Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет102/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

187. Жорға жарыс
Халқымызда ерекше саналатын аттардың бірі жорға аттары.
Жорға жарысы кезінде атқа қойылатын талаптар:
– Жорға жарысына түсер аттардың өзіндік ерекшелігі болғандықтан, олар жеке іріктелініп алынады;
– Жорға жүргенде жылқының алдыңғы және артқы оң жақ (алдыңғы және артқы сол жақ) аяқтары алға қарай бірдей қойылатындығы олардың жүріс ерекшелігі болып табылады.
Жорға жарысын өткізуге арналған қашықтықтар әйелдер үшін 1-2-3 шақырым, ерлер үшін 2-4-6 шақырым. Жорға жарыстары Ұлттық ат спорты қауымдастығы белгілеген ереже бойынша өткізіледі.
188. Бәйге, Аламан бәйге, Ұлы аламан бәйге
Ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының дәстүрлі ат жарысы, спорт ойының бір түрі. Бәйге аты – бәйгеге шабатын жаратқан жүйрік ат.
Бәйге бала – бәйге атына мініп шабатын бала.
Қазақ халқының ұлттық ат спорты ойындарының бірден-бір көп тарағаны бәйге мен аламан бәйге жарысы. Бұл ат жарысының өзгешелігі аттар белгіленген сөре мен көмбе аралығындағы жерді бар жылдамдықтарымен шауып келулері қажет. Жарыс жазық жерлер мен ипподромдармен қатар аттың шабысына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы жерлерде де өткізіледі.
Аламан бәйге
Аламан бәйге жарысытегіс айналасы жазық жолда өтеді. Аламан бәйгеге аттың жасы 3 және одан да жоғары болады. Жарыс 25-31 шақырым немесе келісім бойынша одан да қашық аралықта болуы мүмкін. Көктем кездерінде аттардың денсаулығын сақтау мақсатында аламан бәйге қашықтығы 25 шақырымнан артық болмағаны дұрыс. Ал күз айларында аламан бәйге жарысы қашықтығын ұзартуға болады.
Аламан бәйге ертеректе өте алыс 40-50 шақырым қашықтыққа да өткізілетін болған. Бәйге мен аламан бәйге адам мен аттан үлкен табандылықты, шыдамдылықты, батылдық пен тапқырлықты талап етеді.
Ұлы аламан бәйге
Ұлы аламан жарыстың әдеттегі аламан жарысынан ерекшелігі аттар шабатын қашықтық 40, 60, 80, 120, 160 шақырым және тәулік бойы аттар шабуы ықтимал.
189. Құнан жарыс
Құнан жарысы тегіс жерлерде немесе ипподром жолында өтеді. Құнан дегеніміз екі жасар жылқы төлі. Құнаннан жасы асып кеткен аттар жарысқа қосылмайды. Құнандардың шапқан кезде жылдамдықтары жоғары болады. Құнан жарысы көбіне 10-15 шақырым аралықтағы қашықтықта өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет