Молдакулова а. Д., Балтабасова б. Ж., Кембаев а. Р., Галиева а. Е


Табиғи мұнай газынан бензинді алуға арналған абсорберлер



бет16/70
Дата11.10.2022
өлшемі4.26 Mb.
#462374
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
Жабдықты, машиналарды,аппараттарды, сораптар мен компрессорларды күйге келтіру мен баптау

Табиғи мұнай газынан бензинді алуға арналған абсорберлер3-40кгс/см2 қысымымен жұмыс істейтін 18-26 барботажды қақпақты тәрелкелер бар қарапайым колонналар болып табылады. Олар табиғи мұнай газынан бензинді көмірсутектерді-пентан мен бутанды алуға арналған. Абсорбент ретінде майлар мен басқа да мұнай өнімдері қолданылады. Абсорбент мөлшері келесілерді ескере отырып тағайындалынады: сіңіргіш неғұрлым көп болған сайын, алу дәрежесі көп және газдарының қоспасынан мақсатты компонент аз болуы ықтимал, бірақ десорберге жүктеме және онда булану процесіне жылу шығыны көп болады.
Тиісті десорберлер абсорберлерден құрылымдық айырмашылығы жоқ. Олардағы қанық абсорбенттен 6 кгс/см2дейінгі қысым кезінде мақсатты компонентті «буланумен» алады, содан кейін қалпына келтірілген абсорбентті қайта пайдаланады. 110-180°С дейін қыздырылған булану үшін абсорбентті бу жоғары көтеріледі, ал сұйықтық төмен түседі. Колоннаның жоғарғы жағы бензинмен суландырылады,ал төменгі жағы қайнатқыштың көмегімен немесе өткір буды енгізумен қыздырылады. Бұл өте нақты ректификацияны және қаныққан абсорбенттен қайнау соңында қажетті температурамен бензинді жеткілікті толық шығаруды қамтамасыз етеді. Абсорберлер мен десорберлерді пайдалану технологиялық режимді нақты сақтау және ең алдымен абсорбент пен газ мөлшерінің белгіленген ұтымды қатынасын тұрақты ұстап тұру болып табылады. Іске қосу, тоқтату, жұмыс кезінде баптау, жөндеу бойынша абсорберлер мен десорберлер ректификациялық тәрелкелі колонналардан айырмашылығы жоқ[1].
Каталитикалық риформинг және гидротазалау қондырғыларының абсорберлері циркуляциялық газдардан күкіртсутегін және су буларын жою үшін қызмет етеді.
Суретте 1.7 циркуляциялық газды тазарту үшін гидротазалау қондырғыларда қолданылатын абсорбер құрылысы келтірілген. Абсорбер S-тәрізді элементтерден (2) бір тұйық және 13 барботажды тарелкалары бар цилиндрлік колонналық аппарат. Абсорбер өлшемдері: диаметрі 3000 мм, биіктігі 20000 мм; барботажды тәрелкелер арасындағы қашықтық 800 мм.
Штуцер 3 бойынша тазаланатын газ абсорбердің төменгі жағына тік орналасқан торлы тамшыұстағыш 4 астына беріледі және конденсаттан бөлініп, ол ағызу құбырымен 5 ағады және одан әрі штуцер 6 арқылы десорбцияға жіберіледі, тұйық тәрелкесінің 1 астына түседі. Ұстағышпен 8 газ құбырлары 8 орналасқан бұл тарелка қаныққан абсорбенттің және штуцер 9 бойынша жіберілетін газ конденсатының жинағышы болып табылады. Барботажды тарелкаларда 2 штуцер 10 бойынша абсорберге берілетін абсорбенттің мақсатты компонентімен біртіндеп қанығуы жүреді. Газ қоспасы штуцер 13 бойынша абсорберден шығар алдында сепаратор 11 және жоғарғы тамшыұстағыш 12 арқылы өтеді. Барлық ұстағыштарсым диаметрі 0,8-1,2мм және өлшемі 10х10ммұяшықтары бар торлы құрылысты құрылғыны көрсетеді[1].





Сурет 1.1
Гидротазалау қондырғысының циркуляциялық газын тазалауға арналған абсорбер:
1-тұйық тәрелке;
2-барботажды тәрелке;
3-газды енгізу;
4-торлы тамшыұстағыш;
5-құю құбыры;
6-конденсатты шығару;
7-газ құбыры;
8-ұстағыш шляпасы;
9-ерітіндіні шығару;
10-абсорбентті енгізу;
11-сепаратор;
12-жоғарғы тамшы ұстағыш;
13-газдың шығуы;



Каталитикалық риформинг және гидротазалау қондырғылары үшін абсорберлерде абсорбенттердің кетуін болдырмау, тарелкалардың қысылуын және аппараттардың мөлшерін шектеу үшін газ қозғалысының жылдамдығын дұрыс таңдау өте маңызды[1].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет