Модуль 04: «Іргелі білім»



бет45/100
Дата21.02.2024
өлшемі3.34 Mb.
#492757
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   100
УМКД АНиФКХ ТПП-23-1-7

5. Химиялық реактивтер
Химиялық реактивтер деп заттарды талдау мен синтездеу үшін және химиялық реакциялар жүргізуде қолданылатын заттарды айтады. Олар бірқатар талаптарға сай болуы қажет. Олардың негізгілері – тазалығы, сезгіштігі болып табылады.
Химиялық реактивтері («т»), таза («ч») – құрамында 2% -ке жуық қоспа болады, талдау үшін таза («ч.д.а»)- құрамындағы 1%-тей қоспа болады, химиялық таза («х.ч») – құрамындағы қоспа 1% -тен төмен, жоғары эталондық таза («в.э.ч») – құрамындағы 0,01-0,00001 % қоспа болады, аса таза («ос.ч») деп бөлінеді.
Реактивтің құрамындағы қоспаның мөлшері ГОСТ-пен анықталады да, реактивтің атауымен бірге беріледі. Химиялық талдау жасауда көбінде «чда» және «хч» реактивтері қолданылады.
Қолданылуына сәйкес реактивтерді индикаторлар, микроскопия үшін бояғыштар, хромотография үшін, фармокопеялық, криоскопия үшін және арнайы реактивтер деп бөледі. Биохимияда қолданылатын реактивтерді жеке биохимиялық препараттар деп атайды.
Реактивтер химиялық зертханаларға шыны немесе полиэтилен ыдыстарға сыланған түрде келіп түседі. Ыдыс сыртына жапсырылған заттаңбалық қағазда реактивтің химиялық аты, формуласы, құрамында болатын қоспа және оның реактивтегі мөлшері көрсетілген. Мысалы, «Кремний ос.ч. 21-5» бұл кремний аса таза, құрамында 12 қоспасы бар, олардың мөлшері % аспайды дегенді білдіреді.
Талдау жасауда қоспалардың сипатына көңіл аудару қажет, себебі олардың біреуі оның нәтижесіне әсер етуі мүмкін. Реактивтердің көбі химиялық атаулар номенклатурасы бойынша аталады, ал кейбірі авторлардың атымен – Чугаев, Несслер т.б. реактиві деп аталады. Еріткіш ретінде дистилденген су: егерде суда ерімесе, қышқыл, негіздерде, этил спиртінде, ацетонда немесе басқа органикалық еріткіштерде ерітеді.
Дәріс № 13 Тақырыбы:Гравиметриялық анализ
Тақырыбы:
Дәріс жоспары:Гравиметриялық анализдің дәлдігі мен анализдеудегі есептеулер
Аморфты тұнбалар.
Заттың құрамдас бөлiгiнiң массасын дәл өлшеуге негiзделген мөлшерлiк анализ гравиметриялық анализ деп аталады.
Гравиметриялық анализ – анықталатын затты (элемент, ион) жүйеден нашар еритiн тұнба не өзге бiр құрамы белгiлi қосылыс түрiне айналдырып, оның массасын таразыда өлшеу арқылы тұжырым жасауға негiзделген әдiс. Бұл әдiс заттың құрам тұрақтылық заңы мен зат массасының сақталу заңдарына және эквиваленттер заңына негiзделген.
Гравиметрия әдiсiнде алмасу, орнын басу, айрылу, комплекс түзiлу және электрохимиялық реакциялар кеңiнен ұшырасады.
Гравиметриялық анализ әдiстерi 3 топқа бөлiнедi:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет