Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет39/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

(киімді), кічіг // кішкене сөздері тік бағытты қашықтықты білдіреді. Алайда бұл 
сөздердің көне түркі тіліндегі қолданысы кейде бұған керісінше бағытта да 
болуы мүмкін. Дегенмен ескерткіштерде кездесетіні – осы. Аталған лексемалар 
нақты заттардың ұзындық/қысқалық, алыс/жақындық мәнін білдіргенімен, бәрі 
жалпылама «қашықтық» ұғымы саналады. Бұл «қашықтық» ұғымдарында сол 
заманға (VII–VIII ғғ.) сай қалыптасқан ортақ мөлшерлік меже бар. Жер бетіндегі, 
кеңістіктегі немесе қандай да бір заттағы ұзындық шаманың мөлшері сол ұғым 
негізінде алыс/жақын тіресімдеріне бөлінеді де, құрылымданып, қашықтық 
семантикасына ие болады. Мысалы: Анта аңығ кісі анча бошғурур ерміс, ырақ 
ерсер йаблақ ағы бірүр, йағуқ ерсер, едгү ағы бірүр-тір, анча бошғурур ерміс. 
Біліг білмез кісі ол сабығ алып, йағру барығ, үкүш кісі өлтіг (КТк., 7) // Сонда өш 
адамдар былай сендірген еді: «жырақ болса, жаман сыйлық берер, жақын болса, 
игі сыйлық берер»,  деп. Осылай сендірген еді. Білімсіз кісілер сол сөзге сеніп 
маңына барып, көп кісі өлді. Мәтіндегі ырақ, йағуқ сөздері көлденең бағытты 
«қашықтық» ұғымын білдіреді. Яғни қытайлар мен түркілер қонысының 
(астанасының) арақашықтығы «жақын-алыс» ұғымдар арқылы сипатталған. 
Мұндағы «қашықтық» ұғымы тарихи және географиялық танымға тәуелді. 
Нақтырақ айтқанда, алыс / жақын тіресімдік семантика бұған дейінгі тарихи 
кезеңдерде екі ел астанасының орналасудағы қашықтық межесі негізінде туады. 


55 
Демек, кейбір мөлшерлік ұғымдар тарихи сананы, танымды, түсініктерді ұдайы 
жаңғыртып, жадта сақтап отыру қасиетіне ие.
Көне түркі тілінде «жақын қашықтық» ұғымы кічіг // кішкене сөзі арқылы 
да беріледі. Мысалы: Ілгерү – Шантуң йазықа тегі сүледім, талуйқа кічіг 
тегмедім, бергерү – Тоқуз Ерсенке тегі сүледім, Түпүтке кічіг тегмедім (КТк., 
3) // Ілгері Шантуң жазыққа дейін соғыстым, теңізге кішкене жетпедім. 
Түстікте Тоғыз Ерсенге дейін соғыстым, Тибетке кішкене жетпедім
Үзіндідегі кічіг сөзі кішкене деген мағынада. Қазіргі қазақ тілінде кішкене сөзі 
қандай да бір заттың көлем мен сыйымдылығына байланысты айтылып, қалыпты 
мөлшерден «кішілік» ұғымын білдіреді. Ал контексте, одан басқа әлденеше 
мөлшерлік ұғымдарды білдіруге жұмсалады. Мысалда кічіг // кішкене сөзі 
ауыспалы мағынада жұмсалған. Яғни «қашықтық» ұғымына байланысты 
қолданылып, жер бетіндегі екі межелі орынның арақашықтығын білдіреді. 
Көлемге 
байланысты 
сөздің 
«қашықтық» 
ұғымында 
қолданылуы 
метафораланудың нәтижесінде жүзеге асқан. Бұған қарағанда, көне түркі тілінде 
де сөздердің көпмағыналығы кең өріс алған.
Ескерткіштер мәтінінде «көлем» ұғымын білдіретін иінчге // жіңішке, йоған 
// жуан, учруғлуғ // үлкен, улуғ // үлкен сөздері кездеседі. Бұл лексемалар 
кішкене/үлкен сатылы тіресімі (градуалды оппозициясы) аясында беріледі.
«Көлем» ұғымы көбіне деректі заттардың сыртқы пішініне қатысты айтылады. 
Ал дерексіз (абстракті) көлем сол деректі заттардың негізінде метафоралы 
мағынаға ие болады. «Тониқуқ» ескерткішінде былай беріледі: Иінчге йоған 
болсар үзгүлүк алп ерміс (Тон., 14) // Жіңішке жуандаса үзетін алып болар
Мұнда мөлшер мағынасы «көлем» ұғымы аясында беріліп, ол адамның сыртқы 
тұлғасына қатысты алынған. Әр заманда санада адамдарының дене тұрқына 
(үлкен/кішілігіне), басқа да заттар мен құбылыстарға байланысты белгілі 
мөлшерлік меже қалыптасады. Сол орталық меже шамаларды анықтаушы
«көлем» ұғымын тіресімдік мағыналарға ажыратушы құралға айналады. 
Мысалы: Алып ер бізіңе тегміш ерті, антағ өдке өкүнүп, Күлтегініг аз ерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет