Реактор-регенератор блогы. Бутанды және бутиленді дегидрлеу үшін жетілдірілген құрылыстағы реактор-регенератор блогы сурет 4.3-те көрсетілген. Блоктағы аппараттар регенератор реактордың үстінде тұратындай түрде біріктірілген. Онда перфорациясы немесе құйып алу құбырлары бар 8-12 көлденең секциялы тарелкалар орналастырылған. Регенерацияланған катализатор генератордан алдымен тірек бойынша, одан кейін десорбер арқылы реакторға келіп түседі. Қаныққаннан кейін катализатор ауа ағынымен тасымалдау желісі бойымен коксты жағу өтетін регенераторға көтеріледі.
Реактор және регенератор,катализатор процессі зонасына аппараттан шыққан реакциялық және түтіндік газдарды ұстап алумен қайтару үшін циклондық аппараттармен жабдықталған. Катализаторды бумен құрғату,шикізатты, ауаны беру,өнімдерді алып кету әдістерінің реакциясы каталикалық крекинг процесстері үшін қабылданған әдістерден аз ерекшеленеді. Сол себептен тораптарды және бөлшектерді құрастыру әдістері жалпы болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
Каталикалық крекинг қондырғыларының реакторларымен регенераторларының атқаратын қызметтері
Мұнай өңдеу өнеркәсібінде технологиялық ағындарды жылжыту үшін, негізінен ортадан тепкіш және поршеньді сорғылар және газ компрессорлары қолданылады. Вакууммен жұмыс істейтін аппараттардан газдарды соруға арналған сорғылар ретінде ротациялық сусақиналы сорғылар қызмет етеді. Тістегеріш және бұрандалы сорғылар негізінен форсункаларға отын беру үшін және технологиялық сорғылардың нығыздағыш құрылғыларына нығыздағыш сұйықтықтарды пайдаланады. Осьтік сорғыларды су тазарту жүйелерінде және сумен жабдықтау жүйелерінде қолданады. Технологиялық сорғылар ретінде зауыттарда мұнай сұйықтықтары мен газдарды айдау үшін арнайы қарастырылған және мұнай өңдеу өнеркәсібіне арналған сорғылардың қалыпты қатарына біріктірілген сорғылар қолданылады[7].
Технологиялық қондырғыларды қайта жаңарту кезінде әдетте поршеньді сорғыларды габариттік өлшемдері мен салмағы аз ортадан тепкіш сорғыларға ауыстыруға ұмтылады, жоғары ПӘК және жұмыста аз инерциялығымен ерекшеленетін. Поршеньді сорғылар экономикалық тұрғыдан ақталған болуы мүмкін. Мысалы, бұл сорғыларды шағын өнімділік пен үлкен арындар немесе айдау температурасында сұйықтықтардың үлкен тұтқырлықпен қозғалуы жағдайында қолданған жөн. Поршеньді сорғылармен жүйенің өзгермелі кедергісі кезінде сұйықтықтарды көлемі бойынша тұрақты ұстап тұру оңай.
Сорғыларды таңдаудың дұрыстығын бағалау үшін мынадай көрсеткіштерге бағдарлау қажет:
айдау температурасы кезінде сорғының өнімділігі;