Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет128/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

9-ТАРАУ
 
Деректерді талдау және интерпретациялау
Әсел Қамбатырова
Кілт сөздер:
сапалық деректерді талдау, деректерді код-
тау, сұхбат транскрипті, сандық деректерді талдау, ай-
нымалылар, статистикалық әдістер.
Тарауды оқудан күтілетін нәтижелер:
• сапалық деректерді талдаудың негіздерін білу
• сапалық деректерді талдай білу және нәтижелердің шынай-
ылығын тексеруді игеру;
• сандық талдаудың басты концепцияларын білу;
• әлеуметтік ғылымдарда пайдаланылатын негізгі статисти-
калық талдау әдістерін түсіну және ажырату. 
Бұл тарауда сапалық және сандық деректерді талдау түрлері 
талқыланады. Онда деректерді сапалық талдау тәсілі, нәтиже-
лердің шынайылығы мен сәйкестілігін тексеру тәсілдері сипатта-
лады, сондай-ақ сандық деректерді талдаудың басты статистика-
лық әдістеріне қысқаша шолу берілген.


203
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
9.1 Сапалық деректерді талдау
Көптеген сапалық зерттеулерде деректерді талдау зерттеушілер 
жүргізетін және міндетті өзгерістерден тұратын кезеңдердің жүй-
елілігі, реттілігі болып табылады (Creswell, 2009).
Кресуэллдің көрсетуінше, сапалық деректерді талдау үдерісі 
жекеден жалпыға қарай бірнеше қадамнан тұрады және ол бір-
неше деңгейді қамтиды (Creswell, 2009). 9.1-суретте Кресуэлл 
тәжірибеде интербелсенді деп қабылдаған, төменнен жоғарыға қа-
рай бағытталған сызықтық, иерархиялық тәсіл ұсынылады. Ол қай 
кезеңде де өзара байланысты болып келеді және ұсынылған ретпен 
орындала да бермейді (Creswell, 2009).
1-қадам.
Деректерді талдап, талқылауға әзірлік: сұхбаттардың 
мағынасын ашу, материалдарды сканерлеу, далалық жазбаларды 
басып шығару, ақпарат көздеріне байланысты деректерді сұрыптау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет