Модуль Жаңартылған білім беру: критериалды бағалау жүйесі



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата10.03.2024
өлшемі443.63 Kb.
#494844
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
1 лекция

Оқу пәнін құрастыру мәселелеріне байланысты туындайтын заңдылықтар анықталды: 

кез келген оқу пәні кӛрсетілген типтердің біреуіне жатады және ол ӛзінің 
дидактикалық моделіне сәйкес құрастырылуы тиіс; 

оқу пәнінің әр типінің ӛзіне сәйкес мазмұнын жеткізу, оны игеруді 
ұйымдастырудың ӛзіндік жүйесі бар.
Егер пәнінің жетекші қызметі оқушыларды нақты ғылым негізін, оның маңызды 
ұғымдары мен заңдары жүйесін таныстыру болса, онда оқу материалының құрылымы мен 
жүйесі ғылыми ұғымдардың даму заңдылықтарын білім алушы санасына сәйкестендіріп 
жасалуы тиіс. Ал, пәннің жетекші қызметі белгілі бір әрекет тәсілдерін қалыптастыру болса 
(білік және дағды), онда пәннің мазмұндық, логикалық желісі практикалық қызметті игеру 
ерекшілігіне сәйкестенуі тиіс: оқу пәндерінің типтері бір-бірінен қызметі мен мазмұндық 
жетекші компоненттері бойынша ажыратылатын болғандықтан, сол компонентті жеткізу 
барысында пайдаланылатын оқыту әдістері де сол пәннің типі үшін жетекші ұстанымда 
болуы тиіс; оқу пәнінің мазмұны оның жетекші компонентінің ерекшелігіне байланысты 
жүзеге асыру тәсілдеріне сәйкес болып табылады; оқу пәнінің әртүрлі типтерінің 
ерекшеліктері оқыту әдістерін тануда шектеулік сипатта болады, сондықтан оқыту тәсілдерін 
іріктеуде пәннің жетекшілік қызметін ескеру керек. 
Оқулық - білім мазмұнын оқу материалы деңгейінде нақтылы түрде кӛрсетудің негізгі 
формасы.
Г.И. Щукина мен оның әріптестерінің еңбектеріне ерекше кӛңіл бӛлінген жӛн, онда оқу 
әрекетінің мотивтері ретіндегі танымдық қызығушылықтардың қалыптасуына педагогикалық 
ықпал етудің факторлары неғұрлым толық және жүйелі түрде зерттелген. Сонымен бірге, 
қарапайым жалпымен қабылданған жүйенің жағдайларындағы оқушылардың мотивациясы 
зерттелді. 
Оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптастыру мәселесі В.Н.Максимова, 
А.С.Роботова, Г.И.Щукинаның дидактикалық зерттеулерінде қарастырылған. Г.И.Щукина 
танымдық қызығушылық мәселесін тұтастық тұғырымен талдай келе, «танымдық 
қызығушылық - тұлғаның таңдаулы бағыттылығы, таным саласына жолдауы, тіршілігіне, 


белгілі әлеуметтік жағдайларда қалыптасқан тұлғаның маңызды білімді меңгеруі» деп 
анықтаған. Ғалым сабақты танымдық қызығушылықты оқушының тұрақты танымына 
айналдыратын сабақтан тыс уақыттың орнын ерекше бағалап, оған мән береді. 
ХХғ. 60-жылдардың ортасынан бастап дидактиканың даму барысына жасалған талдау 
педагогика ғылымының бұл саласында едәуір алға жылжушылық үдерісін байқатты. Бұл ең 
алдымен оқу-тәрбие үдерісін зерделеуге тұтастық тұғырын қолданудан, оның қозғаушы 
күштерін анықтауымен, оқушыларды оқыту мен үйретудің заңдылықтарын ашуға ұмтылудан 
кӛрінеді. Осы негізде оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру мәселелеріне кӛңіл 
аудару күшейе түсті және бұл үдерістің мазмұнын ашып кӛрсетуде белгілі бір жетістіктерге 
қол жетті. Педагогикалық құбылыстарды терең ойластыру үшін психологиялық зерттеулер 
нәтижелері кеңінен тартылды, негізгі дидактикалық ұғымдар педагогикалық тұрғыдан терең 
зерделене бастады. Педагогика ғылымының педагогикалық практикаға қатысты оза отыру 
рӛлі теориялық жағынан негізделді және іске аса бастады. 
Дидактика тарихын зерттеушілер жүйелілік тұғырын зерттеу нысанына кӛшіре отырып, 
ол нысанды ұғымдардың жиынтығы (оқыту мақсаты, оқыту ұстанымдары, оқыту әдістері, 
оқытудың ұйымдастырушылық формалары, оқушылар білімін тексеру) деп қарастырды. 
Сондай-ақ, олар ӛздерінің жасалымдарының мектептің даму кезеңдерінде оқытудың жетекші 
міндеттерін шешуге қалай кӛмектесетін анықтады. Жетекші міндеттер ретінде ХХғ. 20-
жылдары оқушыларда белсенділік пен жеке жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу, 30-50-
жылдары оқушылардың білім сапасын арттыру, 60-70-жж. оқытуды тұтастық тұғырынан 
қарастыра отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін және шығармашылық ойлауын 
қалыптастыру ерекше бӛлініп кӛрсетілді. 
Бұл мәселелерді ашып кӛрсету тек танымдық маңызға ие емес. Олар қазіргі 
дидактиканың теориялық және қолданбалы мәселелерін зерттеуде де аса мәнді. Сондай-ақ 
жалпы білім беретін мектепте оқу үдерісін жетілдіруге септігін тигізді.
ХХғ. 70-жылдардың екінші жартысынан бастап, жалпы орта білім беру мазмұны 
теорясын жасау саласында жаңа зерттеулерге талпыныстар басталды. 
2. Білім беру мазмұны мәселесін терең зерттеу «білім беру мазмұны» түсінігін 
нақтылауды талап етті. Бұл мәселені шешуде И.Я.Лернер маңызды үлес қосты. Оның 
жасаған тұжырымдамасы бойынша, білім мазмұны әлеуметтік тәжірибеге сәйкес және 
білімдер, дағдылардан басқа шығармашылық әрекет тәжірибесін және сезімдік ӛмір 
тәжірибесін қамтиды. Білім мазмұнының аталмыш бӛліктерінің арақатынасы тарихи сипатта 
және қоғам дамуының талаптарына орай ӛзгеріп отырады. 
Бұл тұжырымдама ПҒА-ның В.В.Краевский және И.Я.Лернер жетекшілік еткен топ 
даярлаған білім беру мазмұны теориясының негізіне алынды. Зерттеулерге сүйене отырып, 
ғалымдар жалпы орта білім беру мазмұнын қалыптастырудың ұстанымдарын түзді. 
Біріншіден, жалпы орта білім беру мазмұнының барлық бӛліктермен және барлық 
деңгейлерде қоғам талаптарына сәйкес ұстанымы. 
Екіншіден, оқытудың мазмұндық және үдерістік жақтарының бірлігін есепке алу 
ұстанымы; 
Үшіншіден, білім беру мазмұнының қалыптастыру деңгейлерінде, оқыту үдерісінде іске 
асуының нақты қалыптарына жылжуда да құрылымдық бірлігінің сақталу ұстанымы.
1. Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі 
ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана 
жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен 
жүреді. 
Білім мазмұны балаларға «Нені оқыту керек?» - деген сұраққа жауап береді. Бала 
тағдыры кӛбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының 
теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, 
М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді. 


И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша «білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін 
білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-қатынас 
тәжірибесі». 
Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек. 
3. Білім құрылымы тӛрт бӛліктен тұрады. Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі 
элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи 
тәжірибе үдерісінде адамдардың жинаған тәжірибесі. 
Білім мазмұнының түрлері: 
• күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер; 
• кӛзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті ӛмірден және ғылымнан алынған 
фактілер; 
• болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды 
кӛрсететін ғылымның негізгі заңдары; 
• белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер; 
• ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы 
білімдер; 
• әртүрлі ӛмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер. 
Сонымен ғылыми білім — болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты дұрыс түсіну 
құралы. Білім, дүние дамуымен бірге ӛзгеріп және жетілдіріліп, дүниетанымдық және 
тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар 
оқыту арқылы беріледі. 
Білім - әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - 
әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға 
дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту. 
Сыртқы (практикалық) және ішкі (ақыл-ой) дағдылары мен іскерліктеріне барлық 
пәндер үйретіп, оқушы жоспар құруға, мәндіні бӛлуге, салыстыруға, қорытынды жасауға 
машықтанады. Кейбір оқу пәндерінің ӛздерінің қалыптастыратын іскерліктері мен 
дағдылары бар. Мысалы, физикадан немесе математикадан есептер шығару, химиядан 
тәжірибе ӛткізу, т.б. 
Ақыл-ой іскерліктері мен оқу іскерліктеріне конспектілеу, аннотация жазу, оқулықпен, 
сӛздікпен жұмыстар жатады. 
Сонымен білім мазмұнының тәжірибелік бӛлігінде нақты іс-әрекет жасауға мүмкіндік 
беретін, жастардың мәдениетті сақтау қабілетін жетілдіретін кӛркемӛнер, еңбек, қарым-
қатынас, іс-әрекеті түрлері бар. 
Танымдық (оқу және оқудан тыс) іс-әрекет оқушының ой-ӛрісін кеңейтіп, дүниені 
танудың маңызды құралдарының бірі білім алуға, ӛздігінен білім алуға ынталандырып, ақыл-
ойдың дамуына, ғылыми білімдерді жүйелі меңгеруге кӛмектеседі. 
Еңбек іс-әрекеті материалдық заттар жасауға, оларды сақтауға, кӛбейтуге бағытталған. 
Түрлері: ӛзіне-ӛзі қызмет кӛрсету, қоғамдық пайдалы және ӛнімді еңбек. 
Кӛркемӛнер іс-әрекеті әстетикалық дүниетінымды дамытып, әдемілікке сүранысты 
туғызып, әдемі ойлауға үйретіп, нәзік сезімге бӛлейді. 
Қоғамдық іс-әрекет оқушының әлеуметпен байланыс орнатуына кӛмектесіп, азаматтың 
бет-бейнесін қалыптастырады. 
Қарым-қатынастық іс-әрекетке бос уақытты ұйымдастыру арқылы үйретіледі. 
Іс-әрекетке үйрену үшін оқушы үлгілерге қарап жұмыс істеп, жаттығулар орындайды. 
Білімнің үшінші элементі - шығармашылық жұмыс тәжірибесі «дайын» білімдерді 
хабарлау, жаттығулар орындау, үлгіге қарап жұмыс істеумен шектелмейді. Шығармашылық 
жұмысқа оқушыны іздендіретін, оқулықтағы мәселелік әдіспен баяндалған шығармашылық 
есептер, тапсырмалар үйретеді. 
Әрине оқулықтың барлық тақырыптары мәселелік әдіспен түсіндірілсін деп ешкім 
талап етпейді. Бірақ тақырыпқа сай қиын әдісті қолданған жақсы. Оқушыларға ғылымда, 
ӛндірісте қандай қиын болғанын, оларды шешу үшін қандай жұмыстар атқарылғанын, 


нәтижесінде ғылыми жаңалықтар ашылып, олар ғылымда, техникада үлкен ӛзгерістер 
әкелгенін баяндау қажет. Сол сияқты ақиқат үшін күрескен, баланың адамгершілігіне игі 
әсерін тигізетін ғалымдардық ӛмірі және қызметімен таныстырған дұрыс. 
Оқушыларды іздендіретін білім, іскерлік, дағдыларын жаңа жағдаяттарда 
қолдандыратын тапсырмаларды оқулықтардан, басқа деректерден, оқушылардың ӛз 
тәжірибелерінен алуға болады. Оқушылар ғылыми әдістер қолданып, шығармашылық 
жұмыстар арқылы бағдарламадағы білімдерді ӛз беттерімен, шағын зерттеу жұмыстары 
арқылы меңгереді. Осы теорияға сәйкес бастауыш сыныптың математика оқулығына 
шығармашылық есептер, қазақ тілі оқулығына шығармашылық тапсырмалар енгізілген. 
Білім беру мазмұнының тӛртінші элементі - тәжірибе, адам, іс-әрекет, құрал, ӛзара 
қатынас. 
Бұл бӛлікте адамның дүниеге, іс-әрекетке, адамдарға берген бағалары болады. Сезім 
мәдениеті - адамның әлеуметтік тәжірибесі арқылы қалыптасатын ерекше құбылыс. 
Адамның білімге, іскерлік дағдыларға іштей сұраныстарын туғызып, түрлі сезімдерге бӛлеп, 
білім беру мазмұнын меңгертуге болады. Білім, іскерлік, дағды, шығармашылық іс-әрекет 
эмоцияны тәрбиелейді. Бала сезіміне әсерлі мәтіндер, иллюстрациялар, сұрақтар мен 
тапсырмалар да әсер етеді. Оқушы ӛзі оқып отырған материалға қатынасын сӛзі және ісі 
арқылы білдіреді. 
Егер оқушылар білім алуға оң кӛзқараспен қараса, онда олардың оқудағы табыстары 
жақсы болады. Психологтардың дәлелдері бойынша жағымды эмоциялар адамды 
шабыттандырады. Мәселелік оқытудың элементтерін қолданған оқушы ӛзі үшін жаңалық 
ашып қуанышқа бӛленеді. Адамның сезіміне ӛнер де орасан зор әсер етеді. 
Білім беру мазмұнының және жеке тұлғаның негізгі мәдениетінің барлық бӛліктері бір-
бірімен байланысты. Білімсіз іскерлік болмайды, шығармашылық іс-әрекет белгілі бір білім 
және іскерліктерге сүйеніп атқарылады, мотивсіз, сезім, ерік-жігерсіз оқыту дұрыс жүрмейді. 
4. Жалпы, политехникалық және кәсіптік білім беру. 
Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру жалпы 
білім және кәсіптік білім беру болып бӛлінеді. Жалпы білім - ғылым негіздерін 
оқушылардың меңгеруі және нәтижесі. Жалпы білімнің мазмұнына оқу пәндерінің негізгі 3 
түрі енеді. Олар: 
- ғылыми-жаратылыс; 
- гуманитарлық; 
- еңбек және дене дайындығы. Ғылыми-жаратылыстану пәндеріне табиғат 
заңдылықтары туралы білім беріп, баланың ойлау қабілетін дамытудың негізгі құралы болып 
табылатын физика, математика, химия, биология енеді. 
Гуманитарлық пәндер (тарих, әдебиет, қоғамтану, экономикалық география, түрлі 
тілдер) оқушыларды қоғамды дамытатын заңдармен таныстырады. 
Әр түрлі тілдер қоршаған ӛмірді терең түсінуге, ақыл-ой тәрбиесіне, әлеуметпен қарым-
қатынас жасауға кӛмектеседі. 
Гуманитарлық білімдер - тарих, әдебиет, саз, ән, бейнелеу ӛнерлерінің баланың 
дамуына үлкен ықпалы бар. 
Еңбек және дене шынықтыру пәндері оқушылардың денсаулығын жақсартып, іскерлік, 
дағдыға үйретеді. 
Сонымен оқушылар ғылыми білімдер жүйесін зерделеп, табиғат және қоғам 
құбылыстарының мәніне жетіп, ғылымның зерттеу әдістері және даму тарихымен танысады. 
Жалпы білім - политехникалық және кәсіптік білімнің негізі және олармен тығыз 
байланыста болады. 
Политехникалық білім арқылы бала қазіргі ӛндіріс негіздерін зерделейді, еңбек 
құралдарымен жұмыс істеуге үйренеді, еңбекке, қазіргі техникаға, ғылымға қызығушылығын 
арттырады. 
Ӛнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сүйенетін, заңдылықтары қолданылатын 
математика, дүниетіну, физика, химия, биология, сызу, тарих, еңбек сабақтары 


политехникалық білімді кӛбірек береді. Сондықтан кәсіпорындарға саяхат жасалып, оның 
қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылады. 
Сызу, мектеп жанындағы учаскіде тәжірибе жүргізу және оны бақылау, кейбір еңбек 
құралдарымен жұмыс істей білу - политехникалық білімді тереңдетеді. Политехникалық 
білімнің зерделенуіне мұғалімнің қазіргі ӛндіріс туралы білімдері кӛмектеседі. 
Кәсіптік білім сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға нақты мамандық туралы 
білімдер, іскерлік, дағдылар кӛмегімен, жалпы және политехникалық білім негізінде 
беріледі. 
Ал, 
материалдық-техникалық 
негізі 
мықты 
мектептерде 
ӛндірістік 
оқу 
ұйымдастырылып, оқушылар кәмелеттік аттестатпен бірге мамандық алып шығады. 
5. Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет