Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет72/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

– Иаршым // (шаптырым – А.Е.): Бір иаршым иер // бір шаптырым жер; 
бәйгеде бір шаптырым жер (МҚ, Т
3
-66). Қазіргі қазақ тілінде бір иарышым иер 
(бір жарысым жер) қолданысы жоқ. Сондақтан мұны А.Егеубаев бір 
шаптырым жер деп аударады. М.Қашқаридың иарышым сөзін бөлек алып, 
қашықтық өлшемі ретінде арнайы түсіндіруіне қарағанда, бұл түркі тілінде, 
нақты болмаса да, болжалды қашықтық мәні бар өлшем бірлік екенін түсіндіреді. 
Бұл, бір жағы, орта ғасыр түркі тілінің мөлшерлік ұғымдар мен тілдік бірліктерге 
байлығын көрсетеді.
Қазақ тіліндегі ат шаптырым жер тіркесінің қашықтық мәнін ғалымдар 
әртүрлі көрсетеді. Айталық: Арғынбаев – 30-40 км, С.М. Абрамзон – 50 км, 
М.Әуезов – шамамен 20-25 км. Біздіңше, бұл мөлшерлік конструкцияның нақты 
мәні жоқ. М.Әуезовтің шамамен айтқаны негізсіз емес. Бәйгеге түскен аттың 
бабы мен физикалық қуаты шамамен осынша (20-25 км) қашықтықты бағындыра 
алады. Бұл шама бәйге аттардың жүйріктігіне қарай және бәйгенің түрлеріне 
қарай да өзгеріп отырады. Олай болса, орта ғасыр түркі тіліндегі йарышым 
сөзінде де нақты қашықтық мән болуы екіталай. Бұл да бәйгеге (аламанға) 
қосылған аттардың бағындыра алатын арақашықтығына тең. Оның сандық мәні 
әр кез әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ бір-бірінен тым алшақ кетпейді.
Тағы бір айта кететіні, физикалық процесті білдіретін йарышым сөзінің дене 
мүшесіне қандай қатысы бар деген ой тууы мүмкін. Төменде талданатын 
шамалауыш соматизмдердің көпшілігі де осы типтегі сөздер. Сондықтан 
физикалық процестер мен соматизмдердің қатысын осы арада анықтап өткен 
абзал. Шынында жарысатын – ат. Бірақ сол аттың жарысы не шабысы төрт аяқ, 
яғни дене мүше арқылы болады. Төрт аяқтың қуаты атты иарышым иер 
қашықтығына апарады. Сондықтан бұл шамалаушы мөлшерлік саналады. 
Төмендегі шамалауыш соматизм деп танылған мөлшерліктердің бәрінде осы 
негізді ұстанамыз.
– Сағым // сауым: бір сағым сүт // бір сауым сүт (МҚ, Т
1
-457). Сағым – 
«сыйымдылық» ұғымын білдіретін шамалауыш мөлшерлік. Сүт беретін 
жануарды (төрт түлік) бір рет (кезек) сауғандағы сүтінің орташа мөлшерін 
білдіреді. Сұйық заттарда нақты пішін болмайды. Сондықтан оның мөлшері 
қандай да бір ыдысқа құйылу арқылы, сыйымдылық өлшемі негізінде өлшенеді. 


98 
– Орым // орым: бір орым от // бір орым шөп (МҚ, Т
1
-105). Орым – «көлем» 
ұғымын білдіретін шамалауыш мөлшерлік. Шөп орған адамның физикалық 
қуаты таусылғанша орып үлгерген шөбінің көлемін емес, орақпен бір рет орып 
түскен кездегі немесе малдың бір уақыт азығына жетерлік көлемдегі шөпті 
білдіреді.
– Оқтам // бір оқтық, оқ жетерлік: бір оқтам иер // бір оқ атым жер (МҚ, 
Т
1
-112). Оқтам – «қашықтық» ұғымын білдіретін мөлшерлік. Садақтан атылған 
жебенің (оғының) жеткен жеріне дейінгі қашықтықты білдіреді. Мұнда садақ 
тарта алатын кез келген адамның оғы жетер орташа қашықтығы алынады. 
Адамның физикалық қуаты мен қолдың қызметі мөлшерлік ұғымның тууына 
басты негіз болады. Қазіргі қазақ тілінде көбіне осы ұғым оқ бойы жер, бір атым 
жер тіркесі арқылы беріледі.
– Екім // егім: бір екім иер // бір егім жер; бір еккенде егілетін жер (шамасы) 
(МҚ, Т
1
-105). Екім – «аудан» ұғымын білдіретін мөлшерлік. Жер бетінің бір 
адамның егін салуға физикалық қуаты жететін аумағы. Адам қуаты мөлшерлік 
ұғымның тууына негіз болып тұр.
– Пішім // тілім; кесім; пішім: бір пішім қағұн – бір тілім қауын. Басқаларға 
да солай қолданылады (МҚ, Т
1
-455). Пішім – «көлем» ұғымын білдіретін 
шамалауыш мөлшерлік. Ұстауға және жеуге ыңғайлы етіп тілінген қауынның 
қалыпты көлемін (қалыңдығын) білдіреді. Қолдың қызметі мөлшерлік ұғымның 
тууына негіз болып тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет