154
Ақтың жолы
тар болмас,
Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес
(Бұқар жырау, Алла деген ар болмас, 97 б.);
2. Ұстаса – қашағанның
ұзын құрығы,
Қалайылаған
қасты орданың сырығы,
(Қазтуған жырау, Мадақ жыры, 28 б.).
Бірінші толғаудағы
тар пейіл, кең пейіл метафоралары Асан қайғыда да,
Бұқар жырауда да кездеседі. Тіпті одан да бұрынғы жазба мұралардан
кездестіруге болады. Бұл метафоралы тіркестер – қай тілдік кезеңде болмасын,
адамның ішкі әлеміне, мінезіне байланысты айтылып,
мағынасы әбден
тұрақтанған тіркестер. Тіпті, өзінің образдылығын жоғалтып, қайтадан тура
мағыналы сөзге ауысып бара жатқан тіркесті сөз. Сонымен қатар,
ақтың жолы
тар болмас тіркесінде адамның өмір жолы кәдімгі жолға ұқсатылған.
Жолы тар
тіркесі ауыспалы мағынасында
қиындығы, машақаты, кедергісі көп деген
ұғымдарды білдіреді. Мұнда
кеңістік (сыйымдылық) ұғымына жататын
тар сөзі
метафоралы мәнде жұмсалған. Ал екінші толғаудағы
қашағанның ұзын құрығы,
қасты орданың сырығы күрделі метафораларын өзге жырауларда кездеспейтін,
авторлы қолданыстарға жатқызуға болады. Мұнда Қазтуғанның бойына біткен
дара қасиеттері заттық бұйымдарға тән қасиеттермен ұқсастырылады. Құрық та,
сырық та – ұзын зат, әрі көшпелі шаруашылықтың төл иесі саналатын түркі-қазақ
жұртының танымына ғана тән. Заттық функциясынан бөлек халық танымында
«ұзындық» ұғымымен байланысты орныққан бұл зат есімдер метафораланып,
мүлде жаңа мағына тудырып тұр. Метафоралық мағынаның тууындағы ұлттық
танымның ықпалы туралы да ғалым Қ.Өмірәлиев: «Метафораға алынатын зат я
құбылыс әдебиетте кездейсоқ таңдала салмаған. Олар – ұзақ дәуірлік дәстүрдің,
ұғым-түсініктің, салт-ғұрыптың жемісі»,
– дейді [29, 233 б.]. Қазтуғанның
асаудай «қиқарды» бағындырып, жөнге саларлық тіл мен ақыл қуаты бар бірегей
тұлғасы, дара қасиеті ұлттық таным шеңберінде бейнеленген. Жыраулар
поэзиясында метафораның екі түрі де кең қолданыс тапқан.
«Мөлшер» ұғымын білдіретін метафоралар
екі семантикалық функциялы
болады. Бірінші, нақты, дәл мөлшерлік мағынаны білдіреді, екіншісі, дүниенің
мөлшерлі бейнесін образды түрде, экспрессиялы бояуымен сипаттайды. Мысалы:
Жағасы
алтын, жеңі
жез,
Шығыршығы
торғай көз
Сауыт киер ме екенміз?!
(Ақтамберді жырау, Күлдір, күлдір кісінетіп).
Мұнда
шығыршығы торғай көз тіркесі – метафораланған сөз қолданысы.
Яғни тор сауыттың көзі
найза ұшы өтпейтіндей тар, торғайдың көзіндей ғана
деген нақты сыйымдылық мөлшерді білдіреді. Сонымен қатар сауыттың
жақсысын таңдаудың өлшемі болғандықтан, сапалық ұғымдарды да білдіреді.
Автор сауыт торына байланысты «мөлшер» ұғымын «кішкене» деп айтудың
орнына оны торғайдың көзімен салыстыруы ұғымға нақтылық әрі образдылық
береді. Мұндай метафоралы тілдік қолданыстар адамның сезім түйсігі мен ақыл
түйсігіне бірдей әсер ететіндіктен, жоғары
сападағы тілдік қолданыстар
саналады.
Метафора – тілдік тұлғалардың немесе тіл тұтынушыларының тілдік білімін,
дүниені тану деңгейін анықтайды. Өйткені метафора
– тіл қолданудың ең жоғары
155
сапалық белгілерінің бірі. Мұның өзі
метафораны түсіну (мағынасын),
метафораны тудыру сынды екі түрлі бағытта анықталады. Тілді білу деңгейі
төмен кейбір тұлғалар метафоралы сөздердің мағынасын түсінбей жатады. Міне,
бұл – «сөздің тыңдаушысын сынауы». Ал ендігі бір топ түсініп қана қоймай,
метафоралы қолданыстарды өзі тудырады. Дүниедегі заттар мен құбылыстарда
өмір сүретін түрлі мөлшерлік шамалардың барлығын атаулап, бір-бір сөз арнау
мүмкін де емес. Оны метафоралы таным арқылы, метафоралы сөзқолданыстары
арқылы ықшамдап, жинақтап, дәл көрсетуге болады. Дәл осы «ықшамдау тәсілі»
арқылы берілген мөлшерлік мағыналар адамдағы
әлемнің мөлшерлі бейнесі
жайлы жинақтаған білімін көрсетеді. Бұл білім, өз кезегінде, белгілі зат не
құбылыстың мөлшерлік шамасы жайлы ақпарат беру мен алудың дәлдігін,
жетімділігін айқындайтын басты көрсеткіш.
Б.Хасанов: «Сөз тудырудың басқа тәсілдерінен
метафораның негізгі
айырмашылығы – сөз мағынасын ғана жаңғыртып, сырт тұлғасына фонетикалық,
морфологиялық өзгеріс енгізбейтіндігінде»,
– дейді [215, 19 б.]. Метафорада
тіркес компоненттеріндегі жеке сөздің тұлғасы өзгермейтіні шындық. Бірақ біз
мұны сөз тұлғасының өзгермеуі дей алмас едік. Сөз тұлғасын өзгертетін тек
синтетикалық тәсілдер ғана емес, аналитикалық тәсілдер де сөз тұлғасын
өзгертеді. Сөздердің бірігу (кеңпейіл), тіркесу (асқар тау), кірігу (қарыс – қары
аш) тәсілдері соның айқын дәлелі. Аналитикалық
тәсілдер арқылы жасалған
сөздердің мағынасы да, тұлғасы да өзгереді де, тілдік санада жаңа сөз ретінде
кодталады. Сөздік құрамға бұрынғы сөздердің есебінен емес, жаңа сөз есебінен
кіреді. Сөз саны артады. Метафора тәсілі арқылы жасалған көптеген мөлшерлік
мағыналардың бәрі тілдік санада тұрақтай бермейді, тек тілдік қолданыста ұдайы
қажеттері ғана мағына жағынан тұрақталып, жаңа ұғым графикалық формаға ие
болады. Метафорада дербес сөздер жаңа сөз жасауға материал болады. Бұл ретте
сөздер жұрнақтар сияқты сөзжасам қызметін атқарады. Мысалы:
1. Арғымақтан туған
будан бар,
Күнінде
көрінім жер алғысыз
(Шалкиіз жырау, Айырдан туған жампоз бар, 44 б.);
2. Қара арғымақ арыса,
Достарыңызбен бөлісу: