18
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
1.3 Зерттеудің бес негізгі парадигмасы
Білім беру зерттеулерінің философиялық-әдіснамалық негіздері
мен негізгі құрамдас бөліктерін талқылауда визуалды қолдау ретін-
де біз Кресуэлл және Кресуэлл (Creswell & Creswell, 2020) ұсынған
зерттеу құрылымын қолданамыз. 1.2-суретте
зерттеушінің ықти-
мал философиялық көзқарастарының зерттеу дизайнымен, зерттеу
тәсілдерімен және әдістерімен тығыз байланысы көрсетілген.
Келесі талқылау 1.2-суретте көрсетілген білім беру зертте-
улерінің – зерттеушінің философиялық көзқарасы (сенім жүйесі),
зерттеу дизайны және зерттеу әдістері сынды үш негізгі бөлігіне
негізделеді. Ең алдымен, біз зерттеуді ұйымдастырудағы парадиг-
маның рөлін талқылаймыз, содан кейін білім беру зерттеулерінің
үш негізгі стратегиясын (тәсілін) (сандық, сапалық және аралас)
қарастырамыз
4
.
4
Орыс ғалымдары О.Б.Савина мен Е.В.Полухинаның (2017) ізімен ағылшын тіліндегі «mixed
methods» терминінің баламасы ретінде алынған «араласу», «аралас стратегиялар», «аралас әдістер»
терминдерін қолданамыз. Оқу құралында біз зерттеудің аралас стратегияларын аралас (құрамдасты-
рылған) және «көп стратегиялылық» деп атаймыз (Robson & McCartan, 2016).
1.
Сіздің зерттеуіңізге қандай эпистемологиялық теория негіз болады (объек-
тивтілік немесе субъективтілік)?
Достарыңызбен бөлісу: