Молдакулова а. Д., Балтабасова б. Ж., Кембаев а. Р., Галиева а. Е



бет15/70
Дата11.10.2022
өлшемі4.26 Mb.
#462374
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70
Жабдықты, машиналарды,аппараттарды, сораптар мен компрессорларды күйге келтіру мен баптау

1.2Абсорберлер мен десорберлер

Мұнай өңдеу зауыттарының тәжірибесінде кейбір технологиялық процестерді жүргізу кезінде газ қоспаларын бөлу үшін абсорберлер қолданылады. Абсорбция процесі бастапқы газ қоспасының мақсатты құрамдас бөліктерін сұйықтықпен сіңіру болып табылады. Абсорбциямен әртүрлі көмірсутекті газдарды бөлу, тазалау және құрғату, табиғи және ілеспе газдардан бензин мен пропан-пропиленді фракцияны немесе пиролиз газдарынан хош иісті көмірсутектерді алу жүргізіледі.


Абсорбция процесінің қозғаушы күші абсорбент пен газ қоспасынан алынатын компоненттің концентрациялары немесе парциалды қысымдар арасындағы оң айырмашылық болып табылады. Бұл айырмашылық неғұрлым көп болған сайын, абсорбция соғұрлым қарқынды болады, яғни компоненттің газ қоспасынан сұйықтыққа ауысады. Сұйықтықта парциалды қысым немесе компоненттің концентрациясы газ қоспасына қарағанда көп болса, ерітіндіден ерітілген газдың бөлінуі - десорбция жүреді.Абсорбция және десорбция тепе-теңдік орнатылғанға дейін немесе газ қоспасында және абсорбентте компоненттің шоғырлануы бірдей болған кездегі жағдай жалғастырылады[1].
Газ қоспасынан компонентті алу дәрежесі абсорбция процесінің негізгі параметрлеріне тәуелді: қысым, температура, аппараттағы тарелка саны және абсорбент шығыны. Бұл параметрлер өзара байланысты және оларды таңдау процестің техникалық-экономикалық тиімділігіне негізделеді. Қысымды жоғарылатып тәрелкелердің аз саны және абсорбенттің аз шығынымен абсорбция процесін жүргізуге мүмкіндік бар, бірақ осы кезде газды қоспаларды сығу үшін көп энергия шығындалады. Төмен температуралар абсорбция процесінің неғұрлым қарқынды жүргізілуіне ықпал етеді, бірақ ең төменгі температура салқындатқыш судың бастапқы және соңғы температураларымен шектеледі, яғни 30-40°С. Тек арнайы салқындатқыш агенттерді қолданғанда экономикалық тиімді болып келеді.Десорбердің оңтайлы жұмыс режимі процестің техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен анықталады. Технологиялық процеске байланысты абсорберлер мен десорберлердің құрылысы әртүрлі болуы мүмкін[1].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет