Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы


XIII–XIV ғасыр қыпшақ ескерткіштеріндегі мөлшер семантикалы



Pdf көрінісі
бет90/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

 
3. XIII–XIV ғасыр қыпшақ ескерткіштеріндегі мөлшер семантикалы 
синтаксистік бірліктер 
Қыпшақ ескерткіштерінде мөлшер семантикасы синтаксистік деңгейде де 
кеңінен көрініс табады. Бұл деңгейдегі берілу жолдарының өзі үш түрлі: 
тіркестер, синтаксистік модельдер, синтаксистік конструкциялар. Осы үш 
түрлі тіркесім түрлері түрліше мазмұндағы мөлшерлік ұғымдарды дәл, анық, 
айшықты, бейнелі түрде береді және сандық жағынан да шексіз деуге болады. 
1. Сөз тіркесі – мөлшер семантикасын берудің ең бір ұтымды жолдарының 
бірі. Ескерткіштерде зат есім, сын есім сөздері қайталанып келіп, зат есім немесе 
етістік сөздерімен қабыса байланысып, зат пен іс-қимыл мөлшерінің сол 
шамадан әлденеше есе көп не аз екендігін білдіреді. Мысалы: 
1) Нәкісәға айытур азын-азын (ХШ, 95в-10) // Аздап-аздап айтар Нәкісәге; 
2) Ыдысам табғынға харвар харвар (ХШ, 66в-2) // Жіберсем табығына 
тең-тең жүк. 
Берілген мысалдардағы азын-азын тіркесімі айтылмақ сөзді біртіндеп
ретіне қарай аз-аздап айтуды білдірсе, харвар-харвар тіркесімі бір емес, 
әлденеше тең жүкті, сондай-ақ «көп жүк» деген мағынаны да білдіреді. Бір 
сандық жүйедегі өзімен іргелес тұрған сандар қосарланып келіп, зат есімдермен 
қабыса байланысып та сол заттың болжалды сандық мөлшер семантикасын 
білдіреді. Мысалы, Отуз қырқ мәйіл тыңмаз ерді ол шаһ (ХШ, 75в-32) // отыз-
қырық тілекпен тынбас еді ол шах.
Кейде белгілі заттық пішіннің түріне, тұрқына атау болып келетін зат есім 
сөздері қайталанып келіп, сондай сандық форманың көптігі семантикасын 
білдіреді. Мысалы:
1) Түруб саф-саф қамуғ мунларны таңлар (ХШ, 34р-20) // тұрып қатар-
қатар бәрі бұлардан таңдар; 
2) Бүрі таласа қылса парә-парә (ХШ, 37в-16) // бөрі таласа, қылса пара-
пара. 
Берілген мысалдардағы саф-сафпарә-парә тіркесімдері белгілі зат пен іс-
қимылдың тәртібін (сынын), түрін білдірумен қатар, сол тәртіптелген форманың 
біреу емес, әлденешеу екенін білдіреді.
Сөздердің қайталанып келуі арқылы сандық мөлшер семантикасын 
білдіретін қосарлар «Адам Ата мен Хауа Ана» қиссасында да кездеседі: Алқисса 
хазрат Адам суратлары маддат (мезгіл) қырық йыл бу йерда йатты. Бу 
суратни көргали фаришталар фауж-фауж (тайпа-тайпасымен), фариқ-фариқ 
(тобыр-тобырымен), гуруһ-гуруһ (топ-тобымен) келур ердилар (АХ, 183/20-24) 
// Әлқисса, хазіреті Адам суреті қырық жыл уақыт осы жерде жатты. Бұл 
суретті көру үшін періштелер тайпа-тайпасымен, тобыр-тобырымен, топ-
тобымен келуші еді. 
Мысалдағы 
фариқ-фариқ, 
фуж-фуж, 
гуруһ-гуруһ 
тіркесімдері 
Періштелердің туыстық қатынастары мен атқаратын қызметтеріне қарай 


124 
бөлінген топтарының бір емес, әлденеше, тіпті көп екенін білдіреді. Яғни сандық 
мөлшер семантикасын білдіреді.
Уақыт, мезгіл атауын білдіретін сөздер қосарлана тіркесіп келіп те уақыт 
мөлшерінің созылыңқылық семантикасын береді. Қыпшақ ескерткіштерінде 
«уақыт мөлшері» ұғымына байланысты ең жиі қолданыстардың бірі – күн-түн 
тіркесімі. Бұл «Хусрау уа Шірін» поэмасында жиі көрініс табады және әлденеше 
түрлі болып беріледі. Мысалы:
1) Ақрун йүрсә күн-түн барча талмаз (ХШ, 48в-30) // Ақырын жүрсе, 
күндіз-түні жүрсе де талмас; 
2) Тіләб түн-күн Уғандын ай йүзүмні (ХШ, 24в-32) // Тілеп күн-түн құдайдан 
ай жүзіңді. 
Берілген мысалдардың біріншісінде күн-түн болса, екіншісінде орны 
ауысып, түн-күн түрінде берілген. Десе де, бұлардың семантикалық ерекшелігі 
ұқсас, екеуі де белгілі қимыл-әрекетке қатысты айтылып, істің орындалу 
уақытының тоқтаусыздығын, сондай-ақ созылыңқылық, ұзақтық мөлшерін 
білдіреді. Қазіргі қазақ тілінде мұндай қосарлардың орны ауыспай, қатаң 
сақталатыны белгілі. Ал XIIIXIV ғасырлар кезеңінде мұндай алмасулар орынды 
тілдік қолданыс болғанға ұқсайды.
Поэмада бұл қосардың жігіне әлдеқандай аффикстердің кіріккен түрі де 
кездеседі. Мысалы:
1) Йаратты түнмә-күн ай ва йулдуз (ХШ, 2р-6) // Жаратты күні-түні ай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет