216
деңгейінің төмендігі, ауыл шаруашылық жерлерге қажетті жағдайдың
жасалмауы, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру қарқынының төмендігі секілді
мәселелерді шешу негізгі бағыттарының бірі болып отыр.
Қазіргі таңда экономикасы өркендеген алдағы қатарлы елдерде аграрлық
сала өнімдерін өңдеу мен осы өнімдерді өндіру елдің тұрақты бірліктерінің бірі
ретінде көрсетіледі және ұлтық көрсеткіші ретінде маңыздыларының бірі.
Еліміздің аграрлық секторы тәуелсіздік алған жылдары ауыл
шаруашылық өнеркәсіптерін мемлекет қарамағынан
алу мен жекешелендіру
процесі аграрлық секторды дағдарысқа алып келді. Оның ішінде: аграрлық
сектор дақылдарының өнімділігі және жалпы түсім көлемі азайған, мал
шаруашылығы өнімділігі мен мал басы саны қысқарған, аграрлық сала
құрылымындағы кіші шаруашылықтар саны көбейген,
шикізатты өндірушілер
және өнімді қайта өңдеушілердің арасындағы байланыс үзілген, бұл үзілістің
соңы тамақ өнімдерінің құрамын мен тұтынудың мөлшеріне тез ықпал еткен.
ҚР-ның ауыл шаруашылық нарығының ерекше тұсы аймақтардағы
табиғи-климаттық
жағдайларға
байланысты
болуы.
Аймақтардағы
шаруашылықтың түрлілігіне байланысты өсірілетін немесе егілетін өнім
түрлері әртүрлі. Аймақтардың белгілі бір өнімге немесе бір шаруашылыққа
мандануы сол жердің құнарлылығы мен табиғатына байланысты болады.
Қандай да бір салаға көз жүгіртсеңде сол саланың дамуының маңызды
белгісі ол мемлекет экономикасындағы алатын орны мен ондағы шығарылатын
өнімдер көлемі болып саналады. Соңғы 2016 жылғы мәліметтерге сүйенсек,
ауыл шаруашылығы жалпы ішкі өнімнің 7,9 %-ын құрайды. Республика
халқының 48%-ы ауылдық мекендерде қоныстанады
және жартысынан көбі
ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды. 2012-2016 жылдар аралығында ауыл
шаруашылығының ЖІӨ-дегі алған үлесі төмендегідей (кесте 1).
Кесте 1 - Ауыл шаруашылығының ЖІӨ-дегі үлесі, млрд. теңге
Көрсеткіштер
2012
2013
2014
2015
2016
2016 жыл
%-бен 2015
жылға
ҚР ЖІӨ
31015,2 35999
39675,8 40884,1 45732,1 111,9
ҚР ЖІӨ-дегі ауыл
шаруашылығының жалпы
өнімі
1999,1
2386,1
2527,9
3307
3615,8
109,3
ҚР ЖІӨ-дегі ауыл
шаруашылығының үлесі, %
6,4
6,6
6,4
8,0
7,9
-
Е с к е р т у : [2] әдебиеті негізінде автормен құрастырылған
Еліміздегі ЖІӨ және ауыл шаруашылығының жалпы өнімі жылдан жылға
біркелкі өсіп жатқаны көрініп тұр. Өткен жылмен салыстырғанда ауыл
шаруашылығының жалпы өнімі 9,3%-ға және 308,8 млрд. теңгеге артты. Соңғы
5 жылдағы орташа өсу қарқыны 16,3%-ды құрап отыр.
2016 жылғы деректерге назар аударсақ, ауыл шаруашылығына
252,9 млрд. тг инвестиция салынған. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 2016
217
жылы салынған инвестиция көлемі 24,1 %-ға артқанын байқауға болады.
Елімізге тартылған барлық инвестицияның 3,3 %-ын құрайды.
Кестеден
көрсетілгендей, жыл сайынғы осы салаға тартылып жатқан инвестиция көлемі
бір сарынмен өсіп келе жатыр. Бұл инвесторлардың аграрлық салаға деген
қызығушылығының жыл сайын артып жатқаны байқалады. Еліміздегі негізгі
деген салалармен салыстыра келе, инвестициялардың тартылуы қай салаға көп
тартылғаны берілген (кесте 2).
Кесте 2 - Инвестицияларды салалар бойынша жіктеу, млн. тг.
Атауы
2014
%-дық
үлесі
2015
%-дық
үлесі
2016
%-дық
үлесі
2016 жыл
%-бен 2015
жылға
Барлығы
6591482 100%
7024709 100%
7718792 100%
109,8
Ауыл
шаруашылығы
173281
2,6%
203716
2,9%
252929
3,3%
124,1
Өнеркәсіп
3508871 53,2%
3863090 55%
4261520 55,2%
110,3
Құрылыс
69221
1,1%
98102
1,4%
68815
0,9%
70,1
Білім беру
220360
3,3%
198607
2,8%
219263
2,9%
110,4
Денсаулық
сақтау
113950
1,7%
74649
1,1%
62754
0,8%
84,1
Е с к е р т у : [2] әдебиеті негізінде автормен құрастырылған
2-кесте
деректеріне қарағанда, ауыл шаруашылығына салынған
инвестиция басқа негізгі салаларға қарағанда ең көп үлесті құрап отыр, яғни
24,1%. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары ауыл
шаруашылығына көп көңіл
бөлінгенін көрсетіп тұр.
Статистикалық деректерге мән берсек, 2016 жылы Республикамызда 29
салаға тартылған барлық инвестиция көлемі 6,5 трлн. теңгені құрап отыр.
Барлық инвестиция көлемінің 55,2% - ын өнеркәсіп саласына бағытталған. Өзге
салалармен салыстырғанда, бұл тым үлкен көрсеткіш. Ал, ауыл шаруашылық
саласы инвестиция тартылу деңгейі бойынша 4 – орынды иеленіп отыр және
тартылған инвестиция көлемі жылдан жылға өсіп келе жатыр.
Еліміздің аграрлық саласын талдай келе, жыл сайын бұл саланың дамып
келе жатқанын көреміз. Бірақ, бұл саладағы жағдайды жалпы алсақ,
Республикамыздағы ауыл шаруашылығындағы
тұрақсыздықтар мен бәсеке
қабілетінің төмен деңгейі байқалады. Бұл өсімді интенсивті жолмен емес,
экстенсивті жолмен өсті деп түсіндіруге болады.
Өсімдік шаруашылығындағы субсидиялау жолдары көп ауыл
шаруашылығы дақылдары мен бақтарды гектарлық субсидиялауға негізделген.
Сонымен қатар, бұл субсидиялау түрінің талдау барысында аз пайдасын
шығарып отыр: біріншіден, ол аграрлық сала агротехнологиялар мөлшерін,
өндірілетін өнім түсімділігі мен сапасын
арттыруға ынталандырмайды;
екіншіден, ведомствоаралық комиссия мүшелері гектарлық субсидия туралы
218
қорытындыны көп деңгейде егістердің бар екенін қарамастан шешім
қабылдайды; үшіншіден, өндірісте жасалған жұмыстар ауқымын (егістер
алаңының көлемдерін) арттырып көрсетеді. Субсидиялау деңгейіндегі мәселе
жоғары техникалық өндіріс үшін субсидияларды алу деңгейінің төмендігі,
субсидиялаудың соңғы қорытынды мен өңірлердің мамандануына негізінде
болмауы, гектарлық субсидия қолжетімділігінің төмен деңгейі (Сурет 1) .
Өсімдік шаруашылғының бұдан басқа да мәселелеріне келер болсақ:
1. Негізгі дақылдарының егіс алқаптарында түрлендірудің
жеткіліксіз
деңгейі;
2. Аграрлық сала мақсатындағы жерлердің тиімді пайдаланылмауы;
3. Ұсынылған ғылыми негізделген ауысымды егістердің енгізілмеуі;
4. Негізгі аграрлық сала дақылдарының төмен түсімділігі;
Сурет 1 Өсімдік шаруашылығын субсидиялау қарқыны, млрд теңге
Достарыңызбен бөлісу: