Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет85/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

6.3 Сұхбат сұрақтары мен жауаптары 
Сұрай білу, тыңдай білу – сұхбат жүргізудегі ең маңызды дағ-
ды. Зерттеуші сұхбатқа қатысушылардың зерттеу тақырыбына то-
лық енгендігіне және сұрақтарды түсінгендігіне көз жеткізу үшін, 
сондай-ақ жауаптарының толықтығы мен сұхбаттың өту барысына 
баға беру үшін оларды мұқият тыңдауы керек. Мұқият тыңдаудың 
бұл түрі зерттеушіден зейін қоя білуді, назар аударуды және қа-
лыпты сөйлеу инстинктін басуды талап етеді. Бұл ретте зерттеуші 
сұрақ қоюға, қажет болған жағдайда түсініктеме беруге және сұх-
батты ары қарай жүргізу қажет болғанда «навигациялық түрткі» 
беруге дайын болуы тиіс.
Сұрақтардың типтері
Сұрақты дұрыс қоя білу – маңызды деректер алудың кілті. 
Сұрақтар сұхбат алушының тәжірибесін, пікірін, сезімін, білімін, 
сенсорлық немесе демографиялық жайын «сұрауы» мүмкін. 
Шынайы да дұрыс деректер алу үшін гипотетикалық, «сайтан-
ның қорғаушысы», «идеалды ұстаным» және интерпретациялық 
сұрақтар да пайдаланылуы мүмкін. Жиі қойылып, жауыр болған 
сұрақтардан, сондай-ақ «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін 
сұрақтардан аулақ болған жөн. 
Паттон (Patton, 2015) сұрақтардың мынадай алты типін 
көрсетеді: 
1. Өмір тәжірибесі мен мінез-құлқы туралы сұрақтар. 
Сұрақтың бұл түрі адамның іс-әрекетіне, мінез-құлқына қа-
тысты қойылады. Мысалы: «Әдеттегі жұмыс күніңіз туралы 
айтып беріңізші. Таңертең ең алдымен не жасайсыз, күнді 
неден бастайсыз?»


135
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
2. Пікірі мен құндылықтары туралы сұрақтар. Мұнда зерт-
теушіні адамның сенімі немесе пікірі, оның белгілі бір нәр-
се туралы не ойлайтыны қызықтырады. Мысалы: «Сіздің 
ойыңызша, әкімшілердің көшбасшы болуы қажет пе?» деп 
сұрауға болады.
3. Сезімі, ойы, көзқарасы туралы сұрақтар. Аталмыш 
сұрақтар адам өмірінің эмоциялық күйіне әсер етеді. Мы-
салы: «Бұған қалай қарайсыз?» деген адамның сезіміне
қарым-қатынасына қатысты сұрақ қойғанда, сұхбат алушы 
сұхбатқа қатысушының эмоциялық көңіл-күйін іздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет