Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер
Сұхбаттыашу және транскрипциялау Сұхбатты сөзбе-сөз транскрипциялау – көп еңбектенуді әрі бір-
талай уақытты қажет ететін үдеріс. Дей тұрғанмен ол деректерді
тиімдірек талдауға мүмкіндік береді. Әдетте 90 минуттық ауди-
ожазбаны танып шығу үшін 4-6 сағат кетеді. Жұмысты жаңадан
бастаған зерттеушілерге кем дегенде алғашқы бірнеше сұхбатты
транскрипциялау ұсынылады. Содан кейін ғана арнайы агенттік-
тердің қызметіне жүгінуге болады.
Транскрипциялау үшін жазбаның белгілі бір бөлігін таңдап
алып, басқаларын өткізіп жіберу ненің маңызды, ненің маңызды
емес екендігі туралы ертерек пайымдауға алып келеді. Жазбаның
қандай да бір бөлігі транскрипцияланбаса, деректер ұмытылып,
ескерілмей қалуы мүмкін.
Транскрипцияға қатысты нақты жазбаша нұсқаулықтар әзірлеу
маңызды болып табылады (Kvale, 1996). Нұсқаулықтар үдерістің
дәйектілігіне мүмкіндік бере отырып, зерттеушілерді соған қаты-
сы бар нәрселерді ойластыруға жетелейді және оларға өз түйіндері
мен ұсыныстарын кейінірек бөлісуге көмектеседі. Жөтелу, күлу,
күрсіну, үзіліс жасау, бөгде дыбыстар, телефон қоңырауы және жа-
уаптың үзіліп қалуы сияқты бейвербалды символдарды атап өткен
жөн. Тыныс белгілерінің қойылуы да маңызды, ол материалды тал-
дап, түсіндіру кезіндегі алғашқы қадамдардың бірі болып табыла-
ды (Kvale, 1996).
Сұхбаттың вербалды және бейвербалды материалын қайта жа-
сайтын толыққанды әрі тыңғылықты стенограмманың зерттеуші
үшін пайдасы көп болуы мүмкін. Оны сұхбат жүргізілгеннен кейін
бірнеше айдан соң да қарауға болады.
Сұхбат транскриптінің форматы деректерді талдауға ыңғайлы
болуы керек. Бірінші беттің жоғарғы жағына сұхбаттың қашан,
қайда және кіммен жүргізілгені туралы ақпаратты тізімдеп беру
қажет. Зерттеушінің сұрақтарын оңай оқу үшін қаріптерді қалың
бояумен немесе курсивпен беруге болады. Сондай-ақ әр беттің оң
жағынан жазбаларға немесе кодтарға арнап жеткілікті түрде орын
қалдырған жөн.