1) Қаңым қаған сүсі бөрі тег ерміс, йағысы қой тег ерміс. Ілгерү-қурығару
сүлеп тірміш қобартмыш (КТү., 12); Қамуғы йеті йүз ер болмыш (КТү., 13) //
Қаңым қаған әскері бөрідей еді, жаулары қойдай еді. Ілгері-кейін аттанып,
жинапты, көтеріпті; Бәрі жеті жүз ер болыпты;
2) Өд Теңрі йасар, кісі оғлы қоп өлгелі терүміс (КТү., 50) // Тағдырды Тәңрі
жасар, адам баласы бәрі өлгелі туған;
3) Төрт булуң қоп йағы ерміс, сү сүлепен. Төрт булуңдақы будунығ қоп
алмыс, қоп баз қылмыс (КТү., 2) // төрт бұрышың бәрі жау еді, әскер жүргізіп,
төрт бұрыштағы халықты көп алған, бәрін бейбіт қылған.
Бірінші мысалда Қаңым қаған әскерінің айбаты сипаттала келіп, жорыққа
жиналған әскерінің саны жеті жүздей екені айтылған. Осы жеті жүз санының
мәнін қамуғ жалпылау есімдігі қамтып тұр. Екінші мысалда Тәңіршілдік дінінің
ұғымдары баяндалған да, өлімді қоп жалпылау есімдігі арқылы тірі адамның
бәріне ортақ іс ретінде сипаттап отыр. Яғни қоп сөзі «барша тірі адам»
мағынасын білдіреді. Ал үшінші мысалда қоп сөзі төрт атыраптағы жауласқан,
кейіннен бағынып, ел болған тайпалардың жиынтығын білдіреді. Бұл да –
белгісіз сандық мәндегі мөлшерлік «ұғым». Демек, жалпылау есімдіктері мәтінде
айтылған мөлшерлік шамаларды жинақтау, жалпылау мәнді болып келеді.
Ескерткіштердегі
жалпылау
есімдіктерді
Ғ.Айдаров
контекстегі
мағынасына қарай қазақша бірнеше нұсқада аударады. Айталық қамуғ сөзін
бірде бәрі деп берсе, бірде түгел деп береді. Ал қоп сөзін де бірде бәрі деп берсе,
бірде түгел деп береді. Мысалы: Елігче ер тутдымыз ол оқ түн будунын сайу
ытымыз ол сабығ есідіп он оқ беглері будуны қоп келті йүкүнті (Тон., 42) //
Елудей ерін ұстадық тұтқындады сол түні халық сайын елші жібердік, ол
хабарды естіп, он оқ бектері, халқы түгел келді, жүгінді.
Жоғарыда үзінділерде қоп жалпылау есімдігі бірнеше жерде бәрі деп берілсе,
берілген мысалда түгел деп аударылған. Көне түркі тілінде қамуғ, қоп сөздері
өзара дублет бола алмаса керек, қолданысында аз да болса нақты семантикалық
айырмасы, өзіндік тілдік қызметі бары даусыз. Мұның жұмбағы синтаксисте
жатыр. Бұл әр сөздің семантикасын аудармада екінші сөзбен толықтай жеткізуге
болғанымен, оның синтагмадағы қызметін ешбір сөз толық атқара алмайтынын
түсіндіреді. Әр сөздің тіркесім табиғаты бірегей болады.
4. Көне түркі тілінде мөлшер семантикасы үстеудің күшейткіш үстеу,
мөлшер үстеу сияқты мағыналық топтары арқылы да беріледі. Күшейткіш
үстеулер дербес тұрып та, кейбір атауыш сөздермен тіркесіп келіп те, «мөлшер»
ұғымын білдіреді. Ескерткіштерде үстеулердің қатысымен жасалған мөлшер
мағыналы мынадай тілдік бірліктер кездеседі: ең ілк (КТү., 45; БҚ, 30) // ең ілкі;
кечүрү (МЧ, 36) // өте; қатығды сақынтым (КТү., 51) // қатты сағындым; нең
йылсығ (КТү., 26) // ең болмаса т.б.
Үстеу сөздері өзі тіркескен сөздерге үстеме мағына тудыруымен
ерекшеленеді. Академиялық «Қазақ грамматикасында»: «Қазіргі қазақ тіліндегі
күшейткіш үстеулер заттың сындық қасиетін және қимыл, іс-әрекеттің белгі,
сапасын, мөлшерін, көлемін күшейтіп не солғындатып көрсету үшін
қолданылады», – деп беріледі [166, 548 б.]. Яғни күшейткіш үстеулер қандай да
бір шамалардың мөлшеріне қатысты айтылады. Жоғарыда берілген күшейткіш
үстеулер «мөлшер» ұғымын білдіретін сын есім сөздермен тіркесіп, «мөлшер»
ұғымының сындық дәрежесін одан сайын асырмалап, түрлі сападағы күшейтпелі
60
мөлшерлік мағыналарды білдірген. Мысалы: Тоқуз оғуз будун кентү будуным
Достарыңызбен бөлісу: |