Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет110/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

203. Шабуылға шық.
Ойыншылар саны: 10-20 адам. Ойынның мақсаты: допты аяқпен дәлдеп соғуға үйрету. Керекті құрал-жабдықтар: футбол добы, таяқшалар, кеглилер т.б.
Өткізетін орын: спорт зал, алаң.
Ойынға дайындық: ойыншылар екі топқа бөлінеді. Әр топ ойын алаңының екі шетінен шаршы сызықтар сызып, соның шетіне арасын бір метр етіп төрт кегли тігіледі. Әр шаршының қасында бір қорғаушы тұрады. Орталық сызықтың екі жағында екі топтың шабуылшылары тұрады. Қалған ойыншылар алаңның ортасында шашырап жүреді. Жеребемен допты қай топ бірінші ойынға қосатыны анықталады.
Ойын мазмұны: ойын бастаушының ысқырығы бойынша ортада доппен тұрған ойыншы екі жағындағы ойыншыларға допты теуіп, қарсыластарының алаңына кіріп, доппен қатар тұрған кеглилерді құлатпақшы болады. Қай топтың добы қарсыласының белгісін бұрын құлатса, сол топ бір ұпай алып, алаңның ортасындағы сызыққа тұрып допты ойынға қосады. Ойын осылайша бір топтың кеглилерін түгел құлатып біткенше жалғасады. Жиналған ұпайларын санап, жеңіске жеткен топты анықтайды.
Ойынның ережесі: ойын барысында қорғаушы тұрған орнынан кетпеуі керек; шабуылшылар алаңның барлық жерлерінде жүре алады; қарсылас топ ойыншыларына сызылған шаршыға кіруге болмайды; ойын барысында доп алаңнан шығып кетсе, оны қарсылас топтың ойыншысы алаңның шетіндегі сызықтан екі қолмен ортаға лақтырып ойынға қосады.
Әдістемелік нұсқаулар: ойын футболға ұқсас болғандықтан, ойнау тәртібінің көпшілігі футболдың ережесіне ұқсайды. Допты қолмен тоқтатуға болмайтынын айтып, аяқпен шалмай ойнауларын қадағалап отыру қажет. Ұлдар мен қыздар бірігіп ойнағандары жөн.
Ойынның педагогикалық маңызы: допты әр түрлі ойын барысында туындайтын жағдайларға байланысты сан алуан тәсілдермен аяқтың басымен, тобықпен, өкшемен, тағы да басқа дене мүшелерімен соғып үйренеді. Топ жеңіске жету үшін қолдарынан келген неше түрлі әрекеттерді бірігіп жасауға дағдыланады. Ұйымшыл болып, бір-бірінің айтқандарын тыңдауға үйренеді.
204 Эстафеталық ойын түрлері
Эстафета сөзі бірнеше аттарды қолдану арқылы жылдам хабар жеткізу мағынасынан пайда болған. Қазіргі кезде эстафеталық ойындар мен спорттың көптеген түрлері бар. Мысалы, шаңғы, жеңіл атлетика, суға жүзу, мұзда сырғанау, спорттық бағдарлама т.б. спорт түрлерінде эстафеталық жарыстар өткізіледі. Эстафеталық ойындар оқу-жаттығу сабақтарында кеңінен қолданылады.
Эстафеталық ойынның мақсаты: топқа бөлініп, тапсырылған түрлі сынақтарды, жаттығуларды жылдам және дұрыс орындау арқылы қимыл-қозғалыстарын үйлестіру, қимыл қабілеттерін жетілдіру болып табылады.
Эстафеталық ойындар сан алуан, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарға:
– эстафеталық ойындар екі немесе одан да көп топқа бөлініп өткізіледі;
– орындалатын жаттығулар алдын ала таңдалып алынады;
– жаттығуларды орындауды топтар бірге бастайды;
– топтар өзара жарысады, күш сынасады;
– міндетті түрде жеңімпаз және жеңілген топ болады;
– топтағы барлық ойыншылар жаттығуларды біркелкі дұрыс, жақсы орындағанда жеңіске жетеді;
– топ ойыншылары басқарушыны тыңдап, ұйымшыл болып, ойын ережелерін дұрыс орындаулары шарт;
– ойын барысында ойыншылар бір-бірінің үйлесімді және дұрыс жұмыс жасауына көмектеседі;
– топ мүшелері бір-бірін көтермелеп, мадақтап, жеңіске жету үшін бар ықыластарын салып орындауға тырысады;
– эстафеталық ойын қорытындысы топтағы барлық ойыншылардың көрсеткіштері бойынша анықталады.
Бірнеше қарапайым эстафеталық ойындарды үлгі ретінде беріп отырмыз.

  1. Бірінші оқушы барарда кедергілер арасымен жылдам жүгіріп барып, қайтарда тура жүгіріп келіп эстафета таяқшасын келесі ойыншыға беру;

  2. Ер балалар барарда допты аяғымен кедергілер арасымен тебе алып барып, қайтарда допты қолмен алып жүріп келіп, келесі ойыншыға беру. Қыз балалар барарда кедергілер арасымен жіп секіртпемен секіріп барып, қайтарда секірмей тура жүгіріп қайту.

  3. Бірінші бала допты барарда кедергілер арасымен алып барып, баскетбол шығыршығына лақтырып, қайтарда допты жерге ұрып алып келіп, келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғаса береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет