225
Назарбаев Университеті
Жоғары білім беру мектебі
Әсел Қамбатырова – Назарбаев
Университетінің Қазақстан
жоғары оқу орындарында STEM (педагогикалық) білім беру сала-
сындағы оқыту және зерттеу әлеуетін арттыру жобасының постдок-
торант-зерттеушісі. Ғылыми қызығушылығы үш тілде білім беру,
тіл саясаты мен жоспарлау, отбасылық тіл саясаты, сондай-ақ орта
білім берудің жаңартылған мазмұны мәселелерімен байланысты.
Автордан
2016 жылы, үш тілде білім беру туралы жазғым келген док-
торлық диссертациямның тақырыбын ойластырып отырып,
бұл салада бәрі зерттеліп қойған шығар деп ойладым. Бір күні
бір ата-ананың Facebook әлеуметтік желісіндегі оқулықтар-
дың сапасына қатысты видеохабарламасын көріп, ойға қал-
дым. Оның пікірінше, қазіргі оқулықтарда кемшілік, қателер
көп. Шынайы өмірде ата-аналардың көзқарасы өз балалары-
ның білім беру жолында өте маңызды рөл атқарса да, білім
берудің қай саласы болмасын, олардың пікірінің тым сирек
ескерілетіндігі жөнінде ойландым. Осы жағдайды түзетуге
тырысып, докторлық диссертациямды Қазақстандағы үш
тілде білім беру туралы ата-аналардың пікірлері мен көзқа-
растарын зерттеуге арнауды жөн көрдім.
226
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Достарыңызбен бөлісу: