Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет99/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

алаң жұрт; асқар, асқар, асқар тау; сере, сере, сере қар; тоғай, тоғай, тоғай 
су; қос-қос орда, қос орда т.б. 
Даралауыш мөлшер эпитеттер сияқты бұлар да белгілі бір заттардың ішкі 
қасиетін, сапасын, мөлшерлік тұрғыдан еселеп айқындап көрсетеді. Айталық, 
арту, арту бел – ауыр, ауыр жүкті де, сол жүкті көтеруге шыдас беретін атан 
түйенің бел күшін де білдіреді. Осы тіркестің толық мәтініндегі «атан» сөзінің 


140 
символикалық мәні бар. Яғни ол – ел жүгін арқалайтын атандай ерлердің күш-
құдіретін сөз арқауы ету. Осы символиканың түпнегізі – бел сөзі. Оған арту сөзі 
екі рет қайталану арқылы оның физикалық мүмкіндігін одан сайын арттыра 
түскен. Әрі есімшелер сияқты, тұйық етістіктердің де анықтауыш мүше болып, 
эпитет түзе алатынын көрсетеді. Ал батпан, батпан мін эпитеті адам бойындағы 
кемшіліктердің, айыптың аса көптігін танытады. Батпан сөзінің өзі қазақтың 
салмаққа байланысты дәстүрлі танымында ең ауыр салмақты көрсетеді. Ал оның 
анықтауыш мүшеде екі рет қайталануы сол заттық ұғымның мөлшерін әлденеше 
есе арттыра түседі. Батпан сөзі салмақ өлшемінің атауы болса да, тіркесте ауыр 
деген сындық мөлшер ұғымын білдіреді.
Жыраулар поэзиясында анықтауыштардың үш рет қайталанып келуі де 
кездеседі. Мұның мәні екі рет қайталанудан аздап өзгешелеу. Оны кейінге 
қалдыра тұрып, әуелі бұлардың мағынасына келсек: алаң, алаң, алаң жұрт – кең 
аумақты, көптікті, асқар, асқар, асқар тау – биіктікті, сере, сере, сере қар – 
қалыңдық, сірескен қаттылықты, тоғай, тоғай, тоғай су – кең таралуды
молдықты білдіреді. Сонымен қатар бұл қайталауыш анықтауыштар бірнеше 
тауларды, әлденеше жұртты, сан тарау суды сандық жағынан да сипаттайтын 
тәрізді. Осындағы сере сөзі туралы С.Боранбаев мынадай бір қызықты 
деректерді келтіреді: «Сунус (қарыс – ұзындық өлшемі). Арабша – ал-фитр (пядь 
фитр – мера длины, равная 18 см); (указательный палец). АбуХ. – шанус (түрікше 
сере болып аударылған). Түрікше: сере (расстояние между большим пальцем и 
мизинцем – как мера). Қазақша – сере (сере қарыс қазысы бар). Арабша 
аудармасына қарағанда, бас бармақ пен сұқ саусақтың ұшына дейінгі аралықты 
көрсететін ұзындық өлшем тәрізді» [190, 61 б.]. Демек, сере сөзі – берітінге дейін 
қолданыста болған ұзындық өлшемі. Қардың қалыңдығы адамның дене мүшесі 
(қолдың қары) арқылы өлшенетіні – заңды құбылыс.
Қайталауыш мөлшер эпитеттерде анықтауыш сөз екі рет қайталанғанда 
акцент мөлшерлік ұғымға түседі де, үш рет қайталанғанда зат есім басыңқыға 
түседі. Яғни алғашқысында мөлшерді анықтау мән басым болса, соңғысында 
қаратпа мәнді болып, эпитетті номинативтендіретін тәрізді. Мұндай 
эпитеттерде анықтауыш компоненттердің екі немесе үш рет қайталануы – жай 
кездейсоқтық емес, белгілі тілдік қажеттілік пен заңдылықтан туған мақсатты 
қолданыс, тілдің қасаң емес, қатаң қағидасы. Бұл бір жағы, сол уақытта 
қайталауыш эпитеттердің өлең ырғағын тудыру, жыраудың айтылатын мәселеге 
көңіл аударту мақсатын жүзеге асырудағы тілдік тактика, яғни қаратпа мәнді. 
Сонымен қатар автордың эмоциясының білдірілу жолы, экспрессия ретіндегі 
қызметтері де бар. Бұл қайталауыш құрылымдар функционалды-семантикалық 
ерекшелігіне қарай интегративтік сипатта болады. Осындай ұйымдасқан 
семантикалық шоғырлар бірбүтін көркем тілдік құрылымға айналған. 
Сондықтан мұндай құрылымдардағы мөлшер семантикасының басқалармен 
салыстырғандағы қатынастық үлесін нақты болжаудың өзі қиын.
Анықтауыш компоненттер үш реттен артық қайталанғанда немесе екі 
қайталауды үш қайталауға, үш қайталауды екі қайталауға ауыстырғанда мөлшер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет