Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы


Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері



бет2/4
Дата03.07.2016
өлшемі318.5 Kb.
#173962
1   2   3   4

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаның мақсаты
Моноқалалардың орта және ұзақ мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Бағдарламаның нысаналы индикаторлары
2015 жылға:

1) экономикалық әлеуеті төмен моноқалаларда бір немесе бірнеше «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде өнеркәсіптік өндіріс көлемін – кемінде 20%-ға арттыру (2011 жылмен салыстырғанда);

2) моноқалаларда белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар санын – 2 есе ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда);

3) моноқалалардағы кірісі күнкөріс минимумынан төмен халық санын – 6%-дан аспайтындай етіп төмендету;

4) моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейін – 5,5%-дан аспайтындай етіп төмендету.

2020 жылға:

1) моноқалаларда белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар санын – 4 есе ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда);

2) моноқалалардағы кірісі күнкөріс минимумынан төмен халық санын – 6%-дан аспайтындай етіп азайту (2015 жылы күнкөріс минимумы шамасын айқындау әдістемесін жетілдіруді ескере отырып);

3) моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейін – 5,0 %-дан көп емес деңгейге дейін төмендету.
Міндеттері
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1. Тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты моноқалаларды оңтайландыру.

2. Экономиканы әртараптандыру және моноқалалардың жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту.

3. Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату, жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуге ынталандыру.

4. Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын тұрғындардың оңтайлы санына есептей отырып дамыту.

Бағдарлама міндеттерін шешу мақсатында уәкілетті орган нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.

Уәкілетті орган мен облыстар әкімдері арасында Бағдарламамен айқындалған нысаналы индикаторларға қол жеткізу нәтижелері туралы келісімдер жасалады.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органның ұсынымдарына сәйкес (2 - қосымша) моноқалаларды жоғары, орташа және төмен экономикалық әлеуетті қалаларға топтау жүргізіледі, оның негізінде олардың проблемаларын шешу тәсілдері (шаралары) де әртараптандырылады.

Жалпы алғанда әлемдік тәжірибені және қазіргі проблемалар талдауын ескере отырып, Бағдарлама шеңберінде моноқалаларды мемлекеттік қолдау шараларын былайша басымды ету ұсынылады:

1-басымдық. Төмен әлеуетті моноқалалардың бірінші кезектегі өткір проблемаларын шешу.

2-басымдық. Орта әлеуетті моноқалаларды дамыту үшін жағдай жасау.

3-басымдық. Жоғары әлеуетті моноқалаларды одан әрі тұрақты дамыту.

Жоғары әлеуетті моноқалалар ағымдағы бәсекелестік жағдайында және қабылданған мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, оның ішінде облыстарды дамытудың бесжылдық кезеңге арналған бағдарламалары шеңберінде дами алатын қалалар ретінде қаралады.
Бірінші бағыт: Тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты моноқалаларды оңтайландыру.

1. Моноқалалардың экономикалық әлеуетін және перспективалы жаңа мамандандыруларын анықтау.

Осы бағыт шеңберінде әрбір моноқаланың экономикалық әлеуеті, оларды дамытуға теріс әсер ететін факторлар, сондай-ақ моноқалалардың перспективалы жаңа мамандырылулары анықталатын болады.

Уәкілетті мемлекеттік орган жергілікті атқарушы органдармен бірге әрбір моноқаланың жүйелік диагностикасын және олардың жағдайы мен перспективаларының маркетингтік талдауын жүргізеді. Мемлекеттік қолдау әлеуетті барынша пайдалануға және моноқалалардың бірінші кезектегі өткір проблемаларын шешуге бағытталады.

Бұл ретте мемлекеттік қолдау саясатының тетіктері моноқаланың әлеуетіне қарай әртараптандырылатын болады. Жоғары даму әлеуеті бар моноқалалар бәсекеге қабілеттілікті арттырудың жалпы саясаты шеңберінде, оларды дамыту мониторингі жүргізе отырып дамитын болады. Төмен және орта экономикалық әлеуетті моноқалаларға олардың әлеуетін неғұрлым жоғары санатқа көтеру үшін Бағдарлама шеңберінде мақсатты түрде қолдау көрсетіледі.

Уәкілетті орган моноқалаларды дамытудың орталық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар тарапынан қолдануын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

2. Моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу.

Жергілікті атқарушы органдар даму перспективаларын, халықтың болжанатын санын және моноқалалардың жаңа мамандандыруларын айқындай отырып, Ұзақ мерзімді перспективаға арналған моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларын (бұдан әрі – ДКЖ) әзірлейді.

Уәкілетті орган ДКЖ әзірлеу бойынша ұсынымдар әзірледі, оларға сәйкес моноқаланың ДКЖ мыналарды қамтуы тиіс:

1) мақсаттары, міндеттері және дамудың басымды бағыттары;



  1. нысаналы көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі;

  2. іске асыру тетіктері, іс-шаралар және инвестициялық жобалар;

  3. жергілікті атқарушы органдардың қызметін моноқалаларды дамыту бөлігінде жетілдіру жөніндегі шаралар.

ДКЖ бәсекеге қабілеттілік өсімін, ұзақ мерзімді перспективада моноқалаларды тұрақты дамытуды, экономика құрылымын әртараптандыруды, кәсіпкерлікті және іскерлік белсенділікті дамытуды, халықтың өмір сүру сапасын арттыруды, тиісті инфрақұрылымды дамытумен жалпы елді және өңірді дамытуға интеграцияны қамтамасыз етуі тиіс.

3. Моноқалалардың басты жоспарларын түзету.

Басты жоспарларды түзету халықтың болжанатын санын ескере отырып, әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мен жаңғыртуға бағытталатын болады.

Әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жоспарлар тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты халықтың перспективалы санына қарай моноқалаларды дамыту, жаңғырту және оңтайландыру жөніндегі шараларды қамтуы тиіс.


Екінші бағыт: Экономиканы әртараптандыру және моноқалалардың жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту.

Бағдарламаны іске асырудың осы бағыты шеңберінде мынадай іс-шаралар көзделеді:

1. Моноқалалардың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру

Жергілікті атқарушы органдар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, әрбір моноқалада іске асыру үшін 1-3 «зәкірлі» инвестициялық жобаны іріктейтін болады.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары (бұдан әрі – ӘКК) компанияның ерекшеліктерін, жобаның қаржы-экономикалық және өндірістік орындылығын негізге ала отырып, моноқалаларда «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құрылатын ұйымдардың жарғылық капиталына кіру мүмкіндігін қарайтын болады.

Бұл ретте ӘКК-тардың моноқалалардағы осы жобаларға қатысуы үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіпте ӘКК-нің жарғылық капиталын ұлғайту жүргізіледі.

«Зәкірлік» инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау қолданыстағы кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары («Бизнестің жол картасы 2020», «Өнімділік 2020» және басқа да салалық бағдарламалар) шеңберінде жүзеге асырылады.

Шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын іске асыруды мемлекеттік қолдау осы бағыттың 6-шы кіші бөлімінде көрсетілген шараларды көрсету жолымен жүзеге асырылады.

2. Ұлттық холдингтердің моноқалаларда, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ компанияның ерекшеліктерін, жобаның қаржы-экономикалық және өндірістік орындылығын негізге ала отырып, моноқалалардағы инвестициялық жобаларды ықтимал іске асыру бойынша шаралар қабылдайтын болады.

3. Қала құраушы кәсіпорындардың моноқалаларды, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы.

Жергілікті атқарушы органдар қала құраушы кәсіпорындармен бірлесе отырып, әрбір моноқалада кемінде бір инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі шараларды оның мамандандырылуына сәйкес қабылдайтын болады.

4. Моноқалаларда бұрынғы мамандандыруды қалпына келтіру.

Бұл шаралар мыналар арқылы іске асырылады:

1) Қаратау және Жаңатас қалаларында «Еврохим» АҚ тәжірибесінің мысалында қолданыстағы мамандандыруды жаңғырту үшін стратегиялық инвесторды тарту;

Бағдарлама шеңберінде стратегиялық инвесторды тарту үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестицияларды тарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету шараларын қабылдайтын болады.

Бұдан басқа төмен және орташа әлеуетті моноқалаларда инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асырушы заңды тұлғаларға газға, электр энергиясына кететін шығындардың орнын толтыру немесе бір бөлігін төлеу, жер учаскесін сатып алу және ғимараттар, имараттар (құрылыс) сатып алу жолымен өнеркәсіптік жеңілдіктер ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, пайдалы қазбалардың өңделетін кен орнын шектеулі пайдалану мерзімі бар кәсіпорындарға уәкілетті органмен тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру мүмкіндіктері қарастырылатын болады.

2) моноқалаларға жақын орналасқан перспективалы пайдалы кен орындарын, «Казгеология» ҰК» АҚ-ның немесе кәсіпорындардың шикізат базасын ұлғайтуға мүдделі жеке инвесторлардың қатысуымен, оларды толығымен барлау шараларын айқындай отырып, анықтау.

5. «Тұйыққа тірелу» проблемаларын шешу және моноқалалардың транзиттік әлеуетін дамыту.

Жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесе отырып, тұйыққа тірелу проблемасын шешу үшін көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылдайтын болады.

6. Моноқалаларда шағын және орта бизнесті дамыту.

Моноқалаларды шағын және орта кәсіпкерлікті жандандыру үшін мынадай қосымша шаралар қабылданатын болады:

1) салалық шектеулерсіз кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау және төмен және орташа әлеуетті моноқалалар үшін кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау мөлшерлерін ұлғайту;



  1. өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

  2. жаңа өндірістер құруға 1,5-тен 3 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде гранттар беру;

  3. шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша әріптестік бағдарламаларын (қала құраушы кәсіпорындары бар мемлекет) іске асыру;

  4. микрокредиттік ұйымдары бар бизнес-инкубаторлар құру;

  5. кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру;

  6. өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген тұрғындарға кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың жоғарыда көрсетілген қосымша шаралары:

тау-кен саласының кәсіпорындарына;

минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарына;

құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғаларға;

акциздік тауарлар шығаруды көздейтін жобаларға көрсетілмейді.

Кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау шарттары.

Екінші деңгейдегі банктердің және/немесе өзге қаржы ұйымдарының кредиттер/лизингтік операциялар бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау төмен және орташа әлеуетті моноқалаларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

Жаңа кредиттерге 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап банктермен берілген кредиттер жатады.

Субсидиялауға қарыздарды қайта қаржыландыруға/қаржылық лизинг шарттарына бағытталған 2012 жылғы 1 шілдеден кейін алынған Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес кредиттер жатады.

Субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға, кредит сомасынан 30% аспайтын негізгі қаражатты сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге берілетін кредит шеңберінде жүзеге асырылатын қаражат айналымын қаржыландыру жағдайларын қоспағанда, берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.

Кредиттің сомасы – 750 млн. теңгеге дейін.

Кредиттің мерзімі – 10 жылға дейін.

Субсидиялау мерзімі ұзарту мүмкіндігімен бірге 3 жылды құрайды. Пайыздық ставканы субсидиялау тиісті сыйақы ставкасы 14%-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ретте 10%-н мемлекет өтейді.

Жобаларды субсидиялау туралы шешімді өңірлік үйлестіру кеңестері (бұдан әрі - ӨҮК) қабылдайтын болады.

Бұдан басқа, моноқалалардағы жеке кәсіпкерлік субъектісіне бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту шарттары:

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жетпейтін инфрақұрылымды жақындатудан тұрады және өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалар үшін, сондай-ақ жекелеген жобалар үшін де әрі өнеркәсіп алаңдарды ұйымдастыру шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін.

Қаражат бөлу тек мынадай инфрақұрылым құрылысы мен реконструкциясына бағытталуы мүмкін: жолдар, су бөлу, газдандыру, су тартқыш, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, өнеркәсіп алаңдарына арналған қазандықтардың құрылысы мен реконструкциясы, су құбырлары, теміржол тұйықтары, телефон орнату, кіші электр станциялары, электр тарату желілері.

Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізу бірнеше жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.

Инфрақұрылым құрылысы (реконструкциясы) жеке жоба үшін инфрақұрылымды жақындатқан жағдайда жоба құнының 50 %-ынан аспауы тиіс.

Жаңа өндірістер құруға 1,5-тен 3 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде гранттар беру шарттары:

Бағдарлама шеңберіндегі гранттың ең жоғары сомасы бір кәсіпкер үшін 3,0 млн. теңгеден аспайды.

Грант қаражатын нысаналы гранттар ұсынуда кәсіпкерлерді іріктеу бойынша өткізілген конкурстардың қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – үйлестіруші) арқылы мемлекет ұсынатын болады.

Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат моноқалалар бойынша жекелеген квоталарды айқындай отырып жергілікті бюджеттерге жіберілетін болады.

Конкурсты өткізу үшін үйлестірушілер гранттарын ұсынуға үміткер әрбір моноқаладағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары: кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың бірдейлігі, ұсынылатын құжаттардың жан-жақтылығы мен оларды зерттеулердің толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.

Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қараған кезде кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың мынадай критерийлерінің негізінде ұсынымдар береді:

1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

2) бизнес-жобаның енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, кәсіпкерді, өткізу нарығын орналастыру үшін орын-жайдың болуы, өндірістерді іске қосу үшін жобаның дайын болу деңгейі).

Бизнес-жобаның міндетті шарты кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру шығыстарын ұсынылатын Грант көлемінің кем дегенде 20%-ы мөлшерінде қоса қаржыландыру болып табылады.

Кәсіпкерлер грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалана алады:


  1. негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;

  2. материалдық емес активтерді сатып алу;

  3. технологияларды сатып алу;

  4. франшизаға құқықтарды сатып алу.

Грант қаражаты Бағдарлама шеңберінде жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысы ретінде пайдаланылмайды.

Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады. Конкурстық комиссияның құрамы атқарушы билік органдары, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, салалық сарапшылардың, ғылыми-білім беру мекемелерінің, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының, қаржы агентінің міндетті түрде қатысуымен жасалады.

Конкурстық комиссияның ұсынымдары ӨҮК-де қаралады, олар грант беру жөнінде түпкілікті шешім қабылдайтын болады.

Моноқалаларда шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша әріптестік бағдарламаларын (мемлекеттің қала құраушы кәсіпорындармен) іске асыру шарттары.

Мемлекеттің қала құраушы кәсіпорындармен әріптестік бағдарламаларын іске асыру «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ның үлгісінде ірі компаниялардың, мемлекеттің және қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру арқылы өңірлерде шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту мен қолдауға бағытталатын болады.

Республикалық бюджеттен Бағдарлама шеңберінде мыналарды қамтитын құралдардың инвестициялық пакеті ұсынылатын болады:

1) кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;

2) кредиттерге кепілдік беру;

3) инфрақұрылымды жеткізу;

4) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау;

5) бухгаалтерлік есеп, салықтық есептілікті жасау, ІТ-қызметтер, заң мәселелері, кедендік рәсімдер, Сапа менеджменті жүйесін енгізу мәселелері бойынша жобаларды сервистік қолдау;

6) «Іскер байланыстар» жобасы шеңберінде квоталар ұсыну.

Әріптестік бағдарламаларын іске асырудағы ірі компаниялардың рөлі:

1) жергілікті өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз етуді, моноқалалардың кәсіпорындары шығарылатын өнімдерді «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қамқор Менеджмент» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «КЕGOC» АҚ, «АрселорМиталл Теміртау» АҚ, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, «Еуразиялық энергетикалық компаниясы» АҚ сияқты ірі кәсіпорындардың сұранымына ие өнімдер тізбесіне қосу;

2) «келесі қайта жасауды» дамыту үшін шикізатқа квоталар ұсынуды;

3) баламалы қызмет түрлерін дамыту жөніндегі жобаларды қолдауды білдіреді.

Халықаралық ұйымдар:

1) технологиялар тартуға және жабдықтар сатып алуға;

2) оқыту бағдарламалары мен мамандандырылған тренингтерді ұйымдастыруға;

3) консультациялар беру үшін тікелей кәсіпорындарға біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартуға көмек көрсететін болады.

Әріптестік бағдарламаларын іске асыру тетіктері:

1) әріптестік бағдарламаларын іске асыру бойынша ірі компаниялармен бірлескен іс-қимылдар жоспарын әзірлеу;

2) әріптестік бағдарламаларын іске асыру бойынша ірі компаниялар, жергілікті атқарушы органдар, «Даму» КДҚ» АҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтас туралы меморандумдарға қол қою;

3) кәсіпкерлердің жергілікті қауымдастықтарын құру;

4) ірі компанияның сатып алынатын тауарлар мен қызметтер тізбесінің негізінде жергілікті ШОБ субъектілерінен сатып алу үшін пилоттық бағыттарды, жауапты тұлғалар мен өзара іс-қимыл форматын айқындауы;

5) жергілікті ШОБ субъектілерінің өзекті тізілімін құру және жүргізу және оларды өнім түрлері бойынша бөлу;

6) жүйе құраушы компаниялардың, әкімдіктің, «Даму» КДҚ» АҚ-ның қатысуымен моноқалалардың ШОБ субъектілерімен мерзімдік кеңестер өткізу;

7) таңдалған пилоттық бағыттар бойынша ШОБ-тың мүдделі компаниялары есебінен әлеуетті қатысушыларды іріктеу және олар үшін мамандандырылған семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру; бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру; жаңа қызмет түрін қалыпқа келтіру, бизнес-жоспар әзірлеу, технологиялар мен жабдықтар сатып алу, маркетингті және өткізулерді ұйымдастыру және т.б. мәселелер бойынша кәсіпкерлерге жеке консультациялық көмек көрсету;

8) жергілікті ШОБ субъектілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау;

9) қаржыландыруды ұсына отырып, жеткіліксіз инженерлік инфрақұрылымды жеткізуге көмектесе отырып мәселелерді шешу.

Барлық моноқалаларда микрокредит ұйымдары бар бизнес-инкубаторлар құру шарттары (ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау, старт-ап жобалар).

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау үшін барлық моноқалаларда бизнес-инкубаторлар құрылатын болады.

Бизнес-инкубаторлардың қызметі жалға орын-жайлар ұсынуды, консультациялар беруді, бизнес-жоспар әзірлеуді қоса алғанда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсетуді, шағын кредиттер ұсынуды, сервистік қызметтер көрсетуді, кәсіби қызметкерлер, әлеуетті тұтынушылар желісімен байланыс жасауды қамтитын болады. Осыған байланысты бизнес-инкубатор аумағында шағын кредит беру ұйымдары, сервистік компаниялар мен консультанттар орналасатын болады.

«Даму» КДҚ» АҚ қызметкерлері сияқты шетелдік мамандарды да тарту арқылы халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары бағдарламалары шеңберінде, кейіннен оларды жемісті жұмыс жасайтын халықаралық аналогтарда тағылымдамадан өткізе отырып инкубаторлар қызметкерлерін тұрақты түрде оқыту жүзеге асырылатын болады.

Бизнес-инкубаторларды құру және дамыту үшін әріптестік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде ірі компаниялар тартылатын болады.

Бизнес-инкубаторлар жергілікті атқарушы органдардың қаражаты, сондай-ақ әріптестік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде ірі компаниялардың демеушілік қаражаты есебінен құрылатын болады. Бизнес-инкубаторлардың қызметін әдіснамалық қолдау халықаралық ұйымдардың ресурстарын тарта отырып «Даму» КДҚ» АҚ арқылы жүзеге асырылатын болады.

Әрбір моноқалада кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру шарттары.

Кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамашылығы бар адамдарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету үшін моноқалаларда кәсіпкерлікті қолдау орталықтары құрылатын болады.

Орталықтардың көрсетілетін қызметтер кешені:

1) бизнесті ашу және жүргізу мәселелері бойынша консультациялар

беруді;

2) кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары туралы хабардар етуді;



3) қаржы институттарымен бірге шарттарды түсіндіруді және қолдау

алу үші құжаттар жинау бойынша консультациялар беруді;

4) құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беруді қамтиды.

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жергілікті атқарушы органдар ұсынатын қызметтерге адамдардың қолайлы қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының орын-жайларында орналастырылатын болады.

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары консультанттарының қызметтерін операторлар ұсынады, ақысы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін болады.

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру операторы «Даму» КДҚ» АҚ болып табылады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген халықтың кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу шарттары.

Аталған бағыттың шеңберінде мемлекеттік қолдаудың келесі түрлері көрсетіледі:

1) консультациялық қызметтерді ұсыну;

2) оқытуға материалдық көмек көрсетуді ұсына отырып кәсіпкерлік негіздеріне ақысыз оқытуға жіберу;

3) шағын кредиттерді ұсыну;

4) жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

Шағын кредит беруге өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген халық санынан өз жұмысын ұйымдастыру немесе кеңейтуді қалайтын және мүмкіндіктері бар, моноқалаларда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар (бұдан әрі – тұлғалар) қатысады.

Тұлғаларға шағын кредиттер беру кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін белсенді шара болып табылады.

Шағын кредит беру шарттары:

Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиті жергілікті атқарушы органға 0,01 жылдық сыйақы ставкасымен қайтарымды, шұғыл және ақылы қағидатында 5 жылға ұсынылады;

бюджеттік кредиттің нысаналы бағыты – өз ісін ұйымдастыру және кеңейту, айналым капиталын толықтыру;

кредит тұтыну мақсаттарына, өткен қарыздарды өтеуге және жылжымайтын тұрғын-үйді иеленуге ұсынылмайды;

кредит ұсыну мерзімі – 5 жылдан көп емес;

кредиттің ең жоғарғы сомасы 3,0 млн. теңгеден аспауы қажет;

кредит бойынша соңғы қарыз алушыға, шағын кредит ұйымдарына және/немесе кредиттік бірлестіктерге негізгі қарызды өтеу бойынша кредит беру мерзімінің ұзақтылығының үштен бірінен жоғары емес жеңілдік кезеңі ұсынылуы мүмкін.

Моноқалаларда тұратын тұлғаларға шағын кредит беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қағидаттары мен тетіктері бойынша жүзеге асырылады.

Шағын кредит беруде және мемлекеттік қолдау көрсетуде өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген халық санынан Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың қатысу жағдайы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін белсенді шараларға қатысатын тұлғаларға кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінде қарастырылған.

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін, кредиттік ресурстарды іріктеу және микроқаржы ұйымдары мен кредиттік қоғамдастықтарға беру, сондай-ақ олардың бөлінген кредиттік ресурстарды мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысымен бекітілген Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидаты шеңберінде көзделген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет