32
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Зерттеу тақырыбын айқындау
Зерттеу тақырыбы, әдетте, зерттеудің пәнін сипаттайды, мыса-
лы: «Аймақтық университеттердегі оқытушылардың жарияланым
белсенділігі», «Мектеп көшбасшылығы», «Қалалық
орта мектеп-
тердегі қорқыту, қорлау (буллинг)», т.б. Көріп отырғанымыздай,
барлық тақырыптар қысқа сөз не сөз тіркесінен тұрады. Яғни,
зерттеу жобаңыздың тақырып атауы қысқа болуы керек. Кресуэлл
және Кресуэлл (2020) тақырыпты зерттеудің жұмыс атауы ретінде
анықтаудың маңыздылығын атап өтеді (Creswell & Creswell, 2020).
Зерттеу тақырыбы зерттеуіңіздің негізгі идеясын бағдарлау мен
топтау құралы ретінде қызмет етеді.
Зерттеу мәселесінің қойылуы
Таңдалып алынған тақырып негізінде
сіз зерттеу мәселесі
мен мақсатын қалыптастырып, сәйкесінше өзекті деген зерттеу
сұрақтарын айқындайсыз. Блумберг
пен Уолпи атап өткендей,
зерттеушілер тақырыпты зерттеу мәселесімен жиі шатастырады
(Bloomberg & Volpe, 2019).
Зерттеу тақырыбы қызығушылықтың
Зерттеу тақырыбын айқындау
Зерттеу
мақсатын анықтау
Зерттеу мәселесінің қойылуы
Зерттеу сұрақтарын құрастыру
1.4-сурет. Білім беру зерттеуінің
алғашқы төрт қадамы
33
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
белгілі бір бағытына жатады,
осы ретте зерттеу мәселесі ерек-
шелеу, ол зерттеу тақырыбының бір қыры ғана болып табылады.
Мысалы, егер зерттеу тақырыбын «Мектеп таңдау» деп алсақ, онда
зерттеу мәселесі орташа табысы бар отбасылар мен табысы төмен
отбасылар сынды екі әлеуметтік топ арасындағы мектеп таңдау
стратегияларындағы айырмашылықтарды
зерттеуге бағытталуы
мүмкін. Мәселенің қойылуы оқырманға сіздің зерттеуіңіздің маңы-
здылығын түсінуге көмектесетін бір сөйлеммен немесе екі беттік
мәтінде (ең көп дегенде) берілуі мүмкін.
Одан басқа, мәселе, зерттеуіңіздің қажеттілігін танытуы ке-
рек. Тақырыптың белгілі бір аспектісіне қатысты әдебиеттердің
жетіспеушілігін зерттеу мәселесі ретінде қарастыруға болмайды.
Басқаша айтқанда, тақырыбыңыздың қандай да бір аспектісінің
аз қарастырылғандығын зерттеу мәселесі деп санауға болмай-
ды. Мәселені қалыптастыру «біз білетін, білмейтін проблемалар
арасындағы сәйкессіздікке» негізделуі тиіс (Bloomberg & Volpe,
2008, 34-б.).
Достарыңызбен бөлісу: