Coggle.it қосымшасы арқылы «Maind map» (Ментальды карта) әдісімен оқытушының түсіндірмесі
Алдыңа қойған мақсатқа жету үшін ішкі немесе сыртқы кедергілерді, адамда туатын күштің арқасында жеңіп өтудегі психологиялық процесс - ерік деп аталынып жүр. Адамның жеңіп өтетін сыртқы кедергілері деп - сол істің өзінің объективтік қиындықтарын оның күрделілігін, әр қилы бӛгеттерді, басқа адамдардың қарсылықтарын, жұмыс жағдайындағы қиыншылықтарды т.б. есептейді. Ішкі кедергілер - бұлар адам өзіне жұмыс істету қиынға соғатын, жалқаулық, шаршап-шалдыққандық, алдында тұрған міндетке ешқандай қатысы жоқ басқа бірдеңелермен шұғылдануға құштарлық ететін, белгіленген мәселелерді орындауға кедергі жасайтын субъективтік, жеке ниеттен туатын кедергілер. Ішкі кедергіге құштарлық, тілек сияқты жат әдеттер жатады. Адамдар олардан ерік күшінің арқасында құтылады. Ал «ерік» терминімен жеке адамның қасиетін де, қиындықтарды жеңе отырып табандылықпен және мақсатқа жету үшін әрекет жасау қабілетін де белгілейді. Адам өмірінде еріктің маңызы орасан зор. Ерік кәдімгі күнделікті ӛмірде, әсіресе үлкен кедергілерді жеңудегі ауыр кезеңдерде керек. Соғыстағы немесе еңбектегі қандай да болсын жасаған ерлік адам еркінің күшті болуын керек етеді. Керісінше, еркі әлсіз адамдар үлкен іс бітіру түгіл, күнделікті ӛмір қойған міндеттерді атқара алмай, жұмысқа қабілеті нашар болып, басқалардан көмек күтіп, қамқорлығында болғысы келеді. Осындайлардың кейбіреулері жаман іске құмартып, керексіз әдеттердің құрбаны болады, бұларды жеңіп шығуға олардың ерік күші жетпейді. Еркі күшті адам тек парасатпен, еңбегімен жақсы өмір сүріп қана қоймай, сондай-ақ шын мәнінде қаһармандық іс жасауға қабілетті болады. Ерік қуаты барлық психикалық процестердің әрекеттерін жинақтап және жандандырып қана қоймай, сондай-ақ ішкі органдардың жұмысын жақсартуы естің ауруын, тіпті өлімнің келуін де тоқтатуы мүмкін. Ұлы Отан соғысы кезінде ӛлімші болып жарақаттанған ұшқыш ӛліп бара жатқанын сезсе де қолынан ұшақтың штурвалын жібермеген. Ол ұшақтағы жарақаттанған жандардың өзімен бірге ӛлетінін түсінген. Міне сөйтіп ерік күшінің кереметтігінен ұшқыш ұшақты қондырған. Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив-оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс - амалдар қарастырады. Ӛйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған ӛзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай ӛзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар есепсіз кӛп. Бұларды үлкен екі топқа бӛлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу шашалу, түшкіру т.б.), екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені кӛтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келкен қозғалыс арқылы сыртқы ортаны ӛзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден кӛрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. Ерік пайда болу үшін ең алдымен себеп түрткілер болу қажет. Ерік пайда болу үшін ең алдымен себеп, түрткілер болу керек. Адам алдына мақсат қояды. Сол мақсатты жүзеге асыры үшін әр түрлі әрекеттер жасайды. Мақсатты жүзеге асыруда адамда пайда болатын бір кӛмескілеу түрткілер пайда болады. Оны психологияда тілек деп атайды. Адам кӛп нәрсені тілейді. Біреуін жақтырады, екіншісін жақтырмайды, қажеттісін орындасам, жүзеге асырсам дейді. Тілектен кейін бір түрткі қалау туындайды. Мұнда адам ӛзінің мүмкіншілігімен санасады. Адамда бірнеше қалау болады, бұлардың арамында күрес пайда болады. Адам керектісін алып, тоқтамға келеді, соңынан жүзеге асыруға тырысады. Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам ӛзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын кӛрсетіп, түрлі қажеттерін ӛтей алады. Адамның еріктік қимылдары оның ӛмір сүріп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне байланысты кӛрінеді. Барлық тіршілік ерікке байланысты, ал ерік ешбір себеп дегенді білмейді, ешбір материалдық жағдайлармен байланысы жоқ рухани өзінше пайда болған күш, деп адмның барлық әрекеті, мұның ішінде еркі де, нақтылы айналасын қоршап тұрған дүниеге, жағдайларға байланысты болатындығына жете мән бермейді. сүрген Сөйтіп, ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның
4.«Құпия хат» әдісі арқылы топтарға тапсырма бөлу.
5.Топпен практикалық жұмыс (топтық жұмысқа 15 минут, қорғауға 5 минут беріледі )
Достарыңызбен бөлісу: |