200
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
түріне қарамастан (сапалық немесе сандық) деректер жинап, оны
одан әрі өңдеп жариялау үшін ұйымның институционалдық зерт-
теу әдебі жөніндегі комитетінің рұқсатын алуы керек.
Екіншіден, зерттеуші зерттеу орны мен зерттеуге қатысатын
адамдарды іздеп, олармен байланыс орнату жолдарын іздеуі ке-
рек. Үшіншіден, зерттеуші аталмыш тарауда талданған бір не бір-
неше тәсілді пайдалану арқылы мақсатты түрде зерттеуге қаты-
сушыларды іріктеуі қажет. Одан әрі сапалық мәліметтерді жинау
үшін белгілі бір артықшылық/кемшіліктерімен сипатталатын сұх-
бат, бақылау, құжаттарды және аудиовизуалды құралдарды пай-
далана алады. Белгілі бір әдісті таңдау зерттеу сұрақтарына және/
немесе зерттеу әдісіне байланысты. Әдеп нормаларын сақтау де-
ректерді кез келген әдістің көмегімен жинаудың ажырамас бөлігі
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: