Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет98/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

эпитет, қатыстық мөлшер эпитет деп екіге бөлуге болады. Жыраулар 
поэзиясында сапалық мөлшер эпитеттердің өзі анықтауыш компоненттердің 
дара немесе күрделі құрамды болып келуіне байланысты үш түрге бөлінеді. 
Біріншісі – даралауыш мөлшер эпитеттер, екіншісі – қайталауыш мөлшер 
эпитеттер, үшіншісі – еселеуіш мөлшер эпитеттер. Сапалық сын есімдердің 
кейбір түрлері есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамында келіп, заттың немесе 
қимыл-әрекеттің түрлі мөлшерлік белгілерін білдіретіні туралы М.Жолшаева 
еңбегінде кеңінен баяндалады [145].
Жыраулар толғауларында төмендегідей даралауыш мөлшер эпитеттер 
кездеседі: тар құрсақ, ұзын жол, биік тау, терең сай, асқар тау, уақ тамыр, 
қалың қазақ, қалың ел, қыл майқан, жез қанат, алтын тақ, сом алтын, сом 
жүрек, тоқал терек, тоқал торы, тіз оқ, ақала орда, ару ұлы, қас игі, шаршы 
топ, қом су (лар), ежелгі дос, ежелгі дұшпан т.б. Бұл эпитеттер екі компонентті 
және олар қандай да бір заттың сапалық мөлшерін білдіреді. Бұл тіркестердің 
экспрессивтік бояуы қалың, эстетикалық әсері күшті болумен қатар, белгілі 
деңгейде номинативті мөлшерлік ұғымдар да бар. Мұнда тар құрсақ – 
сыйымдылықты, ұзын жол – қашықтықты, биік тау, терең сай, асқар тау – 
вертикаль қашықтықты, уақ тамыр – көлем мен сыйымдылықты, қалың қазақ, 
қалың ел – көптік ұғымды, жез қанат – беріктікті, алтын тақ, сом алтын – құн 


139 
өлшемін, тоқал терек, тоқал торы – кемістікті, толымсыздықты, тіз оқ – 
жылдамдықты, ақала орда – айбынды, ару ұл, қас игі – жоғары сапаны, деңгейді, 
шаршы топ – кеңдікті, қом су – молдықты, екпінді, толқынды ағысты, ежелгі 
дос, ежелгі дұспан – «уақыт мөлшері» ұғымын білдіреді. Бұлар да көбіне 
дағдылы, константты (тұрақты) тіркестер болып келеді.  
Мұндағы анықтауыш мүшелердің көпшілігі сын есім сөздер, ал тас, жез, 
алтын сияқты зат есім сөздерінде конататтық мағына (сезімдік) бар, яғни осы 
заттарға тән ең басты қасиет сапалық (сындық) ұғым ретінде зат есім сөзінде 
актуалданып, тірек сема ретінде сақталған. Сондықтан бұл сөздер зат есім болса 
да келесі бір заттардың сапалық белгісін айқындап, сапалық мөлшер ұғымын 
білдіреді.
Жыраулар поэзиясында мөлшер эпитеттер сан есім анықтауыштар арқылы 
да жасалады. Мысалы, он отау, қырық шатыр, отыз екі омыртқа, он түйме,
екі қары бөз, он екі құрсау жез айыр т.б. Бұлардың бәрі де өзінен кейін тұрған 
зат есімдерді сандық мөлшер тұрғысынан анықтайды. Сонымен қатар, кейбірі 
көп, мықты деген жанама мөлшерлік ұғымдарды да білдіреді. Мұндағы сан есім 
анықтауыштар жай кездейсоқ берілген сандар емес, халықтың танымында терең 
орныққан, менталды мәні бар сандар. Қазақ халқы киелі ұғымдарды қашан да 
осындай киелі сандармен қатар қою арқылы өз танымын метафораландырып, 
жарыққа шығарып отырады. Он, қырық, отыз екі, он екі сияқты дара және 
күрделі сандар – дәстүрлі қазақ танымында айрықша маңызы бар сандар. Олар 
киелі ұғымдармен ұзақ уақыт бойы қатар қолданылу нәтижесінде тұрақты тілдік 
құрылымға айналады. Мұндай тұрақты құрылымдарда жылдар, ғасырлар бойы 
көптеген құнды ұғымдар жинақталады. Сол ұғымдардың бірі – мөлшерлік ұғым.
Жыраулар поэзиясында есімдіктердің мағыналық топтары да аз да болса 
мөлшерлік анықтауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы, түгел іс, барша әлем, 
жімле ғалам т.б. Бұл жалпылау есімдіктері өзінен кейін тұрған жалпы есімдерді 
анықтаудан гөрі, жалпылау, топтау қызметінде жұмсалады. Сондықтан мұндай 
эпитеттер жалпылау мәнді болып келеді. Жалпылау есімдіктердің саны шектеулі 
болғандықтан, тілдік ізденістерге өрісі тар, тың тіркестер тудырып, тіл өрнегін 
айшықтай түсуге икемсіз келеді. Сол себепті бұлар мейлінше тұрақты, дағдылы 
қалыпта кездеседі. Бір қарағанда тың тіркес секілді көрінетін түгел іс эпитеті де 
– «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» мәтеліндегі түгел сөз ұғымымен 
бірдей, тілдік қолданыста ежелден бар құрылым. Сондықтан есімдіктерден 
түзілген эпитеттер де константты (тұрақты) тіркестер болып келеді. 
Жыраулар толғауларында кездесетін мөлшер эпитеттердің ендігі бір тобы 
анықтауыш компоненттердің қайталанып келуі арқылы жасалады. Мұнда бір 
ғана анықтауыш мүше екі рет, кейде үш рет қайталанады. Осы ерекшелігіне 
қарай бұларды қайталауыш мөлшер эпитет ретінде тануға болады. Бұған 
мынадай эпитеттер жатады: арту, арту бел; батпан, батпан мін; алаң, алаң, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет