Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет110/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

«кең құрсақ» метафорасы арқылы бере білген. Әдетте халықтық танымда қарын 
тамақ сақтайтын, құрсақ ұрпақ өрбітетін ағза ретінде қабылданған. Кең құрсақ 
метафорасында Абылайдың үш жүздің баласын алаламай, ішке тартып, сыйдыра 
білген қасиеті айқындалып, сыйымдылық мөлшер ұғымдар арқылы беріліп отыр.
Үшінші мысалдың бірінші тармағы метафора үш құрамды, екінші тармағы 
төрт құрамды болып келеді. Кірмембес ауыр қол метафорасындағы кірмембес 
сөзін ғалым Р.Сыздық мағынасын түсіндіру қиын сөздердің қатарына жатқызады. 
Бұл – шындық. Десе де, бұл сөз, біздің болжауымызша, қайтпас, қаһарлы, 
айбарлы (аскер) мағынасын беретін сияқты. Ал ауыр қол тіркесіндегі екі сөз де 


157 
ауыспалы мағынада. Ауыр сөзі – көп, мол, қалың ұғымдарын, қол сөзі – әскер, 
жасақ мағынасын білдіріп, қалың әскер, өте көп жасақ мағынасын береді. Әскер 
санының көптігі ауыр (салмақ) ұғымымен, әскердің өзі қару-жарақ ұстайтын қол 
сөзі арқылы метафораланған. Анықтауышты құрылымдармен келген кірмембес 
ауыр қол метафорасы образды, экспрессиялы бояуы күшті, «көптік» ұғымды 
білдіретін тілдік қолданыс болып шыққан. Ал күңіреніп күн түбіне жорту 
метафорасы төрт құрамды болып, пысықтауыштық қатынастағы етістікті 
құрылымдар арқылы берілген. Күн түбі сөзі оқырман санасында бірден 
шалғайдағы батып бара жатқан Күннің бейнесін ассоциациялайды). Ал күңіреніп 
күн түбіне жорту тіркесі алысқа, шалғайға жорық жасау ұғымын образды 
түрде бейнелеп отыр. Демек, мұнда да «қашықтық» ұғымы заттық ұғымдар 
арқылы метафораланған.
Бұл үш мысал көрсеткендей, мөлшерлік метафоралардың түп арқа сүйер 
тірегі – метафоралаушыға етене таныс заттық ұғымдар. Мұны әлемдік тіл 
білімінде когнитивті метафора деп атайды. Яғни метафоралану үдерісінде 
этностың тілдік санасына, тұрмыс-тіршілігіне ең жақын заттар мен құбылыстар 
бейтаныс ұғымдарды жарыққа шығаруда өткел болады. Ал метафоралардың 
құрамын шығармашы қалағанынша белгілей алмайды, оны ойдың сұранысы мен 
тілдің мүмкіндігі белгілейді. Ойдағы анықтауыштық құрылымдар тереңдеген, 
артқан сайын тіркес құрамы күрделене түседі.
Мөлшерлік метафоралардың ішкі-сыртқы тілдік қасиеттерінен бөлек, 
айрықша сөз болатын тақырып – олардың жасалуына, метафора түзуге негіз 
болған сөздер тобы немесе табы. Сондықтан ендігі кезекте мөлшерлік 
метафоралар қай сөз табы арқылы қалай жасалады, соған ойысамыз.
Әуелде мөлшерлік метафоралардың жасалуына негіз болатын – заттық 
ұғымдар, зат есімдер. Мысалы:
1. Һәр бірінің баласы 
Алтау болар, бес болар, 
Ішінде абаданы бір болар 
(Бұқар жырау, Көктеп мінген еріңнің, 43 б.);
 
2. Қырық жасқа келгенде
Алтын тонның жеңі едің; 
(Бұқар жырау, Ай, Абылай сен он бір жасыңда, 94-95 
бб.);
 
3. Мен – Арғын деген арыспын, 
Азуы кере қарыспын
Сен бұзау терісі шөншіксің, 
Мен өгіз терісі талыспын
...Абылай алдында бітпесең,
Атасын білмес алыспын 
(Бұқар жырау, Садыр, қайда барасың, 95 б.);
4. Темір еді биіміз, 
Теңіз еді халқымыз
(Шалкиіз, Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуға айтқаны, 40 б.);
 
5. Байтағың байып мал беріп, 
Байрақты жерге қыстатқан 
( Бұқар жырау, Күпшек санды күреңді, 105 б.). 


158 
Берілген мысалдарда жыраулар поэзиясындағы зат есімдер арқылы түзілген 
мөлшерлік метафоралардың негізгі тақырыбы – адами қасиеттер. Мұнда жеке 
адамды сөз арқауы ету арқылы тұтас бір елді сипаттау да бар. Бірінші мысалдағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет