3. Химиялық талдаудың қолданбалы түрлері.
Қазіргі кезде кез-келген шикізаттың және өнімнің сапасын анықтау үшін қолданбалы аналитикалық қызметтің маңызы жоғары.
2 кесте Химиялық талдаудың қолданбалы түрлері
№
|
Қолданбалы аналитикалық қызмет
|
Талданатын нысан
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
|
Техникалық талдау
Ауыл шаруашылық талдау
Азық – түлік талдауы
Биохимиялық талдау
Тазалық - химиялық талдау
Дәрі-дәрмектік талдау
Заттардың улылығын талдау
Сот – химиялық талдау
|
Кен, техникалық шикізат, металдар
Топырақ, тыңайтқыштар, Жем-шөп т.б.
Ас-тағамдары
Қан, зәр
Қоршаған ортаның тазалығы (ауа, су)
Дәрі дәрмектік шикізат, дәрілер
Өсімдік және жануарлар құрамындағы улы заттарды анықтау
Адам дене мүшелері (улар). Тіршілік қалдықтары.
|
Фармацевтер үшін ең маңызды қолданбалы сала фармацевтикалық талдау болып табылады. Оның мақсаты медициналық өндіріс және дәріханалар дайындайтын дәрігерлердің сапасын анықтау. Фармацевтикалық талдауды фармацевтикалық химия қарастырады. Ол дәрілік препараттардың қасиеттерін және химиялық талдаудың фармакогнозия; дәрілер технологиясы, дәрілер өндірісін сатылы бақылауды қарастырады. Заттардың улылығын тексеру және соттық химиялық талдаумен токсикологиялық химия айналысады. Фармацевтикалық талдау химия – фармацевтикалық заводта, фабрикалар мен дәріханалық басқармаларда, аналитикалық бақылау зертханаларында жүргізіледі.
4. Аналитикалық реакциялар және аналитикалық сигнал
Аналитикалық реакциялардың нәтижелері бойынша немесе заттардың аналитикалық қасиеттерін өлшей отырып химиялық талдауды жүргізеді. Химиялық талдауда жасалынатын заттың немесе қосылыстың ерекше көзге түсетін химиялық немесе физикалық қасиеттері болуы тиіс, оны аналитикалық қасиеттер деп атайды. Бұл аналитикалық қасиеттер оның сапасын және сандық үлесін анықтауға мүмкіндік береді, ал осы қасиеттерін көрсететін реакциялар – аналитикалық реакциялар деп аталады. Кез – келген ионның аналитикалық қасиетін көрсететін химиялық реактивті реагент деп атайды. Реагенттің әсерінен аналитикалық өзгеріс түріндегі хабар, белгі – сигнал пайда болуы мүмкін. Аналитикалық сигнал деп тұнба немесе түсті қосылыстардың түзілуін, газдың бөлінуін т.б. айтамыз. Аналитикалық сигнал қосылыстардың сапалық және сандық құрамы туралы мәлімет береді. Мысалы, аммиакты ерекше иісіне сүйеніп анықтауға болады.
3 кесте Иондардың сапалық реакциялары
№
|
Анықталатын ион
|
Реагент
|
Реакция өнімі
|
Аналитикалық сигнал
|
1.
2.
3.
|
|
|
|
Ақ тұнба
Қызыл түсті ерітінді
Газ бөлінеді
|
Аналитикалық сигналдарды көзбен көріп және түрлі құралдармен байқауға болады.
Аналитикалық реакцияларды ортақ және жеке деп айырады.
Бір реагент бірнеше иондармен әрекеттесетін реакцияларды ортақ реакция деп атайды. Мысалы, HCl ерітіндісі катиондарымен әрекеттесіп хлоридтер түзеді. Ортақ реакциялар зерттелетін ерітіндіде бір топ катиондардың болуын болжауға мүмкіндік береді.
Реагенттердің ионның бір түрімен ерекше қосылыстар түзу реакцияларын жеке реакция деп атайды.
Ортаның нақты жағдайында (рН т.б.) орындалатын ортақ реакцияларды топтық реакциялар, ал қолданатын реагентті топтық реагент деп атайды. Мысалы, ерітіндісіне иондарын этил спирті қатысында тұнбаға түсіреді, яғни осы топ катиондарының топтық реагенті болып табылады. Топтық реагентті көбінде белгілі бір топ иондарын тұнбаға түсіру үшін пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |