Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Тарауды оқудан күтілетін нәтижелер



Pdf көрінісі
бет97/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Тарауды оқудан күтілетін нәтижелер:
• адамдардың қатысуымен жүргізілетін білім беру зерттеу-
лерін ұйымдастыруда әдеп нормаларын сақтаудың маңыз-
дылығын түсіну;
• зерттеу әдебінің принциптері мен негізгі ұғым-түсініктерін 
тану; 
• адамдардың қатысуымен жүргізілетін білім беру зерттеу-
лерінде зерттеу әдебі принциптерін сақтау; 
• адамдардың қатысумен жүргізілетін білім беру зерттеу-
лерінде әдепке қатысты мәселелер мен жағдаяттарды сыни 
тұрғыдан талдау.
7 ТАРАУ
 
Білім беру зерттеулеріндегі 
әдеп мәселелері
Аида Сағынтаева


153
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Адамдардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың
22
қа-
тысуымен жүргізілетін эмпирикалық зерттеулердің дамуына бай-
ланысты, білім беру зерттеулерін ұйымдастыруда әдеп мәселесі 
маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Зерттеу әдебі зерттеу-
ді жоспарлап, жүргізуді және оның орындалуын түгел қарастырады 
(Burgess, 2005). Бұл тұста «білім беру зерттеулері» түсінігі адамдар 
жүйелі түрде тартылып отыратын білім беру саласындағы кез кел-
ген зерттеуді қамтиды. Сонымен, әдеп мәселесі ғылыми журнал-
дарда жариялауға жоспарланған эмпирикалық зерттеулерде де, 
студенттердің диплом жұмысы мен магистрант, докторанттардың 
диссертацияларында да туындап отырады. 
«Әдеп» ұғымының екі негізгі мағынасы бар екенін атап өткен 
жөн. Олар: 1) «адамгершілік, оның дамуы, принциптері, норма-
лары және қоғамдағы рөлі туралы философиялық ілім» және 2) 
«мінез-құлық нормаларының жиынтығы (әдетте қандай да бір әле-
уметтік топқа қатысты қолданылады, мәселен парламент әдебі, 
дәрігер әдебі, ғалым әдебі)» (С.И. Ожегов, 1990). Мағынаның екеуі 
табиғаты жағынан өзара байланысты болып келеді. Горовитц атап 
өткендей, «әдеп – дұрыс не бұрыс әрекеттердің жиынтығы ғана 
емес, керісінше, адамгершілік ойлаудың ұстанымдары мен сапа-
сына қатысты категория» (Gorovitz, 1991, 23-б.).
Бұл тарауда біз «зерттеу әдебі» ұғымының тарихи, филосо-
фиялық және әдіснамалық қырларын білім беру зерттеулері мән-
мәтінінде қарастырамыз. Әлеуметтік және білім беру зерттеулерін-
дегі зерттеу әдебін қарастыруда отандық және шетелдік танымал 
ғалымдардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, зерттеу әдебі 
саласындағы басты ұғымдарды, негізгі ұстанымдар мен мәселе-
лерді ашуға тырысамыз.
Өз ғылыми зерттеулерін білім беру зерттеулеріндегі әдептің 
философиялық және әдіснамалық негіздеріне арнаған Хаммерс-
ли мен Трайаноу да (Hammersley & Traianou, 2012) «әдеп» сөзінің 
кемінде екі түрлі мағынаға ие болуы мүмкін екенін мойындайды. 
Ол, бір жағынан, «ненің жақсы немесе дұрыс екенін, оны қалай 
анықтау керектігін қарастыруға қатысты зерттеу саласы» дегенді 
22
Бұл, мысалы, ерекше жағдаяттар тудыратын зерттеулер, адамдардың қатысуымен жүргізілетін 
психологиялық-педагогикалық эксперименттер, мектеп оқушыларымен сұхбат жүргізу, мектеп 
мұғалімдерінен сауалнама алу.


154
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
танытады. Аталмыш түсінікке сәйкес, «әлеуметтік зерттеу әдебі» 
зерттеушілердің не істеуге болатынын/болмайтынын, оны қа-
лай шешу қажеттігін зерттеуді білдіреді» (Hammersley & Traianou, 
2012, 16-б.). Екінші жағынан, әдеп дегеніміз – «ненің жақсы, дұрыс 
екенін көрсететін не болмаса ненің жаман, бұрыс екенін анықта-
уға мүмкіндік беретін принциптер жиынтығы». Бұл принциптер 
белгілі бір салаға тән (мысалы, медициналық немесе медиа әдебі) 
немесе белгілі бір көзқарасқа негізделген (мысалы, либерал, мұ-
сылман немесе христиан әдебі) жалпы сипатта келуі мүмкін. Осы-
ның негізінде «әлеуметтік зерттеу әдебі» тіркесі «әлеуметтік зерттеу 
жүргізу барысында ескерілуі тиіс әдеп принциптерінің жиынтығы» 
немесе «әлеуметтік зерттеушілер ұстанатын әдеп принциптерінің 
жиынтығы» дегенді білдіреді (Hammersley & Traianou, 2012, 16-17 
бб.). Хаммерсли мен Трайаноу «әдеп» ұғымын «адамгершілік» ұғы-
мымен синонимдес қарайды. Ненің «әдепті», ненің «әдепсіз» екен-
дігі туралы ой-пікірлер адамдардың қатысуымен жүргізілетін зерт-
теулерге қатысты нақты жағдайда адамгершілік пайымдауларға 
негізделеді (Hammersley & Traianou, 2012). 
Білім беру саласындағы зерттеулерге келетін болсақ, Коэн мен 
оның телавторлары (Cohen et al., 2011) әдеп мәселесіне қатысты 
бірқатар ықтимал мәселелерді атап көрсеткенін айта кеткен жөн:
1) зерттеу пәнін таңдау және зерттеудің өзіндік сипаты (мәсе-
лен, мектептегі білім берудің гендерлік аспектісі немесе оқушы-
лардың оқу үлгеріміндегі этникалық айырмашылықтар);
2) зерттеу әдістерін таңдау (мысалы, зерттеуге қатысушылар-
дан сұхбат алу);
3) зерттеу мазмұны (кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға 
арналған мекемелер);
4) деректерді жинау үдерісі (мысалы, сұхбат зерттеуге қаты-
сушылар арасында айтарлықтай алаңдаушылық тудыруы мүмкін);
5) зерттеуге қатысушылардың өзіндік болмысы (өздерін эмо-
ционалды тұрғыдан жайсыз сезінетін жасөспірімдер);
6) жиналған дерек түрі (жеке және құпия ақпарат);
7) алынған деректермен не істеу керек деген мәселе (қаты-
сушылардың кәсіби беделін немесе мәртебесін түсіру салдарынан 
зиян келтіруі мүмкін зерттеулерді жариялау қаупі);


155
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
8) алынған деректерді түсіндіріп, рәсімдеу мәселесі (мысалы, 
қатысушылардан алынған мәліметтер (саналы немесе бейсаналы 
түрде) бұрмаланған жағдайда деректерді талдап, зерттеу мәтінін 
жазу» (Oliver, 2003, Cohen et al., 2011).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет