Жабдықты, машиналарды,аппараттарды, сораптар мен компрессорларды күйге келтіру мен баптау
Адсорберлер мұнай өңдеу зауыттарында кейбір технологиялық процестерде қолданылады. Адсорбция жолымен майлар мен парафинді тазалайды, ілеспе және табиғи көмірсутекті газдардан бензин алады, ауаны, түрлі газдар мен сұйықтықтарды кептіреді. Адсорбция процесі адсорбенттің – кеуекті қатты дененің бетінен заттарды сіңіру болып табылады. Мұндай сіңіру адсорбент молекулалары мен адсорбцияланатын заттың молекулалары арасында өзара тартылу күштерінің болуымен түсіндіріледі[2].
Адсорбенттер жоғары кеуектілігінен өте дамыған бетке ие. Адсорбенттер мөлшері 10мм дейін дән түрінде және шаң тәріздес күйде қолданылады. Адсорбция процесі кері, яғни адсорбент жұтылған зат одан әрқашан десорбция бөлуге болады. Адсорбцияны абсорбциямен жетуге болмайтын қиын бөлінетін компоненттерден тұратын және сіңірілетін заттардың аз ғана мөлшері бар қоспаларды бөлу үшін қолданады. Адсорбциялық процесс адсорбенттің барлық беті адсорбцияланатын заттың молекулаларымен толтырылғанға дейін, адсорбциялық тепе-теңдік пайда болғаншажалғасады. Адсорбцияланатын заттың мөлшері оның сапасына, бастапқы қоспадағы концентрациясына, адсорбенттің сапасына, процестің температурасы мен қысымына байланысты. Адсорбция және десорбция процестерінің температурасы мен қысымы келесілермен белгіленеді. Адсорбция температурасытөмен болуы тиіс,бірақ ортаның тұтқырлығын арттыруға жол беруге болмайды, бұл адсорбция дәрежесінің азаюына әкеп соғады.
Десорбция процесінде температураның жоғарылауы кезінде жылдамдатылады. Қысымның жоғарылауымен газ тәрізді қоспалардың адсорбциясы кезінде процесс тездетіледі және адсорбенттің шығыны азаяды. Десорбцияны төмен қысымда жүргізу керек. Процесс оңтайлы режимі техникалық-экономикалық көрсеткіштермен негізделеді.
Адсорбция және десорбция процестері үздікті және үздіксіз схемалар бойынша жүзеге асырылады. Үздікті процесс келесі циклдерден тұрады: адсорбенттен сіңірілетін заттың бөлінуі адсорбция, адсорбентті кептіру және салқындату. Бұл ретте бір аппарат адсорбер мен десорбердің функцияларын айнымалы түрде орындай алады. Үздіксіз адсорбцияны адсорбент пен бөлінетін орта тура ағынды немесе қарсы қозғалыста болатын арнайы аппараттарда жүргізеді. Адсорбенттің қайнаған қабаты бар адсорберлер, түйіршікті адсорбенттердің қозғалысымен адсорберлерге бөлінеді[1].
Адсорберлерді пайдалану процесс параметрлерін дұрыс ұстап тұру, адсорбенттің және бөлінетін ортаның берілген қатынасын сақтау болып табылады. Адсорбенттің тұрақты қабаты бар адсорберлерде күрделі операция адсорбенттің үздікті ауыстыруы болып табылады. Адсорбентті алуды жеңілдету үшін колонналар тіреуіш торлар деңгейінде люктермен жабдықталады. Адсорберлердің баспалдақ алаңдарына аударылатын шөміштері бар стационарлық немесе жылжымалы лифт көтергіштер салынады[2].