Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі



бет8/15
Дата12.06.2016
өлшемі1.62 Mb.
#131117
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

17-бөлім. Өрт қауіпсіздігі
646. МГК барлау объектілерінде жобада белгіленген өрт қауіпсіздігі жөніндегі шарттар мен талаптар орындалады.

647. Объектілерге арналған қауіпсіздік қашықтықтары жобада көрсетіледі.

Отпен қыздыру аппараттарының қашықтықтары осы Талаптың 8-қосымшасында көрсетілген.

Өндірістік ғимараттар мен имараттардан авариялық немесе дренажды ыдыстарға дейінгі қашықтық жобада қарастырылады.

ЖОС және ЖС арналған жер үстіндегі авариялық (дренажды) ыдыстар жанбайтын қабырғамен немесе биіктігі 0,5 м кем емес құлатулармен қоршалады және пеш алаңынан 15 м кем емес қашықтықта орналастырылады.

Жер асты авариялық (дренажды) ыдыстар пеш алаңдарынан 9 м кем емес қашықтықта жеке немесе басқа дренажды ыдыстармен бірге (бір алаңда) орналастырылады.

648. Қауіпті объектілер аумақтары биіктігі 2 м, қақпаның ені 4,5 м көлік және өрт техникасы өтетінде шарбақтармен қоршалады.

Қоршаудан объектілерге дейінгі қашықтық 5 м кем емес.

Аумақтар қоршаулары бойымен сырт жағынан жарылыс өрт қауіпті объектілерді, ЛЖС және ЖС резервуарлы парктері үшін ені 10 м, жер үсті желілерден және өсімдіктерден бос өртке қарсы жолақ қарастырылады.

649. Факель бағаны маңындағы аумақтар биіктігі 7 м, радиусы 15 м жер опырылуымен қоршалады.

Факельді құрылғы аумағы биіктігі 1,6 м шарбақпен қоршалады.

Факельді бағаннан қоршауға дейінгі және факельді бағандар арасындағы қашықтық жылу техникалық есеп мәліметтер бойынша, 30 м кем болмай қабылданады.

650. Газ конденсатының ыдыстарын, сепараторларды, қондырғыларды, құдықтар және жобада көрсетілмеген факель маңындағы аумақ қоршауларын шегінде басқа да тереңдетулер құрылғыларын орналастыруға жол берілмейді.

651. Жер үсті газ құбырларын факельді құрылғы алаңында орналастыру жанбайтын тіреулермен және минималды қашықтықта жүргізіледі.

652. Топты орналастыру кезінде бір немесе бірнеше ұңғымалар сағаларының аумақтары биіктігі 1 м бровкалар ені валдың үсті бойынша 0,5 м болатын құлаулармен қоршалған.

Ұңғымалар саны 8 артық болатын топтар алаңдары периметрінің максималды ұзындығы бойынша қарама қарсы жаққа орналастырылған екі кіре беріспен қамтамасыз етіледі.

653. Су айдындары су тартқысы орнынан басталатын қашықтық:

1) отқа төзімділіктің I және II дәрежелі ғимараттарына дейін -10 м;

2) отқа төзімділіктің III, IV және V дәрежелі ғимараттарына дейін және жанатын материалдар қоймаларына дейін - 30 м;

3) өрт қауіптілігі бойынша А,Б,В,Е санаттарындағы өндірісі бар ғимараттар мен имараттар үшін – 20 м;

4) жанатын сұйықтары бар резевуарларға дейін – 40 м;

5) жеңіл жалындайтын сұйықтар мен сығылған жанатын газдары бар резервуарларға дейін - 60 м.

654. Су айдындарының қабылдайтын құдықтары мен гидранттары бар құдықтар автомобиль жолдарының шетінен 2 м артық емес қашықтықта орналасады, ал олардың 2 м артық орналасқан уақытында 12х12 кем емес алаңдары бар кіре берістермен қамтамасыз етіледі.

655. Өрт резервуарлары немесе су айдындары олардың радиусындағы объектілерге қызмет көрсету шартына байланысты орналасады:

1) автосорғыштар болғанда - 200 м;

2) мотопомп болған кезде, момотпомп типіне байланысты 100-150 м.

656. Ғимараттар мен имараттар осы Талаптың 10-қосымшасына сәйкес алғашқы өртке қарсы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Жоғары қысымды су құбырынан өрт гидранттарымен және жылжымалы құралдармен өрт сөндіру объектілер аумақтарында орналасқан сыртқы жарылыс өрт қауіпті құрылғыларда қарастырылады:

1) мұнайды дайындау құрылғыларында;

2) мұнай мен мұнай өнімдерінің резервуарлы парктерінде;

3) газ дайындау құрылғыларында;

4) мұнай сорғыш және газ компрессорлық станцияларда;

5) сығылған көмір сутек газдары қоймаларында;

6) ОЖС, ЖС және СУГ төгу - құю теміржол эстакадаларында.

Алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өрт сөндіру орталық жинау пунктінің аумағынан тыс орналасқан объектілерде қарастырылады:

1) өлшеу және сепарациялық құрылғылар;

2) сығатын сорғыш станциялар (тіке болат резервуар типіндегі резервуарлары жоқ);

4) химиялық реагенттерді беру және тот басу ингибаторларын орналастыру;

5) қабаттық және жаңбырлы суларды тазарту ғимараттары;

6) газ тарату станциялары, газды өлшеу және тазарту пункттері;

7) тазарту және диагностикалық құрылғыларды қабылдау және іске қосу алаңдары;

8) кен орындары аумақтарында орналасқан ғимараттар.

657. Өрт лафетті бағандар:

1) сыртқы жарылыс өрт қауіпті құрылғыларды – жанатын газдары, ОЖС және ЖС болатын биіктігі 30 м дейінгі колонналы аппараттарды қорғау үшін;

2) шикізат, тауарлы және аралық қоймаларда (парктерде) жанатын газдары, ОЖС және ЖС болатын шар және көлденең (цилиндрлік) резервуарларды қорғау үшін орналастырылады.

Биіктігі 30 м артық колонналы аппараттарды өрт кезінде аралас қорғау қарастырылады: 30 м биіктікке дейін – лафетті бағандармен, 30 м жоғары – сумен суландару жүйелерімен.

658. Сумен суландырудың стационарлық құрылғылары сыртқы жарылыс қауіпті және өрт қауіпті технологиялық құрылғыларда, сығылған газдардың сфералық және көлденең (цилиндрлік) резервуарларында және резервуар алаңының жоспарланған белгісінен негізгі биіктігін қоса алғанда, ал технико-экономикалық негіздеме кезінде төмен биіктіктерде қабырға биіктігі 12 м артық шикізат және тауарлы резервуарларда, биіктігі 30 м артық биіктігі колонналы типтегі аппараттардың өрт кезінде қызуынан және деформациялануынан қорғау үшін орналастырылады.

659. Ашық алаңдарда орналастырылған сорғыштар мен газ компрессорларды өрттен қорғау өрт гидранттарынан суландыру арқылы қарастырылады.

660. Технологиялық құрылғыларды, тауарлы-шикізат және аралық қоймаларды, төгу-құю терминалдарын (эстакадалар) өрттен қорғауға және өрт сөндіруге арналған сулар қоры өртті сумен жабдықтаудың сорғыш станциясы аумағында орналасқан екі резервуардан кем емес резервуарда сақталады.

661. Өрт сөндіру жүйесінің бағандарына апаратын трубақұбырлардың бітегіш штурвалдары құдықтар жабуы үстіне шығарылады.

Колонналы аппараттар мен резервуарлардың суару жүйесіне апаратын су айдындарында суды төгуге арналған төгу бұрандалары орналастырылады.

662. Стационарлық көбікті өрт сөндіру құрылғыларын қолдану негізделген жағдайда жобада қарастырылады.

663. Стационарлық көбікті құрылғыларды:

1) қорғалатын ғимараттарда орналасқан датчиктер-хабарландырулардан автоматты;

2) қорғалатын ғимараттарда (шығатын жерлерде) немесе оларға жақын және операторлықта орналасқан батырмалы іске қосушыдан дистанционды;

3) көбікті сорғыш станциясының ғимаратынан жергілікті қолмен іске қосу сызбалары бойынша жүргізіледі.

Стационарлық көбікті құрылғыларды автоматты және дистанционды іске қосу көбікті сорғыш станция ғимаратынан жергілікті қолмен іске қосумен қайталанылады.

664. Жинаудың орталық пунктінде орналасқан ОЖС және ЖС ашық сорғыштары және газкомпрессорлары үшін алаң мөлшері 500 м2 және одан жоғары болғанда жеңдерді көбіктің тасымалданатын генераторларына қосу үшін бұрандалары мен қосу бастары болатын баған бұранда орналасқан ерітінді құбыры желісінен тұратын көбікпен сөндіру құрылғылары қарастырылады.

Ерітінді құбырларының желісі көбік құрылғыларының сорғыш станцияларына тұрақты қосылумен қарастырылады.

Технологиялық құрылғыда көбікті сорғыш станция болмаған жағдайда, ерітінді құбырларын, оларға өрт кезінде жылжымалы өрт сөндіру құралдарын қосу мүмкіндігі болатын ашық сорғыш станциясының сыртына шығару қарастырылады.

Ерітінді құбырлары желісіндегі баған-бұрандалар 30 артық емес қашықтықта орналастырылады.

Стационарлық көбікті құрылғылардың ерітінді құбырлары желісін көбікті сорғыш станциясына тұрақты қосу кезінде операторлықтан батырмалы іске қосудан және ашық сорғыштардағы баған-бұрандалардан құрылғыны дистанционды іске қосу қарастырылады.

665. Ғимараттың немесе сорғыш станциясының II төмен емес отқа төзімділік дәрежесі, қондырғыларды, су құбырларын, кәріздерді, ішіндегі минималды температурасы 50 С төмен емес есептелген жылытуды монтаждауға жеткілікті ені болатын сыртқы есік ойықтары, тұрақты қолданыстағы желдеткіш, электрмен жабдықтау және қондырғыларды жөндеуге арналған көтергіш көлік құралдары болады.

Сорғыш ғимараттар конструкцияларында және басқа өрт сөндіру құрылғыларында полимерлі жылытқыштар мен жабулар қолдануға жол берілмейді.

666. Бір стационарлық көбікті құрылғы арқылы бірнеше ғимараттарды немесе имараттарға және ашық технологиялық құрылғыларға қызмет көрсетуге жол беріледі. Көбікті құрылғының өрт байқалған уақыттан құралдарды жану ошақтарына беруге дейінгі іске қосу үшін берілетін максималды уақыт 3 минуттан артық емес.

667. Сыртқы және ішкі ерітінді құбырларды көбіктен тазарту және ерітінді құбырларын көбік құрылғысымен жұмыс істегеннен кейін жуу үшін желінің төмендетілген орындарында орналастырылатын төгу бұрандаларына 0,005 кем емес еңіспен салынады.

668. МГК барлау объектілерінде ғимараттың 500 м3 кем көлемінде ОЖС, ЖС және СУГ сорғыштарында, қойма ғимараты еденінің 500 м2 кем аумағында ОЖС, ЖС және СУГ қоймаларында және ғимараттан тыс орналасқан ОЖС, ЖС және СУГ сорғыштары және еден ауданы 500 м2 дейінгі аумақтағы компрессорлықта технологиялық бу болмаған жағдайда жартылай стационарлық құрылғыларды қолдана отырып, көбікпен өрт сөндіру қарастырылады.

669. Алаңдарда, ғимараттар мен имараттарда өртке қарсы құралдарды сақтауға арналған қол жетімді орындар қарастырылады.

670. Өрт сигнал берушінің автоматты және қолмен хабарлағыштар кен орындарын орналастыру жобасында қарастырылған өртке қарсы қорғаныс жүйесі бойынша объектілер жабдықталады.

Қолмен хабарлағыш құрылғыларын орналастыру:

1) А, Б, В, және Е санатындағы өндірісі бар ғимараттар үшін ғимарат сыртында кіре берісте, хабарландырғыштар арасындағы қашықтық 50 м артық емес;

2) сыртқы құрылғыларда және А, Б, В, және Е санатындағы өндірісі бар ашық қоймаларда құрылғы, қойма периметрі бойынша бір –бірінен 100 м артық емес қашықтық арқылы;

3) ОЖС, ЖС және СУГ қоймаларында (парктерінде) бір – бірінен 100 м артық емес қашықтық сайын құлама периметрі бойынша;

4) ОЖС, ЖС және СУГ төгу – құю терминалдарында (эстакадалар) 100 м сайын, бірақта екіден кем емес (эстакадаларға қызмет көрсету баспалдақтары жанында). Өртті жарылыс және жарылыс қауіптілігі бойынша мұнайды жинау, дайындау және тасымалдау жүйесі объектілерінің ғимараттары мен сыртқы құрылғыларының классификациялары осы Талаптың 10-қосымшасында берілген.

671. Өрт сигнал беру және өрт сөндіру жүйесінің электр құрылғылары мен қондырғылары сенімділігін қамтамасыз ету жағынан 1 санаттағы электр қабылдағыштарға жатады. Электрмен жабдықтаудың бір көзі болғанда өртке қарсы қорғаныс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін электрмен қоректендірудің резервті көзі немесе аккумуляторлы батарея қарастырылады.

672. Өрт пайда болған жағдайда қауіпті объектілердің аумақтарында және ғимараттарында дыбыс және жарық сигнал беру іске қосылады.

Өрт сигналдары операторлыққа, күзету қызметіне, өртке қарсы және авариялық – құтқару қызметтеріне түседі.

673. Өрт сигнал берудің қабылдау станциялары өрт қызметінің байланыс пунктінде орналастырылады.

Байланыс пункттері болмаған жағдайда қабылдау станциялары қызмет көрсету персоналының тәулік бойы кезекшілік ететін операторлық ғимаратта орналастырылады.

674. Өрт қызметтері жедел және өндірістік бөлімшелермен, өрт және авариялық-құтқару қызметтерімен, медициналық қызметтермен тұрақты және қайталамалы байланыспен қамтамасыз етіледі.

Байланыс пункті, өрт қызметі және өрт автомобильдері арасында резервті арнасы бар тұрақты радиотелефонды байланыс қамтамасыз етіледі.

18-бөлім. Күкірт сутегі бар кен орындарындағы

қауіпсіздік талаптары

1-бөлімше. Объектілерге қойылатын жалпы талаптар
675. Күкіртсутегі әсер ететін қондырғылар, аппаратуралар, резервуарлар, трубақұбырлар технологиялық процесстер параметрлері, тот басу –агрессивті орта сипаттары және объектілерді пайдалану мерзімдері ескеріле отырып пайдаланылады және қызмет көрсетіледі.

Дайындаушының техникалық құжаттарында қондырғылар, аппаратуралар, резервуарлар, трубақұбырларды күкіртсутегінің парциальды қысымын ескере отырып, агрессивті ортада қауіпсіз қолдану қарастырылады.

676. Күкіртсутегі әсер ететін жағдайда пайдаланылатын мұнай, газ және конденсат жинау, дайындау және тасымалдау жүйесінің технологиялық қондырғылары мен трубақұбырларын тот басудан қорғау үшін тот басу ингибиторлары, күкіртсутегін бейтараптаушылар, жабулар мен материалдар, өнімнің тот басу белсенділігін төмендетудің технологиялық әдістері қолданылады.

677. Қондырғылар мен трубақұбырлардың әрбір түріне арналған тот басуды бақылау әдістері, мерзімділігі және орны дайындаушының техникалық құжаттарында, технологиялық регламентте анықталады.

678. Атмосфераға күкірт сутегін, зиянды заттар мен қоспаларды бөлуі мүмкін көздері болатын өндірістік объектілер желдің әртүрілі бағыттарында персоналдың қауіпсіз шығарылуын қамтамасыз ететін периметр бойынша күзетпен, қоршаумен және бақылау-жіберу пункттерімен қамтамасыз етіледі.

679. Кен орындарын орналастыру жобаларында персоналды шығару орындары мен маршруттары, жұмыс істеушілер мен тұрғындардың ұжымдық қорғаныс құралдары, қоршаған ортаның газдануын бақылау станциялары, газ қауіпсіздігі бекеттері, жел көрсеткіштері, бақылау-жіберу пункттері көрсетіледі.

680. Қауіпті объектілер қоршалады және күзету аумақтарының және санитарлық қорғаныс аумақтарының шекараларында қауіпсіздік белгілерімен, ескерту жазуларымен белгіленеді.

Қауіпті объектілер аумақтарына персоналды, көлікті және басқа техникаларды жіберу үшін бақылау-жіберу пункттері орналастырылады.

Көлік құралдары ұшқын өшіруі болған жағдайда, ал ОЖС, ЖС және СУГ тасымалдау кезінде статикалық электрді алуға арналған құрылғылары болғанда аумаққа жіберіледі.

681. Өндірістік алаңдар аумақтарында трубақұбырлар жер астында салуға жол берілмейді.

682. Объектілерде үлкен геометриялық көлемдегі мұнай газ өнімдері құбырлары болған жағдайда таралу аумағын және ШЖК санитарлық нормаларын ескере отырып, мүмкін авариялық тастаулар қауіптілігін және адамдар мен қоршаған ортаға минималды әсер етуін бағалау нәтижелері бойынша жобада көрсете отырып, күкірт сутегінің шектелген көлемінің әрбір секциясында болу шартында оларды секциялау қарастырылады.

683. Газ қауіпті объектілерде оқудан, нұсқаулықтан өтпеген, рұқсаты және ТО ЖҚҚ жоқ тұлғалардың болуына жол берілмейді.

684. Объектілер аумақтарына осы объектілерде қолданылмайтын токсикалық, өрт қауіпті заттарды, бір мезгіл сақтауға жататын белгіленген нормативтерден артық болатын мөлшердегі қолданылатын қауіпті заттарды кіргізуге жол берілмейді.

685. Тұрақта қызмет көрсету персоналы болмайтын жарылыс өрт қауіпті объектілер (ұңғымалар алаңдары және тағы басқа) тиісті қауіпсіздік белгілерімен және ескерту жазулармен қоршалады және жарақтандырылады. Бұл объектілер тұрақта қызмет көрсету персоналы болатын өндірістік объектілер аумақтарына алыс орналасқан, коммуникациялар трассалары регламентті зерттеулер мен қараулар арқылы технологиялық регламентке сәйкес бақыланады.



2-бөлімше. Ұңғымалар құрылысын жобалауға, мұнай, газ және конденсат кен орындарын орналастыру және барлауға қойылатын талаптар
686. Жобалау келесі талаптар ескеріле отырып іске асырылады:

өнеркәсіп кәсіпорындарын жобалаудың санитарлық нормалары СН 245;

тастауға қарсы қондырғылар. Конструкциялардың типтік сызбалары негізгі параметрлері және техникалық талаптары МСТ 13862;

өнеркәсіп кәсіпорындарының трубақұбырлары. Тану бояулары, ескерту белгілері және маркирлеу щиткалар МСТ 14202;

өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар МСТ 12.1.004 ССБТ;

жұмыс аумағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық–гигиеналық талаптар МСТ 12.1.005 ССБТ;

зиянды заттар. Қауіпсіздік классификациясы және жалпы талаптар. МСТ 12.1.007 ССБТ;

өндірістік қондырғылар. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары МСТ 12.2.003 ССБТ;

фильтрленетін тыныс органдарының жеке қорғаныс құралдары Жалпы техникалық талаптар МСТ 12.4.041 ССБТ.

Жобалауға арналған техникалық тапсырмаларда басқа параметрлермен бірге кен орындарының қабатты флюидіндегі күкірт сутегінің болуы көрсетіледі.

687. Кен орындарын барлау жобаларында қосымша:

1) жекелеген ұңғымаларда күкірт сутегі болуының нақты қысқаша талдауы;

2) қондырғылар мен трубақұбырларды ингибиторлық қорғау талаптары;

3) мұнай және газ фонтандарының пайда болуының алдын алу жөніндегі шаралар келтіріледі.

688. Бірінші барлау ұңғымаларының қабатты флюидінде күкірт сутегінің жоғары болуы анықталған жағдайда, оны әрі қарай тереңдету және осы алаңдағы келесі барлау ұңғымаларын бұрғылау санитарлық-қорғаныс аумақтары орнатылғаннан кейін (әрі қарай – СҚА) жол беріледі.

689. Кен орындарын орналастыру жобасын әзірлегенге дейін бас жобалаушы СҚА мөлшерін анықтайды.

690. Кен орындарын өз құрамында орналастыру жобасының қауіпсіздіктің өнеркәсіп декларациясы болады.

691. Кен орындарын орналастыру жобаларында газ қауіпсіздігі аралдарын орналастыру орындары, жұмыс істеушілер мен тұрғындардың ұжымдық қорғаныс құралдары, қоршаған ортаның газдануын бақылау станциялары, газ қауіпсіздігі бекеттері, жел конустары, НТҚ талаптарын ескере отырып бақылау-жіберу пункттері көрсетіледі.

692. Жобалық шешімдер табиғи ортаның соның ішінде мүмкін авариялық зиянды заттар тастаулары кезінде техногенді қайтарылмайтын мүмкіндіктерін болдырмайтын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, өндірістік процесстер мен қондырғылардың сенімділігі мен авариясыздығын бағалау негіздемесін, зиянды заттар тасталумен байланысты болжанатын авариялық жағдайлардың пайда болу және оның мүмкін зардаптарын бағалауды, аварияны жою және жұмыс істеушілер мен тұрғындарды қауіпті өндірістік факторлардан қорғауды қарастырады.

693. Жобалау құжаттарының құрамында газ қауіпті объектілердің шекаларындағы жер бетіндегі атмосфералық ауа қабатының әртүрлі метеожағдайларда зиянды шектік жіберілетін концентрациялардың арту мүмкіндігін болдырмайтын ЖҚҚ есептері мен мөлшерінің негіздемесі, толық көлемде қарастырылады.

694. ЖҚҚ есептері мен негіздемелерін максималды (көлемі және ұзақтығы бойынша) болжанатын зиянды заттарды авариялық тастауларды ескере отырып, аттестацияланған ұйым жүргізеді. ЖҚҚ аумақтарында тұрғындардың өмір сүруіне жол берілмейді. Вахталық әдістер кезінде ЖҚҚ орналасқан кен орындарын орналастыру жөніндегі барлық жобалық шешімдер орындалу шартында жұмыс істеушілерге вахталық кенттерде тұруға жол беріледі.

695. Өндірісті селитебті аумақтардан, ЖҚҚ бөлетін аумақтар жұмыс істеушілердің қауіпсіздігін, аумақта орналасқан өнеркәсіптік және басқа объектілердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді. ЖҚҚ кен орындарын орналастыру жобасында көзделген ғимараттарды, имараттарды, бөлмелердің дүкендер, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын, емханалар, осы және маңында орналасқан кәсіпорнындарға қызмет көрсетумен байланысты ғылыми зерттеу зертханалары, инженерлік ғимараттар мен кәсіпорындар мен ЖҚҚ көгалдандыруға арналған өсімдіктер қорын орналастыруға жол беріледі.

ЖҚҚ аумағында спорт ғимараттарын, парктерді, мектептер, балалар мекемелері, емдеу-профилактикалық және жалпы пайдаланудағы сауықтыру емдеу мекемелерін орналастыруға жол берілмейді.

696. Авариялық тастаулар кезінде персоналдың газ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған негізгі ұйымдастыру-техникалық шешімдердің әрқайсысы бойынша жобалық құжаттарда қажетті құралдар, материалдардың нақты типтері мен мөлшеруі, оларды сақтау және жұмысқа дайындау орындары (ғимараттар) негізделеді және анықталады.

697. Авариялық жағдайлар туындаған кезде, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық шешімдер белгіленген тәртіппен келісіледі.

698. Бірінші барлау ұңғымасында қабаттық флюидте жобада қарастырылмаған күкірт сутегі анықталған жағдайда, оның әрі қарай құрылысы осы Ереженің талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.

699. Жобалау құжаттарында жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар қабылданады.

Ұйымның кен орындарын орналастыру жобасы негізінде кен орындарының барлық шекараларында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар әзірленеді және табиғат қорғаудың аумақтық өкілетті органдарымен келісіледі.

700. Ұңғымалардың техникалық жобаларында қосымша:

1) ашық фонтандау кезінде сағаларды жабу (гереметизациялау) мүмкіндігін қамтамасыз ететін орама, лифтілік колонналардың мықтылығы;

2) бұрғылау жетекші, сорғыш - компрессорлық трубалардың және трубалы коллоналар элементтерінің тозуын тексеру және тот басу жағдайын бақылау әдістері және мерзімділігі;

3) колонна бастары типтері, оларды сынау және монтаждау (дәнекерлеу, қосуларды қолданбай) әдістері;

4) бейтараптаушылар типтері бұрғылау ерітіндісіндегі күкірт сутегін бейтараптау әдістері және технологиясы, ұңғымаларды бұрғылау барлық процесстеріне арналған үшін осы мақсаттарға арналған реогенттер шығыны;

5) бұрғылау ерітіндісіндегі күкірт сутегінің және реогент нейтрализатордың болуын бақылау әдістері;

6) бұрғылау ерітіндісін реогент бейтараптаушылармен қосымша өңдеу шарттары;

7) бұрғылау алаңының жұмыс аумағын, мұнара астындағы кеңістікті және сорғыш блогы және бұрғылау ерітіндісін тазарту ғимаратын қоса алғанда бұрғылау ғимаратын желдету әдістері және құралдары;

8) бұрғылау процессінде адамдар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар ұңғымаларды сынау және игеру;

9) жұмыс аумағындағы ауада күкірт сутегінің болуын бақылау әдістері және құралдары;

10) бұрғылау ерітіндісінен әрі қарай жандыру арқылы газ бөліну технологиясы;

11) авариялық цементті көпірді орнату технологиясы;

12) ингибиторлар типтері, олардың сұраныс көлемі;

13) мұнай газ су пайда болуын ескерту және алдын ала анықтау шаралары;

14) жабық ыдыстарда бейтараптау және әрі қарай пайдаға асыруға дейін сұйық өнімдерді жинау және сақтау тәртібі;

15) құралдарды көтеру кезінде ұңғымалардың толуын бақылау әдістері;

16) құралдарды түсіру кезінде ұңғымалардан шыққан ерітінділерді бақылау әдістері;

17) күкірт сутегі әрекетіне төзімді және орама коллоналарды цементтеуге арналған геологиялых техникалық шарттарға жауап беретін тампонажды қоспалар.

701. Күкірт сутегі болатын қабаттарды ашу, ұңғымаларды жерасты жөндеу (әрі қарай ҰЖЖ) және ұңғымаларды қүрделі жөндеу (әрі қарай ҰКЖ) кезінде ұңғыма сағасынан жел жағынан 65-70 м қашықтықта орналасатын газ қорғаныс және құтқару құралдары, құралдар, дәрі-дәрмектер қорын сақтауға арналған жылжымалы қойма ( вагон-үй, фургон) жабдықталады.

702. Жану немесе адамдардың улануын болдырмау мақсатында пирофорлық қалдықтарды қоқыстар және керндерді көму жоба бойынша жүргізіледі.

703. Мұнай, газ конденсат құбырларының суасты өту бөліктерін зерттеу сүңгуірлер қызметі күштерімен жылына бір реттен жиі емес жүргізіледі, мұнай, газ конденсат құбырларының өтетін орын жармаларында су айнасын және төмен қарай ағыс бойынша сырттан қарау трассаларды қарау журналында бергілене отырып, ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.


3-бөлімше. Құрылысқа, аумақтарға, өндірістік объектілерге және ғимараттарға қойылатын талаптар
704. Қауіпті өндірістік объект құрылысын қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушы (тапсырыс беруші):

1) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге бақылау тұлғасын тағайындайды;

2) мердігерге бекітілген және өндірістік қауіпсіздік сараптамасынан өткен жобалау құжаттаманы мердігер және екінші мердігерге жұмыстарды орындау үшін қажетті мөлшерде береді;

3) жұмыс орындаушылардың қондырғылар мен материалдарды жеткізіп берушілердің қажетті рұқсат құжаттарының болуын тексеру;

4) жобадан ауытқу, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін материалдарды пайдалану және жұмыстарды орындау анықталған кезде жұмысты тоқтатады және орындаушыларға анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқау береді.

705. Мұнай, газ және газ конденсат кен орындарын игеруге арналған тау-кен орындарының аумақтары бөлінген және белгіленген тәртіппен рәсімделген.

706. Күкірт сутегі жоғары болатын мұнай, газ және газ конденсат кен орындарына арналған тау-кен аумақтарында өндірістік және мұнай, газ және газ конденсат өндірумен байланысты емес басқа объектілерді салуға жол берілмейді.

707. Өнеркәсіптік алаң, өнеркәсіптік ғимараттардың технологиялық қажеттілікпен және жобада қарастырылғаннан басқа жертөле, тереңдетулер, жабылмаған траншеялар және каналдар болмайды.

708. Өндірістік объектілер мен ғимараттар күкірт сутегі бөліну мүмкін көзіне қатысты жел жағынан орналасады.

709. Күкірт сутегі бар кен орындарында ұңғымалар сағасынан бұрғылау сорғыштарына дейінгі қашықтақ 30 м кем емес. Сорғыш ғимараты циркуляциялық жүйенің ашық учаскелерінен тұтас қабырғалармен бөлінген.

710. Геофизикалық қондырғылар (зертхана, көтергіш) ұңғыманы зерттеуге арналған автомобиль двигателінен шығыр сымы бар құрылғы ұңғымалар сағасынан 25 м кем емес қашықтықта орнатылады.

711. Ғимараттардың орналасуында тұйықталған және жартылай тұйықталған аулалардың болуына жол берілмейді. Ғимараттың негізгі шығатын орны қондырғы және құрылғыдан қарама-қарсы жаққа бағытталады.

712. Бұрғылау және өнеркәсіп алаңдары аумақтарында жел бағытын (конус, флюгер және басқалар) анықтауға арналған жақсы көрінетін құрылғылар орнатылады. Қараңғы уақытта құрылғы жарықтандырылады.

Бұл құрылғылардың саны типтері және орнату орны жобада анықталады.

Объектіде жарық жақтары көрсеткіштерінің болуы қарастырылады.

713. Трубақұбырларды қосу дәнекерлеу. Фланцты қосуларды арматуралармен құралдарды тіреуге жақын орналастыру орындарында қолдануға жол беріледі.

714. Персоналы бар ғимараттарда:

1) қондырғылар мен трубақұбырлардың, оларда БӨҚАҚ, қорғаныс, бітегіш реттеу құрылғылары көрсетіле отырып, орналасудың технологиялық сызбасы, күкірт сутегі датчиктерін орналастыру және ауа ортасын бақылау нүктелерінің орналасу сызбасы;

2) авариялық қоймалар газ қауіпсіздігі аралдары, өрт құралдары, жұмыскерлердің қорғаныс құралдары (әрі карай ЖҚҚ), адамдар және көліктер қозғалысының негізгі және қосалқы бағыттары авариялық жағдайда ауадағы күкірт сутегінің таралу және жиналу орындарының басым бағыттары, байланыс және хабарлау құралдары көрсетіле отырып, объект сызбасы;

3) АҚҚ, өрт күзеті және медициналық санитарлық бөлім телефон номерлері көрсетілген хабарлау сызбасы;

4) АЖЖ жедел бөлігі ілінеді.

715. Өндірістік объектілер газ қауіпті орындар және оларға жақын орналасқан аумақтар (соның ішінде кіре-беріс жолдар), қолданыстағы мұнай, газ, мұнай және конденсат құбарларының трассалары қауіпсіздік белгілерімен және жазуларымен қамтамасыз етіледі.

716. Күкірт сутегі бар газдарды атмосфераға жандырмай немесе бейтараптамай шығаруға жол берілмейді.

717. Аппараттар және ыдыстардың жұмыс және резервті қорғаныс қалқаншаларынан газдың тасталуы факельді жүйеге жүргізіледі.

718. Күкірт сутегі бар сұйықтарды бейтараптамай анық кәріз жүйесіне төгуге жол берілмейді.

719. Күкірт сутегі бар сұйықтардың төгілуі мүмкін өндірістік ғимараттар оны судың үлкен мөлшерімен жуу және жабық кәріз жүйесіне шығаруға арналған құрылғымен жабдықталады.

720. Вахталық кен орындарын орналастыру жобасында белгіленген қашықтықта ЖҚҚ тыс орналастырылады.

721. Вахтаның тағам дайындау және қабылдауға, жұмыстан бос уақытта демалуына арналған ғимараттар ұңғыма сағасынан 200 м кем емес қашықтықта орналасады.

722. Күкірт сутегі жоғары болатын кен орындарын да оны барлаумен байланысты объектілер салынады. Кен орнының шегінде уақытша және тұрақты объектілер құрлысының тізімі жобада анықталады.

723. Бұрғылау құралдарының өндірістік объектілерінің ғимараттары ШЖК жеткен кезде күкірт сутегіне датчиктерден қосылатын механикалық әсер ететін қиылысқан тұрақты жұмыс істейтін тартпа желдеткішпен жабдықталады.

724. Қызмет көрсететін персоналдың мерзімді болатын ғимараттарында ғимараттың сыртынан қолмен іске қосылатын газ анализаторлар және желдеткіш құрылғылар орнатылады.

Кен орны шегінде жұмыс істейтін персонал ұйым диспетчерімен сенімді екі жақты телефон немесе радиобайланыспен (тұрақты шығарумен), ал газ қауіпті объектіде тікелей жұмыс істейтіндер - ұйым диспетчерімен, көлік ұйымымен, ЖҚҚ қосымша телефон байланысымен қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет