Модуль 04: «Іргелі білім»



бет92/100
Дата21.02.2024
өлшемі3.34 Mb.
#492757
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   100
УМКД АНиФКХ ТПП-23-1-7

Тапсырма 8
Концентрациялары әртүрлі бірдей көлемдегі А және В ерітінділерін араластыру арқылы алмасу реакциясының нәтижесінде коллоидты ерітінді алынды. Мицелланың формуласын жазып, түсіндіріңдер және оның құрылыс схемасын көрсетіңдер. Екі электролиттің қайсысының коагуляция табалдырығы аз болатынын анықтаңдар.
Кесте 7 - Есептеу мәндері



№ п/п

А ерітіндісі

В ерітіндісі

Электролиттер

8.1

0,005H AgNO3

0,001H KJ

Ba(NO3)2, K2SO4

8.2

0,002H H2S

0,0001H Bi(OH)3

Ba(NO3)2, K2SO4

8.3

0,001H H3PO4

0,002H Bi(OH)3

K2SO4, BaCl2

8.4

0,09H Ba(OH)2

0,05H H2SO4

K2SO4, BaCl2

8.5

0,005 H H2SO4

0,003H Ba(OH)2

AlCl3, KCl

8.6

0,008H AgNO3

0,004H HBr

Na2SO4, AlCl3

8.7

0,004H AgNO3

0,008H HBr

Ba(NO3)2, K2SO4

8.8

0,001H AuOH

0,003H HBr

MgCl2, K2SO4

8.9

0,005H H3AsO3

0,003H H2S

BaCl2, K2SO4

8.10

0,003H H3AsO3

0,005H H2S

BaCl2, K2SO4

8.11

0,005H Mg(OH)2

0,01H H3PO4

Na2SO4, AlCl3

8.12

0,01H Mg(OH)2

0,005H H3PO4

Na2SO4, AlCl3

8.13

0,0007H AgNO3

0,0001H KBr

Ca(NO3)2, K2SO4

8.14

0,0001H AgNO3

0,0008H KJ

AlCl3, K2SO4

8.15

0,003H FeCl3

0,001H NaOH

Al(NO3)3, NiSO4

8.16

0,005H Fe(NO3)2

0,008H KOH

K2SO4, MgCl2

8.17

0,002H Pb(NO3)2

0,001H H2S

MgCl2, CaCl2

8.18

0,001H Pb(NO3)2

0,0005H H2S

Ca(NO3)2, Na2SO4

8.19

0,002H Pb(NO3)2

0,001H KJ

Na2SO4, MgCl2

8.20

0,001H Pb(NO3)2

0,003H KJ

BaCl2, Na2SO4

8.21

0,005H CdCl2

0,001H H2S

AlCl3, K3PO4

8.22

0,01H Cd(NO3)2

0,03H H2S

Al(NO3)3, Na2SO4

8.23

0,003H AgNO3

0,002H HJ

AlCl3, K3PO4

8.24

0,01H AgNO3

0,002H HJ

MgCl2, K2SO4

8.25

0,003H AgNO3

0,01H H2S

Ca(NO3)2, Na2SO4



Тақырып 9. Микрогетерогенді жүйелер.
Жоғары молекулалық қосылыстар.
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар
1. Эмульсиялар мен көбіктер; алынуы және бұзылуы.
2. Ісіну және ісіну түрлері. Ісіну дәрежесі.
3. Гелдер (сірнелер).
4. Концентрация, температура және басқа электролиттердің тоңазытпаға әсері.
5. Синерезис және тиксотропия.
6. Аэрозолдер; алынуы және бұзылуы.
7. Аэрозолдердің қолданылуы.
Бақылау сұрақтары
1. «Эмульсия» және «көбіктер» деген не?
2. Эмульсия мен көбіктерді қалай алады және қалай бұзылады?
3. «Полимер» деген не?
4. Полимерлердің қандай түрлерін білесіңдер?
5. ЖМҚ (жоғары молекулалық қосылыстар) ерітінділерінің қандай түрлері бар?
6. Коллоидты ерітіндінің ЖМҚ ерітіндісінен қандай айырмашылығы бар?
7. «Ісіну» деген не?
8. «Гель», «сірне» деген не?
9. «Синерезис» деген не?
10. «Тиксотропия» деген не?
Жоғары молекулалық қосылыстардың ісінуі мен еруі

Полимер ерудің алдында ісінеді. Ісіну себебі: ерітіндіге өтпестен бұрын полимер төменгі молекулалық сұйықтықтың, яғни еріткіштің белгілі-бір мөлшерін сіңіріп, салмағы мен көлемін арттырады.


Еріткіш молекуласы полимер арасына енеді. Оның себебі полимердің тізбекті молекуласы иілгіш, яғни олардың буындары иіле отырып макромолеулалардың тығыз емес қаптамаларын түзеді. Еріткіш молекуласы полимерге еніп, полимер макромолекулаларының арасындағы бос кеңістікті толтырады. Ісінген полимер макромолекуласы бір-бірінен жеткілікті алшақтағанда олар ажырап, ерітіндіге өтеді.
Ісіну әрқашан ерумен аяқталмайды.
Шексіз ісіну – толық ерумен аяқталатын ісіну.
Бұл жағдайда полимер макромолекуласының арасындағы байланыс әлсіз және молекулааралық. Ол химиялықпен салыстырғанда шамамен 100 есе әлсіздеу. Полимер молекуласын бір-бірінен бөлу үшін, еріткіш молекулаларының жылулық қозғалысының энергиясы жеткілікті.
Шекті ісіну – еруге ұшырамайтын ісінуді айтады. Мұндай полимерлерді «тігілген» (мысалы, резеңке, онда каучук макромолекулалары өзара күкірт молекуласы арқылы байланысқан) деп атайды. Молекулааралық байланыс химиялық байланысқа қарағанда анағұрлым берік және макромолекулаларды бір-бірінен бөлу үшін жылулық қозғалыс энергиялары жеткіліксіз.
Сондай-ақ құрамында көп мөлшерде полярлы топтары бар полимерлер де шекті ісінеді, макромолекула арасында көп мөлшерде айтарлықтай берік сутектік байланыстар түзіледі. Мұндай табиғи полимерлерге ақуыздар жатады.
Макромолеулалар арасында «көпірше» – химиялық байланысы арқылы байланысқан полимерлер шекті ісінеді. Егер ісінуге дейінгі полимер массасын m0, ал ісінгеннен кейінгі полимер массасын m деп белгілесек, онда қатынасты ісіну дәрежесі деп атайды:

Осылайша өрнектелген ісіну дәрежесінің сандық мәні бір киллограмм полимерге сіңірілген сұйықтық мөлшеріне тең. Сондай-ақ ісіну дәрежесін процент бойынша өрнектесек:



1-есеп
Егер құрғақ ағаш массасы 20 кг, ал ісінген 35 кг болса, ісіну дәрежесі қандай?
Ісіну дәрежесі мына формуламен анықталады:

мұндағы m0 – құрғақ полимер массасы;
m – ісінген полимер массасы.
Шешуі:
m0 = 20 кг, m = 35 кг,
2-есеп
Ісіну дәрежесі 250% тең 5 кг каучук қанша еріткішті сіңіреді?
Шешуі:
Сіңірілген еріткіштің мөлшері m - m0 тең.



сәйкес m - m0 табамыз:



Тапсырма 9
Берілген ісіну дәрежелерінде көрсетілген жоғары молекулалық қосылыстар қанша мөлшерде еріткішті сіңіретінін есептеңдер.

Кесте 8 - Берілген ісіну дәрежелері





№ п/п

Жоғары молекулалық заттар

Еріткіш

Ісіну дәрежесі α, %

9.1

0,1 кг желатин

Су

120

9.2

0,2 кг резеңке

Бензол

150

9.3

0,3 кг каучук

Бензол

180

9.4

0,4 кг полистирол

Бензол

30

9.5

0,5 кг метилметакрилат

Хлороформ

50

9.6

0,6 кг бұршақ

Су

110

9.7

0,7 кг бұршақтар (бобов)

Су

210

9.8

0,8 кг соя

Су

130

9.9

0,9 кг үрмебұршақ

Су

140

9.10

1,0 кг жасымық

Су

90

9.11

1,1 кг кеспелер

Су

170

9.12

1,2 кг бидай

Су

180

Егер құрғақ полимердің массасы m0 мен ісінген полимердің массасы m белгілі болса, ісіну дәрежесін есептеңдер.
Кесте 9 - Есептеу мәндері



№ п/п

m0, кг

m, кг

Жоғары молекулалық заттар

9.13

0,05

0,12

Каучук

9.14

0,10

0,30

Резеңке

9.15

0,15

0,45

Желатин

9.16

0,20

0,30

Полистирол

9.17

0,25

0,40

Полиметилакрилат

9.18

0,30

0,50

Бұршақ

9.19

0,35

0,80

Үрмебұршақ

9.20

0,40

0,80

Соя

9.21

0,45

0,95

Желатин

9.22

0,50

1,20

Бұршақтар (Бобы)

9.23

0,55

1,30

Кеспе

9.24

0,60

1,70

Резеңке

9.25

0,65

1,80

Каучук

Тапсырма 10
10.1. Адсорбция деген не? Ол қалай түсіндіріледі және қандай теңдеумен өрнектеледі?
10.2. БАЗ мен БИЗ молекуласы құрылысының және олардың адсорбциясының ерекшелігі неде?
10.3. Физикалық адсорбцияның хемосорбциядан айырмашылығы қандай?
10.4. Иондық адсорбцияның ерекшеліктері. Оның ион заряды мен өлшеміне тәуелділігі қандай?
10.5. Дисперсті жүйелерді алудың қандай әдістерін білесіңдер?
10.6. Дисперсті фаза бөлшектерінің өлшемін анықтау үшін қандай оптикалық әдістер қолданылады?
10.7.Электрокинетикалық деп қандай құбылысты айтады? Жүретін процестердің табиғатын түсіндіре отырып, оларды ата.
10.8.Шын ерітінділер мен коллоидтық ерітінділердің молекулалы-кинетикалық қасиеттерінің арасында қандай айырмашылық бар?
10.9. Зольдердің электролиттермен коагуляциясы ережесінің тұжырымдамасы?
10.10.ЖМҚ-дың қорғаныштық әсері мен коллоидтардың сенсибилизациясы қалай түсіндіріледі?
10.11. Қандай қасиеттерді тиксотропия және синерезис деп атайды?
10.12.Төменгі молекулалық және коллоидтық БАЗ-дың ұқсастықтары мен айырмашылығы қандай?
10.13. Шығу тегіне қарай және молекуланың құрылысына қарай ЖМҚ қалай жіктеледі?
10.14. Ақуыз молекуласының құрылысы қандай?
10.15. «Сірне» және «синерезис құбылысы» деген не?
10.16.Суспензияларда құрылым түзілу мүмкіндігі қалай анықталады? Құрылым түзуге қандай факторлар әсер етеді?
10.17. Суспензиялардың тамақ өндірісінде қолданылуы.
10.18. Қандай жүйелерді эмульсиялар деп атайды? Олар қалай жіктеледі және қайда қолданылады?
10.19.Көбіктердің қандай тұрақтылық факторларын білесіңдер? Технологиялық процестерде көбік түзілуін қалай жүзеге асыруға болады?
10.20. Аэрозольдерді қандай әдістермен бұзуға болады?
10.21. «Ұнтақ (порошок)» деген не? Қалай алынады және қалай жіктеледі?
10.22.Қандай жүйелерді қалыпты тұтқыр деп атайды? Тұтқырлықтың қосымша қысымға тәуелділігі.
10.23.Изоэлектрлік нүкте дегеніміз не және ооның көптеген ақуызды заттар үшін маңызы?
10.24. Эластикалық сірненің жұқа гельден айырмашылығы? «Тиксотропия» деген не?
10.25. Тұтқырлық қосымша қысымға тәуелді ме? Құрылымдық жүйелер үшін тұтқырлықтың қысымға тәуелді қисығын тұрғызыңдар.
ҚОСЫМША
Қосымша 1. Бірліктердің халықаралық жүйесі (СИ)



Шамалар

Өлшем бірлігі

Қысқаша белгіленуі

Айналдыру коэффициенті

Ұзындық

Метр

м

1 см = 10-2 м

Аудан

Метр квадрат

м2

1 см2 = 10-4 м2

Көлем

Метр куб

м3

1 л = 10-3 м3

Уақыт

Секунд

сек

-

Жылдамдық

Метр секунд

м/сек

1 см/сек = 10-2 м/сек

Масса

Килограмм

кг

1 г = 10-3 кг

Химиялық масса

Киломоль килограмм-эквивалент

кмоль
кг-экв

1 моль = 10-3 кмоль
1 кг-экв = 10-3 г-экв

Тығыздық

Килограммның метр кубқа

кг/м3

1 г/см3 = 10-3 кг/м3

Күш

Ньютон

Н

1 дина = 10-3 Н
1 кГ = 9,8 Н

Қысым

Ньютонның м2-қа

Н/м2=Па

1 атм = 1,013∙102 Н/м2 = 1013 гПа
1 мм сын.бағ = 1,333∙102 Н/м2
1 атм = 9,8∙102 Н/м2

Жұмыс, энергия

Джоуль

Дж

1 л атм =1,013∙103Дж
1 эрг = 10-7
1 кгм = 9,81 Дж

Жылу, ішкі энергия

Джоуль

Дж

1 кал = 4,19 Дж
1 ккал = 4,19·103 Дж

Молярлық жылу (жану, түзілу)

Джоульдің киломольге

Дж/кмоль

1 кал/моль =4,19·103 Дж/кмоль

Молярлық жылусыйымдылық

Джоульдің киломоль-градусқа

Дж/кмоль·град

1 кал/моль·град =4,19·103 Дж/кмоль·град

Электр кернеуі

Вольт

В

-

Электрлік кедергі

Ом

Ом

-

Электр мөлшері

Кулон

к

-

Меншікті электрөткізгіштік

Мм-1м-1

1/ом·м

1 1/Ом·м = 103 1/Ом·см

Эквиваленттік электрөткізгіштік

Сименстің метрге

м2/Ом·кг-экв

1 см2/Ом·г-экв = 102 м2/Ом·кг-экв

Иондар қозғалғыштығы




м2/Ом·кг-экв

1 см2/Ом·г-экв = 10-1 м2/Ом·кг-экв

Молярлық




кмоль/м3

1 моль/л =
1 кмоль/м3

Нормальдық




кг-экв/м3

1 г-экв/г =
1 кг-экв/м2

Қосымша 1 жалғасы.



Сұйылту




м3/кг-экв

л/г-экв=м3/кг-экв

Беттік керілу

Ньютонның метрге

Дж/м2=Н/м

1 эрг/см2=1дин/см=10-2 Н/м

Тұтқырлық




Н·сек/м2

1пуаз=0,1 Н·сек/м2

Қосымша 2. Кейбір физикалық тұрақтылар





Шамалар

Өлшем бірліктердің қысқаша белгіленуі

Айналдыру коэффициенті

Универсал газ тұрақтысы

Дж/кмоль·град

0,082 л·атм/моль·град, 1,98 кал/моль·град,
8,3·103 эрг/моль·град, 8,3 Дж/моль·град = 8,3·103 Дж/кмоль·град

Авогадро саны

1/кмоль

6,02·1023 моль-1 = 6,02·1026 кмоль-1

Фарадей саны

к/кг-экв

9,65·107 к/г-экв = 9,65·107 к/кг·экв

Бір кмоль идеал газдың көлемі

м3/кмоль

22,3 л/кмоль = 22,4 м3/моль





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет