Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі



бет15/15
Дата12.06.2016
өлшемі1.62 Mb.
#131117
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

__________________

Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі талабына

16-қосымша



Бұрғылау ерітінділеріндегі күкірт сутегі мен

сульфидтерін бақылау әдістері

1. Бақылау өлшеулерінің түрлері мен мерзімділігі
1. Бұрғылау жағдайында күкіртсутегінің түсуі ерітіндіде сапалы әдістермен анықталатын суда ерімейтін және суда еритін сульфидтердің пайда болуы бойынша бақыланады.

2. Сапалы талдау ұңғымаларды бұрғылау және әрбір сағат сайын жуу процессінде жүргізіледі.

3. Суда еритін сульфидтердің пайда болуы кезінде олардың мөлшері экспресс-әдіс бойынша анықталады.

4. Үш тәулікте бір реттен жиі емес мерзімде күкіртсутегі және сульфидтердің болуының сандық мөлшері анықталатын бұрғылау ерітіндісінің сынамасы бұрғылау жұмыстары басқармасының экспедициясының зертханасына (әрі қарай – БЖБ) жіберіледі. Сонымен қатар, экспедиция зертханасында (БЖБ) осы мәліметтер болмайтын реагенттерге арналған сіңіру қабілеті мен кинетикалық параметрлерді бағалау жүргізіледі.

5. Ұңғымаларды бұрғылау аяқталғаннан кейін, қоқыстарды нейтрализациялау жөніндегі арнайы шаралар өткізу қажеттілігін анықтау үшін оны сульфидтердің болуына талдау жасайды.

2. Күкіртсутегі және сульфидтердің

болуын жалпы бақылаудың сапалы әдістері
6. Аппаратура, реактивтер, материалдар:

1) сыйымдылығы 250 см3 (МСТ 1770 - 74Е) конусты колбалар;

2) сыйымдылығы 1000 см3 реактивтерді сақтауға арналған тығындары тығыз салынған кішкентай шыны ыдыстар;

4) тұз қышқылы (МСТ 3118), 10 – процентті ерітінді;

5) дистиллирленген су (МСТ 6709);

6) қорғасында индикаторлы қағаз;

7) алюмокалийлі ашытқылар (МСТ 4329);

8) магнитті араластырғыш;

9) күкіртсутегі анықтауға арналған индикаторлы трубка ГХ - 4ТИ.

7. Анализ жүргізу:

1) су негізіндегі бор ерітіндісіндегі сульфидтердің жалпы болуын анықтау үшін сыйымдылығы 250 см3 колбаға 25 см3 бұрғылау ерітіндісін және 150 см3 дистиллирленген су құйып, магнитті полиэтилен қабыққа салады және 25 см3 10 – процентті тұз қышқылының ерітіндісі құйылады. Содан кейін колбаны индикаторлы (немесе қорғасынды қағазбен жабады) трубкасы бар резина тығынмен жабады. Трубка ішіндегі заттың қараюы (немесе қорғасын қағаз) бұрғылау ерітіндісіндегі сульфидтер мен күкіртсутегі болуын көрсетеді;

2) мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісін 1:1 қатынаста дизельді отынмен араластырады, алынған қоспаның 10 см3 бөлігін сыйымдылығы 100 см3 колбаға алады, 10 см3 деэмульгаторды (дисольван) қосып мұқият араластырады. Содан кейін колбаға 10-20 см3 10 – процентті тұз қышқылын қосып, жедел индикаторлы трубкасы бар (немесе қорғасынды қағазбен жабады) тығынмен жабады. Трубка ішіндегі заттың қараюы (немесе қағаз) бұрғылау ерітіндісіндегі сульфидтердің болуын көрсетеді;

3) анализді тездету үшін колбаны 60-70о C қыздырады, құрамын магнитті араластырғышпен араластырады.

3. Суда еритін сульфидтерді бақылаудың сапалы әдістері
8. Анализ 7 - тармаққа сәйкес жүргізіледі, бірақ тұз қышқылы орнына колбаға 3-5 грамм алюмокалий ашытқыларды қосады.

4. Күкіртсутегі мен суда еритін сульфидтерді

сандық анықтаудың экспресс - әдісі
9. Аппаратура, реактивтер, материалдар:

1) сыйымдылығы 200 см3 (МСТ 23932) конус түпті колбалар;

2) магнитті араластырғыш;

3) вакуумды сорғыш;

4) алюмокалийлі ашытқылар (МСТ 4329);

5) КСК немесе N маркілі силикагель;

6) 1-процентті қорғасын ацетатының ерітіндісі;

10. Анализ жүргізу:

1) күкіртсутегі мен суда еритін сульфидтерді сандық анықтаудың экспресс - әдісіне арналған құрылғыларда жүргізіледі;

2) су негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің анализін жүргізу үшін цилиндрмен 10 см3 сынама алады, ол 5-еселік су көлемімен реакторға тасымалданады. рН төмендету үшін реакторға 3-5 грамм алюмокалий ашытқыларын қосады;

3) бұрғылау ерітіндісін көмір сутек негізінде анализ жасау үшін 10 см3 сынаманы дисольванмен (деэмульгатормен) 1:1 қатынаста араластырады және 5-еселік дизельді отын мөлшерімен жуа отырып, реакторға тасымалдайды, содан кейін 3-5 грамм алюмокалий ашытқысын қосады;

4) реактор барботерлі резина тығынмен жауып, индикаторлы трубкамен қосылады. Суда еритін сульфидтер таралу кезінде бөлінген азотты үрлеу есебінен күкіртсутегі индикаторлы трубка арқылы өтеді және қорғасын ацетатымен сіңірілген силикагельдің боялуын жүргізіледі;

5) азотпен үрлеу уақыты - 1 сағат;

6) боялған силикагель қабатының биіктігі ерітіндіден бөлінген күкіртсутегі мөлшеріне пропорционал;

7) анализді жеделдету үшін реактор 60 - 700 C дейін қыздырылады және магнитті араластырғышпен араластырылады;

8) зерттелетін сынамадағы сульфид күкіртсутегі концентрациясы келесі формула бойынша есептеледі:


,

Бұл жерде: - сынамадағы күкіртсутегі концентрациясы, мг/дм3;

H - боялған силикагель қабатының биіктігі, мм;

К - өлшеу трубкасының ішкі диаметріне тәуелді коэффициент;

V – бұрғылау ерітіндісі сынамасының көлемі, см3.

5. Бұрғылау ерітіндісіндегі күкіртсутегі және

сульфидтердің сандық мөлшері
11. Бұрғылау ерітіндісіндегі күкіртсутегі және сульфидтердің сандық мөлшері кәсіпорынның техникалық жетекшісі белгілеген және өнеркәсіп қауіпсіздігі ережелері саласындағы өкілетті органмен келісілген күкіртсутегі мен сульфидтердің сандық мөлшерін анықтау әдістемесіне сәйкес анықталады.

_________________



Мазмұны


1-бөлім

Жалпы талаптар





1-бөлімше

Жобалау жөніндегі жалпы талаптар




2-бөлімше

Объектілер құрылыс және іске қосу жөніндегі жалпы талаптар




3-бөлімше

Қондырғыдар мен трубақұбырларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі негізгі талаптар




2-бөлім

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау




3-бөлім

Аумақтар және санитарлық – гигиеналық жағдайлар




4-бөлім

Сағаларды орналастыру және ұңғымаларды пайдалану




1-бөлімше

Сағалық алаң




2-бөлімше

Ұңғымаларды сынау және игеру




3-бөлімше

Фонтанды және газ лифтілі ұңғымаларды пайдалану




4-бөлімше

Штангілі сорғыштары бар ұңғымаларды пайдалану




5-бөлімше

Ортадан тепкіш, дифрагменді,бұрандалы, жүк тиегіш электр сорғыштары бар ұңғымаларды пайдалану




6-бөлімше

Гидропоршенді және сорғалап ағатын сорғыштары бар ұңғымаларды пайдалану




7-бөлімше

Қысымды ұңғымаларды пайдалану




8-бөлімше

Ұңғымаларды зерттеу




9-бөлімше

Ұңғымаларды интенсификациялау




10-бөлімше

Ұңғымалар өнімдерінің өлшеу құрылғылар




11-бөлімше

Сепарациялық құрылғылар




12-бөлімше

Қабат суларын алдын ала төгу құрылғылары




13-бөлімше

Сығатын сорғыш станциялар




5-бөлім

Кәсіби роликті трубақұбырлар




6-бөлім

Мұнайды дайындау құрылғылары




1-бөлімше

Мұнайды дайындаудың технологиялық кешені




2-бөлімше

Блокты құрылғылардың трубала пештері мен отты қыздырғыштарын пайдалану




3-бөлімше

Жалынсыз панельді оттықтары бар пештерді пайдалану




4-бөлімше

Электрмен тұзсыздандыру құрылғыларын пайдалану




5-бөлімше

Өнімдерді сепарациялау




6-бөлімше

Блокты қыздыру құрылғылары




7-бөлімше

Тұрақтандыру құрылғылары




8-бөлімше

Трубақұбырларында мұнайларды деэмульсациялау




9-бөлімше

Мұнай, газ, конденсат және суды есепке алу




7-бөлім

Резервуарлы парк




8-бөлім

Мұнай сорғыш станциялар




9-бөлім

Газды дайындау құрылғылары




1-бөлімше

Табиғи газды өндіру




2 -бөлімше

Қауіпсіз пайдалану талаптары




10-бөлім

Газкомпрессорлық станциялар




11-бөлім

Факельді жүйе




12-бөлім

Технологиялық процесстерді автоматизациялау




13-бөлім

Байланыс және сигнал беру




14-бөлім

Электрмен жабдықтау және электр қондырғылары




15-бөлім

Сумен жабдықтау, кәріздер және қабатқа су айдау




1-бөлімше

Сумен жабдықтау жүйесі




2-бөлімше

Кәріздер жүйесі




3-бөлімше

Сумен толтыру жүйесі




16-бөлім

Жылумен жабдықтау және желдету




1-бөлімше

Жылыту жүйесі




2-бөлімше

Желдеткіш жүйесі




17-бөлім

Өрт қауіпсіздігі




18-бөлім

Күкірт сутегі бар кен орындарындағы

қауіпсіздік талаптары






1-бөлімше

Объектілерге қойылатын жалпы талаптар




2-бөлімше

Ұңғымалар құрылысын жобалауға, мұнай, газ және конденсат кен орындарын орналастыру және барлауға қойылатын талаптар




3-бөлімше

Құрылысқа, аумақтарға, өндірістік объектілерге және ғимараттарға қойылатын талаптар




4-бөлімше

Қондырғыларға, механизмдерге, құралдарға қойылатын талаптар




5-бөлімше

Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу




6-бөлімше

Ұңғымаларды игеру және гидродинамикалық зерттеу




7-бөлімше

Ұңғымаларды пайдалану және жөндеу




8-бөлімше

Мұнай, газ және газ конденсатын жинау және дайындаудың технологиялық процестері




9-бөлімше

Персоналға және қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар




10-бөлімше

Ауа ортасын бақылау




19-бөлім

Ұңғымаларды консервациялау және жою




20-бөлім

Ұңғымаларды бұрғылау және бекіту




21-бөлім

Мұнай және газ ұңғымаларын жер асты жөндеу




1-бөлімше

Дайындау және мұнара монтаждау жұмыстары




2-бөлімше

Көтергіш агрегат




3-бөлімше

Ұңғымалар бітеу




4-бөлімше

Түсіру- көтеру операциялары




5-бөлімше

Ұңғымаларды жер асты жөндеу




6-бөлімше

Ұңғымаларды жөндеу кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі талаптары




7-бөлімше

Қорытынды жұмыстар




8-бөлімше

Ұңғымалардың топтық орналасуы кезінде жер асты жөндеу ерекшеліктері




22-бөлім

Қоршаған ортаны қорғау




Терминдер мен анықтамалар




1-қосымша

Қабылданған қысқартулар




2-қосымша

Газдар, мұнай өнімдері мен зиянды заттар

буларының қасиеттері






3-қосымша

Жарықтандыру нормалары




4-қосымша

Мұнай кен орындарын ғимараттар мен имараттардан орналастырудың минимальды қауіпсіз қашықтығы




5-қосымша

Өрт жарылыс және өрт қауіпсіздігі кезінде мұнай газ кен орындары объектілерінің ғимараттары мен сыртқы құрылғынларының классификациясы




6-қосымша

МГК барлау объектілерін тазарту және кәсіби

трубақұбырларды сынау кезіндегі қауіпті

аумақтардың шекаралары





7-қосымша

Мұнай дайындау құрылғысын пайдалануға арналған

технологиялық регламентті әзірлеу жөніндегі ұсынымдар






8-қосымша

Отпен қыздыру агрегатынан ғимараттар мен

имараттарға дейінгі қауіпсіз қашықтық



(ТПУН 3-85 технологиялық жобалау ноормалары бойынша)




9-қосымша

МГК барлау объектілерінің сенімділігі бойынша электрмен жабдықтаудың электр қабылдағыштарының санаттары




10-қосымша

Өрт сөндірудің алғашқы құралдары




11-қосымша

Жұмыскерлердің хабарласуына арналған шартты сигнал берулер




12-қосымша

Дәрігерге дейін көмек көрсету құралдары




13-қосымша

Абсолютті қысымынан Рабс, парциальды қысымынан және оның концентрациясына байланысты 890 нм33.кем газ факторлы көп салалы флюидке арналған «мұнай-газ-су» күкіртсутегінің стандартты және СКР төзімді орындаудағы қондырғыларды қолдану салалары




14-қосымша

Күкірт сутегінің стационарлық және тасымалдаушы


газ сигнал берушілерінің тізімі




15-қосымша

Ауа ортасын бақылау журналы





16-қосымша

Бұрғылау ерітінділеріндегі күкірт сутегі мен сульфидтерін бақылау әдістері







Мазмұны







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет