Центрифуганы құрастыру алаңына жиналған түрде түседі және крандармен дайын іргетасқа орнатылады. Тасымалдау кезінде тораптардың бөлшектерінің зақымдануын болдырмауға, центрифуганы өзіне сәйкес қозғалмалы бөлшектерін тіреу тіректерімен, скобалармен тарту болттарымен уақытша бекітеді. Көтеретін жүйедегі балансирлейтін тораптардың бөлшектердің жағдайы центрифуга жұмысының тұрақтылығын алдын ала анықтайды, мұқият тексеруден өткізеді[7].
Центрифуганы бірқалыпты іске қосуға арналған гидромуфтаны (Сурет 3.5) қолданады. Гидромуфта, электр қозғалтқышының білігінде орнатылған сыналы белдікті беріліс шкиві болатын бірегей корпуста орындалған. Гидромуфтаны бөлшектеп шашу үшін құйып алынатын тығынды ашып сұйықты құйып алады. Шкив шпилькасындағы гайкаларды бұрап, муфтаның бастаушы бөлігі болатын турбиналық дөңгелекті алып тастайды. Сораптық дөңгелекпен бірге шкивті, электрқозғалтқышы роторының білігінен шығарып алады. Тозуға ұшырайтын мойынтіректерді тығыздағыш құрылғыларды бөлшектеп шашады.
Гидромуфтаны жинауды кері кезектілікте жүргізеді, бұл кезде жеке бөлшектер арасындағы қажетті саңылаулардың сақталуын бақылайды. Мысалы, сораптық, турбиналық дөңгелектердің кескін беттерінің арасындағы саңылау 3мм болуы керек, бұл төсемдердің өздеріне сәйкестіктегі қалыңдықтарын таңдап алумен жеткізіледі. Гидромуфтаны май ұрғыш сақинаның тозуымен, манжеттік тығыздағыш тораптарының тозуымен алып келінетін жұмысшы сұйықтың тамшылап ағуы жағдайында жөндейді. Тозған май ұрғыш сақинаны, манжетті жаңасымен алмастырады. Кейбір кезде сораптық дөңгелектің тығыздалу бөлімшесіндегі ступица мойнын жоңады. Жиналған шкив электр қозғалтқышының қозғалмаған роторы кезінде жеңіл бұралып айналуы қажет. Жиналған гидромуфтаға, шкив кескініндегі тесіп өткен каналдардың біреуі арқылы 90%-ға толтырып жұмысшы сұйықты құяды, одан кейін каналды тығынмен жабады. Екіншіден каналдың толтырылуын бақылау, ауаны шығару үшін қызмет етеді. Гидромуфта шкивінің блогын қоршаумен жабады[7].
Баранбан корпусының ротордың басқада бөлшектерінің елеулі тозуы оларда сызаттардың болуы балансировканың бұзылуына алып келеді, оның белгісі көзге көрінетін дірілдеу болып табылады. Дірілдейтін центрифуганы тоқтатып, дірілдеудің себебі анықталып жойылғанға дейін іске қоспайды. Барабанда орнатылатын тежегіш лентамен қамтылып тұратын тежегіш шеңбер жиі тозады, оның беті станокта үйкеп тегістеледі.
Тежеу жүйесін ретке келтіру. Центрифугадағы ротордың қарқындатып тоқтату үшін тежегіш құрылғылармен жабдықталған. Центрифуганың басқару жүйесінде, бір уақытта тежегіштегі қозғалтқышты іске қосуды болдырмайтын, бөліп тастайтын құрылғысы болады. Жинау тежегішті ажыратқан кезде лента тежегіш шеңберіне тимейтіндей етіп жүргізіледі. Бұл роторды қолмен айналдыру жолымен тексеріледі.Тежегіш ленталары тозады, оларды жиі алмастыруға тура келеді. Жаңа лентаны орнына қойғаннан кейін тарту пружиналарын ретке келтіреді, ротор тежелуінің қажетті жылдамдығына қол жеткізіледі. Станинада кожухта тормоздың сенімді бекітілуін, тежегіш пружинаны тұрақты тексеріп анықталған ақауды жояды.Жөнделінген центрифуганы ротор айналуының тұрақтылығы, бөтен шулардың болмауы, мойынтіректердің қызып кетпеуі, электр қозғалтқышты, тежегіштегі қақпақтың жабу механизмін ажыратып тастау жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне назар аударатын сынама іске қосудан кейін пайдалануға тапсырады.