Модуль Дара фармакология Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесіне қоздырғыш заттар. Жоспар



бет2/8
Дата09.11.2023
өлшемі30.69 Kb.
#482761
1   2   3   4   5   6   7   8
file-9699 (1)

Таза кофеин – Coffeinum purum. Ащы дәмді, иіссіз, ақ түсті ұнтақ. Спиртте, суда ериді. Күшті қышқылдармен ғана тұз түзеді. Организмге оңай сіңеді, резорбтық әсері жылдам. Тәжірибеде сирек қолданылады.
Кофеин-нартрий бензоат тұзы – Coffeinum-natrii benzoas. Көбінесе 40% кофеин, 60% натрий бензоаты қолданылады. Ампулада және ұнтақ түрінде шығарылады. Терінің астына, ауыз қуысы арқылы қолданылмайды.
Негізінде кофеиннің өзгертілген молекуласы бар синтетикалық антифеин препараты алынған.
Теобромин – Theobrominum. Какаоның ұрығының қабығынан және синтетикалық жолмен алады. Орталық нерв жүйесіне әсері жоқ. Жүректің қызметін белсендендіреді, оның және бас мидың қан тамырларының өзектерін аздап кеңейтеді, бронхылардың еттерін босаңсытады, зәрдің бөлінуін ұлғайтады. Оны бас мидың қан тамырлары түйілгенде, жүрек пен бүйректердің жеткіліксіздіктерінен болатын ісіктерде қолдануға болады. Құрамында амидопирин, фенобарбитал, папаверин гидрохлориді, дибазолдар бар препараттардың құрамына кіреді.
Малдәрігерлік тәжірибеде оның натрий тұзының натрий салицилатпен қосылысы, «темисал» (диуретин) препараты жиі қолданылады.
Теофиллин – Theophyllinum. Шәй жапырақтары мен кофенің дәнінде болатын алкалоид. Теобромның әсеріне сәйкес әсер етеді, бірақ бүйректердің өзекшелеріндегі судың реабсорбциясын төмендету арқылы зәрдің бөлінуіне көбірек әсер етеді. Аздап орталық нерв жүйесін қоздырады, миокардтың жирылуын жақсартады, бронхылардың өзектерін кеңейтеді, тромбоциттердің агрегациясы (желімделуі) байқалмайды. Ас қорыту жүйесінің кілегей қабықтарының рецепторларын тітіркендіреді, диарея болуы мүмкін; ал иттер мен мысықтар құсады. Ұнтақ және 0,2 г балауыз түрлерінде шығарылады; ауыз қуысы арқылы қолданылады; «Б» тізімі бойынша, қараңғы жерде сақталады.
Малдәрігерлік тәжірибеде зәр айдайтын дәрі ретінде, жүрек пен бүйректердің жеткіліксіздіктерінен болатын тоқырау процесстерінде және бронхолитикалық препарат ретінде қолданылады.
Марал шөбі тамырының экстракті. Спирттегі (1:1) қызыл-қоңыр түсті, ащы дәмді сұйық. Улылығы төмен, орталық нерв жүйесін қоздыратын, наркотикалық және ұйықтататын дәрілерге қарсы әсері бар препарат. Малдың қан қысымы аздап көтеріледі, қан айналу жылдамдығы артады, миокардтың жирылуы күшейеді, әлсіреген еттердің қызметі жақсарады.
Малдәрігерлік тәжірибеде ауыз қуысы арқылы орталық нерв жүйесі қажығанда, еттердің қызметі әлсірегенде, ішкі ағзалардың қызметтері төмендегенде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет