Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет147/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Гүлмира Қанай – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универ-
ситетінің басқарма төрағасы – ректоры. Еңбек жолын Қазақстан-
ның жоғары оқу орындарында оқытушы және әкімшілік қызметкер 
болып бастаған. 2019 жылы «Талап» стипендиялық бағдарламасы 
бойынша Кембридж университетінің (Ұлыбритания) Білім беру 
факультетінде докторлық дәрежесін алған. Докторлық диссертаци-
яның тақырыбы – «Қазақстан мектептеріндегі мұғалімдердің көш-
басшылығын дамыту». Зерттеулерінің нәтижелері бірнеше халықа-
ралық және отандық журналдарда жарияланған.
2016 жылдан бастап еліміздің 4 аймағының 18 жалпы орта 
білім беретін мектебін қамтитын, сондай-ақ Халықаралық мұғалім-
дер көшбасшылығы бастамасымен Ұлыбритания, Малайзия және 
Египет мектептерімен ынтымақтастықты қарастыратын Қазақстан 
мұғалімдерінің көшбасшылығын дамыту бағдарламасын жүзеге 
асырып келеді.
Автордан
Ағылшын тілі мұғалімі ретінде білім беру реформасын жүзеге 
асырудағы мұғалімнің рөлі туралы жиі толғанамын. Рефор-
малар мен жаңашылдықтардың жоғарыдан түсірілуі мұғалім-
дерді «үнсіз орындаушыға» айналдырып, олардың мектептегі 
жаңашылдықтың бастамашысы болу және реформаларды 
төменнен жоғарыға қарай жүргізу мүмкіндіктерін шектей-
тінін байқадым. Жоғарыдан жүргізілетін реформа, сондай-ақ,
мұғалімдерді бағалау, шешім қабылдау қабілетінен айырды. 
Шешім қабылдау үшін мұғалімдерге ағымдағы жағдайды тал-
дап, өз тәжірибелеріне өзгеріс енгізуге көмектесетін тетіктер 
қажет. Алдарыңыздағы құралда мұғалімнің жұмыс үдерісінде 
туындайтын практикалық мәселелерді шешуде жұмсалатын 
«іс-әрекетті зерттеу» әдісі ұсынылады. 


228
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Айнұр Әлмұхамбетова – Назарбаев Университеті Жоғары білім 
беру мектебінің инструкторы. Еңбек жолын Қазақстанның жоғары 
оқу орындарында оқытушы болып бастаған. 2018 жылы Назарба-
ев Университетінде докторлық дәрежесін алған. Ғылыми жұмысы 
жылдың ең үздік диссертациясы ретінде Халықаралық және салы-
стырмалы білім беру қауымдастығының сыйлығымен (CIES Eurasia 
SIG) марапатталған. Жоғары импакт-факторлы халықаралық же-
текші басылымдарда 12 ғылыми мақаласы жарияланған. 
Қаржыландырылатын ғылыми жобаларда 2019 жылдан бастап 
тең жетекші және жетекші болып істеп келеді. Негізгі зерттеу бағы-
ты мектеп түлектерінің жоғары білім беруге көшуін зерттеу, STEM 
білім беру, жоғары білім беру саласындағы әйелдердің қызметі бо-
лып табылады. Соңғы ғылыми жобасында нақты ғылымдардағы 
әйел ғалымдарды зерттеуге айрықша назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет