Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет71/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

шығуға болатын жер (МҚ, Т
1
-105), – деп түсіндіреді. Бұл тұста да аталмыш 
сөздің басты функционалды мағынасы заттың есімін емес, «мөлшер» ұғымын 
білдіру екенін байқауға болады. Жоғарыдағы мысалдардан «мөлшер» ұғымын 
білдіретін сөздердің бұлайша заттанып, дербестену үдерісі сонау орта ғасыр, 
одан да бұрын басталғанын аңғаруға болады. 
Тұрұм // бойлам – адам бойына бара-бар ұзындық өлшемі: Бір ер тұрұмы 
сув / бір адам бойынан келетін су. Басқаларға да осылай қолданылады (МҚ, Т
1
-
455). Бұл да – бір буынды етістіктерге -ұм // -ым, -ім жұрнақтары жалғану 
арқылы жасалған өлшем бірлік атауы. Нақты сандық мәні берілмесе де, 
М.Қашқаридың «ұзындық өлшемі» деп бергеніне қарағанда, тұрақты шамаға тең 
қашықтық (биіктік) өлшемі екені байқалады. Бірақ қазіргі қазақ тілінде дәл 
мұндай қолданыс жоқ. Оның орнына бойы сөзінің тіркесуімен жасалған күрделі 
құрылымдар (адам бойы, кісі бойы) қолданылады. Тұрұм сөзіндегі мұндай 
өзгеріс сөз семантикасының кері дамуы, тараю құбылысын аңғартса керек. 
Тілімізге соңғы ғасырларда нақтылыққа құрылған халықаралық өлшем 
бірліктердің енуіне байланысты бағзы заманнан бері қолданылып келе жатқан 
халықтық өлшемдер тілден ығысып барады. Оның басты себебі халықтық өлшем 
бірліктерде нақты сандық мәнінің қалыптаспауы, яғни өлшем бірлікке айналу 
үдерісі толық аяқталмауында. Қазақ тілінде бұл үдерісті аяқтаған да сөздер бар. 
Мысалы, шақырым сөзі «1 км» арақашықтықты нақты білдіреді. Сондықтан бұл 
тілде жарыспалы қолданылатын белсенді қабаттағы сөз.
Жинақтай келгенде бұл өлшеуіш соматизмдерден мынадай басты-басты 
семантикалық 
ерекшеліктерді 
аңғаруға 
болады: 
дәлдік, 
арнайылық, 
ауыспалылық, көпмағыналылық, функционалдылық, дербестік т.б.
Жоғарыдағы ағым, тұрұм мөлшерліктерінде көрініс тапқандай, 
синтаксистік деңгейде мөлшер семантикасы тек қана аналитикалық формалар 
арқылы берілмейді, кейде бір құрылымның ішінде синтетикалық та, 
аналитикалық та формалар қатар келіп, синтаксистік байланысқа түсіп, бір бүтін 
мөлшерлік семантиканы білдіреді. Мұнда, жоғарыда баяндалғандай, кейбір 
етістік түбірлер -ым, -ім, -ұм, -үм, -ам //-ым, -ім аффиксін қабылдау арқылы жаңа 
мөлшерлік компонент жасайды. Зат есім жасамайды, мөлшерлік жасайды. Бұл – 
мөлшерлік компонент тудырушы ең өнімді жұрнақтардың бірі. Сонымен қатар, 
бұл аффикс түбір етістіктердің бәріне емес, негізінен дене мүшелердің қимыл-
қозғалысын (жұмысын) сипаттайтын етістік түбірлерге жалғанады. Бұл форма 
қимыл-әрекет арқылы өлшенуді қажет ететін шамалардың сұранысынан туған. 
Сөздікте осы аналитика-синтетикалық тәсіл арқылы түзілген мөлшерлік 
конструкциялар жиі кездеседі.


97 
Белгілі бір мөлшер семантикасын білдіргенімен, өлшеуіш соматизмдерден 
мөлшерлік сипаты бір саты төмендеуі осы – шамалауыш соматизмдер. Бұл 
топтағы соматикалық мөлшерліктер зат пен құбылыс мөлшерін, өлшемін 
дәлдікпен анықтап бере алмайды, тек болжайды, шамалайды. Мөлшерлік 
конструкция құрамында ғана «мөлшер» ұғымын білдіреді де, конструкциясыз 
дербес қолданылмайды, бөлек шығарсақ, мағынасыз графикалық тұлғаға 
айналады. Көпмағыналы да емес, конструкция құрамында бір ғана мөлшерлеу 
үдерісінің атауы болып келеді. Сондықтан олар кейде тұрақты құрылымдарға 
ұқсаңқырайды, десе де олар – еркін тіркестер. Ондағы тұрақтылық мағынаның 
біреу екендігі мен белгілі мөлшерлеу үдерісіне арнайы қолданылуында. Аталған 
шамалауыш соматизмдер зат пен құбылыс мөлшерін өлшеуде адам не жан-
жануарлардың физикалық қуатын, шамасын өлшем етеді. Яғни белгілі шамалар 
соматизмдер арқылы тікелей өлшенбесе де, мөлшерлеу үдерісі дене мүшелердің 
қатысы арқылы жүзеге асады. Тек бір сәттегі вербалды амалдар арқылы мөлшері 
шамаланады. Олардың реті төмендегідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет