Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет114/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

негізгі етістіктер. Негізгі етістіктердің өзі салт етістік және сабақты етістік 
болып екіге бөлінетіні белгілі. Етістіктің бұл екі түрі қимыл-әрекет субъектісі 
мен объектісінің синтаксистік қатынастағы ішкі семантикалық мазмұнына қарай 
анықталады. Жыраулар поэзиясында кездесетін етістікті мөлшерлік 
метафораның сабақты түрінің өзі бірнеше түрлі. 
Сын есімдер сабақты етістікке мөлшер пысықтауыш болып келуі арқылы, 
басқаша айтқанда, сабақты етістікті тіркестің арасына сөз салып келуі арқылы 
жасалады. Мысалы:
Жәбірлеген қалмаққа, 
Тырнағын қатты батырды 
(Бұқар жырау, Қалданменен ұрысып, 98 б.).
Толғаудағы тырнақ батыру тіркесі әдетте «басыну», «күш көрсету», 
«қорлық көрсету» мағынасын білдіретін метафораланған тұрақты тіркес ретінде 
танылады. Ал мысалда аталмыш тұрақты құрылымның тіркес жігіне қатты сөзі 
«сынадай» қағылып, қимыл-әрекет мөлшерін арттырып, мағыналық реңкін 
күшейтіп тұр. Соған қарамастан, тұрақты құрылым бастапқы мағынасын 
сақтаған. Тырнақ батырғанда тән ауырады, ал адамды «басынғанда» жаны 
ауырады. Бұл екі құбылысқа ортақ ұғым – «ауырсыну». Осы ұғым метафоралық 
мағына алмасуға ұйытқы болған. Нәтижесінде қимыл-әрекет мөлшерін образды 
түрде бейнелейді.
Мөлшер үстеулер фразалық тіркестердің арасында келуі арқылы да 
етістікті мөлшерлік метафоралар жасалады. Мысалы:
1. Ей, Ақтамберді, Қабанбай! 
Суытпа босқа түсіңді, 
Қайрама онша тісіңді 
(Үмбетей жырау, Ей, Ақтамберді, Қабанбай, 75 б.);
2. Орыспенен соғысып, 
Басына мұнша көтерген 
Еліңе жаулық сағынба!
(Бұқар жырау, Ал, тілімді алмасаң, 91-92 бб.).
Жоғарыдағы онша, мұнша сөздері фразалық етістіктердің арасында келген. 
Бірінші мысалдағы қайрама онша тісіңді тіркесінің әуелгі қалпы – тісін қайрау
Бұл кектену, қарсыласу, ашу-ыза қысу мағынасын білдіреді. Мұнда етістік 
баяндауыш тіркес басына шығып, тіркес жігіне сөз салып, айрықша синтаксистік 
құрылыммен берілген. Сабақты етістіктің бұл формасы да белгілі қимылдық 
шаманың орнына жұмсалған онша сөзі тісін қайрау (кектену) ұғымының 
мөлшерін образды түрде асырмалап көрсеткен. Ал екінші мысалда тұрақты 
құрылымның бастапқы қалпы басына көтеру екені белгілі. Мұнша сөзі осы 
тіркестің мағынасын сақтай отырып, «құрметтеу» процесінің мөлшерін одан 
сайын асырмалап көрсеткен. Екі тіркесте де жалқы іс-әрекет жалпы ұғымның 
орнына метафоралана жұмсалған.
Еліктеуіштер өткен шақ есімшемен бірге зат есімдермен қабыса 
байланысып, мөлшерлі іс-әрекет процесінің белең алған уақыты мен созылған 
тұтас мезгілін сипаттау үшін де қолданылады. Мысалы: 


164 
Балпаң, балпаң басқан күн 
Бай ұлынан асқан күн 
(Шалкиіз жырау, Балпаң, балпаң басқан күн, 47 б.).
Қандай да бір іс-әрекеттің жүзеге асу мөлшерімен қатар, жалғасу, созылу 
уақыттық мөлшері болады. Мұнда күн сөзі зат есім болғанымен, белгілі уақыт 
мөлшерін білдіреді. Тіпті бір ғана күн емес, мағынасы ауысып, тұтас бір мезгіл, 
әлденеше күнге, айға, жылға созылған уақыт кезеңін білдіреді. Яғни «байдың 
ұлынан байлығы артып», масаттанып, маңғазданып, шіреніп жүрген өмір 
кезеңдерін білдіреді. Мұнда да уақыт, қимыл-әрекет ұғымдары «мөлшер» ұғымы 
аясы образды түрде берілген.
Қорыта келгенде, жыраулар поэзиясында метафора да – «мөлшер» ұғымын 
берудің ең өнімді тәсілдердің бірі. Жыраулар өзіне дейінгі сан ғасырлық тілдік 
ізденістердің жауһарларын кәдеге жарата келіп, сол негізде көптеген тың 
метафоралық қолданыстар тудыра білген. Бұлар мазмұны ерлік, батырлық
жаугершілік, ел қорғау, адамдық, адамгершілік қасиет, байлық, ырысты мекен 
ұғымдарымен ұштасып жатады. Жыраулар поэзиясындағы мөлшерлік 
метафоралар түзуге қатысатын тілдік ұғымдар ұлтқа етене таныс, айнала 
табиғаттағы заттардың тікелей образынан алынған ұғымдар болып келеді. Ал 
саны мен сапасы жағынан ең сәтті мөлшерлік метафоралар Шалкиіз бен Бұқар 
жырауға тиесілі. Грамматикалық ерекшелігіне қарай зат есім, сан есім, сын есім, 
есімдік, еліктеу сөздерінен жасалады да, оған көбіне аналитикалық тәсіл
синтетикалық тәсіл, көмекші сөздердің дәнекерлігі және салт, сабақты етістік 
формасында келуі арқылы жасалады. Нақтырақ айтқанда, жіктік жалғауы, 
тәуелдік жалғауында келуідеген, еді, екен сияқты көмекші сөздер мен -дай/дей, 
-тай/-тей жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Есімдерге анықтауыш, 
анықтауыштық қатынастағы, етістіктерге пысықтауыш қатынастағы келген 
есімді, етістікті тіркестер болып келеді. Жыраулар поэзиясындағы 
метафораларлы мөлшерліктердің дені қашықтық, салмақ, уақыт, жылдамдық, 
сапа, құн мөлшері сынды микро «мөлшер» ұғымдары аясында көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет