Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет100/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

183. 97 «Тоғызқұмалақ» (спорт түрі)
Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі логикалық ақыл-ой ойыны. Шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды.
Тоғызқұмалақ ережесі. Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1




9

9

9

9

9

9

9

9

9

Қостаушы қазаны (0)




9

9

9

9

9

9

9

9

9

Бастаушы қазаны (0)

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1






Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.
Жүріс жасау ерекшеліктері. Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.
1. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.
Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.
Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1




9

9

9



10

10

10

10

10




9

9

9

9

9

9

1

10

10

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1




  • 2. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.

  • 3. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

Тұздық алу ережесі. Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелден – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.

  • 4. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.

Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтылып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.
Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.
Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1






10

10

1

11

11

11

11

11




10

10

10

10

10

10

2

11

1

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1




1

11

1

1

11

11

11

11

11




11

11

11

11

11

11

Х

11

1

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.

  • 5. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.

  • 6. Тұздық аттас отаулардан алынбайды.

Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.
Атсырау” ережесі. Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.

  • 7. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.

  • 8. Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1




1

1

1

Х

1
























Х



4

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады.
Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1




1

1

1

Х

1



1

3
























отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.
Есеп 76-86. Қостаушы ұтты.

  • 9. Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.

Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.
Қазіргі таңда республикада тоғызқұмалақ қауымдастығы жұмыс жасайды.
Құралдар: ойын тақтасы, 162 қара түсті құмалақ, шахмат сағаты, қалам және жүрістерді жазу кестесі. Жүріс жазу түрі 1) 7(9): 6(10). Бірінші сан – жүріс реті. Екінші сан – отау саны. Жақшадағы сан – отаудағы құмалақтар саны.
184 Аударыспақ
Аударыспақ ойыншылардан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін қазақтың ұлттық спортының бір түрі. Бұл ойында екі салт атты бір-бірін ат үстінен аударып алуға тырысады. Аударыспақ қазіргі кезде ұлттық спорт түрі болып саналады.
Аударыспақ ойнына ат үстінде отыруды жақсы меңгерген, дайындығы бар спортшылар қатынасады.
Аударыспақтан жарыс жеке біріншілік, жеке командалық және жалпы командалық болып үш түрде жүргізіледі және аударыспаққа шығатын адамдар 60, 70, 80, 90, +90 кг салмақ дәрежелеріне бөлінеді. Аударыспаққа шыққан спортшы беліне қызыл немесе көк түсті белбеу буынып, кеудесін жалаңаштап немесе ауа райының ерекшелігіне қарай киім киіп шығады. Жарыс өтетін жер. Алаңға диаметрі 10-20 метр аумақтағы шеңбер сызылады. Аударыспақ уақыты 2 кезеңнен (5+5 =10 минуттан) тұрады.
Команда 5 адамнан жасақталады. Әр командада жеке-жеке әр салмақ дәрежесінен адам болуы шарт. Егерде бір салмақ дәрежесінде сайыскерлер тең түскен жағдайда, қай спортшының салмағы жеңіл болса, сол жеңіске жетті деп есептеледі.
Аударыспаққа шығатын ат әбзелінде денеге зақым келтіретін үшкір заттар, темір әшекейлер, ер тоқымының алдыңғы, артқы қасында, үзеңгісінде дәнекерленген қосалқы бөлшектер болмауы тиіс.
Қарсыласының атына қолын тіреу немесе өз атына сүйену, аттың жалынан ұстау, мойынынан құшақтау, жұла қашу, ұру, қол қайыру сияқты амалдарды қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет