Молдашева алтынай боранбайқызы азық-түлік қауіпсіздігі: бағалау, болжамдау және оны қамтамасыз ету механизмі


Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмі



бет2/3
Дата26.02.2016
өлшемі464.73 Kb.
#27256
түріАвтореферат
1   2   3

3. Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмі. Үшінші бөлімде тамақ кластері жасалды және Жамбыл облысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ылғал сақтау технологияларының атқаратын ролі, негізгі тамақ өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етудің даму болашағы анықталды.

Жұмыста аумақтық өндірістік кешені мен АӨК ұйымдастырудың қалыптасқан нысандарынан қағидалық айырмашылықтары бар шаруашылықтың кластерлік нысанының қажеттілігі негізделді. Кластердің даму үлгісі – оның қатысушылары арасындағы ішкі бәсекелестіктің бар болуы, кластер құрылымының ішінде ақпараттық және геологиялық ресурстардың ерекше ролі, тік және көлденең қатынастардың іскер сипаты. Ұсынылған тамақ кластері қант, жеміс-көкөніс, сүт және ет тәрізді төрт салалық кластерден тұрады. Әрбір кластердің құрамына қайта өңдеу кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, сервистік-дайындау орталықтары және инфрақұрылымның нысандары, оның ішінде кластерді басқару органдары кіреді (6 кесте).


6 кесте – Жамбыл облысы тамақ кластерінің құрылымы


Кластер элементтері

Кластер элементтерінің сипаттамасы

1.Тамақ кластерінің мазмұны

- сала кластерлері: қант, жеміс, көкөніс, сүт және етті қайта өңдеу

2.Кластердің шағын жүйелері

- қайта өңдеу кәсіпорындары

- сервистік-дайындау орталықтары

- ауыл шаруашылық агроқұрылымдар


3.Кластердің өзегі

- қант, көкөніс, сүт және етті ұқсату өнеркәсібінің жетекші қайта өңдеу кәсіпорындары

4. Кластер инфрақұрылымы

4.1.Өндірістік ұйымдар

- ауыл шаруашылық машина құрылысы;

- тамақ машина құрылысы;

- химия өнеркәсібі;

- мұнай өнеркәсібі;

- құрылыс ұйымдары;

- көлік ұйымдары.



4.2.Туыстас ұйымдар

- маркетингтік-талдау орталығы;

- тұқымдық өсімдіктер өсіретін зауыттар мен шаруашылықтар;

- тәжірибе бекеттері;

- ыдыс өндірісі бойынша ұйымдар;

- көтерме-бөлшек сауда ұйымдары;

- суландырудың және сумен қамтамасыз етудің ішкі жүйесі;

- жануарларды жасанды ұрықтандыру және селекция ұйымдары;

- мал дәрігерлік қызметтері;

- машина-технологиялық бекеттері.


4.3.Білім беру ұйымдары

- ғылыми-зерттеу институттары;

- жоғарғы оқу орындары;

- мамандарды даярлау және қайта дайындау бойынша орталықтар;

- колледждер;

- бизнес-орталықтар;

- технопарктер.



4.4.Қаржы ұйымдары

- екінші деңгейлі банктер;

- лизингтік компаниялар;

- ауылдық несие серіктестіктері;

- жекеменшік инвесторлар;

- сақтандыру ұйымдары.


4.5.Мемлекеттік және жергілікті органдар

- ауыл шаруашылығының мемлекеттік, облыстық және аудандық департаменттері;

- координациялық Кеңестер;

- орындаушы Кеңестер.


* Кесте автормен құрастырылған

Кластерді іске асыру үшін біз оның қызмет атқаруының ұйымдық-экономикалық механизмін жасадық, оның негізгі мазмұны кластердің негізгі органдары арасында міндеттерді бөлістіру, кластердің негізгі және көмекші қатысушыларын белгілеу, кластердің өзегін құру, кластер қатысушылары арасында табыстарды бөлістіру, тігінен және көлденеңнен келісім-шарттарға отыру болып табылады.

2016-2020 жж. ет, сүт, жұмыртқа өндірісі бойынша жаңа енгізілген қуаттар халықтың жан басына шаққанда 42 кг ет, 64 кг сүт және 49,5 дана жұмыртқа қосымша өндіреді. Осы уақыт аралығында облыста халықтың жан басына шаққанда 100 кг ет, 316,9 кг сүт және 177,5 дана жұмыртқа өндіруге жоспарланды. Облыстың барлық суларында балық өсіру жағдайында халықтың жан басына шаққанда қосымша 3,6 кг көлемінде балықты өткізуге жоспарланады (7 кестенің 3 бағанасы).

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өте маңызды жағдай су ресурстарының бар болуы болып табылады. Сөйтіп, соңғы жылдары Жамбыл облысында су тапшылығы мен құрғақшылық байқалады. Суарудың алдыңғы қатардағы ылғал сақтау тәсілдерінің негізінде, «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары бойынша егіннің құрылымы, өнімділігі мен жалпы түсімі бойынша 2016-2020 жж. дейін ұзақ мерзімді бағдарламасын құрастырды. ҒЗИ-мен алынған нәтижелерді қолданып, біз суару тәсілдері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының суармалы жерлерін ықшамдауды ұсынамыз.

Ол үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы суару алаңдары, жалпы өнімнің көлемдері, суарудың әртүрлі тәсілдері бойынша егістік алқаптар және судың ең төменгі тұтынылуын қамтамасыз ететін міндеті бойынша шектеулерді қолдану арқылы суармалы жерлердің ықшамдауын ескеретін әдістеме жасалды. Әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдарының нақты егістік алаңдарын анықтау кезінде экономика-математикалық есептің басты функциясы ретінде судың ең төменгі тұтынылуы алынды.

Есепті шығару алгоритмі келесідей:

1) ауыл шаруашылығы дақылының жалпы суару алаңдары бойынша шектеу:

Σ Х ij = Sj ј Є N (3)

2) жалпы өнімнің көлемі бойынша шектеу:

Σ d ij Х ij ≤ O i і Є M (4)

3) әртүрлі тәсілдері бойынша егістік алқаптардың мөлшерін шектеулер:

b ij ≤ Х ij ≤ α ij і Є М, ј Є N (5)

Функцияның минимумын табу:

M N


Z = Ʃ Ʃ С ij Х ij → mіn (6)

i j

Сондай-ақ, суару тәсілдерінің өзгеруі, атап айтқанда беттік суарудың 46,7 мың га қысқаруы, жаңбырмен суарылатын егіс алқабының 2,6 мың га, тамшылап суландырылатын егіс алқабының 44,1 мың га жоғарлауы, жекеленген ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімі мен жалпы түсімінің 1,415 млн тоннаға өсуін қамтамасыз етеді. Суару суларын 93380 мың м³ көлемінде және минералды тынайтқыштарды 13250 мың тн көлемінде үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сөйтіп, мысалы, қант қызылшасының, майлы дақылдардың, картоптың, көкөністің және жеміс-жидек дақылдардың өнімділігінің ұлғаюы халықтың жан басына шаққанда 91,3 кг дейін қант өндірісін, 9,1 кг дейін өсімдік майдың, 421 кг дейін картоптың, 492,9 кг дейін көкөністің, 29,5 кг дейін жеміс және жидектің өндірісін қамтамасыз етеді (7 кестенің 3 бағанасы)

Кластерлік құрылымдардың және ылғал сақтау технологияларының енгізілуі Жамбыл облысының халқын тұтынудың ең төменгі мөлшерімен өзін-өзі қамтамасыз етуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді (7 кесте):


7 кесте - Жамбыл облысы халқының азық-түлік қауіпсіздігінің көрсеткіштері


Көрсеткіштер аталуы

Тұтыну нормативі



2016-2020 жж. Тамақ өнімдерін өндіру

Тамақ өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету (физиологиялық мөлшерге %)

Тамақ өнімдерімен нақты өзін-өзі қамтамасыз ету (физиологиялық мөлшеріне %)

Ауытқу, %

(+,-)


1

2

3

4

5

6

1.Тамақтанудың тәуліктік азық мөлшерінің энергетикалық құндылығы, ккал

2956


кем емес

2533


кем емес

-

-

-

2.Азық-түліктің негізгі түрлері

сойыс салмақтағы ет, кг


121,4

100,0

80% кем емес


82,4



2,4

-сүт, кг

260

316,9

80% кем емес

121,9

41,9

-жұмыртқа, дана

140

177,5

80% кем емес

126,8

46,8

-балық және балық өнімдері, кг

5,0

4,2

80% кем емес

84,0

4,0

-қант, кг

15,26

91,3

80% кем емес

598,3

518,3

-өсімдік май, кг

8,47

9,1

80% кем емес

107,4

27,4

-картоп, кг

81,9

421,0

80% кем емес

514,0

434,0

-көкөніс, кг

59,4

492,9

80% кем емес

601,8

521,8

-жеміс және жидек, кг

45,0

29,5

80% кем емес

65,6

-14,4

-жеміс-көкөніс консервілері, шартты банкілер

104

168

80% кем емес

161,5

81,5

*Көрсеткіштер автормен есептелген

Сонымен, облыста тамақ өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету шекті деңгейден жоғары болады: ет бойынша 2,4 %-ға, сүт-41,9 %-ға, жұмыртқа -46,8 %-ға, балық-4,0 %-ға, жеміс-көкөніс консервілері- 81,5 %-ға, өсімдік май-27,4 %-ға, ал қант, картоп және көкөніс сияқты тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету 4-5 есе жоғары. Таяу болашақта тек жеміс-жидек дақылдары бойынша ғана азық-түлік қауіпсіздігінің шекті деңгейіне жете алмаймыз, бірақ оған жету үшін облыста белгілі шаралар қолданып жатыр.
Қорытынды
Диссертациялық жұмыста аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық негіздеріне және нақты тәжірибесіне жүргізілген зерттеу келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:

1. Азық-түлік қауіпсіздігінің мәні отандық АӨК-нің салауатты тіршілікті қамтамасыз ету үшін, импортқа мемлекеттің тәуелділігін реттеу кезінде бастапқы қажеттіліктердің өнімдері бойынша мемлекеттік резервті және тұрақтылық қорларын құру үшін жеткілікті деңгейде азық-түлік тауарларын өндіру және ішкі нарыққа шығару қабілетілігінде деп санаймыз. Азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығы адам қажеттіліктерінің құрылымында, тамаққа деген қажеттілік алғашқы қажеттілік болып табылатынымен анықталады. Азық-түлік қауіпсіздігі әртүрлі деңгейлерде бағаланады: дүниежүзілік, ұлттық, аймақтық және жеке дара (үй шаруашылықтары). Иерархияның әр деңгейіне азық-түлік қауіпсіздігін бағалайтын критерийлер мен көрсеткіштер нақтыланып жасалды; азық-түлік қауіпсіздігі, азық-түлік қамтамасыздығы және азық-түлік тәуелсіздігінің арасындағы өзара байланыс анықталды.

2. Әлем елдерінің азық-түлік қауіпсіздігінің тәжірибесін зерттеу оған жетудің үш стратегиясы бар екенін көрсетті: импортқа бағытталған (Жапония, дамушы мемлекеттер), экспортқа бағытталған (АҚШ, ЕҚ елдері, Қытай) және азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған (Қазақстан, Ресей). Соңғысы таза түрінде сирек кездеседі және әдетте бір стратегиядан екінші стратегияға өту жағдайын сипаттайды.

3. Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігіне талдау және болжам жасау әдістемесі дайындалды. Талдаудың нысандары азық-түлік қауіпсіздігінің үш шағын жүйелері: ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және аймақтың үй шаруашылықтары болып табылады. Ол үшін әрбір шағын жүйенің ішкі және сыртқы факторларының азық-түлік қауіпсіздігіне тигізетін әсеріне байланысты олардың топтамасы дайындалды. Азық-түлік қауіпсіздігіне факторлардың тигізетін әсерінің дәрежесі ұсынылатын көрсеткіштермен бағаланады, олар сондай-ақ әрбір шағын жүйенің деңгейі үшін анықталған. Жұмыста азық-түлік қауіпсіздігіне факторлардың әсерін талдау ғылыми талдаудың салалық және уақыт аралық түрлерінің көмегімен жүргізілді; талдаудың әртүрлі тәсілдері: салыстыру, графикалық, индекстік, тізбектеп қою қолданылды, ал азық-түлік қауіпсіздігін болжамдау қарастырылатын үдерістерді экономика-математикалық модельдеудің көмегімен орындалды.

4. Жамбыл облысының ерекшелігі, ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша экспортқа да, импортқа да бағытталған өндіріске жатпайды, ол екі стратегияның үйлесімін қамтиды. Облыс ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өсіп келеді, бірақ өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы жалпы өнімнің өсімі негізінен алғанда ауыл шаруашылығы өніміне қойылатын бөлшек сауда бағаларының өсуі арқылы алынған. Оған егістік алқаптарының қысқаруы, соның ішінде суармалы жерлердің, пайдаланбайтын егістік жерлер көлемінің ұлғаюы, жеке дақылдар өнімділігі мен жалпы түсімнің төмендеуі, мал санының қысқаруы, ұсақ тауарлы өндірістердің орын алуы себепші болды. Сонымен бірге облыста халықтың жан басына шаққанда келетін сүт, дән, картоп, бақша дақылдары, көкөніс сияқты ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша, етті, жұмыртқаны, балық және балық өнімдерін, өсімдік майды, жеміс және жидекті қоспағанда, өндіріс көлемі тұтынудың ұсынылатын мөлшерлерінен көп жоғары.

5. Облыстың тамақ өнеркәсібі импортқа бағытталған өндіріске жатады. Импортталған өнімнің көлемдері жыл сайын өсіп келеді, және олар құс еті, ет консервілері, сүт өнімдері, өсімдік май және тоң май, консервіленген көкөніс және жеміс, шырындар және т.б. сияқты өнімдер бойынша стратегиялық қауіпсіздіктің 20% шекті деңгейінен асып отыр. Ауыл шаруашылығында өндірілетін өнім үшін облыстың қайта өңдеу өнеркәсібінің әлеуеті сөзсіз жеткіліксіз.

6. Барлық өнімдер бойынша облыс халқының тамақ өнімдерін нақты тұтынуы (ет және ет өнімдерінен басқа), Қазақ Тағамтану Академиясы ұсынған ең төменгі ғылыми-негіздегі мөлшерлерден жоғары. Және де жұмыртқа, балық және балық өнімдері, өсімдік май, жеміс және жидек сияқты өнімдер бойынша халықтың қажеттіліктері импорттық өніммен қанағаттандырылады. Халықтың көпшілігінің сатып алу қабілеті ең төменгі күн көріс шамасынан жоғары болатын табыспен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, облыста халықтың жеке топтарының арасында ақшалай табыстарды үлестірудің біркелкі еместігі байқалады, әрбір оныншы адам күн көріс шамасынан төмен табыс алады. Облыс халқының белгілі бөлігінің тұтынудың ұсынылған ұтымды мөлшерлері бойынша тамақтануына экономикалық жағынан қолдары жетпейді, өйткені бір адамның орташа тамақтануы осы қажеттіліктерге нақты жұмсалған соммадан 1,7 есе жоғары болуы қажет.

7. Ауыл шаруашылығы өнімінің және қайта өңдеу өнеркәсібі өнімінің өндірісін болжамдау негізінде облыстың ішкі нарығының әлеуетті сыйымдылығы анықталған. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімін анықтайтын негізгі факторлар - негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі; тамақ өнеркәсібінде –ауыл шаруашылығының жалпы өнімі және негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар болып табылады.

8.Халықтың жан басына шаққандағы тамақ өнімдерінің өндірісін және олардың бағаларын трендтік модельдеу көмегімен 2016-2020 жж. аралығында аймақтағы халықтың жеке санаттары үшін негізгі азық-түлік тауарларының экономикалық қол жетімділігіне қол жетпейтіні анықталды. Қарастырылған мерзімде тұтынудың ұсынылған мөлшерлері бойынша халық қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы базалық мерзіммен салыстырғанда тамақтануға жұмсалатын шығындарды 2,0 есе көбейтеді.

9.Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің перспективті бағыттарының бірі - кластерлік тәсілдің негізінде интегралданған құрылымдар анықталды. Жұмыста АӨК және кластер сияқты шаруашылық жүргізудің нысандары арасындағы қағидаттық айырмашылықтар айқындалды. Кластерлердің басты айырмашылығы – кластердің қатысушылары арасында ішкі бәсекелестіктің белен алуы, шаруашылық жүргізуші жүйенің ішінде тік және көлденең қатынастардың іскерлік сипатының болуы, жалпы мәселелерді шешуде кластерге қатысушылардың барлығының үйлесімді біріккен жұмысының және кластерлік құрылымның ішіндегі ақпараттық, адам ресурстарының ерекше ролінің орын алуы.

10. Төрт сала кластерінен тұратын (қант, жеміс-көкөніс, сүт және етті қайта өңдеу кластерлері) тамақ кластерін құрудың мақсатқа лайықтылығы дәлелденді, сала кластерлерінің құрамына негізгі қатысушылар (ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, сервистік-дайындау орталықтары, қайта өңдеу кәсіпорындары) және өндірістік, туыстас, білім беру және қаржы инфрақұрылымның нысандары, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары кіреді.

11. Кластердің басқару жүйесінен, яғни Координациялық, Орындаушы Кеңестердің ұйымдастырылуынан және олар мен мемлекеттік органдары арасында басқару міндеттерінің бөлістірілуінен, аймақтың жетекші қайта өңдеу кәсіпорындарынан кластер өзегінің құрылуынан, кластердің негізгі қатысушылары мен инфрақұрылым нысандарын белгілеуден тұратын тамақ кластерін іске асырудың ұйымдық-экономикалық механизмі жасалды; тамақ кластерінде пайданы бөлістіру әрбір кластермен жұмсалған шығынға және түскен табысқа сәйкес жүргізу жоспарланады; өзара қызығушылықты пен сапалы өнімді өндіру бойынша барлық өндірістік үдерістің тиімділігінің арттырылуын және өткізу көлемдерінің ұлғаюын қамтамасыз ету үшін кластер қатысушылары арасында тігінен, сол сияқты көлденең келісім-шарттарға отыру.

12.Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жасаған ҚР облыстары бойынша суарылмалы егіншілікті дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасының негізінде жүйектер бойынша суару, жанбырлату және тамшылап суландыру сияқты ылғал сақтау технологияларын қолдану арқылы Жамбыл облысының минералдық және су ресурстарын тиімді пайдалану үшін әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдарының суармалы жерлерін ықшамдау әдістемесі жасалды. Аталған әдістеменің жүзеге асырылуы минералдық тынайтқыштарды үнемдеуге, суару суларының тапшылығын жоюға, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен жалпы түсімін, соның ішінде аймақтың мал шаруашылығы үшін көпжылдық және бір жылдық шөптердің түсімін арттыруға мүмкіндік береді.

13.Ауыл шаруашылығында тамақ кластері мен ылғал сақтау технологияларының енгізілуі жеміс-жидек дақылдарынан басқа, тұтынудың ең төменгі мөлшерлері бойынша негізгі тамақ өнімдеріне облыс халқының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Ет, сүт, жұмыртқа, балық және балық өнімдері, қант, өсімдік май, картоп және көкөніс бойынша халықтың өзін-өзі қамтамасыз етілуі оның 80,0% шекті деңгейінен жоғары болады.


Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми еңбектердің тізімі
1. Обеспечение продовольственной безопасности в РК // “М.Х. Дулати атындағы ТарМУ хабаршысы” журналы, № 4 2004 ж.

2. Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі – мемлекет экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізі ретінде. «Мемлекетті әлеуметтік, экономикалық, технологиялық және саяси жаңартудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары (Көкшетау қ., Көкшетау Университеті, 2006 ж.) (басқа автормен бірігіп).

3.Продовольственное обеспечение Казахстана: анализ и оценка ситуации. «Экология, құрылыс және су шаруашылығының өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары (Тараз қ., М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, 2007 ж.).

4.Ұлттық агроазық-түлік нарығының даму стратегиясы. «Қазақстан қоғамы: ұлттық басымдылық және бәсекеге қабілеттіліктің шешуші факторлары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары (Тараз қ., «Әулие-ата» университеті, 2007 ж.).

5.Жамбыл облысының азық-түлік қауіпсіздігі: мәселелері, жағдайды бағалау және қамтамасыз ету әдістері. // “ҚазЭУ хабаршысы” журналы, № 3, 2007 ж.

6.Жамбыл облысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бағалау.

// “ҚазҰУ хабаршысы” журналы, № 4, 2008 ж № 4, 2008 ж.

7.Продовольствие в современном мире: изменение приоритетов и положение Казахстана. «Ұлттың ғылыми білім потенциалы және еліміздің бәсекеге қабілеттілігі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары (Тараз қ., М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, 2008 ж.) (басқа автормен бірігіп).

8.Продовольственная безопасность Казахстана по сахару. «Ұлттың ғылыми білім потенциалы және еліміздің бәсекеге қабілеттілігі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары (Тараз қ., М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, 2008 ж.) (басқа автормен бірігіп).

9.Formation of clusters in aic (agrarian and industrial complex as a factor of maintenance fodd in zhambyl region). «Current economic issues & perspectives of the central asia region» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Istanbul, Suleyman Demirel university, 2008).

10.Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін талдаудың, бағалаудың және болжамдаудың әдістемелік негіздері. М.Х.Дулатидің 510- жылдығына арналған «V1 Дулати оқулары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары (Тараз қ., М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, 2009 ж.) (басқа автормен бірігіп).

11.Влияние продовольственной безопасности на рост уровня и качества жизни. «Zpravy vedecke ideje- 2009» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Praha, Publishing House, 2009 roku).

12.Судың тиімді пайдаланылуы- азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кепілі. «Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары (Тараз қ., М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, 2010 ж.).

13. Жамбыл облысы халқымен тамақ өнімдерінің тұтынылуы. // “Ізденіс” журналы № 1, 2010 ж.

14.Ауыл шаруашылығындағы ылғал сақтау технологиялары. //“Аль-Пари” журналы, № 1, 2010 ж.

РЕЗЮМЕ

на автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата экономических наук по специальности 08.00.05. – Экономика и управление народным хозяйством (по отраслям и сферам деятельности)


Молдашевой Алтынай Боранбаевны
Продовольственная безопасность: оценка, прогноз и механизм ее обеспечения (на материалах Жамбылской области)
Актуальность темы исследования обусловлена необходимостью обеспечения продовольственной безопасности как важной составляющей национальной безопасности Казахстана. В решении этой проблемы важная роль отводится агропромышленному комплексу страны. От количества и качества производимой продукции зависит уровень продовольственного обеспечения населения, а также ее продовольственная независимость. Вместе с тем, самообеспеченность населения по отдельным важнейшим продуктам питания в республике ниже допустимого порога (80 %). Недостаток продовольственных продуктов компенсируется импортной продукцией, удельный вес которой в общем объеме потребления на 37,0 % выше установленного порога продовольственной безопасности (20 %). При 60 % значении этого показателя отрасли полностью разрушаются, и возникает полная импортная зависимость от мирового продовольственного рынка. В связи с этим поиск эффективных способов регулирования продовольственной безопасности приобретает особую актуальность.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет