Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет73/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

– Тілім // тілім, бөлік: бір тілім ет // бір тілім ет. Ұзынынан кесілген, яки 
тілінген нәрсенің барлығына да «тілім» дейді (МҚ, Т
1
-456). Тілім – «көлем» 
ұғымын білдіретін шамалауыш мөлшерлік. Нақты мөлшері белгісіз болғанымен, 
пышақпен бір кесіп алған аз мөлшердегі зат мөлшерін (нан, ет, т.б.) білдіреді.
– Тізім // тізбе; тізім: бір тізім иүнжу // бір тізбе інжу (МҚ, Т
1
-455). Тізім 
– «көлем» ұғымын білдіретін шамалауыш мөлшерлік. Мойын не қолға тағуға 
ыңғайлы көлемдегі інжу тізбегін білдіреді. Қол мен мойын шеңберінің көлемі 
«мөлшер» ұғымның тууына негіз болып тұр.
– Иұғрұм // (илем, жайым –А.Е.): бір иұғрұм ұн // бір илем ұн; бір рет қамыр 
илейтін ұн (МҚ, Т
3
-66). Иұғрұм – «көлем», «сыйымдылық» ұғымдарын 
білдіретін шамалауыш мөлшерлік. Зат мөлшерінде кейде көлем мен 
сыйымдылық ұғымдары қатар жүреді. Өйткені сыйымдылықпен өлшенген қою, 
қатты заттардың қандай да бір көлемі болады. Ал бұл сөз бір реткі тамаққа 
жетерлік көлемдегі немесе сыйымдылық шамадағы ұн мөлшерін білдіреді. Илеу 
немесе қолдың қызметі мөлшерлік ұғымның тууына негіз болып тұр.
– Иүгрүм // (жүгірім – А.Е.): бір иүгрүм иер // бір жүгірім жер: бір жүгіріп 
барып қайтатын жер (МҚ, Т
3
-66-67). Иүгрүм – «қашықтық» ұғымын білдіретін 
мөлшерлік. Ол адамның бір рет жүгіріп бара алатын қашықтығына тең. Адамның 
физикалық қуаты мен екі аяқтың қызметі мөлшерлік ұғымның тууына негіз 
болып тұр. 
– Өпүм // өбім; жұтым: бір өпүм мүн // бір өбім сорпа; бір ұрттам сорпа
(МҚ, Т
1
-104). Өпүм – «сыйымдылық» ұғымын білдіретін шамалауыш мөлшерлік.
Ұрттаған (өпкен) сорпаның ауыз қуысына еркін сыйарлық мөлшерін білдіреді. 
Қол мен ауыз қуысының қызметі мөлшерлік ұғымның тууына негіз болып тұр. 
– Үзүм // үзім (МҚ, Т
1
-105). Үзүм – «көлем» ұғымын білдіретін шамалауыш 
соматизм. Бармақ пен сұқ саусақ арқылы бір рет үзіп алған зат (азықтық) 


99 
мөлшерін білдіреді. Қолдың қызметі мөлшерлік ұғымның тууына негіз болып 
тұр. 
Мөлшерлік конструкцияда шамалауыш мөлшерліктер түбір тұлғада да 
келеді. Ондайда мөлшерлік компонент зат есім сөздерінен болады. Бірде зат
бірде сол затпен өлшенетін өлшем болып келетін мұндай ауыспалы 
мөлшерліктер сипаттау, бейнелеу мәнінде жұмсалады. М.Қашқари сөздігінде 
бұл формада мынадай сөздер кездеседі: 
– Шөп // шөкім, буда. Тұтмаш бөлігі. Бір шөп иегіл // бір шөкім жегін. 
Үгітілген, кесілген нәрселерге де солай делінеді (МҚ, Т
1
-377). Шөп – «көлем» 
ұғымын білдіретін шамалауыш мөлшерлік. Бес саусақ немесе басқа да тамақтану 
құралымен бір алым көлеміне тең мөлшерді білдіреді. Қолдың қызметі 
мөлшерлік ұғымның тууына негіз болып тұр. 
– Иүк // үйік, жүк (Бір артым, бір арқа – А.Е.): бір иүк бұғдай // бір үйік 
бидай; бір арқа бидай. Бұл сөз малға артылатын жүк пен соған ұқсас нәрселерге 
қолданылады (МҚ, Т
3
-12). Иүк сөзі арқаүйік емес, жүктеу, арту мағыналарын 
білдіреді. Қазіргі қазақ тілінше тіке айтсақ, бір жүктем бидай, бір артым бидай 
болады. Бірақ мұнда иүк зат есімінің өзі ауыспалы мағынада мөлшерлік 
қызметінде жұмсалған. Бұл – бір жағы, XXII ғғ. түркі тіліндегі мөлшерлік 
құрылымдардың өзіндік ерекшелігі. Иүк – «көлем» және «салмақ» ұғымдарын 
білдіретін мөлшерлік. Адамның физикалық қуаты мен қол-аяқ және арқаның 
қызметі мөлшер ұғымның тууына негіз болып тұр. Кейбір соматикалық мөлшер 
ұғымдарында «көлем», «салмақ» ұғымдары қатар жүреді. Себебі, адамның дене 
қуаты арқылы жүзеге асатын өлшеу үдерісі заттардың салмағы мен көлеміне 
тікелей байланысты болады.
Кейде -ым, -ім, -ұм, -үм, -ам //-ым, -ім аффикстері арқылы жасалған 
мөлшерлік компонент дене мүше атауларына қатыссыз сөз болып та келеді. 
Мұндайда мөлшерлік компоненттің жасалуына негіз болған етістік түбір өзінен-
өзі істелетін немесе адамдардың қатысынсыз жүрілетін қимыл-қозғалыстарды 
білдіреді. Мысалы: Ақым // ағым: бір ақым сув // бір ағым су (МҚ, Т
1
, 105). Ақым 
– бір құлақ су мағынасын білдіреді. Қазақ тілінде бір ағын субір өзен субір 
арық су деп те келеді. Мұнда ағын да, арық та өзеннің арнасын білдіреді. Ал 
аққан судың мөлшері осы арналар арқылы шамаланады және осы арналар тілде 
ағын судың мөлшерін шамалаушы мөлшерлікке айналады. Бірақ бұл – заттық 
мағынадан мөлшерлік мағынаға ауысу үдерісі саналады. Судың ағуы 
жаратылыстан бар қасиет, оған адамның қатысы шамалы. Су өздігінен ағады. Ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет