Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


дықты әлеуметтік деп табады да (Guba & Lincoln, 1989; 1994)



Pdf көрінісі
бет8/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

дықты әлеуметтік деп табады да (Guba & Lincoln, 1989; 1994), 
адамның мінез-құлқы әлеуметтік нормаларға бағынады деп есептей-
ді. Олар үшін зерттелетін қоғамдық құбылыстардың субъективтік 
жақтарын сезіну үшін тікелей бақылау, яғни зерттеушінің конструк-
тконструкт өміріне тікелей қатысуы арқылы зерттеу объектісіне 
«жақындағаны» маңызды.


17
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Губа мен Линкольн ғылыми парадигмаларды зерттеу-
ге арналған өз еңбектерінде (Guba & Lincoln, 1994) әлеуметтік 
ғылымдарда кез келген зерттеу парадигмасы онтологиялық, эпи-
стемологиялық және әдіснамалық деп аталатын үш негізгі сұраққа 
негізделуі қажет екендігін көрсетеді (1.1-кестені қараңыз).
Біз қандай әлемді зерттейміз деген сұраққа зерттеу парадиг-
масының онтологиялық элементі жауап береді (Guba & Lincoln, 
1994). Эпистемологиялық бағыт «білетін нәрсемізді қалай білетін-
дігімізді түсіну және түсіндіруге» келіп тіреледі (Crotty, 2003, 3-б.). 
Әдіснамалық элемент «менің зерттеу сұрағыма жауап беруге мүм-
кіндік беретін және сол арқылы берілген әлеуметтік құбылыс ту-
ралы білімнің дамуына ықпал ететін қажетті деректерді, білім, 
түсінікті қалай алуға болады?» деген сұраққа жауап береді. Осы үш 
сұрақтың жауабы стратегияларды, деректерді жинау және талдау 
әдістерін қоса алғанда, зерттеудің негізін қамтамасыз етеді (Guba 
& Lincoln, 1994).
Көптеген авторлар зерттеу жұмысын енді бастаған зертте-
ушілерге ғылыми жобаларды ұйымдастыру барысында сенім жүй-
есінің зерттеу әдіснамасына қалай ықпал ететіні туралы ойланып, 
өз ойларын құрылымдауға кеңес береді. Мысалы Кротти (Crotty, 
1998) зерттеушілерге төмендегі төрт сұраққа жауап беруге кеңес 
береді (1.2-кестені қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет