқын қауіпсіз құралдар қолданылады, ал кесетін болат құралдар консистентті майлаулармен молынан майланады.

116. Өрт жарылыс қауіпті ғимараттар мен алаңдарда болат шегелері немесе тағалары бар аяқ-киіммен жұмыс істеуге және кіруге жол берілмейді.

117. Өндірістік ғимараттар интерьерлері мен бояулары, технологиялық қондырғылардың белгілері мен бояулары жобаға сәйкес жүргізіледі.

118. Өндірістік ғимараттар, ғимараттар, құрылғылар, қоймалар жобаға сәйкес қосалқы шығатын есіктермен және өрт құралдарымен жабдықталады.

119. Өртке қарсы құралдар жобада белгіленген мөлшерде оны сақтау және қолдану ережелері сақтала отырып, қол жетімді орындарда орналастырылады.

120. Жолдардың, кіре-берістердің, жүретін жолдардың, саты торларының, ғимаратқа кіру және шығу жолдары, өртке қарсы қондырғыларға, өрт сөндіру құралдарына, байланыс және сигнал беруге баратын жолдарды қоршауға және ластауға жол берілмейді.

121. Өртке қарсы құралдар мен қондырғыларды, авариялық және газ құтқару құралдарын олардың тікелей мақсатымен байланыссыз мақсаттарға қолдануға жол берілмейді.

122. Барлық сигнал беру және байланыс құралдарының барлық жұмыс орындары маңында авариялық сигнал беру, хабар беру және объект басшысын, авариялық-құтқару, өрт және медициналық қызметті шақыру тәртібі көрсетілген тақтайшалар ілінеді.

123. Жылыту және желдету жобаға сәйкес қамтамасыз етіледі.

124. Объектілер персоналы үшін жобаға сәйкес санитарлық-тұрмыстық ғимараттар қарастыралады.

125. Тұрмыстық ғимараттарда ауа алмасу жағдайлары және ішкі есептік температура белгіленген санитарлық нормалар бойынша қамтамасыз етіледі, жобалау құжатында көрсетіледі және кестеге сәйкес бақыланады.

126. Персоналдың қоректенуі мен демалысы жобаға сәйкес жабдықталған жеке ғимараттарда жүргізіледі.

127. Объектіде көмек көрсету үшін санитарлық нормаларға сәйкес өндірістік персонал санына және объектінің орналасуына байланысты жабдықталған медициналық пункттер қарастыралады.

Медициналық пункттер байланыспен, кезекші медициналық персоналмен қамтамасыз етіледі.

128. Өндірістік ғимараттарда және тұрғын үй-тұрмыстық ғимараттар дәрі-дәрмектер жиынтығы бар дәрі салғыштармен, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету материалдарымен жабдықталады.

129. Күю, зақымдану, улану немесе басқа да зақымданулар кезінде құрылғы қызметкері ол туралы объект жетекшісіне, медициналық пунктке және авариялық-құтқару қызметіне хабарлайды, зардап шегушіге көмек көрсетіледі,

Жедел қызметтер телефондарының нөмірлері көрінетін орындарда ілінеді.

4-бөлім. Сағаларды орналастыру және ұңғымаларды пайдалану

1-бөлімше. Сағалық алаң
130. Сағалық алаңды орналастыру жоба бойынша жүргізіледі.

Саға типтері мен сызбалары әрбір ұңғымалар үшін оның мақсаты, мұнай және газ ұңғымалары үшін жер бөлу нормаларына сәйкес, кен орындарын орналастыру және барлау жобасында көрсетіледі.

Объектілерді орналастырудың минималды қауіпсіз қашықтығы осы Талаптың 4-қосымшасында көрсетілген.

131. Сағалар қондырғыларын, манифольдалардың фонтанды және бітегіш арматураларын, өлшеу құрылғыларын монтаждау, сепарация және ұңғымалар өнімдерін, трубақұбырларды дайындау қабат флюстері құрамын, кен орындары инфрақұрылымдарын, жер рельефін, көлік және трубақұбырлар коммуникацияларын, селитебті аумақтар шекараларын, күзету және санитарлық – қорғау аумағын, желдің басым бағытын және объектілерге қауіпсіз қызмет көрсету, тестілеу және пайдалануды ескере отырып жүргізіледі.

132. Сағалық алаңда монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін саға қондырғыларын, ұңғыма өнімін алу және тіркеуге арналған жер үсті жиынтықты, сынау және опрессовкалау, көлденең және тік белгілер бойынша барлық мөлшерлер көрсетіліп, қабылдау актісін және сызбасын жасау арқылы техникалық жағдайын тексеру жүргізіледі.

Тексеруге авариялық-құтқарудың, фонтанға қарсы қызметтің қызметкерлері қатыстырылады.

133. Сағалар, трубақұбырлар, қондырғылары, өнімдерді өлшеу және сепарациялау құрылғылары толық герметикалық және авариялық жағдайларда ұңғымаларды қауіпсіз ажырату мүмкіндігін өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкес пайдаланудың жобаланатын мерзіміне қауіпті және зиянды заттардың әсер етуінен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Техникалық жағдайын тексеру және қарау журналда тіркеле отырып, ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.

134. Кен орындарын орналастыру және барлау кезінде ұңғымалар мақсаты мен пайдалану тәсіліне байланысты:

1) қабылданған сызба бойынша ұңғыма сағасын жабдықтау;

2) қатты жабуы және ағуға және технологиялық сұйықты жинауға арналған еңісі болатын саға алдындағы алаң;

3) жөндеу агрегатын, қабылдау көпірлерін, ыдыстар мен басқа қондырғыларды орнатуға арналған алаңдар;

4) мұнара тартпаларын бекітуге және фонтанды арматураны орнатуға арналған орындар;

5) станок-тербелмеге, арналған фундаменттер; арматуралар мен трубақұбырлар бекіткіштері;

6) ұңғыманың басқару станциясына және ұңғыма өнімдерін тіркеу және сепарациялауға арналған жер үсті жиынтығы;

7) электр құрылғылар мен қондырғыларға арналған алаңдар;

8) лотоктармен, түптермен, дренажды ыдыстармен технологиялық сұйықтарды жинау жүйесі;

9) тазартудың труба ішілік құрылғыларын іске қосу және трубақұбырлар жағдайын диагностикалау құрылғылары;

10) ингибаторлар мен басқа да реагенттерді енгізуге арналған құрылғылар;

11) қоршаған ортаны қорғау мониторгиіне арналған құрылғы;

12) су мен газ айдауға арналған блоктар;

13) найзағай мен статикалық электрден қорғауға арналған құрылғылар;

14) қоршаулар мен жабылулар.

135. Саға қондырғысының техникалық сипаты ұңғыманы жабуға арналған максималды қысымның 10 % кем емес артуды, температуралық режимнің және пайдалану жағдайының мүмкін өзгерістерін, қабатты флюидтің коррозиялық әсер етуін, гидраттар және парафиндер қалдықтарынан тазартуды ескере отырып қарастырылады.

136. Сағалық алаңдар мен басқа объектілерді қауіпті аумақта орналастыру жарылыс өртті және өрт қауіпті классификацияларды ескере отырып, осы Талаптың 5 қосымшасында көрсетілген.

137. Реттеуші арматура (дроссель) мен бітегіш арматура дайындаушының техникалық құжаттамасына, жобалау құжаттарына сәйкес қолмен және автоматты басқару құрылғыларымен қамтамасыз етіледі және ұңғыма мен жер үсті қондырғыларын тоқтатусыз БӨҚА қауіпсіз ауыстыруды қамтамасыз етеді.

138. Үлкен дебитті, жоғары қысымды, күкірт сутегі және зиянды заттары бар фонтанды ұңғымалар қауіпсіз тоқтатуды және ұңғыманы (қалқанша-кесуші, циркуляциялық қалқанша) жабуды қамтамасыз ететін ұңғыма ішіндегі қондырғылармен жабдықталады.

Газ, газ конденсатты және қысымды ұңғымалардың тастау желілерінде автоматты қалқанша-кескіш орнатылады.

Ұңғымаларды пайдалану кезінде қалқанша-кескіштерді тексеру журналға жазу арқылы бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.

139. Газ лифтілі ұңғыманы басқару станциясы сағадан қауіпсіз қашықтықта жобаға және қондырғы дайындаушы құжаттамасына сәйкес орнатылады.

140. Саға қондырғысы, станок-тербелме, жер үсті қондырғы трубақұбырлар, коммуникациялар, электросымдар және іске қосу құрылғылары жобаға сәйкес қауіпсіздік белгілерімен боялады, қоршалады және қамтамасыз етіледі.

141. Саға қондырғысы, құбырлар мен қысымды ұңғыма коммуникациялары максималды қысымға сәйкес келеді және технологиялық процесстің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

142. Ұңғымаларды топтап орналастыру кезінде сағалық алаң қауіпсіз қызмет көрсету және технологиялық көліктің, жүк көтергіш жұмыстардың механизацияларын ескере отырып жобаланады.

143. Сағалық алаңда және қауіпті аумақта газ қауіпті және жүк көтеру жұмыстары наряд-рұқсат беру арқылы орындалады.



2-бөлімше. Ұңғымаларды сынау және игеру
144. Ұңғымаларды сынау және игеру жобаға және жұмыстарды жүргізу жоспарына сәйкес, бекітілген сызба бойынша сағаларды жабдықтағаннан, ұңғыма ішіндегі қондырғыларды сорғыш – компрессорлық труба колоннасымен жинақтағаннан, жер үсті қондырғыларын монтаждау және опрессовкалаудан кейін жүргізіледі.

Дайындау жұмыстарын жүргізгеннен кейін сынауға рұқсат алу үшін акт жасай отырып, ұңғымалардың дайындығы тексеріледі. Комиссия құрамына жұмыс жүргізетін ұйым қызметкерлері тапсырыс берушілер, авариялық-құтқару фонтанға қарсы қызмет өкілдері енгізіледі.

145. Сағаның, пайдалану және аралық колонналардың герметикалық еместігі анықталған жағдайда, қабаттар арасындағы ағындар мен колонналар арасындағы қысымдар болғанда цементтеу интервалдарының сәйкес келмеуі кезінде дефектілерді жұмыс басталғанға дейін жою жөнінде шаралар қабылданады.

146. Перфорация және ағын шақыру алдында бақыланбайтын газ мұнай су пайда болулардың және ашық фонтандардың алдын алу жөніндегі шаралар орындалады, ұңғымалардың перфорацияға дайындығы туралы акт және жұмыс жетекшісінің тапсырыс беруші, авариялық-құтқару фонтанға қарсы қызметінің өкіліне жазбаша рұқсатын беру жүргізіледі.

147. Ұңғыманы сынау және игеру жөніндегі жұмыстар жиынтығында ыдыстағы қабат флюидын (мұнай, конденсат, су) тіркеу және жинау енгізіледі.

Күкірт сутегі және басқа да зиянды және қауіпті компонеттер болған кезде қалдықтарды пайдалану арқылы оларды бейтараптау жүргізіледі.

148. АЖЖ ұңғымаларды сынау және игеру кезінде жұмыс технологиясына, қабатты флюидтің ағу мүмкіндігіне және қоршаған ортаға, өндірістік персоналға және қауіпті аумақтағы тұрғындарға теріс әсерінің болуымен байланысты қауіпті және авариялық жағдайлар пайда болу кезінде шаралар мен персоналдың қауіпсіз әрекеті қарастыралады.

149. Жобалық шешімдерден ауытқу кезінде сынау және игеруді жүргізу мүмкіндігі тапсырыс берушімен, жобалық ұйыммен, авариялық-құтқару фонтанға қарсы қызметімен қосымша келіскеннен кейін, ұңғыманы сенімді басқаруды, оның ішінде оны жабу және жою, персоналдың қауіпсіздігін қоса алғанда қамтамасыз ететін, өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі шараларды әзірлеу және қосымша шараларды орындау шартында анықталады.



3-бөлімше. Фонтанды және газ лифтілі ұңғымаларды пайдалану
150. Ұңғымалар, колонна басының, фонтанды арматуралардың, СКТ колонналарының ұңғыма ішіндегі және жер үстіндегі қондырғылар конструкциялары, монтаждау сызбалары жобаға және өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкес ұңғыманың тиімді және қауіпсіз жұмыс режимін, трубалық, труба сыртындағы және труба арасындағы кеңістіктер гермитикалығын, технологиялық операциялар, тереңдік зерттеулері жүргізу мүмкіндігін, сынама алу, сағалық қысым мен температураны бақылауды қамтамасыз етеді.

151. Пайдалануға беру алдында ұңғымалардың дайындығы, ұңғыманы пайдалануға беруге арналған құжаттарының болуы тексеріледі.

Әрбір ұңғымаға саға қондырғысының, ұңғыма ішіндегі қондырғы, құрылғы мен көлденең және тік белгілер бойынша мөлшерлері көрсетіле отырып, жер үсті қондырғысы жинақталуының, стандартты емес байламдардың күзет және санитарлық-қорғаныс аумағының, кіре-беріс жолдардың нақты сызбасы жасалады. Сызбаға техникалық паспорт мәліметтері, шығару жылы, орнату күні және пайдалану мерзімі, герметикалығының сынау актісі көрсетіле отырып, байлау элементтері мен ұңғыма объектілерінің тізімі қоса тіркеледі. Көрсетілген құжаттама авариялық-құтқару фонтанға қарсы қызметінің өкілінің қатысуымен жасалады.

152. Осыған ұқсас температурадағы ұңғымаларды пайдалану кезінде сағада технологиялық процесс, қондырғылар мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін фонтанды арматура, конструкциялар мен термо төзімділіктер қолданылады.

153. Ұңғымаларды пайдалану технологиялық регламентке және МГК барлау жобасына сәйкес жүргізіледі.

154. Ұңғымаларлы топтап орналастыру кезінде қондырғылар, трубақұбырлар, станок-тербелмелер, басқару станциялары трансформаторлы шағын станциялар, кабельді эстакадалар ұңғыма осі тобынан бір жаққа орналастырылады. Осы аумақта көліктердің жүруіне (технологиялықтан басқа) жол берілмейді.

155. Шахта орналасатын саға қондырғысы авариялық-құтқару фонтанға қарсы қызметпен келісілген сызба бойынша колонналы бастардың, тастауға қарсы қондырғылардың нақты габариттерін және осы аймақтың жағдайларын ескере отырып жүргізіледі.

156. Ұңғымаларды герметикалыққа сынау және қондырғыларды, трубақұбырларды опрессовкалау дайындаушының техникалық пайдалану құжаттарына, қабаттың флюидті сипатын, тау-кен геологиялық жағдайларды ескере отырып технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

157. Қауіпті немесе авариялық жағдай пайда болғанда қолданыстағы ұңғымалардағы бұзушылықтарды жою АЖЖ сәйкес жүргізіледі.

158. Газ лифтілі ұңғыманы басқару станциясы жергілікті орынның рельефі және желдің басымды бағыты ескеріле отырып, сағадан қауіпсіз қашықтықта ық жерде немесе ғимаратта орналастырылады, мықты бекітіледі және жерге қосылады. Пайдалану температурасы жобаға және дайындаушы құжаттарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

Басқару станциясын фонтанды арматурамен қосатын трубақұбырлар мен кабельдер эстакадаларда салынады.

159. Ұңғыманы газ лифтілі пайдалануға ауыстыру ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен тәртіпте жобаға сәйкес іске асырылады.

160. Ұңғымаларды, қондырғылар мен аппаратураларды, трубақұбырларды фонтанды және газ лифтілі пайдалану кезінде айдау үшін дәнекерлеумен қосылған тігіссіз болат трубалар қолданылады. Бітегіштер мен басқа да арматуралар орналастыру орындарында фланцті қосуларға жол беріледі. Трубалар типтері, маркісі және дәнекерлеу технологиясы қабатты флюид сипатына және ұңғыманы пайдалану шарттарына сәйкес анықталады.

161. Газ таратушы құрылғылар басқару жүйесін диспетчерлік пунктке, үрлеуге арналған жалтырауықтарды және ингибаторды беруге арналған құрылғыларды шығара отырып, қысым мен газ шығынын жеке автоматты өлшеуге арналған құрылғылармен қамтамасыз етіледі.

162. Гидратты тығындарды жою кезінде газ құбырындағы қысым атмосфералыққа дейін төмендейді, ал осы учаскелерді қыздыру бумен іске асырылады. Жіберу қабілеттілігін сақтау кезінде ингибаторды газ құбырын тоқтатпай алдын ала беруге жол беріледі. Көрсетілген жұмыстар наряд-рұқсат беру бойынша жүргізіледі.

163. Газ лифтілі жүйенің компрессорлық станциясын пайдалану кезінде:

1) барлық ішкі алаңдық трубақұбырлар, сепараторлар, ыдыстар, бітегіш-реттеуші арматуралар, қорғаныс құрылғыларды және БӨҚА нәтижелері журналға жазыла отырып, ай сайын қаралады;

2) аварияға қарасы, фонтанға қарсы және өртке қарсы қорғаны, газды кептіру жарықтандыру, желдету және авариялық сигнал беру, найзағайдан қорғану, статикалық электрден қорғану, байланыс және телемеханизация жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін техникалық жетекші бекіткен кесте бойынша бақылау жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет