Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Білім беру зерттеулеріндегі философияның рөлі



Pdf көрінісі
бет5/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

1.1 Білім беру зерттеулеріндегі философияның рөлі: 
зерттеушінің сенім жүйесі зерттеу 
парадигмасы ретінде
Қазіргі қоғамда әлем қалай құрылған және ол қалай жұмыс 
істеуі керектігі жөнінде әрбір адамның белгілі бір наным-сенімі 
мен болжамы бар. Білім беру зерттеулерінің философиялық қыры 
туралы айтқанда, ең алдымен, шындық өмірді белгілі бір сенім 
жүйесі арқылы көретін зерттеушінің өзінің рөлін және әрбір зерт-
теушінің тақырып пен зерттеу әдіс-тәсілдерін таңдауда «сараптау 
линзасы» болатынын қарастырамыз.
Зерттеушінің сенім жүйесі, әдетте, парадигма деп аталады 
(грек тілінен аударғанда «мысал, модель, үлгі»), ол «адамның дү-
ниенің мәнін танып, ондағы адамның орнын түсінетін және бұл 
дүние арқылы мүмкін болатын қарым-қатынас шегін айқындай-
тын дүниетанымды» танытады (Guba & Lincoln, 1994, 107-б.). 
Әлеуметтік ғылымдарды зерттеу әдістемесіне қатысты заманауи 
оқулықтарда «зерттеу парадигмасы» термині әртүрлі түсіндіріледі. 
Мәселен, Мерриам «зерттеу бағдарларын» нұсқаса (Merriam, 1998), 
Кресуэлл зерттеушінің белгілі бір «философиялық дүниетанымы» 
мен «ақиқат туралы шешімін, түйінін» атап өтеді (Creswell, 2014). 
Максвелл мен Миттапалли «зерттеушінің ұстанымы» туралы айта-
ды (Maxwell & Mittapalli, 2010). Әрі қарай атап өтетініміздей, қа-
лай болғанда да белгілі бір парадигма туралы туралы сөз болады, 
оның негізінде автор өзінің таным теориясын құрып, эмпирика-
лық деректер жинап, өз зерттеуінің шынайылығын дәлелдеу үшін 
деректер келтіреді. 
Аталмыш жұмыста бес басты зерттеу парадигмасын бөліп 
қарастырамыз. Әртүрлі кезеңдегі түрлі парадигмалардың пайда 
болуы «парадигмалардың ауысуын» (Kuhn, 1962) көрсететінін
онда білім саласының немесе парадигманың маңыздылығы зерт-


13
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
теушілердің беделді қауымдастыққа кіру құрметімен ғана мойын-
далатындығын
1
(Cohen et al., 2018) атап өткен жөн. Білім және 
«білім» ұғымы анықтамасының өзі белгілі бір парадигмалар аясын-
да жұмыс істейтін ғалымдар қауымдастығының мүдделерін таны-
тады (Cohen et al., 2018).
Зерттеудегі парадигмалардың мән-мағынасын талқылаудың 
мысалы ретінде біз «мектеп таңдау» ұғымын қарастыруды ұсына-
мыз. Зерттеушілердің бір тобы оны мектепте берілетін білімнің 
әмбебап әрі мектептің қауымдастық бірлігін сақтайтын әлеуметтік 
институт деп танитын көзқарас тұрғысынан сипаттауы мүмкін. Бұл 
топтағы зерттеушілер қоғамды тірі ағза ретінде танып, оны тұтас 
қоғамның тұрақтылығын сақтауға әрекет ететін өзара байланысты 
және өзара тәуелді бөліктердің күрделі жүйесі деп түсіндіреді. Олар 
үшін білім беру қызметі келесі ұрпаққа негізгі білім-дағдыларды 
жеткізу болып саналады (құрылымдық функционализм теориясы)
Білім беру білім алуға, мансапқа жетуге дайындалуға және алған 
білімін пайдаланатын жақсы жұмыс табуға бағытталған. Сәйкесін-
ше, баланың қандай, қай мектепті бітіргені маңызды емес, ең ба-
стысы, - оның қоғамға пайдалы болуы және табысты қызмет етуі. 
Сонымен зерттеушілердің бұл тобы үшін «мектеп таңдау» ұғымы 
проблема туғызатындай әлеуметтік құбылыс емес.
Зерттеушілердің енді бір тобы қоғамды әлеуметтік қақтығыс 
немесе жеке тұлға арасындағы күрес (әлеуметтік қақтығыс те-
ориясы) тұрғысынан қарастырады. Аталған парадигманы жақта-
ушылар тұрғысынан алғанда, мектеп балаларды билікке бағынуға 
үйретеді, таптық теңсіздікті жаңғыртады және заңдастырады. Осы 
зерттеушілердің пікірінше, дәстүрлі мемлекеттік мектептер мем-
лекетке жұмысшы табын, яғни біліктілігі төмен адамдар тобын қа-
лыптастыруды қамтамасыз етеді, ал дербес халықаралық мектеп-
тер саяси элитаға капиталистік таптың қалыптасуына көмектеседі. 
Әлеуметтік қақтығыс теориясын жақтаушылар (атап айтқанда, 
марксистер) жақсы білімді тек ақшамен ғана алуға болады деген 
пікірді ұстанады. Алайда мектептер «меритократия мифін» тара-
тып жатқандықтан, адамдар мұны түсінбейді. Мектепте әркімнің 
1
Томас Кунның алғаш рет «парадигма» ұғымын енгізіп, аталған терминді «барлығы мойындаған, 
белгілі бір уақыт ішінде ғылыми қауымдастыққа мәселе қою және оларды шешудің үлгісін ұсынатын 
ғылыми жетістіктер» деп анықтағанын айта кету керек» (Кун, 1977, 11-б.).


14
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
жетістікке жету мүмкіндігі бірдей екенін және баға біздің күш-жі-
геріміз бен қабілетімізге байланысты екенін білеміз; егер сәтсіздік-
ке ұшырасақ, өзіміздің кінәмізден деп түсінеміз. Мұндай көзқарас 
жүйені заңдастырады не болмаса ақтап шығады, себебі ондай бол-
маса да, біз оны әділ деп есептейміз (Bowles & Gintis, 1976).
Сонымен, зерттеушілердің әрбір тобы мектепті таңдау сияқты 
әлеуметтік мәселені түрлі зерттеу парадигмасы тұрғысынан қара-
стырады. Әрі қарай атап өтетініміздей, парадигманың рөлі теори-
ялық негізді, зерттеу мәселелері мен зерттеу әдістерін таңдауда 
жатыр. Зерттеушінің сенімі мен оның ақиқатты философиялық 
тұрғыдан қабылдауы назардан тыс қалса да, дәл солар зерттеу 
тәжірибесіне айтарлықтай ықпал етеді (Creswell & Creswell, 2020). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет