Модуль Дара фармакология Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесіне қоздырғыш заттар. Жоспар



бет5/8
Дата09.11.2023
өлшемі30.69 Kb.
#482761
1   2   3   4   5   6   7   8
file-9699 (1)

Құрғақ чилибухи экстракті. Иіссіз, ақшыл-қоңыр түсті, судағы ертіндісі ащы дәмді, құрғақ ұнтақ. Құрамында 16 % стрихнин және бруцин алкалоидтары бар. Ауыз қуысы арқылы береді.
Чилибухи тұнбасы. Қоңыр түсті, ащы дәмді мөлдір сұйық. Құрамында 16 г экстракт 1 л 70 % -ды спиртте ерітілген. 0,25 % стрихнин мен бруцин алкалоидтары бар. Организмнің жалпы тонусын көтеру және малдың тәбетін жақсарту үшін қолданады.
Секуренин нитраты – Securenine nitrate. Әсері жағынан стрихнинге жуық, бірақ одан белсенділігі мен улылығы төмен. Көбінесе аурулардан пайда болатын салдануларда қолданылады. Шаршағандықты басады, жүрек қызметін жақсартады. 0,002 г таблетка түрінде; 0,4 % - ды ертінді ретінде 20 мл флаконда; 0,2 %- ды ертіндісі 1 мл ампулада шығарылады. «А» тобының тізімінде сақталады. Ауыз қуысы арқылы тағайындайды.
Иохимбин – Yohimbine. Раувольфии өсімдігінің тамырынан бөлініп алынған алкалоид. Орталық нерв жүйесіне жеңіл өтеді, артериялық қысымды жоғарылатады, малдың қозғалысын белсендендіреді, жыныс аппаратының қызметіне дем береді. Ауыз қуысы арқылы бір айдай, күніне екі реттен береді. 0,005 г таблетка түрінде шығарылады.
Силденафил цитраты – Sildtnafili citrate. Орталық нерв жүйесіне, әсіресе жұлынның қызметіне дем береді. Тиісті ферменттердің белсенділігін арттыру арқылы еркек малдардың сыртқы жыныс ағзаларының қанмен қамтамасыз етілуін күшейтеді. Ауыз қуысы арқылы қабылдағанда тез сіңеді, қандағы жоғарғы концентрациясы 60 минуттан кейін болады. Асыл тұқымды еркек иттердің жыныс ағзаларының жұмысын жақсарту үшін қолдануға болады. Дозасы ірі иттерге 0,05 г. Әрбір иттердің жеке басының сезімталдығын ескеру керек. Жаңа препарат қосымша зерттеуді талап етеді.
0,025; 0,05; 0,1 г таблетка түрінде шығарылады.
Аналептиктер – Analeptica. Грекше «қалпына келтіру», немесе «тірілту» деген мағынаны береді. Негізінен сопақша мидың өмірге ең қажетті орталықтарына әсер етеді. Олар нерв импульстарының нейронаралық берілуін жеңілдету арқылы қозу процессін үдетеді, немесе тежеу механизмін әлсіретеді. Үлкен дозаларында қалшылдап-дірілдеу құбылысы байқалады.
Организмнің өмірге қажетті орталықтарының және жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметтерін қалпына келтіру арқылы малды өмірге қауіпті жағдайлардан аман алып қалады. Мысал ретінде: шок, коллапс т.б.
Негізгі өкілдері: камфора, коразол, кордиамин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет