Модуль Дара фармакология Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесіне қоздырғыш заттар. Жоспар



бет7/8
Дата09.11.2023
өлшемі30.69 Kb.
#482761
1   2   3   4   5   6   7   8
file-9699 (1)

Камфора спирті. Құрамында камфора 10 %, спирт 70 % және су 20 %. Сырттан жағып қолданады.
Бромкамфора. Суда ерімейтін; эфирде, хлороформда, майда жақсы еритін; ақ түсті ұнтақ. Қара түсті шыны ыдыста сақтайды. Әсері камфораның әсеріндей, әсіресе нерв жүйесін жақсы тыныштандырады.
Коразол – Corasolum. Иіссіз, суда, спиртте жақсы еритін, ақ түсті ұнтақ. «Б» тізімінде. Ауыз қуысы арқылы, тері астына, венаға жіберуге болады. Жергілікті әсері жоқ.
Аз дозасы орталық нерв жүйесін қоздырады, дем алысты жиілетеді, қан қысымын жоғарылатады, көлденең жолақ еттердің тонусын жоғарылату арқылы жүректің қызметін жақсартады. Үлкен дозасында орталық нерв жүйесінің қозуы күшейе түседі, бірақ қан қысымы төмендейді. Терапевтикалық дозасының жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсері камфоранікіндей, улылығы одан жоғарырақ. Организмде жылдам ыдырайды, әсері 3-4 сағаттан артыққа созылмайды.
Кордиамин – Cordiaminum. Өзіне тән иісі бар, сарғыштау түсті сұйық. Әсері коразолдың әсеріне ұқсас, бірақ одан әлсіздеу. Терапевтикалық дозасы орталық нерв жүйесінің тонусын жақсартады; наркозды әлсіретеді; қанның қысымын тұрақты түрде жоғарылатады, әсіресе ол төмен болғанда; дем алуды жақсартады; жүректің систолласын күшейту арқылы оның ритмін қалпына келтіреді.
Кордиаминді туатын малдардың тууы салдарынан болатын парезінде, ұзаққа созылған туу процессінде, жіті және созылмалы ауруларда қан айналысының бұзылуында, ауру малдардың тыныс алуы нашарлағанда, талу, талықсу, естен тану құбылыстарында қолдануға болады.
Цитизин – Cytisinum. Орталық нерв жүйесін қуаттандыратын дәрілік заттардың барлығы да тыныс алуды белсендендіреді. Бірақта бұл әсер цитизин мен лобелинде әлдеқайда күштірек байқалады.
Цитизин алкалоид. Суда, спиртте, хлороформда жақсы еритін ақ түсті ұнтақ. Көп уақыт сақтағанда бұзылмайды. Фото-, термотұрақтылығы бар.
Малдәрігерлік тәжірибеде 0,15 %-ды ертіндісі – цитотон қолданылады.
Малдың дем алысын жақсартады, қан қысымын жоғарылатады, әсіресе қан қысымы төмен болғанда айқынырақ білінеді. Цитотонды қолдану арқылы 6-8 минуттан кейін малдың тоқтап қалған дем алысын қалпына келтірген жағдай бар. Мал тұншыққанда, талу, талықсу, естен тану жағдайларында қолданады. Венаға жібергенде, тері асты мен еттің ішіне жібергеннен гөрі әсері жылдамырақ болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет