Молдакулова а. Д., Балтабасова б. Ж., Кембаев а. Р., Галиева а. Е



бет60/70
Дата11.10.2022
өлшемі4.26 Mb.
#462374
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70
Жабдықты, машиналарды,аппараттарды, сораптар мен компрессорларды күйге келтіру мен баптау

6.4. Цилиндрлерді ретке келтіру

Поршеньді машинаның цилиндріне металл заттар түссе, оның айнадай бетінде сызаттар және ойықтар пайда болады. Шағын өлшемді сызаттар және ойықтар зақымдалған цилиндр бетін тегістей отырып, қырнаумен шығарылады. Әдетте үш қимадағы диаметрлерді өлшейді – цилиндрдің ортасында және жұмыс бетінің алдыңғы және артқы жиектерінен 20-25мм қашықтықта (сурет 6.11-6.12). Әрбір жағдайда микрометриялық бастиегі бар штихмастың көмегімен өзара перпендикулярлы диаметрлерді өлшейді.


Цилиндрдің әртүрлі қималарында орындалған өлшеулердің әртүрлілігі бойынша бөшкетәрізді желіну шамасын анықтайды. Цилиндрдің бір қимасында сопақтылық шамасын анықтайды. Цилиндрдің әрбір диаметрі үшін осы желінулердің шекті рұқсат етілген шамалары орнатылған. Егер бөшкетәріздес болып және сопақшаланып желіну мәндері шекті рұқсат етілгеннен асып кетсе, онда цилиндрлерді немесе цилиндрлік төлкелерді жонып немесе ауыстырады.





Сурет 6.11 Бір поршенді цилиндр

Сурет 6.12 Екі поршенді цилиндр

Пайдалану кезінде машиналардың цилиндрлері мен корпустарында жарықтар, кедір-бұдырлар және жоғары коррозия немесе эрозия пайда болуы мүмкін. Сызаттардың болуын мұқият қарау, ағаш балғамен ұру және жұмыс қысымына тең қысым кезінде цилиндрдің барлық қуыстарын кезекті гидравликалық сынау кезінде анықтауға болады. Цилиндрлер мен корпустарды толық гидравликалық сынау күрделі жөндеу кезінде алты жылда бір рет жүргізіледі.


Жарықтар табылған төлкелер ауыстырылады. Цилиндрдің немесе корпустың денесінде жарықтар анықталған жағдайда, оны одан әрі пайдалану немесе жарықтың орны мен шамасына байланысты жөндеу әдісі туралы мәселе шешіледі. Жоғары коррозия немесе эрозия кезінде цилиндрлердің жұмыс беттеріндегі немесе машиналардың корпустарындағы олардың пайда болу себептерін анықтау және оларға байланысты одан әрі коррозияның немесе эрозияның алдын алуға немесе олардың азаюына, мысалы, газды тазартуды жақсартады, оның құрамын немесе температурасын өзгертеді немесе беттерін белгілі бір коррозияға қарсы жабындармен қорғайды.
Цилиндр мен корпустың кедір-бұдырлары олардың қақпақтарының нығыздалуын қиындатады. Мұндай жағдайларда щуп көмегімен шпилькаларды, цилиндрге немесе корпусқа жанасу тығыздығына қақпақтардың фланецтерін тексереді. Қажалған нығыздаушы беттер тозған жағдайда оларды жонып, содан кейін оларды ысқылайды. Жинау кезінде қысылған жерлердегі 0,2-0,5мм шегінде жергілікті тығыздық байқалмағанда жан-жағына мастика шығып кетсе, қосымша асбест бау немесе қалыңдығы 2мм аспайтын басқа да төсеме материал қолданылады. Егер бұл ретте ажыратқыштың тығыздығына қол жеткізу мүмкін болмаса немесе егер саңылаулар 0,5мм-ден асып кетсе, ажыратқыштың тығыздағыш беттерін шабрлеп, түзетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет