Молдакулова а. Д., Балтабасова б. Ж., Кембаев а. Р., Галиева а. Е


Колонналық типті аппараттардың жылу оқшаулауы



бет18/70
Дата11.10.2022
өлшемі4.26 Mb.
#462374
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
Жабдықты, машиналарды,аппараттарды, сораптар мен компрессорларды күйге келтіру мен баптау

1.3 Колонналық типті аппараттардың жылу оқшаулауы

Масса алмасу процестерін жүргізу үшін қызмет ететін барлық аппараттардың салқындауын, жұмыстың жылу режимін бұзуын, қоршаған ортаға жылудың едәуір жоғалуын болдырмайтын жылу оқшаулағышы болады. Жылу оқшаулағышқа қойылатын негізгі талаптар пайдалану процесінде жылу өткізгіштіктің ықтимал аз коэффициенті және қасиеттердің ұзақ сақталуы болып табылады. Жылу оқшаулағыш оқшауланатын аппараттың қабырғасы температурасының күрт және жиі тербелісіне және ортаның жоғары температурасына төзімді болуы тиіс. Оқшаулау жұмыстарын жүргізуді қиындатпауы және аппараттың іргетасына түсетін жүктемені ұлғайтпауы үшін жеңіл болуы тиіс. Жылу оқшаулаудың химиялық беріктігі құрамында белсенді қоспалары бар қоршаған ортада пайдалану кезінде ол ыдырамайтындай жеткілікті болуы тиіс. Оқшаулау аппарат металының тотығуын туғызбауы тиіс және мүмкіндігінше гигроскопиялық болуы тиіс. Бұл ретте қасиеттерінің күрт жоғалуымен қатар, суланған оқшаулағыш колонна корпусының қарқынды тоттануына ықпал ететінін ескеру қажет.


Колонналық типті аппараттарды жылумен оқшаулау үшін мастика, плиталар және мастикалы-пішінді элементтер түрінде минералды, өсімдіктен немесе жануардан алынатын материалдарды қолданады. Оқшаулау материалдарын аппарат қабырғасының барынша мүмкін болатын температурасы бойынша таңдайды. 450°С жоғары температурада жоғары температуралы материалдарды пайдаланады, оларға мыналар жатады: құрамында 70% асбест қалдықтары және 30% ақ сазы барасбестит; құрамында 70% цемент зауыттары қалдықтары, 20% диатомит және 10% асбест бар асботермит; құрамында 63% диатомит, 16% асбошифер қалдықтары, 11% асбест және 10% слюда қалдықтары бар асбослюд; қожды мақта. Аппарат қабырғасының температурасы 150-450°С кезінде орташа температуралы оқшаулағыш материалдар қолданылады, оларға, мысалы, асбозурит, шыны мақта жатады. 150°С төмен температураларда киіз, қамыс, солонит қолданылады[3].
Оқшаулауды салу алдында колонналардың оқшауланатын беттері кірден, мұнай өнімдерінің дақтарынан мұқият тазартылады. Мастикалық оқшаулауды қалыңдығы 15мм аспайтын қабаттармен жағады. Қалыпталған оқшаулау материалдары корпусқа МН-1855-61; МН-1860-61 нормалары бойынша орындалған арнайы құрылғылармен бекітіледі. Бұл құрылғылар колонна корпусына дәнекерленген төлкеден немесе қапсырмадан, алмалы-салмалы істерден, ілмектерден және аспалардан тұрады. Оқшаулауға арналған бекіту құрылғыларының төлкелерін көлденең бойынша 250мм адымымен және тігінен 500мм бағандарда орналастырады. Оқшаулағыштың әрбір элементі жұмсақ болат сым және жіңішке жолақты темірден жасалған қамыттың көмегімен бекітіледі.
Оқшаулау қабатының беті зақымданудан міндетті түрде қорғалуы және ылғалдың түсуінен оқшаулануы тиіс. Бұл үшін оқшаулау қабаты құрамында 60% цемент, 30% асбест және 10% диатомит бар асбоцементті сылақпен жабады. Жылу оқшаулағышының ең сенімді қорғауы қалыңдығы 1мм дейін алюминий табақтан немесе жабындық мырышталған темірден жасалған металл қаптамасы болып табылады. Қалыпты жабын табақтарын қолданған кезде қаптау құрылғысынан кейін оларды екі жағынан олифамен жауып, сыртын майлы бояумен сырлау керек. Алдын ала тиісті бояумен лакпен немесе нитрокрамен бояу неғұрлым берік. Оқшаулауды дұрыс пайдалану жылу және механикалық қасиеттерінің нашарлауынсыз оның қызмет ету мерзімін ұзартуға, жылу шығынын азайтуға және аппараттардың тотығуын болдырмауға мүмкіндік береді. Аппаратты әрбір жөндеу кезінде жылу оқшауламасын онда сынған бұрыш, сызаттар, сылақтың қалған қабаттары түрінде болуы мүмкін зақымдануларды анықтау үшін мұқият қарайды. Барлық байқалған кемшіліктер дереу жойылуы тиіс.
Тоқсанына кемінде бір рет оқшаулаудың сыртқы бетінде температураны өлшеу қажет. Егер температура қалыпты болса, бұл оқшаулаудың бұзылуы және оны күрделі жөндеу қажеттілігі туралы куәландырады. Қызмет көрсету алаңдарына арналған штуцерлерді, люктерді, кронштейндерді дәнекерлеу учаскелері әсіресе жиі зақымдалады. Сондықтан жанасу орындарын асбошиферден немесе жабындық темірден жасалған күнқағармен қорғау керек[3].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет